Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЗХФ курсы бойынша зертханалық практикум.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
945.66 Кб
Скачать
    1. Мұнай мен мұнай өнімдеріндегі механикалық қоспалар

Шикі мұнайдағы механикалық қоспа құм түрінде глинялы минерал және әртүрлі тұз түрінде болады, олар өлшенген күйде кездеседі. Мұнайды зерттеу кезінде механикалық қоспа құрамы көптеген көрсеткіштерге дұрыс анықтауға әсер етуі мүмкін: тығыздығы, молекулалық массасы, кокстілігі, күкірт, аз асфальттенген шайыр және микроэлемметтер. Сондықтан механикалық анализге түспес бұрын оларды тұндыру не фильтрлеу арқылы босатып алу керек.

Мұнай өнімдеріндегі мұнайды өндіру процесі не коррозиялы аппараттың және құбырөткізгіштіктің өнімдері, катализді шаң, шинадағы ұсақ бөлшектер, минералды тұздар түсуі мүмкін. Мұнай және мұнайөнімдерінің ластануы сонымен қатар тасымалдануы мен сақтау кезінде болуы мүмкін.

Отындағы механикалық қоспалар отын өту, фильтрлер, отын аппаратурасының шығының көбеюі, қозғалтқыштардың бұзылуына алып келуі мүмкін. Май және майлағыштағғы бұл қоспалар май өткізгіштігінің толуына, майлағыш аппараттың бұзылуына, бетінде задирдің пайда болуына алып келеді.

Металдардың бетін жоятын механикалық қосылыстар ішіндегі ең қауіптісі құм және басқа да қатты бөлшектер.

Жалпы механиканың қосылыстарының құрамын анықтау барлық мұнай компоненттерінің органикалық еріткіште еруіне негізделген. Ерімейтін қалдық мұнай мен мұнай өнімдерін фильтрлеу кезінде фильтрде тұнып қалуы, онда механикалық қосылыстар бар екенін аңғартады.

Зертханалық жұмыс №5 Механикалық қоспаларды таразылық әдісімен анықтау

Жұмыстың мақсаты: Шикі мұнай құрамындағы механикалық қоспаларды өлшеу әдісімен анықтау.

Керекті реактивтер:

қақпағы бар стакан, бүйірлі биік стакан,

шыны құйғыш,

шыны таяқша,

балқытылған ұшты шыны таяқша,

шайқағыш резиналы грушасымен ,

күлсіз қағаз фильтр,

бензол иди бензин маркасы Б-70 немесе БР-1,

этил спирт-ректификат, этил спирті және этил эфирі 4:1 қатынасында (көлемі бойынша),

шикі мұнай.

Жұмыс барысы

Қағаз фильтрді алдын - ала тұрақты массаға дейін 105-110°С-та стақанда кептіру. Мұнайдың сынамасын өлшеуге алмас бұрын 5 минуттай жақсылап шайқау керек. Егер мұнай жоғары тұтқырлықта болса, онда оны су моншасында 40-80°С дейін қыздырады.

Кесте 3 – Масса өлшеуіші және еріткіш қатынасы:мұнай тұтқырлығына байланысты

100 °С мұнай тұтқырлығы, мм2/с дейін

20

өлшенген масса, г

100 – 125

еріткіштің массалық қатынасы: мұнай

2 ± 4 : 4 ± 6

Өлшендіні 0,05 г дейін алып және су моншасында қыздырылған еріткішпен ерітеді. Өлшендінің ыстық ерітіндісін тұрақты темпеатураға дейін кептірілген фильтр арқылы фильтрлейді,оны штативке бекітілген құйғышқа салады. Құйғышты фильтрдің ¾ биіктігіндей етіп толтырады. Ерітіндіні фильтрге балқытылған ұшты шыны таяқшамен құяды.

Стаканды ыстық еріткішпен шайқап, фильтрге құяды.Фильтрлеп болған соң шайқағыштың көмегімен ыстық ерітінді фильтрдің түбінде мұнайдың ізі қалмағанынша, ал фильтрат түссіз болғанға дейін ыстық ерітіндімен шайады.Содан соң фильтрді таза фильтр кептірілген стаканға ауыстырып, 1 сағат 105-110 °С термостатта кептіреді. Осыдан кейін бұл стаканды қақпақпен жауып, эксикаторда 30 мин суытады және 0,0002 г дейінгі қателікпен өлшейді. Операцияны екі сынаманың арасындағы айырмашылық 0,0004 г-ға жеткенше жүргізеді.Механикалық қоспаның массалық үлесін мына формуласын есептеді, %,

М = [(m1 - т2)/т3] * 100,

мұндағы m1 – фильтрленгеннен кейінгі фильтрлі стаканның массасы, г;

т2 – таза фильтрлі стаканның массасы, г;

m3 - өлшенген мұнай массасы, г.

Механикалық қоспаларды екі параллель қорытындылардың арифметикалық ортасы ретінде табады.

Егер механикалық қоспа құрамында 0,005 %- тен көп болмаса, онда бұл оның қатыспағандығын білдіреді.

Бақылау сұрақтары:

1. Мұнайдағы механикалық қоспаның шығуы және оның мұнай өнімдерінің қасиетіне кері әсері.

2. Өлшеуіш әдіспен механикалық қоспаларды анықтау.