Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЗХФ курсы бойынша зертханалық практикум.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
945.66 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 20 Полимерлердің молекулалық массасын вискозиметр әдісімен анықтау

Жұмыс мақсаты: полимердің молекулалық массасын вискозиметрлік әдіспен анықтау.

Құрал жабдықтар мен реактивтер:

Термостат;

Вискозиметр;

Секундомер;

Резиналы груша;

Тегістүпті колба 200 мл;

Магнитті араластырғыш;

Бюкстер;

Каучук;

Толуол, метанол, пропанол

Жұмыс барысы

Полимер ерітіндісін дайындау

Полимер ерітіндісін дайындау үшін техникалық таразыға өлшенген 1 гр. полимерді 100 мл еріткіште ерітеді. Егер полимер ретінде каучук алынса, тез еру үшін оны кайшымен ұсақтап кеседі. Еруі үшін магнитті араластырғыш қолдану ұсынылады. Полимер ерігеннен кейін ерітіндіні Шотта құйғысы арқылы сүзгіден өткізеді.

Егер полимер ретінде каучук болса, онда еріген каучукті алдымен шынылы мақтамен, содан кейін каучук ерітіндісіне 100 мл метанол немесе пропанол қосады да қайтадан тұндырады. Каучук бұл кезде ақ гельтектес масса күйіне келеді, оны жаңа еріткіште ерітеді (100 мл).

Дайындалған полимер ерітіндісінің концентрациясын анықтау.

Көлемі 20 мл үш бос бюксті аналитикалық таразыда өлшейді. Әр бюкске 10 мл дайындалған полимер ерітіндісін құяды және қайтадан аналитикалық таразыда өлшейді. Содан кейін еріткішті вакуум-кептіргіш шкафта кептіреді және кептірілгеннен кейін қайтадан өлшейді.

Өлшеу нәтижелерін 14 кестеге енгізеді.

Кесте 14 – Полимер ерітіндісінің бастапқы концентрациясын анықтау

бюкс

Бос бюкс салмағы, г

Ерітіндімен бюкс салмағы (10мл)

Тұнбамен бюкс салмағы

Тұнба

салмағы, г

1

29,5422

38,9062

29,5648

0,0226

2

30,1631

40,0005

30,2087

0,0456

3

31,5404

42,0033

31,5951

0,0547

Бастапқы ерітінді концентрациясы: (0,0456 + 0,0547): 2 = 0,05015 г/10 мл еріткіш, 100 мл - мен – 0,5015

Ескерту: 0,0226 мәні басқа екі нәтижеден қатты ерекшеленеді, сондықтан оны есептен алып тастайды.

Сипаттамалық тұтқырлықты анықтау

Сипаттамалық тұтқырлықты анықтау үшін 20-30 мл үш бюксті алады және аналитикалық таразыда өлшейді. Полимер ерітіндісін құяды:

Біріншісіне – 3 мл, екінші бюкске – 6 мл, үшіншісіне – 9 мл және қайтадан аналитикалық таразыда өлшейді. 20 мл ге дейін таза еріткіш құяды, яғни бірінші бюкске – 17 мл, екіншісіне – 14 мл, үшіншісіне – 11 мл және тағыда өлшейді. Осы тәсілмен дайындалған сұйытылған ерітіндінің тұтқырлығын (өту уақыты) визкозиметрде анықтайды.

Нәтижелерін 15 және 16 кестеге енгізеді.

Кесте 15 – Сипаттамалық тұтқырлықты анықтау үшін ерітінді дайындау

бюкс

Бос бюкс салмағы, г

Ерітіндімен бюкс салмағы (3,6,9 мл)

Еріткіш қосылған бюкс салмағы

3,6,9 мл полимер ерітіндісінің салмағы

Вес 20 мл сұйытылған ерітінді салмағы

а

в

с

д = в - а

е = с - а

1

31,8042

34,0942

51,0050

2,29

19,2008

2

32,9853

38,0842

52,0044

5,0992

19,0194

3

31,8670

40,0062

51,0062

8,1392

19,1392

Кесте 16 – Сипаттамалық тұтқырлықты анықтау нәтижелері (таза еріткіштің өту уақыты – 69,3 с, ерітіндінің бастапқы концентрациясы Со= 0,5015 г/дл)

№ бюкса

Сұйылту

коэффициент , д/е=к

Бюкстегі ерітінді концентрациясы

Со= Ср-ра

өту уақыты, t

t/ t0= ηотн

ηуд=

ηотн-1

ηприв=

ηуд/ Ср-ра

1

0,1192

0,05978

93,6

1,3506

0,3506

5,8648

2

0,2681

0,1344

122,6

1,7691

0,7691

5,7224

3

0,4253

0,2133

153,8

2,2193

1,2193

5,7163

Келтірілген тұтқырлықтың алынған мәндерін ηуд/С – С г/дл координаттағы графикке тұрғызады (сур. 8) және нольдік концентрацияға экстраполяциясын сипаттамалық концентрация мәні анықтайды.

Сурет 8 –полимер ерітіндісі үшін концентрацияға тәуелділігі ηуд

Алынған сипаттамалық тұтқырлық [η] мәнін формулаға қоямыз

[ η ]= К Мα,

К және α мәні кейбір полимер үшін 17кестеде көрсетілген.

Кесте 17 – [ η ]= К Мα теңдеуінен К констант және α мәні

Полимер

еріткіш

Кх103, мл/г

α

Полиизобутилен

бензол

61

0,56

Төртхлорлы көміртек

29

0,68

циклогексан

27,6

0,09

толуол

20,0

0,67

Полиизопрен

толуол

20,0

0,726

Полибутадиен

Бензол

33,7

0,715

толуол

30,5

0,725

Бутадиен-стирольді каучугі

циклогексан

толуол

31,6

37,9

0,7

0,71

Графикпен сәйкесінше (сур.6) алынған сипаттамалық тұтқырлық мәні мысал үшін 5,86 дл/г құрайды. Онда [8]

5,86 дл/г = 20•10-3мл/г•М0'728

586 мл/г = 20•10-3 мл/г:М0'728

lg586 = lg20 -3 + 0,728 lgМ

2,7679 = 1,301- 3 + 0.728 lgМ

2,7679 + 1,7 = 0,7284 lgМ

lgМ = -4,4672/ 0,728=6,1372

М = 1372000

Бақылау сұрақтары:

1.Полимердің молекулалық - массалық сипаттамасын атаңыз?

2.Полимердің молекулалық массасының түрлері және оларды аныұтау әдістері?

3.Вискозиметриялық молекулалық масса анықтау әдісінде полимер үлгісі қалай дайындалады?

4.Сипаттамалық тұтқырлық дегеніміз не және оны анықтау әдісі?