Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЗХФ курсы бойынша зертханалық практикум.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
945.66 Кб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 8 Кинематикалық тұтқырлықты анықтау

Жұмыс мақсаты: Ашық және қара мұнай өнімдерінің,мұнайдың кинематикалық тұтқырлығын анықтау.

Аспаптар:ВПЖТ, ВНЖТ немесе ВПЖ, ВНЖ, типті шыны вискозиметр,термостат, резиналы тұрба,су ағынды сорғы немесе резиналы груша, секундомер.

Жұмыс барысы

Әдістің маңызы ауырлық күштің әсерінен сыналатын сұйықтың көлемін анықтауда уақытты өлшеу қорытындалады.Зерттеуді капиллярлы шыны вискозиметрде жүргізеді.Сараптама жүргізу үшін вискозиметрді капилляр диаметрінен ағатын сұйықтық уақыты 200 с аспайтындай етіп таңдайды.Сонымен қатар ВПЖТ-1, ВПЖТ-2, ВНЖТ (МЕСТ 10028-81) типті вискозиметрлерді пайдаланады.ВПЖ-1, ВПЖ-2, ВПЖ-4, ВНЖ (МЕСТ 10028- 81) типті вискозиметрлерді пайдалануға рұқсат.Зертханалы практикада кең таралған Пинкевич типті ВПЖТ-4 және ВПЖТ-2 вискозиметрлер (сурет 4.)

Таза құрғақ вискозиметрді мұнаймен (мұнай өнімімен) толтырады.

Бұл үшін айдалатын тұрбаға 3 резиналы тұрба кигізеді.Әрі қарай, саусақпен коленаны 2 басып және вискозиметрді айналдырып, коленоны 1 мұнай (мұнай өнімі) бар ыдысқа түсіреді және резиналы груша,суағынды сорғы немесе басқа әдістің көмегімен мұнайды (мұнай өнімін) M2 белгісіне дейін сорады, мұнай (мұнай өнімінде)ауа көпіршіктері болмауын қадағалай отыру керек.

Вискозиметрді түтікшеден алынып, тез қалпына келтіріледі. Тізенің сыртқы жағы мұнайдан тазартылып,оның түбіне резиналы өткізгіш тағылады. Вискозиметрді термостатқа оның капилярлы түтікшесі мұнай өнімінің кеңейген жерінен төмен болатындай етіп орнатылады. Термостатта 15 минуттан кем емес тұрғаннан кейін кеңейген жерінің 1/3 бөлігіндегі биіктікте коленасына мұнайды (мұнай өнімі) тығыздалып салынады. Тізе атмосферамен байланыстырылып мұнай менискасының М1 белгісінен М2 белгісіне жеткенге дейін уақыты жазылады. Егер нәтижелер ұқсас болса ондай жаңдайда кениматикалық тұтқырлықтың арефметикалық ортасы табылады.

υ = Cτ,

С-вискозиметр тұрақтысы, мм22;

τ - мұнай өнімінің вискозиметрде ағу уақыты,с.

а- тип ВПЖТ-4; б- ВПЖТ-2: 1,2-колено; 3-айдалатын тұрба; 4- капиллярлы тұрбаның кеңеюі.

Сурет 4 – Пинкевич вискозиметрлері

Зерттелітін мұнай өніңмінің динамикалық коэффицентін η, мПа*с,мына формула арқылы есептейміз.

η=υρ,

υ - кинематикалық тұтқырлық, мм2/с;

ρ -тұтқырлығы анықталып жатқан кездегі температурадағы тығыздық,г/см

Кесте 9 – Кенаматикалық тұтқырлықты анықтаған кездегі орташа температура аралықтары.

Температура өлшемі, 0С

-60 ÷-30

-30÷15

15÷150

Жіберілетін аралық, %

±2,5

±1,5

±1,2

Зертханалық жұмыс № 9 Шартты тұтқырлықты анықтау

Әдетте мұнай практикасында шартты тұтқырлықты әртүрлі жүйелердегі техникалық вискозиметр көмегімен анықтайды.Ең көп таралғаны Энглер вискозиметрі. Энглер вискозиметрімен анықталатын тұтқырлығы ШТ градусымен анықталады және ШТt, немесе Еt деп белгіленеді. t индексі тұтқырлық анықталған кездегі температураны білдіреді. Механикалық қоспалардан тазартылған мұнай өнімі сыртқы цилиндрге белгісінен сәл жоғарлап құйылады. Ішкі цилиндрге бегілі температураға дейін қайнаған су құйылады. Құрал горизанталь жағдайда қойылып, қақпен жабылады, қақпақтың астына өлшеуіш колба қойылады.

Зерттелетін сұйықтық қалыпт қайнау үшін вискозиметр қақпағының таяқшасының айналасынан термометрмен арластырады. Сұйықтық температурасы 50, 80, немесе 100 ге жеткенде үздіксіз араластырып температура өзгермеуін бақылап бірнеше минут ұсап тұрады, содан кейін таяқшны алып сол уақытта секундамерді қосады. Сұйықтық 200 мл, колбаның белгісіне жеткен кезде секундамер тоқтатылып, алынған уақыт ВУ градусының мына формуласы бойынша есептеледі.

ШТttН2О

τt - сұйықтықтың берілген температурада белгіге жету уақыты.

τН2О - 200 С температурадағы судың тоқтау уақыты.

Бақылау сұрақтар:

  1. Кинематикалық, динамикалық, шартты тұтқырлық және өлшем бірліктері.

  2. Динамикалық тұтқырлық бойынша мұнайдың жіктелуі.

  3. Мұнай мен мұнай өнімінің тұтқырлығының температураға тәуелділігі

  4. Тұтқырлықтың химиялық және биологиялық көрсеткіштері.

  5. Тұтқырлықты анықтау әдістері, есептік және тәжірибелік.

  6. Реостат вискозиметрі арқылы динамикалық тұтқырлықты анықтау.

  7. Шартты тұтқырлықты анықтау.