Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
руководство на каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.24 Mб
Скачать
  1. Әйел жүкті емес және жақын арада жүктілікті жоспарлап жатқан жоқ

  1. Ең алдымен сыпайымен амандасыныз, сосын отбасыны жоспарлау туралы қандай ойы бар және қандай мәліметтер оған өте қызықты. Әңгіменің басында сіз аз сөйлеп, көп тындау керексіз және әңгімені қосымша сұрақтарды қойып тақырыпқа қайтадан әйелді айландыру керексіз.

  2. Барлық контрацепция әдістер (интрақынапты, гормоналды, бөгеулі), оның артықшылар мен кемшіліктер, көрсетілімдер мен қолдануға болмайтын жағдайлар туралы айту керек және жүктіліктен сақталыну әдісті таңдауға көмектесіңіз. Контрацепция әдіс түрінің соңғы шешімін әйел таңдайды, кеңесшінің міндеті – оған толық анықтама беру.

  3. Әйел контрацепцияның нақты әдісін қолдану туралы шешімді қабылдағаннан кейін оған әдіс, және оны қабылдау ерекшеліктер, жүктілік басталуының мүмкіншілігі, мүмкінді жағымсыз әсерлер, маңызды асқынулар, симптомдар туралы нақты мәліметтер беру керек, симптомдар пайда болған кезде жедел түрде дәрігерге қаралу керек.

  4. ЖЖБИ-дан қорғау және жыныс қатынасқа АИВ таралуын жою үшін мүшеқаптардын қолдану қажеттілігін айтыңыз.

  5. Өз өмірді ұзақ мерзімді жоспарлау үшін қажетті ақпаратты алуына әйелге АИВ-инфекциямен бірге өтетін жүктілікке тиісті туралы мәселелерді қысқаша ағарту.

  6. Қосымша кеңесті тағы жоспарлаңыз, сол кезде әйелде қолданып жүрген контрацепция туралы мәселелер пайда болу мүмкін. Жедел мәселе немесе қорқыныш симптомдар пайда болған кезде және кейбір себептер бойынша контрацепцияның әдісін өзгерту тілегі бойынша ол әр уақытта кеңес алуына келуге мүмкіндігі бар екенін білу қажет.

  1. Әйел жүкті емес, бірақ жақын арада жүктілікті жоспарлап жүр. Кеңес жүргізуінде келесі тақырыптар туралы айту керек:

  1. Жүктілік өтуіне және аяқталуына АИВ-инфекцияның әсері.

  2. АИВ-инфекцияның өтуіне жүктіліктің әсері.

  3. Жүктілікке әсер ететін басқа факторлар (есірткелерді немесе спирт ішімдіктерін қабылдауы, ананың жасы, қосымша аурулар, артериалды гипертензия, диабет және басқалар).

  4. Ананың денсаулығы және балаларға тиісті күтімнің мәселелері жөнінде ұзақ мерзімді болжам (қамқорлық).

  5. АИВ-тің перинатальды таралуы: қауіп, антиретровирустік алдын алуының мүмкіндіктері (АРВ).

  6. Жүктілік кезінде антиретровирустік және басқа дәрілерді қабылдауы.

  7. Егер серіктесте АИВ-статусы теріс болса онда қауіпсіз ұрықталу болу мүмкін.

  8. ЖЖБИ-дан қорғау және жыныс серіктеске АИВ таралмау үшін қосымша бөгеулі әдісін қолдану қажет.

  1. Жүкті әйел, бірақ ол өз жүктілік туралы әлі соңғы шешімді қабылдаған жоқ. Кеңес жүру кезінде айту керек:

  1. Әйелдің психологиялық жағдайын бағалап түсінікті сөйлесуге тырысу керексіз, оған жүктілікке мен ананың денсаулығына АИВ-инфекцияның мүмкінді әсері, ұрыққа және нәреске инфекцияның жұғу қауіпі, балаларға көмек көрсету қиындығы, ата-аналардын мүмкінді шектеулі қимыл қабілеттілігі немесе ЖИТС-тан қайтыс болу мүмкін ата-аналар туралы соңғы ақпаратты ұсыну керексіз.

  2. Қазіргі кезде АИВ-инфекцияның өтуіне жүктіліктің және босанудын дәлелденген жағымсыз әсері туралы дәлелденген мәліметтер жоқ және АИВ-инфекцияның ерте сатыдағы әйелдерден, және егер әйел АРЕ қабылдаса да, туылған нәрестеде маңызды бұзылыстар туралы мәліметтер жоқ екенін әйелге айтыңыз. Бірақ әйелді «қорқытпай» осындай мүмкіндік бар екеніндігін айту керексіз.

  3. АРВ алдын алуы және басқа шаралар жүргізілмеген кезде баланың жұғуы 20 – 25% болады, бірақ қол жетілімді АРВ дәрілерді қабылдаған кезде ол 1 – 2% төмендейді деп АИВ-инфицирленген жүкті әйелдерге айту керексіз. Антиретровирустік дәрілердің мүмкінді жағымсыз әсерлер туралы мәлімдеу керексіз.

  4. Әйелге АИВ-инфицирленген аналар балаларды емшек сүтімен емізбейтінің туралы мәлімдеу қажет, өйткені нәреске АИВ таралуы жоғары дәрежеде тұр (12 – 20%), бала тағамымен байланысты отбасыға қосымша қаржы шығымдар кетеді. Қазақстанда Үкімет қаулы бойынша барлық 1 жасқа дейін балаларға сүт тағамдар беріледі.

  5. Кеңес жүргізу кезінде АИВ-инфицирленген әйелмен отбасы үшін ұзақ мерзімді салдар, жоспарланған жүктілік туралы талқылау керек және ол өз жақындастармен осы мәселелерді талқылау керек. Егер ол соны тілемесе онда мұқтаж етпеніз. Рұқсатсыз оның серіктесіне немесе жақындасына мәлімдеменіз.

  6. Әйелдің жүктілік шешім туралы сыймен қарау. Әйелге ана болуына ешкімнің рұқсат бермеуіне құқығы жоқ – әр әйел тек кеңесшінің қатаң нұсқаларды тындамай өз ақпаратты шешімді қабылдау керек.

  7. АИВ перинаталды таралуының АРВ алдын алу туралы әйелге нақты ақпаратты ұсыну қажет және ем басталу туралы мәселені шешу үшін АИВ-инфекция емі бойынша маманға жіберу. Егер әйел жүктілік басталмай тұрып АРЕ қабылдаса, онда үзбей жалғастыру керек, тек қана сызбаның коррекция жүргізілу мүмкін, өйткені жүктіліктің ерте мерзімдерде ұрыққа тиетін эфавиренцтің тератогенді әсері болу мүмкін.

  8. ЖЖБИ қорғаудан және жыныс серіктеске АИВ таралуын ескерту үшін мүшеқаптардын қолдану қажеттілігін айту керек.

  9. Жүктілік пен босанғаннан кейін әйелмен контрацепция мәселе бойынша талқылау қажет және оған ең ыңғайлы контрацепцияның әдәсән таңдап беру керек.

8.4 Тәжірибелік жаттығу. ИЕҚ әйелдерді контрацепция мәселелер бойынша кеңес жүргізу туралы интербелсенді рөльдік ойын. Ақпаратты блок (50 минут)

Есірткелерді қабылдауы, әсіресе олардан тәуелдігі жүктілік өтуіне, баланың дамуына жағымсыз әсер етеді және жүктілік кезінде, босануда, босанғаннан кейін кезеңде мамандырылған көмек ұсынудын талап етеді. ИЕҚ АИВ-инфицирленген жұкті әйелдерді тиімді жүргізу үшін есірткілік тәуелдігін емдеу бойынша мамандарға және есірткілердің зияның төмендететін қызметтерге жіберу маңыз.

Есіртке қабылдайтын әйелдер көбінесе босану алдындағы көмекке бармайды, сосын олар босанудын алдында немесе босану кезінде перзентханаға түседі. Осындай оқиғаларда қажет:

    • Есірткелік тіуелдігін бағалау және неонатологқа нәтижелер туралы мәлімдеу;

    • Абстиненттік синдромның емін нұсқалау;

    • ОАТ бастау, егер қажет болса;

    • Жүктілікке және нәреске есірткелердің әсері және емді таңдау туралы кеңес жүргізу.

АИВ-оң нәтижемен әйелге кеңес жүргізілген кезде қайсы бір басқа контрацепцияның әдісін ол қолданбаса да, ерекше назарын әрқашан мүшеқаптарды қолдануға аудару қажет. Жыныс қатынаста тек қана мүшеқап оның жыныс серіктесті қорғай алатының әйелге түсіндіру қажет. Егер отбасыда екі серіктес АИВ-оң нәтижемен болса, онда жыныс қатынаста бір серіктестен басқаға АИВ резистенттік штаммдарының таралып кетуі қауіпі болу мүмкін. Тек қана мүшеқап әйелді ЖЖБИ-дан көп мөлшерде сақтандыруға қамтамасыз етеді, олар АИВ-инфекциямен бірге ауыр өтеді және әртүрлі асқынуларға келтіреді.

8.5 Перинаталды қатынаспен балаларды жүргізу. Ақпаратты блок (50 минут)

АИВ-инфицирленген әйелдерден туылған балаларға АИВ-инфекцияны анықтау үшін диагностиканы жүргізу. Ананың антиденелері плацента арқылы еніп баланың ағзасында 18 ай бойы болу мүмкін. Сонымен қатар, АИВ-инфицирленген анадан туылған балаларда АИВ-инфекцияға ерте жасалынған диагностика вирусологиялық тесттерден ішінде жиі қолданатын ДРҚ полимеразды тізбекті реакциядан (ПТР) байланысты. АИВ-инфицирленген анадан туылған баланы диагноз қойылмағанша назардан алмау керек. Егер АИВ-инфекция балада дәлелденсе, онда оған қол жетілімді жерде ерекше медициналық көмек, клиникалық жағдайын бағалауы, иммундық статусының мониторингі, оппортунистік инфекциялардын алдын алуы мен емі және антиретровирустік ем керек болады. Сонымен қатар, әдетті медициналық рәсімдерге кейбір модификациялар керек болу мүмкін (мысалы, балаларда таралған инфекциялардын емі, вакцинациясы).

8.6 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар. Ақпаратты блок (50 минут)

«ИЕҚ жүкті әйелдерге психоәлеуметтік кеңес беруінің ерекшеліктері». «Босану кезінде босанатын әйелдерді анықтау маңызы. Экспресс-тестілеудің маңызы мен техникасы». «АИВ-инфекциямен әйелдерде босануды жүргізу ерекшеліктері» тақырып бойынша мәлімдеме дайындау. Ескерту мәлімдемелерін қолдану.

Бақылау сұрақтары (10 минут)

  1. АБТ туралы түсінік беру.

  2. Жүкті әйелдерде АИВ тесттен өтпей тұрып ПӘК жүргізу туралы айту.

  3. Жүкті әйел АРЕ мұқтаж болмаған кезде АБТА сценарий туралы айту.

  4. Жүкті әйел АРЕ мұқтаж болған кезде АБТА сценарий туралы айту.

  5. Жүкті әйел босану кезінде анықталған кезде АБТА сценарийді айту.

  6. Экспресс-тесттің орындау маңызы мен техникасы? Экспресс-тесттің нәтижесін оқу.

  7. АИВ-инфекциямен әйелде босану жүргізудің ерекшеліктері қандай?

  8. АИВ-оң анадан туылған балаға тағам беру ерекшеліктері.

  9. АИВ бойынша перинаталды қатынаспен баланы қарау алгоритімін сипаттаныз.

  10. ИЕҚ әйелінің баласы үшін АИВ жұғу қауіпінің қосымша факторларды атаңыз.