Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
руководство на каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.24 Mб
Скачать

8 Сабақ

Анадан балаға АИВ таралуына қарсы алдын алу шаралары (АБАА) және анадан балаға АИВ таралуына қарсы алдын алу шараларында қолданылатын жасанды тағам

8.1 АБАА мақсаттары. АБАА кезеңдері: жүктілік кезеңі, босану кезеңі, босанғаннан кейін кезеңі. Ақпаратты блок (50 минут)

Заманауи жағдайда АИВ-медицинаның дамуы алдын алу шараларын жүргізуімен АИВ-инфицирленген әйелдерге дені сау балаларды тууға мүмкіндік береді. Толық АБАА жүргізу үшін АИВ-инфекцияны дер кезінде анықтау керек. Осы мақсат бойынша ҚР барлық жүкті әйелдерді АИВ-ке екі рет зерттейді: жүктілік бойынша тіркеуге алған кезде және жүктіліктін үшінші триместрде. Әйелдердін 15% жуық диспансерлік тіркеуге тұрмайды және перзентханаларға тексеріссіз түседі. Босану кезінде тексерілмеген әйелдерді экспресс-тесттілеумен зерттейді және қосымша ИФТ әдіс жүргізу үшін қан алынады.

АБАА үш кезеңнен тұрады – жүктілік кезеңі, босану кезеңі, босанғаннан кейін кезең.

Анадан балаға АИВ-инфекцияның таралуын төмендету мақсатымен екі ең тиімді араласу (антиретровирустік ем және ана сүтімен емізбеуі) үшін тесттің оң нәтижесі міндетті жағдай болып табылады.

Жүктілік кезінде АИВ-инфекция анықталған әйелдерде және АРВ емге көрсетілімдер бар, оларда емді ерте бастау керек.

ҚР антиретровирустік дәрілер тегін беріледі. АРВ ем ұрыққа жағымсыз әсер етпеу үшін жүктіліктің екінші триместрге дейін қоя тұру мүмкін. Бірақ кейбір қатты ауырып жатқан әйелдерге емді бастай беру керек, өйткені оның пайдасы ұрыққа зиян келтіруімен салыстырғанда жоғары. Антиретровирусты дәрі ифавиренц тератогенді болып саналады және жүктіліктің бірінші триместрінде қолданбайды; бала туалатын жасқа жеткен әйелдерге осы дәріні тек қана сенімді контрацепциямен қоса беріледі.

Емде мұқтаж етпейтін әйелдерге (яғни, әйелдерде жоғары көрсетілген АРВ-емге көрсеткіштері жоқ) және АРВ-емді алуға мүмкіндігі жоқ, оларға анадан балаға АИВ таралуына қарсы АРВ алдын алуын өтуге ұсынады (АБАА). Неше түрлі АРВ алдын алуының тиімді сызбалары бар, олардын ішінен біреуін таңдағанда оның белсендігін, қауіпсіздігін, дәлелдігін және қол жетілімдігін есептеу керек.

8.2 Тәжірибелік жаттығу. Ақпаратты блок (50 минут)

3.2 мәліметін қолданып, жүкті әйелге тест дейінгі кеңес беру бойынша интербелсенді рөльдік ойын жүргізу.

8.3 Контрацепция мәселелер бойынша АИВ-оң нәтижемен әйелдерге кеңес жүргізу. Дағдыларды тәжірибеде орындау. Ақпаратты блок (100 минут)

Отбасыны жоспарлау бойынша АИВ-оң нәтижемен әйелдерге кеңес жүргізуі ол АБТА маңызды бөлім болып табылады. ЕҚӘХ-тан АИВ-оң нәтижемен өкілдер үшін осы қызметке қол жетілімдігі өте маңызды. Отбасыны жоспарлау бойынша кеңес беруі әйелге көмектесу керек:

  • Өз репродуктивті мүмкіндіктерге тиісті дұрыс таңдау жасау;

  • оған ұнаған контрацепция әдісін таңдау;

  • таңдаған әдісті дұрыс және жақсы қолдану керек.

АИВ-оң нәтиже клиенттермен отбасыны жоспарлау бойынша жұмыс істеп тұрған кеңесші кеңес беруінің негізгі дағдылардан басқа білу қажет:

  • контрацепция әдістердің артықшылар мен кемшіліктер және АИВ-инфекциямен байланысқан шектеулер туралы барлығын білу;

  • әйелдің (немесе жұптың) шешіміне әсер ететін мәдениетті мен эмоционалды факторларды түсіну және контрацепция әдісін қолдану.

Кеңес жүргізу мазмұны бойынша нұсқамалар