Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
руководство на каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.24 Mб
Скачать

10 Сабақ

Туберкулез алдын алудын түрлері. Өзгешелікті алдын алу

10.1 Өзгешелікті алдын аул. Дағдыларды көрсетуімен ақпаратты блок (200 минут)

Мейірбике, ОМҚ вакцинация жүргізу техникасын білу қажет, оны тәжірибеде орындау үшін ерекше жүргізу рұқсаты болу керек. Егу жүргізуінің сапасына қарай ТБ өзгешелікті алдын алу жүргізуінің жетістігі байланысты. ТБ қарсы егілмеген балалар мен жасөспірімдер немесе сапасыз егілгендер (егілгеннен кейін белгісі болмаса немесе тыртықшаның кішкентай өлшемі – 1 – 2 мм болса) ТБ бойынша қауіпті топқа жатады.

Туберкулездің өзгешелікті алдын алуы туберкулез қоздырғыштын резистенттілігін жоғарлатуына бағытталған, яғни ТМБ жағынан басқыншылдыққа ұшыратын адамға бағытталған. Туберкулез инфекциясына инфицирленбеген адамның тұрақтылығын жоғарлату үшін вакцинация жүргізу керек. Тағы бір әдіс бар – ол Mycobacterium tuberculosis жоятын химиопрепараттарды қолдану. Ол химиопрофилактика деп аталады.

Туберкулезге қарсы вакцинация. Туберкулезге қарсы вакцинацияның мақсаты тмб инфицирленбеген адамда жасанды иммунитетті құру, ол туберкулез қоздырғышқа тұрақтылығын жоғарлайды.

13 жыл бойы қажырлы еңбегімен Кальметпен және Геренмен құрылған ТМБ бұқа түрінің тірі әлсіз дақыл адамда ауруды қоздырмайды, бірақ өзгешілікті иммунитетті және иммуногендігін қалыптастыру үшін қажетті қасиеттермен байланысқан.

Вакцинацияны дені сау, мерзімде туылған балаларға өмірге келгеннен кейін 1 – 4 күндерде жүргізеді. Ол үшін арнайы оқыған мейірбике шыны ампуладағы құрғақ вакцинаны 0,9% натрий хлоридпен ерітеді және жіңішке инемен қатаң сол қолдын бүйір жағындағы жоғары мен орта үштен бірі шектелуінде терінің ішіне егеді. Инъекция қойған жерде ақ папула пайда болады, ол 15 – 20 минуттан кейін кетеді. Инъекцияны бір нәрсемен өндеуге немесе жабуға керек емес. Нәрестелерде қалыпты жергілікті егудің реакциясы 4 – 6 аптадан кейін анықталады. Терінің ішіне вакцина егілген орында 5 – 10 мм диаметрімен папула пайда болады. Уақыт өткеннен кейін пустула (көбіршік), кейін қабықша пайда болады. Кейбір кезде кішкентай ғана 5 – 8 мм диаметрімен жара шығады. Сосын 90 – 95% егілгендерде пустуланың орында ақырын терінің сырты қабатында 10 мм диаментрімен жуық тыртық қалыптасады. Уақыт өткеннен кейін тыртықтын бар болуына және өлшеміне қарап жүргізілген вакцинацияның сапасы туралы айтады. Егу реакцияның кері дамуы 2 – 3 айдын ішінде, кейбір кезде ұзақ мерзімдерде жүреді.

Туберкулезге қарсы вакцинацияның тиімділігі кейбір эпидемиологиялық көрсеткіштердің жақсартылуымен көрінеді. Егілгендердің арасында туберкулез ауруы 5 – 10 есе аз, өлім-жітім азаяды. БЦЖ вакцинаны кең тәжірибеге енгізгеннен кейін балаларда және жасөспірімдерде милиарлы туберкулезден, туберкулезды менингиттен, казеозды пневмониядан сияқты таралған және ауыр формалармен туберкулезден ауруы төмендеді. Көкірек ішінде лимфа түйіндердің зақымдану шектелуімен туберкулездің жеңіл формалар көбейе бастады.

ДДҰ ұсыныстармен сәйкес туберкулезге қарсы вакцинация әлем бойынша мемлекеттердің көбісінде қолданады, сол елдерде туберкулез жөнінде эпидемиялық жағдай қиын.

Отбасыда туберкулезбен ауратын адамдар болса, онда сол отбасыдағы егілген нәрестелерді иммунитет шығарылмағанша ең азы 8 аптаға оқшаулау керек. Егер туберкулезбен ауратын анамен нәресте БЦЖ вакцина егілмей тұрып тығыз қатынаста болса (егер бала медициналық мекемеде туылмаса және т.б.), онда оған вакцинацияны жүргізбейді, оған 3 айдан кейін химиопрофилактиканы тағайындайды. Осы мерзімнен кейін, егер 2 ТЕ Манту пробасы теріс болса БЦЖ-М жүргізуге көрсетілім бар. Егер нәрестеге БЦЖ вакцинаны еккеннен кейін анасында туберкулез анықталса, онда вакцина егілгеніне қарамастан химиопрофилактиканы тағайындайды.

Химиопрофилактика. ТМБ жұғуының ең қауіпті әсер тиетін адамдарда туберкулезді жою үшін туберкулезге қарсы химиопрепараттарды қолдануы химиопрофилактика деп аталады. Химиопрофилактиканы алған адамдардын арасында туберкулезбен ауырып қалған адамдардын саны, химиопрофилактиканы алмаған адамдармен салыстырғанда, 5 – 7 есе төмен.  Әдеттегідей медициналық қызметтердің бақылауымен химиопрофилактиканы санаторлық жағдайларда изониазидпен жүргізеді. Химиопрофилактиканың ұзақтығы – 3 ай.

Кешенді клиникалық-рентгенологиялық зерттеудің мәліметтер бойынша және туберкулезбен ауратын науқаспен қатынаста болуына немесе болмауына қарамастан белсенді туберкулез диагнозы дәлелденбегеннен кейін туберкулезді жою мақсатымен АИВ-инфекциямен науқастарға бір рет химиопрофилактика жүргізіледі. Оң нәтижелі АИВ-статус дәлелденген кезде науқастарға келесі сызба бойынша химиопрофилактика  жүргізіледі: изониазид (Н) есеп бойынша 10 мг/кг салмағына (300 мг астам емес) және пиридоксин – 25 мг тәуілігіне, осы дәрілерді күнде 6 ай бойы қабылдау керек (ДДҰ ұсыныс бойынша және ТБ АИВ бұйрықтан қосымша).

10.2 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар (100 минут)

БЦЖ вакцинациясы және ревакцинациясы, вакцинацияның алдында жүргізілетін шаралар, туберкулезге қарсы иммунизацияның тиімділігін бағалау. Туберкулездің химиопрофилактикасы. ТБ ауратын науқастардын сырқаттамалармен және медициналық карталармен жұмыс істеу бойынша практикум. Оқиғалық есептерді шешу, тесттілеу.

Бақылау сұрақтары (35 минут)

  1. ТБ алдын алудын қандай түрлерін білесіз?

  2. ТБ өзгешелікті алдын алу дегеніміз не?

  3. ТБ химиопрофилактикасы дегеніміз не?

  4. БЦЖ вакцинациясы қашан жүргізіледі?

  5. БЦЖ вакцинациясын және ревакцинацисын кім жүргізеді?

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Туберкулездің өзгешелікті алдын алуы.

«Балалардағы туберкулездің химиопрофилактикасы» тақырып бойынша оқиғалық есепті құру. «Туберкулездің өзгешелікті алдын алуы» тақырып бойынша баяндама дайындау.