Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
руководство на каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.24 Mб
Скачать

6.4 Оқытушының басқаруымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

1. медициналық құжаттармен жұмыс істеу – ССВГ және АИВ + СВГ коинфекциямен науқастардын ем сызбалары. Ем алып жүргенде зертханалық талдауларға интерпретация жасау.

2. СВГ және АИВ + СВГ коинфекциямен науқастарға парентеральды манипуляцияларды жасаған кезде медперсоналдын стандартты сақтық шаралар туралы алынған білім қолдануымен өз оқиғалық есептерді құру.

3. Оқиғалық есептерді шешу.

1 оқиғалық есеп

Егу кабинеттің мейірбикесі 2 ай бұрын В вирусты гепатитпен ауырып шықты. Науқастан қан алған кезде сол қолдын ортаңғы саусақты инемен шаншып кетті. Қан қолғаптан көрініп тұр. Мейрбикенің іс-әрекеттердің тактикасы қандай?

2 оқиғалық есеп

Клинико-диагностикалық зертхананың лаборанты центрифугамен жұмыс істеп жүргенде қан шашырады. Лаборанттың ең дұрыс тактикасы?

3 оқиғалық есеп

Сіз – егу кабинеттің орта медициналық жұмысшысыз. Стерилизацияланған әмбебап төсеуімен КФ қорапты ашқанда индикаторлы бау Ж-132 өз түсін өзгерген жоқ. Сіздің ойыңыз?

4 оқиғалық есеп

Дәрілерді қабылдамаған 4-жастағы бала жоспарлы зерттеу үшін түсті. 6 ай бұрын зерттеген кезде CD4 лимфоциттердің саны 1400 мкл‑1, лимфоциттердің бөлігі CD4 – 30%, вирустік жүктеме – 562 көшірме/мл. Қазіргі уақытта CD4 лимфоциттердің саны – 1100 мкл­–1, лимфоциттердің бөлігі CD4 – 27%. Вирустік жүктеме анықтай алмаған. Барлық айтып кеткендеріне қарай ең дұрысы қайсы?

5 оқиғалық есеп

Жүктілік әйелде – уақыттан бұрын босану басталды, босану кезінде – көп қан ақты. Жүкті әйелде созылмалы В вирусты гепатит. Босанған кезде дәрігердің (ОМҚ) қолғабы кесіліп кетіп қан тиген.

6.5 Білімдердің қорытынды бағалауы (25 минут)

6.6 Талқылау және қорытынды (5 минут)

Студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалар

Әдебиетпен, интернет-ресурстармен жұмыс істеу, тақырып бойынша презентацияларды дайындау. Парентеральды гепатиттермен науқастардын зерттеулерін ұйымдастыру бойынша заң және нормативтік құжаттарды оқу.

1. 23.08.2010ж ҚР ДС №661 Бұйрығын «Санитарлық еределерді бекіту туралы «Вирустік гепатиттермен науқастар жөнінде санитарлық-эпидемсияға қарсы (алдын алу) шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге санитарлық-эпидемиялық талаптар» оқу

2. 17 ақпан 2012 жылдын ҚР м.а. денсаулық сақтау министрің №92 бұйрығын «Вирусты гепатиттермен науқастарды зерттеу және емдеу Ережелерді бекіту туралы» оқу

3. 03.11.2011 ж. ҚР Үкіметтің № 1280 қаулыны «АИВ медициналық куәландырудын ережелері».

3 БӨЛІМ

МЕЙІРБИКЕ ҮРДІСІНДЕ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ:

ТУБЕРКУЛЕЗ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде заманауи кезеңде басымдық бағыттардын бірі туберкулезбен күресу болып табылады. Туберкулезге қарсы шаралардын әлеуметтік жағдайлары жақсарып және дамыған кезде туберкулез бойынша эпидемиологиялық оқиға тұрақтандырылды, бірақ ең маңызды себеп көптеген дәрілік тұрақтылығымен туберкулездің (КДТ ТБ) таралуы және ТБ/АИВ инфекциямен байланысқан науқастардын саны өсуі. Заманауи жағдайда Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламалар жемісті қозғалып жатқанда орта медициналық қызметкердің рөлі өсті. Денсаулық сақтау орта бөлігінің медициналық қызметкерлер туберкулезге қарсы күрес жүргізуінде ауруды дер уақытта анықтауға, тексеріске жіберуге, бақылау емін жүргізуіне, алдын алу шараларды жүргізуіне жағдай жасайды. Сондықтан мейірбикелердің кәсіптік шеберлігін жоғарлату үшін жұқпалы агент, эпидемиология, диагностика, туберкулездің клиникалық көрсетілімдер және оның емі, осы инфекциямен заманауи әдістермен күресуді тәжірибелік дағдыларға енгізіп игеру туралы теорилық дайындық өте маңызды. Модульде этиология, диагностика, клиника, туберкулездің емі, халыққа туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру негіздердің мәселелері бойынша негізгі мәліметтер ұсынылған. Модуль туберкулезбен күресу Ұлттық бағдарламалардын талаптармен және орта медициналық қызметкерлердің туберкулезбен ауратын науқастарға туберкулезге қарсы көмекті ұйымдастыру тәсілдермен сәйкес жасалынған.