Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
руководство на каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.24 Mб
Скачать

6 Сабақ

С вирусты гепатиттің және коинфекцияның емі мен алдын-алуы. Гемоқатынасты инфекциялардын стандартты сақтық шаралары.

6.1 Интербелсенді сұрау (15 минут)

Тест тапсырмаларды шешуімен студенттердің бастапқы білім деңгейін анықтау.

6.2 Вирусты гепатиттің емі. Ақпаратты блок (100 минут)

Егер адам бір рет инелік есірткелерді қабылдаса онда ол СВГ қауіп тобына жатады. Бір реттен кейін СВГ жұғу қауіпіна мезгіл бойынша тексеру керек, егер жұқтырып алса ерте емді бастау үшін.

СВГ емі. ( http://www.gepatit.com).

Жедел В гепатитте токсиндерді шығаруға және бауыр тіндерін қалпына келтіруіне бағытталған қолдаушы және дезинтоксикационды ем тағайындалады. Вирусқа қарсы ем жүргізілмейді. Созылмалы В гепатитте кешенді ем жеке қарастырылады.

Ерекше дәрілерді аурудын ауырлығынын формасына және дәрежеге қарай тағайындалады.

Созылмалы В гепатитті емдеу үшін альфа- интерферондар және нуклеозидтің аналогтар (ламивудин, адефовир) вирусқа қарсы дәрілердің топтар қолданылады. Осы дәрілер вирус көбеюін жылдамдығын төмендетеді, бауыр жасушыларда вириондарға құрулуға кедергі жасайды. Дәрілерді жеке және бірге тағайындайды. Ем сызбаның таңдауы аурудын түрәне және сатыға байланысты. Дұрыс ем сызбаны тек қана дәрігер таңдай алады. Ем 6 айдан бірнеше жылға дейін созылу мүмкін.

Емінің негізгі бақылау тесттер: АЛТ қалпына келуі, қанда вирустік репликацияның маркерлер жоқ, гистологиялық көрсеткіштердің жақсаруы.

ССВГ емі. (http://www.who.int).

2012 ж. Шілде айының ДДҰ ақпаратты бюллетень бойынша С гепатит оқиғаларда ем әрқашан қажет емес. С гепатитте 6 генотип бар, оларға ем әртүрлі әсер етеді. Емнің алдында скриниг жүргізу керек, қйткені науқасқа ең ыңғайлы тәсілін таңдау керек.

С гепатиттің ем негізінде біріктірілген вирусқа қарсы емде интерферон және рибавирин жатады. Өкінішке орай, глобальды деңгейде интерферон кең қол жетілімді еес, науқастар нашар қабылдайды, барлық генотиптерге әсер етпейді, соны қабылдаған науқастардын көбісі емінің аяғына дейін қабылдамайды. С гепатит емделетін ауру болып табылса, науқастардын көбісіне ол емделмейтін ауру болып саналады.

Ғылыми жетістіктер арқылы С гепатиттен вирусқа қарсы жаңа дәрілер шығарылды, олар өте тиімді және бар дәрілерге қарағанда жақсы қабылданады. Жақын арада кейбір мемлекеттерде жаңа екі терапиялық дәрілер – телапревир және боцепревир лиценция алды. Бірақ оны қамтамасыз ету үшін әлі көп жұмыс істеу керек, өйткені глобальды масштабта қол жетілімдігін кеңейтіп емдеу керек.

Ем жүргізген кезде құзырлылықтар. С созылмалы гепатитпен ИЕҚ ем жүрісінде ауруханалардын, наркологиялық қызметтердің, әлеуметтік тұрмыс қызметтердің және басқа іске қосылған мекемелердің арасында жөнге салынған құзырлылықтар өте маңызды, өйткені ем жүрісінде салмақты шешімдерді қабылдау үшін мүмкіндік, науқас туралы толық ақпарат болу керек және оған адекватты бақылауды ұсыну керек. Гепатолог басқа мамандарға ақпарат береді, ол өз бетімен емге қатысқан мамандардан ақпарат және ұсыныстар алады. Олар науқас жүрісінде өзгерістерді және эмоционалдық оқиғаларды, тамақтануды, түстерді және тәуелдігін дәлелдейді.

Белсенді ИЕҚ С гепатиттің емі әдеттегі науқастарға қарағанда медициналық қызметкерлерден көп күштерді, қатысуды, икемділігін, жігерлікті, креативтігін, шыдамдылықты, әртүрлі адамдармен сындарлы әрекеттесуін және тәуелді тәртіп пен психикалық аурулар туралы ерекше білімдерді талап етеді. ССГ және вирусқа қарсы ем (ВҚЕ) туралы білетін мамандардан инелік есіртке қабылдаушылардан жұмыс тәжірибе талап етеді және оларға қосымша тренингтерді өтуіне ұсыныс беріледі. Гепатолог ауруханадағы ССГ емге жауапты, ол ауруханадағы емес мейірбикелермен сындарлы қызмет істеу керек. Ол есірткелерді қабылдайтын науқастарға тиісті стандартты емес мәселелерді шешуге икемділігін көрсете білу керек.

СВГ/АИВ коинфекцияның емі. СВГ/АИВ коинфекциямен барлық науқастарда (генотипке қарамастан) созылмалы С гепатиттің ұзақ емі минимальды мерзім 48 апта болып есептеді, ал жетістікке жету мүмкіндігі мөлшерлі аз. 48 аптадан кейін науқастардын жетістікке жету мүмкіндігі 1 генотиппен – 29 – 38%, 2 және 3 генотиппен – 53 – 62% болады. Егер иммунитет мықты және АИВ-инфекция тұрақты болып тұрса онда осындай науқсастарда созылмалы С гепатитпен емді бастаға болады. Сонымен қатар, АИВ емінде қолданатын кейбір дәрілер созылмалы С гепатит емімен байланыспайды. СВГ/АИВ коинфекцияны емдеген кезде емдеуші пәнаралық командасына АИВ бойынша маманды қосу керек.

6.3 Парентеральды вирусты гепатиттермен алдын алу стратегиялар. Ақпаратты блок (125 минут)

Қосымша ескерту мәліметін қолданыз.

Эпидемияға қарсы шаралардын кешені науқастар арасында ауру оқиғаларын максималды ерте анықтауына, донор қанды және оның препараттарды бақылауға, парентеральды манипуляцияларды жүргізу үшін бір реттік құралдарды қолдануға, аппарттарды және көп рет пайдаланатын приборларды стерилизациялауға бағытталған. Табиғи таралу бақылауы жеткілікті тиімді емес.

Біріншілік алдын алу келесі шараларды жүргізуімен орындалады:

  • Донор қанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

  • Қанның қауіпсіз продуктілерді құю.

  • Вирусты гепатитпен ауырған адамдарды донорлыққа өмір бойы; HBsAg оң талдаулармен – В гепатит науқастармен қатынаста болған – инкубациялық кезеңге дейін; қан және оның компонеттері құйылған адамдарды –1 жылға қатыстырмау; қан қызметтің жұмысшыларға қан және сарысу донор болуға болмайды.

  • Барлық парентеральды араласуларда бір реттік медициналық құралдарды қолдану.

  • Медициналық ұйымдарға үшін Жұқпалы бақылау стандарттармен сәйкес көп медициналық құралдарға дезинфекция және стерилизация жүргізу.

  • Қанмен қатынастарды ескерту үшін қорғау құралдарды қолдану.

  • Жүйесіз инъекцияларды, гемотрансфузияларды және басқа парентеральды араласуларды жою.

  • Қауіпті заттарды және сынықтарды жинау және кәдеге жарату;

  • ИЕҚ арасында «Зиянды төмендету» алдын алу бағдарламаны жүргізу

  • HCV жұқтырылған адамдардын қорғау тәжірибесі.

  • Қайшылар, тіс щеткалар сияқты жеке заттармен бірге қолдану, олардын үстінде инфицирленген қан болу мүмкін.

  • Кір құралмен татуировкаларды, пирсингті және акупунктураны жасау.

  • Парентеральды гепатиттің алдын алу мәселелер бойынша халықтын арасында санитарлық білімін жоғарлау.

  • В вирусты гепатитте: В вирусты гепатитте белсенді алдын алу әдістер жасалынған - вакцинация. Вакцинацияның мерзімдері: 1 жасқа дейін балаларға – 0-2-4 айда, 1 жастан жоғары – 0-1-6 айларда.

Қазіргі күнде С вирусты гепатиттің ерекше алдын алуы жоқ.

Екіншілік және үшіншілік алдын алу келесі шаралармен жүргізіледі

HCV инфицирленген адамдар үшін ДДҰ ұсыныстары, шілде 2012 жыл.

  • Медициналық көмек және ем жөнінде ақпарат пен ем алу;

  • Өз бауырды сақтау мақсатымен осы екі инфекцияны жою үшін А мен В гепатитке қарсы вакциналармен иммунизация жүргізу;

  • Заманауи мен тиісті медициналық көмек алу, керек кезде вирусқа қарсы емімен қоса;

  • Бауырдағы созылмалы ауруды ерте зерттеу мақсатымен мезгіл бойы бақылау жүргізу.