Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
руководство на каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.24 Mб
Скачать

4 Сабақ

Психиатрияда және наркологияда коморбидность. Тәуелді тәртіп

4.1 Екі диагнозбен науқастарға көмекті бөлу бойынша директива. Ақпаратты блок (25 минут)

Есірткі тәуелділігімен және психикалық бұзылыстармен қоса адамдар көмек алу үрдісінде жиі қиындықтармен кездеседі. Егер науқастарда екі немесе одан аса аурулар/бұзылыстар болса онда көмек көрсету қиын болады. Адекватты диагностиканың тәсілі және кезеңі жақсартылу қажет, бірақ көбінесе бұзылыстарды кеш анықтайды. Сондықтан бұзылыстардын ағымы және мүмкінді зардаптары жағымды нәтижелерге келтірмейді.

Заманауи клиникаларда ем алып жүрген екі диагнозбен науқастардын маңызды факторларды анықтайды, яғни әртүрлі пәндер қосылғанда, олар ұзақ уақыт бойы қадам бойынша қалай тәуелділік және психикалық бұзылыс бір-бірімен байланысатыны зерттейді. 10.2 сүретте осы талдауға қандай компоненттер кіретінің сызбада көрсетілген.

Психикалық денсаулық қызметінің ОМҚ науқастарды емдеу және күту кезінде емделіп кеткен науқастар бұрынғы ортаға түскен кезде бұрынғы әдеттерге және тәртіпке қайта оралу мүмкін екендігін ұмытпау керек. Әр науқасты жеке күткен кезде мейірбикелердің барлық командасы мүмкінді шектеулерді бекіту керек және оларды жеке ем жоспарында мен сырқаттамада тіркеу керек.

Ең үлкен мағына науқастардын қатты құштарлығы (craving) болып табылады, науқас онымен жеке күресе алмайды. ОМҚ оны көріп және осы мәселені талқылау керек және қажет болған кезде науқастын когнитивты функцияларды қалыпта ұстау үшін науқасты қолдап дәрілерді ұсыну керек. Сонымен қатар, әр науқасқа жеке тәсіл болу керек. Науқастын жалпы жағдайына қарай оның тәуелділігің қалай шешуге болатының ойластыру керек. Мысалы, мәселені шешкен кезде науқас есірткілерді тоқтату керек па әлде есірткілердің қабылдауын стабилизациялау керек па деп ойластыру керек, науқастын тілектері немесе олардын жоқтығы маңызды болып табылады.

Екі диагнозбен науқастарға көмекті бөлу бойынша директива

Есірткі заттектердің қабылдауы

төмен

Есірткі заттектердің қабылдауы жоғары

Психикалық бұзылыстардын дәрежесі

орташа

Амбулаторлық көмек: психикалық денсаулықтын қызметі немесе наркологиялық қызметі, наркологиялық қызмет арқылы есірткі заттектерді қабылдау бойынша мүмкінді кеңес жүргізуі.

Наркологиялық клиникасы: детоксикация, сосын психикалық денсаулықтын қызметі арқылы амбулаторлық көмек.

ауыр

Психикалық денсаулық қызметтің клиникалық көмек, наркологиялық қызмет арқылы есірткі заттектерді қабылдау бойынша мүмкінді кеңес жүргізуі.

Екі диагнозбен науқастарға қызмет көрсететін клиникаға ұзақ жатқызу, наркологиялық қызмет жағынан ұзақ күтуі.

4.2 Аффективты бұзылыстар және тәуелділік. Ақпаратты блок (100 минут)

Аффективты бұзылыстар – эмоционалды салада бұзылыстармен байланысқан психикалық бұзылыс топтын жалпы атауы және бірнеше диагноздарды біріктіреді – торығу, дистимия, I және II түрлердің қос полярлық бұзылыстар және циклотимия.

Өмір бойы дистимияның таралуы 6%, қос полярлық бұзылыстардын – 4 – 6%, циклотимия – 0,4 – 1% болып саналады. Дистимия және циклотимия алғашқы рет жасөспірім кезінде пайда болады. Қос полярлық бұзылыс жасөспірімдердің жастын және 30 жастын арасындағы кезеңде жүреді (Dengler, 2001 ж.). Дистимия көңілінің созылмалы өзгертуімен сипатталады, ол екі жылдан астам байқалады және ол торығу критерияларға сирек сәйкес келеді. Циклотимия көңіл өзгертудің тұрақты кезеңімен (минимум 2 жыл) сипатталады, олар манияның немесе торығудын толық критерияларға сәйкес келмейді (WHO, 1990 ж.).