Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
руководство на каз.яз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.24 Mб
Скачать

2 Сабақ

Тәуелділіктің дамуы. Даму патогенезі

2.1 Талқылауға арналған сұрақ (25 мин)

Жұпта жұмыс істеп, адам зиян келтіре заттектің қабылдауы тәуелділіктің даму механиздан байланысты ма, әлде жоқ па, ойлап, өз пікірін талқыланыз. Тәуелділікте жалпы патогенез, әлде әр қайсында өзінікі ма?

Тапсырма (30 минут бойы 3 топшаларда жұмыс істеу): биопсихоәлеуметтік модельге қарай адамды көрсетініз.

Шектеулерге жазыныз – адам күрделі биологиялық объект сияқты...

Шектеулерге жазыныз – адам күрделі психологиялық объект сияқты …

Шектеулерге жазыныз – адам күрделі әлеуметтік объект сияқты …

2.2 Тәуелдіктің механизмдер. Ақпаратты блок (50 минут)

Биопсихоәлеуметтік моделімен (БӘМ) сәйкес адамды күрделі биологиялық ағза ретінде биологиялық біртұтас түрінде ғана санамайды, тағы оның жеке адам даралығы, сана-сезімі болуы, мінезі, уәждемесі және белгілі қылықтары қарастырылады. Адамды әлеуметтік жүйесінің бөлігі ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтік, мәдениеттік, тарихи және экономикалық жүйелердің өлшеулері. Психобелсенді заттектерден тәуелділігі және зиян келтіре қабылдауы осы қалыптасқан өлшеулерде жағдайлар болып саналады. Тәуелділік көп жүйелердің функциясын бұзады. Тәуелділікте тек қана бір жүеде ауытқу болмайды, ауытқулар бірнеше жүйеде байқалады. Тәуелділікте биопсихикалық және әлеуметтік сипаттамасы бар. Себептерді және нәтижелерді тек биологиялық, психологиялық және әлеуметтік контексте (БПӘ) қарастыруға болады және мәселелер мен интервенциялар бір өлшеуде болғанымен олардын нәтижелері басқа өлшеулерге сәйкес келеді. Сондықтан, бұзылыстар барлық үш өлшеулерде байқалады.

БПӘ модельде жүйелік-теориялық элементтер бар, олар бізге өзара байланысты және қазіргі уақытта болған қиындықты көрсетуге көмектеседі. Осы өзара байланысқа қарамастан біз әлеуметтік, психологиялық және биологиялық аспектілерді бөлек қарастырамыз. Біздің ғылыми және ем дәстүрі осы негізінде дамыған. Мысалы, оқу үрдесі көбінесе психологиялық үрдіс ретінде қарастыралады. Психология және оқу үрдісі жиі түрінде биологиялық үрдіс ретінде қарастырылмаған. Қазір біз басқаша ойлаймыз. Қазір біздің оқуымыз табиғатқа байланысты. Біз оқитын мәселелер және белгілі дағдыға үйренуі бізде табиғат заңмен орнатылған. Оқу үрдісі нейробиологиялық үрдіс болып табылады. Үрдісте тәуелділікті оқығанда негізгі нейробиологиялық механизмдер анықталады, олар тәуелділік механизмдердің жұмысын түсінуге көмектеседі.

Біздің дәстүрге қарағанда біз соматикалық пен психологиялық жағдайларды және тұқым қуалаушылықты мен айналауын бөлек қарастырамыз. Айналуын факторлар кейбір тұқым қуалайтын сапаларды анықтайды, мысалы қандай сапалар өмір сүруге мен репродукцияға әсер етеді; және керісінше, адам тұқым қуалайтын сапаларға қарай өз пайдасын көру үшін айналысын қалай қолданатынды көрсетеді. Геннің экспрессиясы, белгілі тұқым қуалайтын қабілетін даму және сезімтал кезең үшін айналауы маңызды рөл атқарады. Белгілі жастан кейін сезімтал қабілеті кетеді, ал ген өз экспрессиясына жетпейді. Кейбір адамдар белгілі жасқа келгенде, олардын гені спирт ішімдігіне сезімтал болады.

Кейбір ғалымдар ген мен қоршаған орта арасындағы әрекеттесуіне көрнекті мысал келтіреді. Гашишті шеккен адам белгілі әсерді біледі – ол аштық сезімін күшейтеді. Ол үшін ТГК (тетрагидроканнабинол) заттек жауапты. Заттек римонабант ТГК-ға сезімтал рецепторына блок қояды, сондықтан аштық сезіміне блок қойылады. Тәжірибеде римонабантпен диетада болған үлкен салмақпен науқастар басқаларға қарағанда салмақ тастады. Зерттеуде сәйкес эндоканнабиноидты тез ажырататын генімен адамдар салмақты тез қосты. Бірақ адам жақсы тамақтанғанда ұзақ уақыт бойы тамақсыз жүреді. Егер үзіліссіз тамақ жесек онда тез салмақ қосамыз. Егер адам көп тамақ жесе, оны тәрбиелеп көп уақыт кетірмеу керек, оның айналасуын өзгерту керек.

Нейробиологиялық тәсіл. Соңғы уақытта спирт ішімдіктерді және есірткілерді қабылдау дамуында нейробиологиялық тәсіл өте маңызды болып саналады. Заттектердің әсері, біздің тұқым қуалайтын сапаларда гендер туралы ұсыныстар тәуелділік саласында ми реакцияларды зерттеуге көп мүмкіндік берді. Артық салмақпен мысал келтіргенде, қоршаған ортаның әсері көрнекті болды. Тәуелділікке әлеуметтік өлшемі әсер етеді. Айналауыдын әсері саясаттық пен тарихи контекстке қойылған, ол келесі параграфтын мәселесі болып табылады.

2.3 Пікір-сайыс (25 минут)

«Мемлекет масштабта психобелсенді заттектерге тыйм: «жақтаушылар» және «қарсылар» тақырып бойынша 2 топшада жұмыс істеу: бір топша «жақтаушылар», екінші топша «қарсылар».

2.4 Тәуелділік әлеуметтану. Ақпаратты блок (25 минут)

Осы уақытқа дейін әлеуметтік аспект басымдық ретінде қарастырылған. Бұрын «әлеуметтік» термин «моральдық» синоним ретінде болып табылды – маскүнемдерді және тұрақты тұрғын үйсіз адамдарды моральдық кіналады және жұмыс кластын жағдайын жақсарту үшін оларды моральдық қатыстыруымен қоғамға шақырды. Үлкен индустрияландыру кезінде аз мөлшерде жалақасы кабактарда төленді???? және жиі түрде спирт ішімдіктер ретінде.

Әртүрлі мемлекеттерде даму тарихи аспектілер және психобелсенді заттектерді қабылдаумен күресу. Индустрияландыру және сонымен қатар жүрген сауда спирт ішімдіктерді қабылдауға, зиян келтіре қабылдауға және тәуелдікті пайда болуына әсер етті. Ол тағы халықаралық саудаға және елдендіру саясатқа тиісті. Үлкен эпидемия болған кезде зарасыздандырылмаған су ішкенше төмен спирт деңгейімен сыраны ішуге дұрыс болып саналды. Уақыт өткен соң су тазартылды, бірақ сырада да спирттің деңгейі жоғарлады. Дистилляция үрдісін ашқаннан кейін ішімдікте спирттің деңгейі жоғарлады, мысалы абсент (спирттің деңгейі 57%), XIX ғасырда оның тәуелдігіне көп адам түсті. Абсентте жалған елес әсері бар, мысалы түсті елестеушіліктер пайда болады. Винсент Ван Гог абсенттен тәуелді болды. Тарихта тәуелділіктің басқа мысалдары бар: Фрейд кокаинді қабылдаған, Гитлер амфетаминді тамыр арқылы пайдаланған.

Елдендіру үлкен сауда мүмкіндіктерді берді және жергілікті халық есірткі заттектерді сатудын нарығы болып табылады. Американдық аборигендер үндістерге «содалы суды» сатқанда аңыз оқиға болып табылды. Тағы түрік және үндіс опиумді Қытайға және онымен шекаралық мемлекеттерге сатқаны масштабты оқиға ретінде саналады. Жаппай тәуелділік болғанда қытайлар шекараны жауап тастағысы келді, сосын ағылшындармен және француздармен соғыс басталды, нәтижесінде шекараларды ашты. Голландия сол жылдарда опиум сатықаннан көп ақша тапты, әсіресе Индонезия.

Сол жылдарда есірткілермен байланысты американдық соғыстарды анықтауға болады. Спирт ішімдіктерді, есірткілерді қабылдауға және құмар ойындарға қарсы ішінара идеалистік қозғалыс жүрді. Қарсылықтарда және легализацияны жақтаушыларда ішінара өз мүддесі болды. Американдықтар Шығыспен пайдалы сауданы бөлісуге келді. Қытайлардын көбісі Америкаға көшті, олар жаңа жерде темір жол салуға келді.

Ресей Қазақстанмен (бұрын Қазақстан Ресейдің аймақтық бөлігі болған) бірге спирт ішімдікке қарсы кампанияларды жүргізді. 13 қазанда 1914 ж. соғыстын алдында және соғыстын басында Ресейдің барлық аймақтарында барлық спирт ішімдіктерді шығару және сату туралы қоғамдық отан сүйгіштін қысымымен патша жарлығы шығарылған (Введенский И. Н. «Опыт принудительной трезвости». Халықтын Салауатты туралы Мәскеу Астаналық Қамқоршылығы, 1915 ж.), ол Қазан революциядан кейін 1925 жылға дейін жалғасты. 17 мамырда 1985 жылда «Правда» газетінде «Маскүнемдікпен күресуді күшейту туралы» СКОР Жоғарғы Президиумның Жарығы басып шығарылды және күш алды. Осы жарғы тарихқа «құрғақ» заң ретінде кірді, осы жарғыдан кейін самогон қайнатты.

Темір жолдар салынып кеткеннен кейін қытайлар керексіз болды және оларды дискриминацияға ұшырды. Спирт ішімдікке қарсы саясаты Рузвельттің саясатының және сол қозғалыстын бірі болып табылады, оның ішіне табиғатты қорғау және эмансипация кіреді. Осы кезеңнен бастап АҚШ бірінші ұлттық серуентоғайлар пайда болды және спирт ішімдікке, есірткілерге, құмар ойынға қарсы халық қозғалысы жүрді. Нәтижесінде Америкада «құрғақ» заң өткен ғасырдын жиырмасыншы жылдарда болды.

Осындай христиан және сол кең қозғалыс Голландияда да болған. Америкада соның арқасында спирт ішімдіктердің және есірткілердің қылмыстандыруға келтірді, сосын халықаралық тонаушылар топтар және мафия пайда болды. Сол үшін «құрғақ» заң күйреуге ұшырды. Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар кейін спирт ішімдіктердің және есірткілердің қабылдауы азайды. Тек алпысыншы және жетпісінші жылдарда спирт ішімдіктердің және есірткілердің қабылдауы жоғарлады.

2.5 Тәуелділіктің әлеуметтік-экономикалық даму факторлар. Ақпаратты блок (25 минут)

Есірткілерге қол жетілімдігі ол маңызды тақырып болып табылады. Қазіргі кезде осындай заттектер, есірткілерді сататын орындар, баға және бюджет туралы көп айтады, мысалы эксперимент жасайтын жастар. Оларға көп әсер тиеді. Солырдын арқасындла зиян келтіре қабылдаудын деңгейі және тәуелді адамдардын саны жоғарлайды. Ішкілік жөнінде ғылыми модель – Лейдерманның формуласы бар. Егер ішкіліктің жалпы қабылдаудын көлемі белгілі болса онда осы формуламен ішкіш адамдардын саның есептеп алуға болады. Егер осы популяцияда қабылдауы жоғарласа онда ішікіш адамдардын саны пропорциялы жоғарлайды. Егер азайса кері әсер байқалады. Осындай жағдай есірткілерді қабылдаған кезде де байқалады: кейбір есірткілерді жастардын арасында, сауық кешінде, дилерден және т.б. алуға мүмкіндік бар, олар қабылдау көлеміне тікелей әсер етеді. Осында маңызды диллема байқалады, ол америқандық «құрғақ» заңына тиісті. Қатан шектеулі сатып алуы қылмысты қабылдауға келтіреді. Шектеулі саясаттын нәтижесінде тәуелді адамдардын саны аз болады, ал тәуелді болған адамдар қосымша маңызды зардаптарға ұшырады. Есірткілерді заң түрімен ешкім сатып алмайды. Ол қылмысқа жатады және қоғам сондай адамдарды жақтырмайды.

Голландияда қабылдау нарыққа және сату нарыққа бөлуге тырысты, олар шектеулі қабылдауға және шектеулі сатуға рұқсат берді. Қабылдаушылар қара нарықта есірткіні сатып алмау үшін Голландия басқа мемлекеттер сияқты героин тәуелдігімен қабылдаушыларға метадон таратты. Нәтижесінде қылмыс істеушілердің саны азайды. Сонымен қатар, осындай сияқты героин жобалар тәуелді болған халықтың және жалпы қоғамның дене, психикалық және әлеуметтік жағдайларын жақсартады.

Сонымен, героин мен метадон тарату бағдарламалар, айналуы үшін жағымды әсерлерге (әсерлер қаншалықты легитимділікті болса да) емес, олар медициналық мақсаттарға бағытталған.

Қалай болса да ол ққоғам үшін үлкен зиян келтіреді. Есіркілермен байланысты қылмысты істер пенитенциарлы және сот жүйелерде өте көп. 30 – 50% жуық қылмысты істер есірткілерді қабылдауымен немесе сатуымен байланысты. Заңдастыру осы жағдайдын шешімі болып табылмайды, өйткені сонын кесірінен көп адам қабылдау мүмкін. Мысалы, спирт ішімдігі және никотин де болу мүмкін. Нәтижесінде өлім тікелей немесе жанама көбінесе осы жағдайлардын бірімен байланысты, аз мөлшерде есірткілермен байланысты.

Қол жетілімдігімен қоса қылмыс екінші маңызды фактор болып табылады. Амфетаминдер және кокаин сияқты спирт ішімдігі мен ПБЗ қабылдауы өз-өзін бақылауынды төмендетеді және агрессивты импульстарды жоғарлатады. Үшінші фактор айналуымен және экономикалық сипатымен байланысты. Мына жерде тек қана заңсыз нарық туралы емес және заңды нарық туралы айтылған. Спирт ішімдіктердін өнімі – ол ірі кәсіпорындар үшін миллиардтаған бизнес. Қатты ішімдіктердің жақсы лоббиға қарамастан бос сауда бойынша келісімдер дамиды. Осы келісімдерге және Европалық одақ мемлекеттердің саясатына қарамастан (осы жерде дәстүрлі ретінде маскүнемдердің үлкен пайызы байқалады, бірақ шектеулі саясаты арқылы осы пайызды төмендеді) спирт ішімдіктерді қабылдауынан өлім оқиғалары қайтадан жоғарлады. Мысалы, – Финляндия. Егер гашишпен сатуды қарастырсақ: Голландияда кофешоптардын сатуынан салықтар мемлекеттік қазынаға түседі, олардын саны жүз миллион евро болады. Марихуана бірнеше жыл бойы бау шаруашылығының атақты өнімдердің ондығына жатады. Осы жағдай бұрынғы нидерландық Индиядағы опиуммен сатуымен салыстырғанда Ост-Индық компанияның пайдасына ұқсайды.

Басқа маңызды сәт ол әлеуметтік күдікті топтын арасында қауіп тәуелділігі болып табылады – бұрынғы колониядағы жергілікті халықтан бастап Африкадағы балалар-сарбаздармен аяқтайды, Америкадағы кедей аудандардан бастап бұрынғы замандағы жұмыс пролетариатпен аяқтайды. Қазіргі кезде әлеуметтік күдікті топтарға жастар, психиатриялық науқастар, әртүрлі мәдениетті азшылық жатады. Осы топтарда есірткілерді қабылдауы жиі кездеседі деп айта алмаймыз, бірақ осы топтар қабылдаса ол маңызды әлеуметтік себептерге келтіру мүмкін. Әр арнайы топшада белгілі күдікті факторлар бар. Психиатриялық науқастарда нейробиологиялық күдіктілік және фармакологиялық қажеттіліктер туралы айтылады. Жеңіл ақыл-ой кемтарлығымен адам тобында нашар өз-өзін бақылайды, зардаптарды түсінбейді және қоғам қысымына қарсы тұралмайды, мысалы, спирт ішімдігі жөнінде. Мәдениетті азшылықта күдік ретінде жаңа мәдениетке қосқан кезде ата-аналардын қолдауының жетіспеушілігі болып табылады. Осындай адамдар жаңа әлеуметтік және мәдениеттік дәстүрлерді түсінбейді, өйткені олар күнде өздері үйреніп қалған дәстүрлермен өмір сүрді және жаңа ұрпақ үшін ата-бабалардын миграцияның артықшылары мен кемтарлығы әсер етеді.

Отбасы қауіп факторы ретінде. Тәрбиелеу деңгейде және отбасыда ең маңыздысы ол ата-аналардын есіртікіні қабылдауы немесе қабылдамауы болып саналады. Ата-ана темекі шеге ма деп сұраған кезде болашақта баланың темекіге көзқарасын анықтауға болады. Ол тағы спирт ішімдікке және есірткіге байланысты. Қабылдаған кезде тұқым қуалайтын фактор маңызды болып табылады, бірақ псевдо тұқым қуалайтын факторы да маңызды – ол балалармен ата-аналардан алынған қалыптар және қундылықтар. Ол тағы себептердің шешім дағдыларға әсер етеді. Егер қиын жағдайда ата-аналар спирт ішімдіктерді немесе есірткілерді қабылдаса, онда балалар білмегендіктен дұрыс шешімді қабылдай алмайды, көргенінді істе бастайды. Спирт ішімдіктер жөнінде ата-аналардын қойған ережелер маңызды мағына береді және әсер етеді. Егер жас адамдарда тұқым қуалайтын күдіктілік, дофамин рецептордын төмен пайызы болса, спирт ішімдіктер жөнінде ата-аналардын қойған ережелер болғанымен жас адамдарда спирт ішімдіктерді қабылдауын ескертуге болады.

Спирт ішімдіктерді және есірткілерді зиян келтіре қабылдауы жөнінде балаларда маңызды болжамды көрсеткіш ретінде отбасыда және ата-аналардын арасында үйлеспеуі болып табылады. Толық емес отбасы немесе балаларға жеткілікті қарамауы маңызды болжамды факторлар болып табылады. Күдікті факторлардан басқа қорғау факторлар бар, оларға: білім алуы, спорттық менмендіктері, сенімді достар, мұғалімдер жақтан көңіл бөлуі және т.б. жатады. Әртүрлі адамдарда мәңгітуге және жарақаттарға сезімталдық әртүрлі деңгейде орналасқан.

Отбасыдан басқа мектеп, достар және бос уақыт маңызды рөл атқарады. Құрдастардын арасында қатынастар жасөспірім үшін маңызды болып табылады. Егер келесі жексенбі күні белгілі достардын тобында маңызды спорттық оқиға болатын болса, онда ол спирт ішімдіктерді қабылдауын білдіреді. Егер спирт ішімдігі қызық болмаса, онда топтар есіркілерді белсенді қабылдауын тәжірибеге салады және олар есірткілерді қабылдауын жалғастырады деп үлкен мүмкіндігі бар. Зерттеулер бойынша қауіп фактор ретінде антиәлеуметтік бейімділігімен достар болып табылады.

2.6 Талқылауға арналған сұрақтар (50 минут)

Бар болған әлеуметтік-экономикалық факторлармен кестені құрыныз. Тәуелділікті дамуына әсер ететін бүлдіргіш отбасыны сипаттаныз. Тәуелділікке қарсы тұратын үйлесімді отбасыны сипаттаныз. Қандай психобелсенді заттектерді білесіз? ПБЗ қалай әсер етеді?

2.7 Психобелсенді заттектердің түрлері. Тәуелділіктің даму патогенезі. Ақпаратты блок (25 минут)

Психобелсенді заттектер

Ынталандырушылар

(қоздырғыштар):

Седативті (тыныштандыратын):

Галлюциногендер

(галлюцинацияларды қоздыратын):

Аралас әсер:

амфетаминдер

- кокаин

- спид

- кофн

- никотин

- опиаттар (героин, метадон, морфий)

- бензодиазепиндер

каннабиодтар

- галлюциногенді саңырауқұлақтар

- ЛСД

- спирт ішімдігі (басында қоздыратын, кейін тыныштандыратын)

- экстази (галлюциногенді және қоздырғыш әсері)

ПБЗ қабылдаудын, сезімінің және ойының түрін өзгертеді. Тыныштандыратын заттектер бас миінда әртүрлі үрдестерді тоқтатады, сондықтан тыныштандыру әсерін білдіреді. Мысалы, героин, метадон, морфий сияқты опиаттар болып табылады және тыныштандыратын заттектердің арасында бензодиазепиндер жатады. Қоздырғыш заттектерге амфетаминдер, кокаин, спид, кофе және никотин жатады. Кейбір заттектер аралас әсер етеді. Мысалы, спирт ішімдігі басында қоздырады, сосын тез тыныштандырады. Экстазиде галлюциногенды және қоздырғышты әсері бар. Осы заттектердің барлығы әртүрлі ми жүйелерге әртүрлі әсер етеді. Қабылдауында, зиян келтіре қабылдауында және тәуелділікте әртүрлі жүйелер және заттектер қатысқан.

Миға психобелсенді заттектер әсер етеді

Психотропты заттектерді (тәуелділікке келтіретін заттектер) қабылдауында нейротрансмиттердің көбісі маңызды рөл атқарады. Оларға ГАМҚ (гама-аминомайлы қышқыл), глютамин, ацетилхолин, дофамин, серотонин, эндорфиндер және каннабиноидтар жатады.

Тәуелділікке келтіретін заттектердің белсенді қабылдауы әртүрлі ми жүйелерге терең әсер етеді. Осы әсерлер ішінара барлық заттектерге жалпы, ішінара жеке болып табылады. Кезек бойы жүретін мәселе маңызды болып табылады.

Егер біз миінда ауытқуларды көрсек, онда ол есірткілерді қабылдауының нәтижесі әлде зиян келтіре қабылдауға келтірген туа пайда болған ауытқулар болып табылады ма деп табу керекпіз? Жүрек қағысын жиілігін жоғарлататын кокаин және ауру сезімін басатын седативті әсер ететін героин неге ми жүйесіне бірдей әсер етеді?

Себебі түсінікті: барлық есірткілердің қабылдауы жатқан ядроға дофаминің (оның іс-әрекетің еліктеметін сигналдарды да) күшейтілген құйылуын білдіреді. Дофамин тәуелділіктің барлық түрлерінде рөл атқарады. Ол заттек кейбір есірткінің қоздыратын немесе тыныштандыратын немесе галлюциогенді әсерімен байланысты емес. Егер қоздырғыштар байқалса, онда дофаминің деңгейі жоғарлайды, сол кезде ол есіркіні қабылдауына келтіру мүмкін.

Ескертеміз, жүйке жүйесі нейрондардан тұрады, олар жасушалы денелерден, дендриттерден (өскіндіктерден) тұрады, олар нейронға басқа нейрондардан сигналдарды алуға және аксонға басқа жасуша-алушыларға сигналдарды тарауға көмектеседі. нейроның ішінде тітіркенуі ол электрондық импульс болып табылады жүйке жасушылардын арасында электрондық импульстарды таралуы ол химикалық үрдіс болып табылады, оның ішінде маңызды рөлді нейротрансмиттерлер атқарады (1 сүрет).

Дофамин құшырланудын алдын ала сатыда маңызды рөл атқарады және ол алғашқы білдіруші болып аталады. Ол аталатын сенситизация арқасында өтеді: бұрын қабылдағанда ол сәйкес жүйке жалғаулардын реакцияларын күшейтеді, оның ішінде дофаминнің жоғары деңгейі және орында көбейген синапстардын санын жоғарлауы маңызды рөл атқарады. Айналасыдағы қоздырғыштар дофаминнің қызметіне жоғары деңгейде әсер етеді. Осы жерде біріншіден басқа туралы әңгіме болып жатыр, бірақ тек «кайф» әсері туралы емес.