Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций фил каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
557.57 Кб
Скачать

1. Канттың философиялық жүйесі

Иммануил Кант (1724 - 1804) неміс классикалық философиясының негізін жасаушы, ол логика, теология, философиямен қатар математика және жаратылыстануды да терең зерттеді. Кант философиясының дамуын әдетте екі дәуірге бөледі: бірінші - “сыншылдыққа” дейін 70-ші жылдарды атайды, екінші - “сындық кезең”, негізгі туындылары да сол арада философты дүниежүзілік даңққа жеткізген: “Таза ойлыақыл сыны” - таным теориясына арналған ең негізгі шығармасы болып табылады; “Тәжірибелік ойлыақыл сыны” - этикалық ілімді баяндайды; “Пікірдің қабілеттілік сыны”- эстетиканы, табиғаттағы мақсаттылық туралы ілім.

Танмның бірінші сатысы - сезімділік өрісі, адамның түрлі субъективті кеңістік пен уақытты аңғару арқылы ұйқы–тұйқы түйсіктерді реттеу қабілеттілігімен сипатталады. Канттың ойынша осындай жолмен, сезімдіктің заты немесе құбылыстардың әлемі құрылады. Келесі саты - ақылдың өрісі. Тәжірибе қарекеттіліктің өнімі, бір жағынан - сезімділіктің, келесі жағынан - ақылдың. Сезімділіксіз бізге бірде-бір зат берілген болмас еді, ал ақылсыз бірде-бір зат туралы ойлай алмас едік. Мазмұнсыз ой бос қуыс, ал көрнекі түсініктер ұғымдарсыз соқыр. Білім, сонымен екі шарттан тұрады: сезімділік және ақыл. Сезімділіктің негізінде қабылданған пікірлер, тек субъективтік мағынаға ие - қарапайым байланысты қабылдау. Қабылданған пікір “объективті” мағынаға ие болу керек, яғни жалпылық және қажеттілік сипатта болып және осы арқылы “тәжірибелік” пікір болу керек. Ол, Канттың ойынша, қабылданған пікірді ақылдың априорлық категориясының астарына әкелу керек. Кант мынандай мысал келтіреді: “Тасқа күн сәулесін түсіргенде, ол жылиды”. Канттың сөздері бойынша, біз бұл жерде күннің жылуы мен тастың қызуының арасындағы себеп - салдар байланысы айқындалмаған, пікірді қабылдаудың қарапайым түрін көреміз. Ал егер біз: “Тасты күн жылытады” десек, онда бұл жерде пікірді қабылдауда ақылды ұғым қосылады, немесе себеп категориясы бұл пікірді тәжірибелікке айналдырады.

Себептілік - ойлаудың априорлық принциптерінің бірі болып табылады. Олар сезімдіктер материалын өңдеуге қызмет етеді. “Таза ақылға сын” еңбегінде Кант мұндай категориялардың 12-сін атайды: бірлік, көптік, жалпылық, нақтылық, терістеу, шектеу, жатқызылу, себептілік, қарым-қатынастық, мүмкіндік, бар болу, қажеттілік. Әрине Кант бұл категориялар неге он екі және олар қайдан алынды, неге басқа емес осыларсияқты сұрақтарды негіздей алмайды. Жалпы Канттың бұл ілімінің жасандылығы, сол өз заманында-ақ белгілі болған.

Ойлыақылды таным соңғы және ең жоғарғы саты. Ол “ең жоғарғы орында” тұрады. Ақылдан, ойлы-ақылдың айырмашылығы оның тәжірибе шектерінен әрі шығатын “трансцендентальды идеяларды” туғызуында, - дейді Кант. Ондай идеялар үшеу:1) психологиялық (жан туралы ілім), 2) космологиялық (ғарыш туралы ілім), 3) теологиялық (құдай туралы ілім ). Бұл идеялар ойлыақылдың өзіндік заттарды танудағы ұмтылысын білдіреді. Ойлыақыл аш көзденіп өзіндік заттарды тануға ұмтылады, тәжірибені шегінен шығып кетуге тырысады, бірақ нәтиже бермейді: заттар “одан қашады” және танылмай қалады.

Нәтижесінде ойлыақыл шешілмейтін қайшылықтарға шатысып қалады, тек “паралогизмді”, “антиномияларды”, “ақиқатсыз армандарды” жасайды. Кант антиномияларға көбірек көңіл бөледі, яғни олар қарама-қайшылар, бір-бірінің жағдайларына сәйкес емес бірақ Кант пікірі бойынша олар әрқайсысы қисынды, мінсіз дәлелденуі мүмкін. Ондай антиномийлер төртеу:

1) тезис - “Әлемнің белгілі бір уақыттарда басталуы болады және ол кеңістікте өзіндік шегі бар”.

антитезис: “Әлемнің уақыт пен кеңістік шекараларының басталуы болмайды; ол уақыт пен кеңістікте шетсіз және шексіз”.

2) тезис: “Әлемдегі әрбір күрделі субстанция қарапайым бөлшектерден түзеледі, және жалпы, қарапайымдардан тұратын жалпылық қана бар бола алады”;

антитезис: “Әлемдегі ешбір күрделі зат қарапайым заттардан түзелмейді, және жалпы әлемде ешқандай да қарапайымдылық жоқ”.

3) тезис: “Әлемдегі барлық құбылыстардың шығу тегі табиғат заңдарына сәйкес бола алатын жалғыз ғана себептіліктен бола алмайды. Құбылыстарды түсіндіру үшін себептіліктің азат етілуіне мүмкіндік жасау керек”;

антитезис: “Ешқандай да бостандық жоқ, әлемдегілердің бәрі де тек қана табиғат заңдарына сәйкес іске асады ”.

4) тезис: “Әлемге, не бөлшегі ретінде немесе оның себебі ретінде, жатады, сөзсіз қажетті бар нәрсе”;

антитезис: “Оның себебі ретінде әлем сыртында, не өзінде ешқандай да абсолютті қажетті зат әлемде болған емес”. Басқаша айтқанда, Құдай жоқ .

Гегель философиясының жүйесі мен тәсілі.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) шығармашылығы классикалық неміс философиясының шыңы болып есептеледі. Ол алғаш рет барлық табиғи, тарихи және рухани дүниенің ұдайы дамуын көрсетті. Ол объективті идеализм тұрғысынан диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын ашты және дәлелдеді.

Гегель, Кант ұсынған мән және құбылыстың арасындағы метафизикалық бөлінумен келіспеді. Құбылыс, Гегелдің ойынша, мәннен кем объективті емес. Мән құбылыс арқылы көрінеді ал құбылыс мәнді қолдаушы. Бұл бірінсіз бірі бола алмайтын қарама-қарсылықтардың бірлігі. Сол себептен Канттың өзіндік заттың принципиалды түрде танылмайтындығы туралы дәлелдері орынсыз. Өзіндік заттар, дейді Гегель, ол тек қана алғашқы кезең, заттардың дамуының алғашқы сатысы. “Мысалы өзіндік адам - әзірге ол нәресте, өсімдік өркені - өзіндік өсімдік... Барлық заттар әуелгі кезде өзінде, бірақ онымен іс тоқтатылмайды”.

Гегель, Канттың субъективизмін және агностицизмін сынай отырып болмыс пен ойлаудың тепе-тендіктерінің негізінде әлемді парабар тану мүмкіншілігін мақұлдайды. Негізде барлық бардың негізінде ойлау заңдары жатады, яғни логика заңдарды. Бірақ формалды логика емес диалектикамен сәйкес келетін - диалектикалық логика. Бұл заңдар қайдан алынды деген сұраққа, Гегель: бұл әлемнің жаратылуына дейінгі Құдайдың ойы деп жауап береді.

Гегелдің философиялық жүйесі үш бөліктен тұрады: 1) логика, 2) философия табиғаты, 3) философия рухы. Қисын, оның ойынша құдайлық ойлыақылмен сай келетін “таза ойлыақылдың” жүйесі. Ал, “Құдай ойлары” табиғаттың, қоғамның және ойлаудың ең жалпы даму заңдары болады.

Гегель философиясы ойлау (сана) мен болмыстың тепе-тендігінен басталады. Заттар және олар туралы ойлар сайма-сай, сол себептен өзінің имманенттік анықтамаларында ойлау және заттардың нағыз табиғаты тепе-тең, бір.

Логика. Болмыс пен ойлаудың тепе-тендігі Гегелдің ойынша, әлемнің субстанционалдық бірлігі болып табылады. Бірақ тепе-тендік абстракты емес, нақтылы, яғни айырмашылықты қажет етеді. Тепе-тендік және айырмашылық - қарама-қарсылықтардың бірлігі . Ойлау және болмыс екеуі де бір заңға бағынышты. Гегель, объективті абсолютті ойлауды, тек қана алғашқы басталым және барлық бардың дамуының қозғаушы күші, деп ойлайды. Әр алуан құбылыстарда көріне отырып, ол абсолюттік идея тұрғысында болады.

Абсолютті идея орнында тұрмайды. Ол бір сатыдан екінші сатыға, нақтылыққа және маңыздылыққа өтіп толассыз дамуда болады. Абстрактылықтан нақтылыққа өту - дамудың жалпы принципі. Дамудың ең жоғары сатысы - “абсолютті рух”. Абсолютті идея бұл сатыда адамдық теория өрісінен көрінеді және өзін өзі ойлау пәніне айналдырады.

Гегелдің объективтік идеализмінің философиялық жүйесінде кейбір ерекшеліктер бар. Бірінші, пантеизм. Құдайлық ой аспанның әйтеуір бір жерлерінде қалықтап жүр, ол ең кіші заттардың да және әрбірінің мәнін құрап барлық әлемге өтіп кетеді. Екінші, панлогизм . Объективті құдайлық ойлау қатал қисынды. Үшінші - диалектика. Болмыс және болмыссыздық қарама-қарсылықтардың бірлігі. Бір категория екіншісін теріске шығарады. Нәтижесінде алдыңғы екеуін синтез жасайтын үшінші категория пайда болады. Гегель бұл жаңа категорияны қалыптасу, деп атайды. “Қалыптасу дегеніміз болмыс пен ештеңенің бөлінбестігі. Қалыптасу - бұл түбегейлі өзгерістің күй-жағдайынан көрінетін пайда болудың диалектикалық үдірісі.

Гегель болмыс пен ойлаудың тепе-теңдігінің нәтижесінен философиялық ұғым - абсолютті идеяны шығарады. Абсолютті идея дегеніміз:

· жалғыз бар болатын нағыз нақтылық (ақиқат);

· барлық қоршаған әлемнің және оның заттары мен құбылыстарының басқы себебі;

· сана-сезімге иелі Дүниежүзілік рух жаратуға да қабілетті.

Гегель философиясының келесі маңызды онтологиялық ұғымы “жаттану (мүлкін алу -отчуждение). Ол туралы ештеңе айтуға болмайтын Абсолютті рух өзін мына түрлерде жаттандырады:

- қоршаған әлемге – табиғатқа – адамға - ал содан соң, ой және адам қарекеті арқылы жаттана отырып тарихтың заңды дамуының қайтадан Абсолюттік рухқа айналуы мына реттілік бойынша өтеді: Дүниежүзілік (Абсолютті) рух - жаттану - қоршаған әлем және адам - ой және адам қарекеті - абсолютті рухтың ой және адам қарекеті арқылы өзіне өзі қайта оралуы.

Адам болмысы Гегелде ерекше рольді атқарады. Ол - абсолютті идеяны қолданушы. Әрбір адамның санасы - дүниежүзілік рухтың кішкентай бөлшегі. Нақ адамның өзінде абстрактылы және тұрқысыз дүниежүзілік рух ерікке, тұлғалыққа, мінез-құлыққа, жеке даралыққа ие болады. Сонымен, адам дүниежүзілік рухтың ең “ақырғы рухы“.

Дүниежүзілік рух адам арқылы:

1) сөздер түрінде, сөйлеулерде,тілдерінде, ымдарында көрінеді;

2) адам қылықтары,әрекеттері, тарихтың өтуі- заңды қозғалысқа және мақсатқа бағытталған;

3) адамның танымдық қарекеті арқылы өзін таниды, біледі;

4) адамның материалдық және рухани мәдениеті түрінде жасауы.

Гегелдің, диалектика ұғымын алғашқы рет айқын қисынға келтіруі оның философиядағы тарихи зор еңбегінің бірі болды. Гегелдің ойынша диалектика, - дамудың және дүниежүзілік рухтың бар болуының және ол жаратқан қоршаған әлемінің негізгі заңы.

Гегельдің пікірінше, тарих - бұл адамның адам болу, әлеуметтену үдерісі және адамзаттың өткен жолы. Бұл оған өзін-өзі тану үшін қажетті негіз болып табылады. Адам, тарихи өзіндік даму нәтижесі оның барысында адам белгілі бір негізге келіп тоқтайды. Гегельдің түсінігінше тарих рефлексия үдерісі сияқты. Бұл рефлексия дамудың диалектикалық заңдарына бағынады.

. Фейрбахтың философиялық іліміндегі антропологиялық материализм

Людвиг Фейербах (1804-1872) - неміс философиясының материалистік пен атеистік көзқарастардың көрнекті өкіл. Оның философиялық көзқарастарына Берлин университетінде тыңдаған Гегель лекциялары әсер етті. Алайда, Фейербах діншіл гегельшілімен болмады . материализм позицияларын жақтай отырып, ол философиялық идеализмді және діни көзқарасты жүйелі түде сынап отырды. Фейербахтың философиялық еңбектердің ең маңыздысына қайсылардың мойынға алады “Христиандықтың мәні” (1841) атты еңбегі жатады. Фейербахтың материализмі Маркс және Энгельстің дүниетануына күшті ықпалын жасады. Фейербахтың есімі философия тарихында классикалық неміс философиясының ең соңғы ұлы өкілі ретінде қалды.

Гегельдің идеализмін жеңе отырып, Фейербах, адамды табиғат өнімі деп атайды, ал оның ойлау қарекетін ойлыақылды сақтаушы дейді. Ойлай алатын тек қана адам, әлемде адамнан күші ешқандай құдайлылық ақыл жоқ. Бұл туралы жаратылыстану және барлық тәжірибелі ғылымдар тап осыны куәландырады.

Фейербах жаңа философияның пәні адам болуға тиісті, ал философия өзі - адам туралы ілім, немесе антропология болу керек деп есептеді. Болмыс пен ойлаудың бірлігі тек қана осы бірліктің негізі және субъектісіне адамды алғанда ғана философқа мәні бар бола алады. Адам - табиғаттың бөлігі, табиғи тірі жан иесі. Ой - ми өнімі, бірақ ол материалды емес. Тұрпайы материализммен өзін теңдестіруді тілемей, Фейербах өзінің философиясын материалистік деп атауға шешілмейді. Әрине, бұдан оның материалистік философиясының мәні жоғалмайды.

Фейербахтың антропологиялық философиясы бақытқа ұмтылатын, азап шегетін және сүйетін, өзіне ұқсастармен қатынаста болуға мұқтаж адамның табиғи мәнінен шығады. Оның бостандығы, мәнінің көрінуіне не жағдай жасайтын, не оған кедергі болатын қоршаған ортаға тәуелді. Фейербах айтқандай, құс ауада еркін, балық - суда, ал адам болса - бақытқа жетудегі табиғи ұмтылыстарын іске асыруда, еш жерде ешнәрсе бөгет болмайтын жерде. Жалпы, Фейербах адам туралы айтқанда оның әлеуметтік сипатын елемей абстрактылы, натуралистік тұрғыда қарастырады. Әрине, ол, гуманист және демократ ретінде қоғамдағы топтардың арасындағы қалқалар және жеңілдіктер адам табиғатына қарсы екендігін түсінген. Бірақ мұндай жауыздықтан қалай құтылуға болатындығын ол білген жоқ. Саясаттан алшақ болғандықтан философ ең алдымен қасиеттілік пен әдептануға үміт артты.

Фейербах француз материалистері сияқты, жеке адамның дұрыс түсінген құштарлығы қоғамдық мақсатпен ақыр соңында сәйкес келеді деп ойлаған. Бұл альтруизммен толықтырылатын “ойлыақылды эгоизм”. “Мен”, “Сенсіз” бақытты болу мүмкін емес. Жалғыздан жалғыз, адам бақытты бола алмайды, сол себептен, жақындарға деген маххабат - әлеуметтік үйлесімнің алғы шарты, адамдық бар болудың мақсаты. Бірақ осыған ұқсас философиялық түзілістер шындықты оңайлатады, сүйіспеншілікпен қатар қызғаныш, дұшпандық жиі кездесетін өмірдің прозасынан абстрактыланады.

Маркстік философия. Диалектикалық материализмнің негізгі идеалары мен принциптері.

Маркстік философияның идеялық қайнар көзі неміс классикалық философиясы ең алдымен Гегель мен Фейербахтың философиялық жүйелері болды. Маркс және Энгельс Гегель философияның ең құнды элементтерінің бірі оның диалектикасы деп есептеді. Егер Гегель ойлау процесін, абсолютті идеяны ақиқаттың жаратушысына айналдырса, ал Маркс үшін “идеалдылық деген адам басына енгізілген және онда өзге бір басқаға өзгертілген бейне бір материалдылықтың өзінше бір түрі”.

Гегелдің идеализмін, Маркс және Энгельс дендей отырып материализмге келді, бірақ XVIII ғ. метафизика және механикалық материализміне емес, диалектикалық материализмге келді. Маркс пен Энгельстің бұл идеалистік көзқарастардан өтуіне Фейербахтың философиясы үлкен роль атқарды. Маркс, Фейербахтың зор еңбегінің қатарына оның идеализмге қарама-қарсы “нағыз материализмді” қойғандығы деп есептеді немесе әлемді материалистік тұрғыдан түсіну XVIII ғ. материализмінен әлде қайда алға шыққандық еді.

Сонымен, Маркс және Энгельс негізі материалистік диалектикадан құралған диалектикалық материализмді жасады. Энгельстің ойынша диалектикалық материализмнің пәні ең жалпы деген табиғаттың диалектикалық заңдарын, тарихтың (қоғамның) және танудың, соның ішінде және ең алдымен - ойлауды зерттеу болып табылады.

Материалистік диалектика, диалектикалық - материалистік дүниеге көзқарастың түйінін құрайды, зерттеу әдісін құрастырады, шындықты өзгерту және даму тенденцияларының заңдылықтарын ашады. Диалектика - теория және әдіс. Дамудың жалпы теориясы, материалистік диалектика, басқа да кез келген ғылымдар сияқты, категориялар мен заңдардан, принциптер жүйесінен тұрады.

Объективтілік пен жалпылық принципі. Бұл принцип философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешуіне, әлемнің материалдық бірлігіне және сананы, материя болмысының бейнеленуі ретінде түсінілуіне байланысты. Сана тек қана әлемді бейнелемейді. Сананың арқасында адам болжамдар жасайды және бейнелі түрде ойлайды. Бірақ қарекет барысында ол әуелі заттың болмысына назарын аудару керек; қозғалыстың және дамудың объективті заңдарын ашу керек. Сонымен бірге, материяның және сананың бірлігі мен қарама-қарсылықтарын ұмытуға болмайды. Сана өзінің объективті мазмұнымен объективті әлемнің субъективті бейнесі болып қалады. Жалпылық пен әмбебаптылықтың талабы табиғаттың қоғамның және ойлаудың бірлігімен байланысты.

Жан - жақтылық принцип. Метафизиканың ең негізгі жетіспеушілігі – заттар мен үдірісті қарастырудағы бір жақтылық. Диалектика әрбір затты, құбылысты - көптеген байланыстардың және қатынастардың жиынтығы ретінде қарастырады.

Қажеттілік және мүмкіншілік тұрғысынан құбылысты бір сәтте қарастыратыны сияқты, жан-жақтылық принципіне жеңіл–желпі қарауға болмайды. Адамның білімдері әрқашан салыстырмалы, тұрақты дамитындығын естен шығармау керек.

Жан-жақтылық принцип біздің салыстырмалы білімдерімізді абсолютқа, догмаға айналу әрекетінен сақтандырады. Мәселе мынада, догматизм - бұл тарихи емес және диалектикалық та емес, ол кестелі, сүйекке сіңген, теориялық және практикалық проблемалар белгілі-бір орынсыз және уақытсыз, нақтылы жағдайлардың есебінсіз талданатын ойлау жүйесі.

Даму принципі. Бұл шын мәнінде, материалистік диалектиканың негізгі принципі, өйткені оны даму туралы ғылым деп айтуға болады. Даму принципі диалектиканың басқа қалған принциптерін біріктіреді, синтезін жасайды,.

Даму - бұл қозғалыс және өзгеріс, бірақ терминді анықтуда бұл сипаттамалар жеткіліксіз, оның себебі қозғалыстар және өзгерістер тек сандық жағынан көрініп сапалы өзгерістермен байланысты болмауы да мүмкін. Яғни, даму - бұл бағытталған, қайталанбайтын жүйенің қайшылықтар арқылы туындаған сапалы өзгерістері. Сондықтан философияда екі қарама-қарсы диалектика және метафизика әдістерінің бар болғандығынан және бар болатындығынан дамуды екі қарама-қарсы тұрғыда сипаттай беруге болады. Бірақ, айта кететін жай, даму дегеннің өзі "жалпылама" даму емес. Ол әрқашанда материалдық немесе идеялық нақтылы жүйелермен байланысты. Әлемнің әр түрлілігі, дамудың әр түрлілігінде бейнеленеді, олар түзу сызықты және ирек тектес, жылдамдатылған және баяулатылған және т. б. түрлерде болады. Үдірістің біркелкі "таза" күйде өтуі тек қана абстрактілі жағдайда ғана болады.

Маркс пен Энгельс философия тарихында ең алғаш рет диалектикалы-материалистік таным теориясын жасап шығарды. Энгельстің пікірі бойынша, егер “сананы”, “ойлауды” таза натуралистік, болмыс пен табиғатқа қарсы алдын-ала берілген жәй қарапайым тұрғыда қарастырсақ онда таңқаларлықтай түсініксіз тепе-теңдікті, таным мен болмыстың заңдылықтарының сәкестігін көрген болар едік, дейді. Ал енді “ойлау және сана дегеніміз не, олар қайдан алынады деп сауал қойсақ, онда біз, ол - адам миының жемісі және адамның өзі - белгілі бір дамыған ортаның нәтижесі екендігін көреміз. Әрине осыған байланысты табиғат өнімдері, табиғаттың басқа байланыстарына қарама-қарсы болмайтындығы өзінен өзі түсінікті”.

Субъективті диалектика, өзіне тән түрлер арқылы объективті әлемнің диалектикасын бейнелейді. Бейнелеу механикалы емес, айна бейнесі тәрізді емес, ол танымның субъектісімен және танылушы объектінің өзара белсенді әрекеттестігі. Олар, шындықты танудың, яғни объективті әлемді дұрыс танудың, диалектикалық қайшықты процесс екендігіне сенеді.

Тану процесі диалектикалы, шындық - қатып қалған ақырғы қорытынды емес, ол толассыз белгілі бір салыстырмалы шындықтан басқа салыстырмалы шындыққа, бірақ абсолютті шындықтың едәуір бөл-шегін қамтитын шындыққа өтетін процесс.

Таным теориясының түбегейлі сұрағы шындықтың межесін негіздеу болып табылады. Бұл мәселені шешу үшін марксизмнің негізін салушылар, қоғамдық - тарихи практиканың концепциясын жасады. Олардың түсінуінше практика - қоғамдық адамның материалдық, сезімді - заттық, мақсаттылық қызметі. Оның мазмұны табиғи және әлеуметтік объектілерді өзгерту және игеру болып табылады. Практиканың негізгі түрлеріне материалдық игіліктердің өндірісін және еңбек құрал-саймандарын; әлеуметтік қарекетті жатқызды.

Марксшілдер практика құрылымынан адамның мақсаты және қарекеттерінің себептері туындайтын қажеттілікті ерекше бөліп қарайды. Өзінділік нақтылығымен практика, олардың пікірінше, шындықтың ең жоғарғы межесі болып саналады.

Адам табиғатқа әсер етеді және оны өзгерте отырып өмір сүрудің жаңа жағдайын жасайды. Практикалық өзгерістердің барысында әр алуан қажеттіліктер туындайды, соның ішінде техникалық, ал “олар ғылымды ондаған университеттерден көбірек алға жылжытады”. Сайып келгенде, практика шындықтың межесі ғана емес, сонымен қатар оның қозғаушы күші және танымның мақсаты болады.

Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.

“Капиталда” жүзеге асырылған экономикалық зерттеудің өте маңызды жетістігін, Маркс еңбектің екі жақты көрнісін зерттеумен, тауардың ерекше тегі ретіндегі жұмысшы күшін және қосымша құнды ашумен байланыстырды.

Одан басқа маңызды жетістігі ретінде ол тарихты материалистік тұрғыдан түсінуді есептеді. Бұл ашылған жаңалық шын мәнінде қарапайым болды: ғылыммен, саясатпен, дінмен, философиямен және т.б. шұғылданбас бұрын адамдар тамақтану, киіну, пәтер-үйі болуға тиісті, оның бәріне еңбектің нәтижесінде жетеді, ал еңбек өз кезегінде еңбек құрал-саймандарды даярламай, қолданбай және өндіріс құралдарын дайындамай мүмкін емес. Сол себептен Маркс барлық қоғамдық байланыстардың ең күрделі және әр алуан жиынтығының ішінен материалдық, өндірістік қатынастарды ерекше бөлді. Олар алғашқы және негізгі, адамдардың саналары арқылы өтпей-ақ құралады. Олар сана арқылы өтетін басқа қатынастардың барлығын анықтайды. Оларды Маркс идеологиялық деп атады. Жеке меншіктің қоғамдық меншікке ауысуыңың тарихи қажеттілігі - Маркс ілімінің ең қысқаша мәні деді Энгельс.

Фейербахтың абстрактылы антропологизмінен, Маркс адам мәселесінің жаңа көзқарасын жасайды. “Фейербах туралы тезистерінде” ол: “...адамның мәні бөлек жеке адамға тән абстрактілі емес. Өзінің ақиқатында ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы”-деп жазды. ( Маркс К., Эн гельс Ф. Соч . Т .3. С .3.) Маркс жеке адамды қоғамдық ең алдымен - өндірістік қатынастардың қарапайым жиынтығына теңеген жоқ. Ол, әрбір адамды - мәні ашылатын құбылыс, деп есептеді. Бірақ мәніндегі берілетінге қарағанда толыққанды құбылыс. Адамдар - әйтеуір бір машинаның жасаған бұрандасы емес. Олар өздерінің дербестігінде қайталанбайды. Оның дамуы мен қалыптасуы өтетін әлеуметтік жағдайларын танымайынша жеке тұлғаның өзгешелігін түсіну мүмкін емес. Өйткені жеке адамдар “өз өмірінің жағдайларын алдын ала орныққанды түрде тауып алады: олардың тіршілік жайы белгілі бір тапқа қатыстылығы анықтайды, ал сонымен қатар олардың жеке тағдырын, өзіне бағындырып алады”. ( Маркс К., Энгельс Ф . Соч . Т .3. С. 54.)

Марксистік философия қоғамды тек қана материалистік тұрғыдан қарап қоймай, сонымен қатар диалектикалық тұрғыдан да қарастырады. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың диалектикалық өзара байланысын сипаттай отырып, Маркс өндірістік қатынастар, өндіргіш күштердің белгілі бір даму сатысына сай болу керек дейді. Бірақ бұл сәйкестік статикалық болуы мүмкін емес. Өндіргіш күштер, өндіріс тәсілінің ең динамикалық элементі ретінде, өзінің даму кезеңінің белгілі бір сатысында артта қалып қойған өндірістік қатынастармен қарама қайшылыққа келеді - дейді Маркс. Сондықтан да, өндірістік қатынастар өндіргіш күштерді дамыту түрінен айрылып олардың тежеушісіне айналады. Өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар диалектикасы өндіріс тәсілінің өзіндік қозғалысының ішкі қайнар көзі болады.

Қоғамдық - экономикалық формация категориясын жасағандықтан, Маркс жалпы қоғам туралы ойды алып тастады. Әрбір қоғамдық - экономикалық формация, деді ол, өзінің айқын құрылымы бар, әр алуан функциялары бар, нақтылы талдауды қажет ететін тірі әлеуметтік организм. Сонымен қатар дүние жүзілік тарихтың біртұтастығын қамтамасыз етуші жалпытарихилық, немесе жалпыәлеуметтілік заңдылықтар бар. Маркс, қоғамдық - экономикалық формация категориясы, тарихтың кезеңдерін ғылыми негіздеуге мүмкіндік туғызады деп есептеді. Егер формация ұғымы адамзаттың әлеуметтік - экономикалық дамуының мәнін ашып берсе, ал “заман” ұғымы оның барлық нақтылы - тарихи мазмұнын қамтиды .

Марксистік тарих философиясының мақсаты: адамзат қайдан, қайда және қалай барады деген сұраққа жауап береді. Осыған орай қоғамдық прогресстің межесі мен мазмұны туралы мәселер қойылады. Оның ең қысқа түрдегі жауабы:еңбекке қабілеттілікті сүйемелдеуге кеткен шығындарынан гөрі еңбек өнімінің молдығы кез-келген қоғамның, саясаттың және зерденің алға басуының негізі.

Тарихи материализмді, негізін салушылардың көздерінің тірісінде-ақ фатализмге, провиденциал-измге, эсхатологиялық жалғандінилікке жақын деп айыптады. Бірақ Маркс тарихи дамуға жалпы бір бағыттылықтан таймайтын түзу сызықты даму бағытындағы үдіріс деп қараған жоқ.

Тарихта, марксистік философияның көзқарастары бойынша, субъективті фактор да, оның ішінде мемлекеттің басында тұрған адамдардың мінез-құлығы соның ішінде қозғалыстар, партиялар және т.б. аз роль атқармайды. Субъективті фактор оқиғалардың өтуінде кездейсоқтық элементтерді енгізеді. Егер “кездейсоқтықтың” ешқандай рөлі болмаса, тарих өте мистикалық сипатта болған болар еді - дейді, Маркс. Жалпы бұл кездейсоқтықтар оқиғалардың өтуіне басқа кездейсоқтықтармен теңесе отырып өздері енеді. Оқиғалардың тездетіліп немесе баяу өтілуі көпшілік жағдайда осыларға да байланысты.

Қоғамның дамуын Маркстің өзі табиғи-тарихи процесс ретінде қабылдады. Қоғамның даму заңдары адамдардың санасынан тәуелдісіз іс асады, мәжбүрлік қажеттілікпен оларды алып тастауға, өзгертуге немесе құртуға болмайды. Бұл тек табиғи ғана емес, олар тарихи табиғи заңдар. Олар тек қана белгілі бір мәнде өздерінің тарихын өздері жасайтын адамдардың қарекеті арқылы өмірде іске асады. Олардың мәнін түсіне, отырып оларға әсер ете алады, мысалы тежей немесе керісінше, олардың әрекетін тездетеді.

Маркс және Энгельс өз шәкірттері мен жақтастарына догматикалық қауіп-қатер туралы бірнеше рет ескертті. Жаңа ілімді нақтылы - тарихи шарттарды есептемей автоматты түрде қолдана салатын дайын және қатып қалған принциптерге айналдыруға болмайтындығын ескертті.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Абишев К.А. Философия: учебник для студентов и аспирантов А.,2000

2.Философия. Д.Кішібековтың басшылығымен А., 1991

3.Тұрғынбаев Ә. Философия А.,2001

4.Спиркин А.Г. Философия М.,2000

5.Радугин А.А. Философия курс лекций М.,1993

6.Философский энциклопедический словарь М.,1997 (1989,1963)

7.Лавриненко Философия М.,1996, 1998,2001

8.Философиялық сөздік А.,1996

6 Тақырып Қазіргі заман философиясының негізгі концепциялары:

1. Неотомизм: Құдай мен адам, сенім мен және ойлыақылдың мәселелері

2. Экзистенциализм: адамның өмірде бар болу мәселесі

3. Позитивизм: жаңаны бекітіп ескіні сынайтын, «позитивтік» философия ғылымның методологиялық проблемасы

4. Прагматизм

5. Философиялық герменевтика.

Қазіргі уақытта Батыс философиясы неотомизм, экзистенциализм, позитивизм сияқты дербес философиялық ағымдардан тұрады. Ғасырдың ең соңында тағы бір бағыт - постмодернизм пайда болды.

Тақырыпты меңгерудегі қыйындықтардың бірі олардың қолданысындағы үйреншікті дағдыдан тыс «микрокосм», «экзистенция», «бұрмалаулардың әдісі» және т.б. сияқты ұғымдардың болуында.

Алайда, батыстың қазіргі замандағы философиясының мазмұны мен ерекшеліктерін білмей, адамзаттың қазіргі замандағы жалпы мәдениетін, рухани өмірін, түсіну мүмкін емес.

Қазіргі заманның батыстық, биклассикалық философиясы өзінше біртұтас, сапа жағынан философлық ойдың қалыптасуының өзіне тән ерекше бір кезеңі.

1. Неотомизм: Қазіргі заман философиясының негізгі мәселелерінің бірі Құдай мәселесі болып қалады. Діни мазмұнда бірнеше бағыттар бар, бірақ солардың ішіндегі негізгісі неотомизм.

Неотомизм, немесе жаңа томизм - қазіргі католиктік шіркеудің философиясы. Діни философияның ауқымында: протестантизм, православие, исламизм сияқты оның басқа да түрлері бар. Бірақ неотомизм қазіргі замандағы діни философияның ең өңделген және беделді түрі.

Неотомизм Фома (Томас) Аквинский іліміне негізделген және оның баршаға әйгілілігі, онда сенім мен ойлыақылдың үндесе үйлесуі жеткілікті түрде терең негізін тапқан. Бұның гносеологиялық құрылымы, өте перспективалы болды. Шіркеу осыны еске ала отырып, томизмнің белелін көтере бастады, ал 1879 жылы Лев ХІІІ папа арнайы жолдаумен томизмді нағыз философия деп жариялады .

Неотомистердің ұлы философтары болып француздықтар: Э. Жильсон, Ж. Маритен және П. Тейяр де Шарден саналды.

Неотомизмнің мазмұны қазіргі ғылымға, әлеуметтік және рухани өмірге сәйкестендіріп томизм философиясының негізгі жақтарын дамыту болып табылады.

Неотомизмнің өте маңызды тезистерінің бірі - ойлыақыл мен сенімнің, ғылым мен діннің үйлесімдігі болып табылады. Нағыз философия, неотомисттердің пікірі бойынша, рационализм мен иррационализмнің қарама-қарсылығы туралы түсініктерден бас тарту керек, әртүрлі құралдар мен әлемді түсіну тәсілдерінің синтезі болу керек және әмбебаб мүмкіншіліктерге ие болу керек. Алайда, ойлыақыл мен сенімнің үйлесімін қорғай отырып, неотомизм сенім ойлыақылдан жоғарырақ деп есептейді.

Неотомизмнің тағы бір негізгі тезисі: тек қана Құдайдың жоғарғы мағыналылығын жәрияламай сонымен қатар бөлек жеке адамның да маңыздылығына көңіл аударды. Қазіргі заманғы томизм философиясы антропологиялыққа бағдарланған. Жеке тұлға, - дейді Мартиен, барлық табиғаттың арасындағы ең мейірбаны және көтеріңкілігі. Неотомизмде, адам тіпті енжар емес делінеді, өйткені Құдай адамдарды жасағанда «ақырғы түріне дейін бітірмейді». Жеке тұлға азат болып туады, ол өзін-өзі үлгіртеді және дамытады. Адам рөлін осылайша түсінген неотомизмде экзистенциализм философиясындағыдай «адамның өмірде бар болу», «экзистенция» ұғымы ең негізгі категорияларының бірі болды.

Неотомизмнің өкілдерінің бірі Пьер Тейяр де Шарден (1881—1955). Ең белгілі еңбегі «Адам феномені» (1987) деп аталады. Тейяра де Шарденнің концепциясында Әлемнің әмбебаб эволюциясы туралы қазіргі заман ғылымдарындағы деректер мен дәстүрлі діни түсініктердің синтезі жасалған.

Құдай онда ұғыммен «ғарыштық энергиямен» теңдестіріледі. Құдай - энергия, әлемнің барлық дамуын бағыттайды. Бұл дамудың магистральді бағыты, Шарден бойынша, сихикалық энергия концентрациясының бірте-бірте қорлануы. Адамның өзі сол ұзақ эволюция дамудында пайда болған ұйысқан психикалық энергия, энергиялар ойлары. Адамзаттың осындай қорланған энергиясынан әлемде ақыр соңында ойлыақылдың айрықша өрісінің құрылуына әкеледі, ол ноосфера деп аталады. Ойлыақыл сферасы, ноосфера, барлық адамдардың бірігуінің нәтижесінде бекиді және өзінше «ғарыштық құдайға» айналады, жаңа Ииса Христосқа.

2. Экзистенциализм. Қазіргі заманның Батыс философиясының тағы бір белгілі бағыты өмір ф-иясы, адамзаттың өмірде бар болу немесе экзистенциализм (лат. тілінде - өмір, бар болу). Бұл философиялық ағымның пайда болуы еуропалық қоғамдардың XX ғ., терең дағдарысымен, көптеген демократиялық елдерде миллиондаған адамдарды опат қылып, көпшілігін қайғы-қасіреттерге душар еткен тоталитарлық, фашистік немесе коммунистік тәртіптердің келуіне байланысты (Германия, Италия, Испания, Ресей) болды.

Экзистенциализм философиясының классикалық философиядан айырмашылығы мынада: жаңа ұғымдық аппаратқа ауысуымен яғни бұрынғы жалпы «болмыс», «зат», «сана», «уақыт», «кеңістік», «қозғалыс» сияқты дәстүрлі философиялық ұғымдарды күнделікті адамдық өмірмен, оның трагизмімен байланысты жаңа ұғымдар кешенімен алмастырды. Басқаша айтқанда, негізгі назарды макрокосмалық мәселелерді микрокосмалық мәселелерге және жеке адамдардың көңіл-күйіне оның психологиясына аударды.

Сондықтан экзистенциализмнің категориялық аппараты терең саяси-әлеуметтік дағдарыстардың кезінде адамдардың басқа адамдардан, қоғамнан жаттанған көңіл-күйлерін, жеке бөлек адамның күйзелісін талдауға көзделген. Олар мына ұғымдар арқылы жүргізілді: қайғы-қасірет, үміт үзу, бейнет, жаттану, зарығу, үрей, қараусыздық, , сандырақ (абсурд), бостандық еркі, жауаптылық, ауру, өлім.және т. б.

Экзистенциализмнің классикалық философиядан тағы бір ерекшелігі - адам болмысының қоршаған үлкен әлемдегі жалғыздығы, қайталанбайтындығы, бірегейлігі туралы идеяларды жасауында.

Экзистенция - өзіндік тұрғыда «аралық болмыс» (Ясперс ) немесе «болмыстағы тесіктер» (Ж - П. Сартр), бұл материалдылық пен идеалдылықтың, туу мен өлімнің арасындағы аралық.

Экзистенциалистер: адам табиғатпен де, қоғаммен де, не өзінің меншікті мәнімен де анықталмайды, деп тұжырымдайды, өйткені ондай бар болған емес. Тек қана оның өзінің бар болуы маңыздылыққа ие болады. Экзистенциализмнің бар болу бағыттылығы Сартрдың сөзі бойынша - бар болу мәннен бұрын өтеді. Бұл мынаны білдіреді - адам алдымен әлемге келеді, іс істейді, содан кейін барып ол жеке тұлға ретінде айқындалады.

Экзистенция - өзіндік сананың негізі, адам болмысының орталығы. Бұл категорияда оның тегі және жеке дара мәні бейнеленеді.

Бұл категорияның ең айқын сипаттамасын М.Хайдеггер ұсынған.

• Экзистенция, құдайшыл тұрғыда түсінілмеу керек, және табиғи бәріне ортақ субстанцияның көрнісі емес.

• Экзистенция - адамдық болмысының бірегей сипатының көрінуі, оның негізі, барлық адамдардың және дербес әрбір адамның өмір сүруінің ерекше тәсілі.

• Тек қана өзінің меншікті болмысының ерекшелігін ұғынғанда ғана, адам сыртқы болмыспен бірлесіп әрекет қыла алады, өзін іске асырады.

Ж.-П.Сартрдың ойынша, адам, соңына дейін дайындаған қолөнершінің бұйымдарына тіпті ұқсас емес. Адам, тек «жоба», «нұсқа», бірдеңеден гөрі, қалай болса да дәнеме. Адам өзін өзі ұйымдастырып, өз өмірінің барысында өзін жасау керек. Нақ осы «жасалмағандық» әрбір адамның өзін жарату қажеттілігін туғызады, және де лайықты психологиялық сезімдер, үрей, жауаптылық түрлеріндегі, тіптен үміт үзуге дейінгі зардабын туғызады.

A. Камю, адамға өзінің өмірінде тұрақты түрде өшпенді, иррационалды, тіптен сандырақ әлемге қарсы тұрады деп есептейді. Өмір, Камюдің пікірі бойынша, ешбір шешімі жоқ сөз жұмбақ. Бірақ қатал тағдыр оған өз таңдауымен: өмірін өзін өзі өлтірумен аяқтауға немесе бар болуы үшін жауапкершілікті батыл қабылдауға мүмкіншілік береді.

Дегенімен экзистенциализм өзінше - оптимист, ол әрбір адамды өзін өзі жасауға, шығарлық қарекеттері арқылы материалдық және рухани құндылықтарды көбейту үшін белсенді әрекеттерге үндейді.

Әрине адамның өмір сүруінің ерекшеліктеріне байланысты сұрақтарға өз назарларын аударып зейін қоюы және дәстүрлі философияны салмақты түрде сынға алуы экзистенциалистердің сөзсіз зор еңбектерімен байланысты. Экзистенциализмнің негізін қалаған Сьорен Кьеркегор (1813-1855). Ол, не себепті философия болмыстың мәні, материя, Құдай, рух, танымның шегі сияқты әртүрлі сансыз адамға қатысы жоқ сұрақтармен айналысады, деп сұрақ қойды. Адамның ішкі толғаныстарына мән бермейді, оны көпшілік жағдайда ешбір қызықтырмайтын абстрактілі жалпы ұғымдармен сапырылыстырып жібереді, - дейді.

Кьеркегор, философия адамға қарай бұрылу керек, оның шағын мәселелеріне, оның өзіне түсінікті және сол үшін өмір сүруге болатын ақиқатты табуына, өз таңдауын жасауға және өзінің “Менін” тануға көмектесу керек - деп, есептеді. Философ мына ұғымдарды анықтады:

жаңсақ (неподлинное) бар болу - адамның қоғамға толық бағынышты болуы, “бәрімен бірдей өмір”, “жұртпен бірдей өмір”, “ағыспен бірдей жүзу” өзінің “Менін” білмеу, өзінің жеке тұлғалығын білмеу, өзінің не нәрсеге икем екенін білмеу.

толыққанды бар болу - қоғамның езгілеу жағдайынан шығу, саналы талдау, өзін-өзі табу. өз тағдырының иесі болу. Нағыз бар болу дегеніміз - экзистенция.

Өзінің нағыз бар болуының биігіне өрлеуде адам үш сатыдан өтеді:

• эстетикалық; • этикалық; • діни.

Эстетикалық сатыларда адам өмірі сыртқы дүниемен анықталады. Адам “ағыспен жүзеді“ және тек қана ғанибетке (удовольствие) ұмтылады.

Этикалық сатыларда адам саналылықты таңдаңдау жасайды, өзін сараптап ұғуды таңдайды, енді оларды міндет қозғайды.

Діни деңгейдегі адам өзінің қалауын терең ұғынады, соншалықты дәрежеде толық ие болғандықтан, ол үшін сыртқы әлем адам жолына кедергі болатындай ерекше мағынаға ие болмайды. Осы кезеңнен бастап және адам өз күндерінің ақырына дейін қайғы-қасіреттер мен сыртқы жағдайды жеңе отырып “өз крестін алып жүреді“ (сонысымен Иисусу Христосқа ұқсайды).

Карл Ясперстің ойынша адам әдетте “қараусыз қалғандай”, “өзгелердегі” өмірдің өзге үлкен мәні өзінде жоқтай өмір сүреді. Сонымен бірге ол шын мәнінде кім екенін де сезбейді, өзінің нағыз “Менінің” жасырын қабілеттіліктерімен, мүмкіншіліктерін де білмейді. Алайда ерекше жағдайларда нағыз мінез-құлқы, жасырын берілген сапалары сыртқа шығады. Бұл Ясперсше, адамның арғы тағдырындағы ерекше маңызды өмір мен ажал арасындағы - шекаралық жағдайлар. Осы кезеңнен бастап адам өзін-өзі ұғынады және өзімен өзі болады, ол ең жоғарғы бір абсолюттік болмыс - трансцедентальдықпен жанасады. Адамның бар өмірі энергиядан толық азат етілу және жоғарғы бір абсолютті түсіну - ұғынылып та, ұғынылымай да трансцеденталдыққа бағытталған.

Адам трансцеденталдыққа, абсолютке жақындайды, энергияны босатады, “трансцеденталдықтың “шифрлері” арқылы өзін-өзі таниды. Ол “шифрлер” мыналардан тұрады:

• эротика, секс;

• өзінің жеке ішкі дүниесінің бірлігі; (өзімен-өзі келісу);

• бостандық;

• өлім - болмыстың соңы.

Жан-Поль Сартрдың (1905-1980) экзистенционалдық философиясының негізгі проблемасы – таңдау мәселесі. Адам “өз тағдырын алдын ала көптеген жылдарға анықтайды, бір болмыстан келесі болмысқа өтеді. Бүткіл өмір - бір-бірімен экзистенциональдық шешімдермен байланысты “кішкентай өмірлерден”, тұратын әр түрлі болмыс кесінділері. Мысалы: мамандық таңдау, жұбайын таңдау, жұмыс орнын таңдау, мамандығын өзгертудегі шешім, соғысқа бару және т.б. Сартрдың ойынша, адам бостандығы абсолютті, адам соншалықты азат егер ол қалауға қаншалықты қабілетті болса. Мысалы, түрмеде отырған тұтқын әйтеуір бір: түрмеден қашып кетуді, әрі қарай отыра беру, өзін-өзі өлтірушілікпен өмірін бітіру сияқты қалаулары болғанша азат. Адам кез келген жағдайларда бостандыққа душарланған, ал егер оны сыртқы нақтылық толық бағындырса да азат, өйткені ол да өзінің таңдауы. Бостандықпен бірге жауапкершілік проблемасы пайда болады. Адам өзі үшін жасағандарының барлығына жауапты (“Менімен болып жатқандардың барлығы - менікі”).

Адам тек қана өзінің туылғаны үшін жауап бере алмайды. Ал, қалғанының бәрінен бостандықта және сол себептен өзінің бостандығына жауапкершілікпен қарауға тиісті, әсіресе экзистенциональдық (тағдыр шешілетін) таңдауда.

Сартрдың ойынша “өзіндегі болмыс”, (санадағы) “өзіндік болмысқа” қарама-қарсы тұрады. Олардың арасы абсолютті қарама-қарсылықта, бірақ, бірінсіз басқасы бар бола алмайды. Экзистенциализмде объективті идеализмнің элементтері бар: адамынан тәуелдісіз ақиқат бар екендігін мойынға алады, бірақ ол материалдық емес идеалдылықтан тұрады. Бұл объективті нақтылықты діни экзистенциализм - Құдай, деп атайды, атеистік экзистенциализм (мысалы, Сартр) “өзіндегі болмыс” немесе “ештеңе емес”.

Сартрдың өнегелілік позициясы көбірек тартымды көрінеді. Бірақ ол экзистенциализмнің түңілу көзқарастарына ортақтасады және өмірдің кез келген тарихы - жеңілістің тарихы деп есептейді, ал егер дәл осылай болса, онда барлығы сандырақ: тууы сандырақ, өлім сандырақ, адамның өмірі сандырақ. Бірақ адам белгілі бір тірексіз-ақ, және ешбір көмексіз-ақ әр сәтке “адамды ойлап табуға” айыпталған. Адам өзінің алдында өзіне жауапты, ол үшін “алибі жоқ”. Қорқақ өзінің қорқақтығы үшін жауапты, сатқын - өзінің опасыздығы үшін. Адам біреу арқылы берілген емес, ол тұрақты түрде өзін-өзі “жобалайды” өзі жобалайды, өзіне-өзі мүмкіншіліктерді таңдайды.

Өмірде сондықтан кездейсоқтық жоқ. Ешқандай кенеттен көрінген, мені еріткен қоғамдық оқиға сырттан келмейді: егер мен соғысқа шақырылсам, онда ол менің соғысым, мен оған айыптымын, сондықтан ол маған лайық. Ол маған ең алдымен лайықты болатын себебі мен одан ауытқи алатын едім - қашқын болуға немесе өзімнің түбіме өзім жетуге. Ал мен мұны істемегеннен кейін яғни мен оны қаладым, соның бір себебі болдым.

Альбер Камю (1913-1960) өмір мәнінің проблемасын өзінің экзистенциалистік философиясының негізгі мәселесі етіп қарады. Оның негізгі тезисі - өз мәнінде адам өмірі мағынасыз. Адамдардың көпшілігі өздерінің ұсақ тіршілігімен, қуаныштарымен дүйсенбіден жексенбіге дейін, жылдан жылға өмір сүреді, және өз өмірлеріне бағытталған мақсат бермейді. Ал, өзінің өмірін мәнмен толтырғандар, күш-жігерін шығын қылдырып, алға зулағандар, ерте ме кеш пе әйтеуір - алда өлім бар екендігін түсінеді. Өмірін мәнмен толтырушылар да және олардан басқалар да - барлығы да ажалды. Адам өмірі - сандырақ (аудармада - негізсіздер). Камю өмірдің сандырақ екендігінің, екі дәлелін келтіреді:

1) өліммен ұшырасу - әсіресе жақын адамдарының және кенеттен болғанда, бұрындары адамдарға өз маңыздылығымен көрінген, - әуестенулер, мансап, байлық - өз актуалдылығын жоғалтады және болмыс болуға тұрмайтын мәнсіз болып көрінеді;

2) табиғатпен, қоршаған дүниемен жанасу - миллиондаған жылдар бойы өмір сүріп келе жатқан табиғаттың алдында адам дәрменсіз .

Қорыта айтқанда өмірдің мәні Камюдің ойынша, сыртқы әлемде емес (табыстарда, сәтсіздерде, өзара қатынастарда), адамның бар болуында.

Мартин Хайдеггер (1889-1976) философияның пәні мен мақсаттарының экзистенциалистиалистік түсініктерінің негіздерін өңдеумен шұғылданды. Экзистенция, Хадеггердің ойынша, - адамның өзін-өзі жатқызатын болмыс, адам болмысының нқтылықтармен толықтығы; оған нәрселер қатысты және ол үшін не нәрселер нақты бар - міне осылар оның өмірі.

Қоршаған әлемдегі болып жатқандар адам болмысын (философ оларды “әлемдегі болмыс” деп атайды). Өз кезегінде “әлемдегі болмыс” мыналардан түзеледі:“басқалармен болмыс”; “өзінің өзіндік болмысы”. “Басқалармен болмыс” адамды сорып тастайды, оның толық ассимиляциялануына бағытталған, ерекше қасиетінен айыру, тұлғалықтан айыру, “барлығы барлығындайға” айналдыру.

“Өзінің өзіндік болмысы” мен бір уақытта “басқалармен болмыс” болуы тек қана “Мен” басқадан айырмашылықта болған да ғана мүмкін.

Демек, адам, өзімен өзі біртоға қалу үшін “басқамен” қарсы тұруы тиіс, өзіндік ұқсастығын қорғау керек. Тек қана осындай жағдайда ол азат болады.

3. Позитивизм (лат. Positivus - дұрыс). XIX-XX ғғ батыс философиясында кең көп таралған ағымы . “Позитивизм” терминін , француз философы осы ағымның негізін қалаушы Огюст Конт (1798—1857) енгізілген. Ол негізінен “метафизика”, яғни дәстүрлі философия, сол кездегі ғылымның дамуымен қойылған сұрақтарға жауап беруге қабілетсіз деген ойымен алға шықты. Бұл идея Конттың танымның даму сатылары ілімімен негізделді. Бірінші сатысы теологиялық, діннің үстемдігімен сипатталады; екінші сатысында табиғатты түсіндіруде “мән” және “себеп” сияқты абстрактылы ұғымдарға тән метафизикалық- философия үстемдігі; және ең соңғы сатысы - позитивтік саты бұрынғы екі сатыдан (ғылымға дейінгі) теологиялықтан және метафизикалықтан бас тартып қабыл алмайтын, барлық құбылыстарды ғылыми тұрғыда түсіндіреді дейтін, позитивтік ғылымдардың үстемдігі жағындағы позитивтік сатысы.

Постпозитивизмнің негізгі идеяларын дамытқан ағылшын философы және логика маманы, социологі Карл Поппер (1902-1994) болды. социологін итеріп шығарды Өзінің “рационалдылықтың сыны” концепциясында ғылыми және ғылыми емес білімдерге, яғни эмпирикалық ғылымдар бір жағынан, және екінші жағынан математика, логика, философияға ол демаркация (шек қою) проблемасын қойды.

Поппер “Ашық қоғам” және оның дұшпандары” (1945), “Тарихилықтың қайыршылық күйі” (1957) еңбектерінде ол, “қоғамдық даму және әлеуметтік болжау мүмкіншілігі” заңдарын теріске шығарушы әлеуметтік философ ретінде көрінді. Осы тұрғыдан “тарихилықты”- тарихтың объективті заңдарын мойындайтын Маркстің тарихи материализмін сынайды. Бұл “тарихилықты” сынай отырып Поппер батыстың “ашық” қоғамын қорғайды және “жабық” тотолитарлық қоғамдық жүйені сынға алады.

Поппер ғылыми білімдердің дамуын зерттеуді мақсат тұтқан “тарихтың мектебі” деп аталатын ағымның қалыптасуына көп еңбек сіңірді.

4. Прагматизм ( греч . pragma .- іс-әрекет, практика) ХІХ ғ 70-ші жылдарында АҚШта пайда болды. Чарли Пирстің (1839-1914) прагматикалық принцип ретіндегі немесе “барынша прагматикалықтың”, негізгі идеясына сәйкес біздің барлық ұғымдарымыздың мазмұны практикалықтың аясындағы ұғымдармен аяқталады. Сондықтан белгілі бір зат туралы біз ойымыздың толық айқындылығына жету үшін, деп жазды Пирс, біз ол заттар қандай практикалық нәтижелерден тұратындығын қарап шығуымыз керек.

Пирс ойлаудың танымдық мағынасын теріске шығарады, оның жалғыз ғана атқаратын қасиеті адам қарекеттерін қиындататын шүбәланушылықты жеңу, және “тұрақты нағыз сенімге” өту “әрекеттің нақты ережесінің мәні”, деп есептейді. Табысты әрекеттер, пайдалылық - шындықтың межесі және өзінің негізінде оған тепе-тең.

Алайда прагматизмнің кең таралуы ХІХ ғасыр-дың тек 90-шы жылдарында Джемс Уильям Джемстің (1842-1910) еңбектерінің арқасында болды. Ол Пирстің ойларын қайтадан жаңа түрде жаңғыртты. Ол негізгі мазмұны тәжірибе мен ақиқатты теңдестіруден тұратын “радикалды эмпиризм” концепциясын ұсынды. Ақиқат - кездейсоқтық оқиғалардың былығуы (хаосы), “ плюралистік әлем ”. Оған тепе-тең тәжірибе, сананың тең күй-жағдайлары ретінде сезімдер, түстер және елестеулер, діни, спиритизмдік және басқа әсерленушілікті қосады .

Ал, білімнің объективті мазмұны болмғандықтан, теориялар, ойлар, ұғымдар прагматикалық негізде бағалануы тиіс, яғни олардың ақиқаттығынан немесе жаңсақтығынан көрінбей практикалық пайдалықтың тұрғысынан көріну керек. Табыс әкелетін не нәрсе пайдалы сол нағыз ақиқат. Ойлар, ұғымдар - адамға қажетті қойылған мақсатқа жетудің құрал-саймандары. “Нағыз прагматизм, ең дұрысы өмірдің әрбір бөліктерін жеке қарастыру деп мақұлдайды”.

Шындық проблемасы - прагматизмнің ең негізгісі. Шындықты табыспен, практикалық жетістікпен теңдестіріп, прагматизм оны объективті мазмұнан айырды: ой нақтылықпен емес, әрекет табысымен келісіледі. Расында, егер ол нақты әлем байланыстарын дұрыс бейнелесе, ақиқат туралы объективті білімдерді қамтыса шындық “пайдалы”. Адам осындай білімдерге сүйене отырып өз қызметінде табыстарға жетеді. Бірақ прагматизмдер үшін объективті шындықтар, жалпыға бірдей адамгершілік нормалар болмайды; нағыз шындық және өнегелілік тек қана пайдалылықта.

20-30-шы жылдарда прагматизмнің негізгі идеялары Джон Дьюидің (1859-І952) “инструментализмінде” дамуын тапты. Дьюи Пирстің ойын “проблематикалық жағдайлар” ілімінде дамытты. Бұл адамдардың ойлануы арқылы жеңетін белгісіз, ауыр жай. Ойлаудың негізгі және жалғыз мақсаты - белгісіз жағдайды (“проблематикалықты”) белгілікке қайта құру, ол үшін ең пайдалы “құралдарды: ұғымдарды, идеяларды, теорияларды сол жағдайға сәйкес пайдалану керек.

Проблематикалық жағдайды инструментализмде адам ұшырайтын обьективтік жағдай деп түсіндірмей, оны адамның обьективтік жағдайына байланыссыз субьективтік ішкі қорғаншақтық жағдай деп айқындады. Ұғымдар мен теориялар – танымдық қызметін атқаратын ойдың ителлектуалдық құралдары емес, олар тек қана проблематикалық оқиғалардан шығу қызметін атқаратын “құрал-сайман”, “аспаптар”.

Дьюи, шындық пен пайданы теңестіріп, егер ол табыстың “инструменті” болса онда ол шындық деп есептейді. Ақыл функциялары, қоршаған әлемнің объектілерін түсіну үшін емес, осы объектілермен тиімді және пайдалы қатынастар жолдарын орнату үшін қажет деп есептейді Дьюи.

Прагматизм идеялары АҚШта ғылым, құқық, саясат, білім салаларына үлкен ықпалын жасады. Кейін екінші дүниежүзілік соғыстан кейін басқа ағымдарға “жол” берді, бірақ бүгінгі күнге дейін батыс философиядағы өз беделін жоғалтқан жоқ.

5. Философиялық герменевтика. Бұл ағым ежелгігрекиялық құдайларының еркін түсіндіруге жіберген елшісі Герместің атымен байланысты. Терминнің өзі грек тілінен аударғанда “айтып түсіндіремін”, “түсіндіремін ” дегенді білдіреді.

Ежелгі Грекияда герменевтика астарлы сөздердің мағынасын түсіндіру өнері болып есептелінді. Орта ғасырда таурат мәтіндерін түсіндіру өнері болып саналды, ал Қайта туу заманында - антикалық авторлардың шығармаларын аудару және түсіндіру жатты. Жаңа заманда классикалық филологияда түсіндірудің айрықша әр түрлі ережелері мен әдістерінің жасалуы теориядан гөрі тәжірибеде кең орын алды.

Герменевтика, ХІХ ғ. неміс философтары Ф. Шлейермахер (1768-1834) мен В. Дильтейдің (1833-1911 еңбектерінің арқасында білімнің дербес саласына айналды. Олар үшін герменевтикалық принциптер гуманитарлық ғылымдардың және мәдениеттілі - тарихи зерттеудің методологиялық негізін құрайды. Шлейермахер түсінігінше герменевтикалық - автордың мәтінді жасаудағы шығармашылық актісін жаңадан қайталау үшін қажет, ал тарихи оқиғаларды түсіну тарихи қайраткерлердің ішкі әлеміне “енгенде” ғана түсініледі деп есептеді. Ал, Дильтей тарихты түсіну үшін тарихи кейіпкерлердің субъективтік әлеміне ену қажет деп есептеді.

Қазіргі жағдайларда герменевтиканың көптеген бағыттары бар. Оларға “түсінуші” (понимающая) социология, теологиялық герменевтика, психологиялық талдауды “герменевтикалық әдістеу” әрекеттері жатады. Герменевтикалық әдістер өнерді зерттеу ғылымдарында, эстетикалық және этикалық ілімдерде, сонымен қатар педагогикада қолданылады.

ХХ ғ. ортасында философиялық герменевтика көптеген нәтижелерге жетіп феноменологиялық, экзистенциалистік, позитивистік, психоаналитикалық сияқты көптеген философиялық бағыттарды шоғырландырды, бірақ өзіндік ерекшелігін‚ теориялық позициясының дербестігін сақтап қалды. М.Хайдеггер герменевтиканы - болмысты “аңдап көретін” жалғыз тәсіл және тілдің өзі не айтатындығын түсіндіру деп есептейді. Бірақ тіл субъективті сананың қызметі емес. Тілді адам жаратпайды‚ ол өзі арқылы сөйлейтін медиум, яғни болмыстың өзі. Тіл “болмыстың үйі” дей отырып Хайдеггер оны онтологияландырады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Философия. Д.Кішібековтың басшылығымен А., 1991

2. Әбішев К. Философия А., 1998

3. Әбішев К.А. Философия: учебник для студентов и аспирантов А.,2000

4.Тұрғынбаев Ә. Философия А.,2001

5.Алексеев П.В., Панин А.В. Философия М.,2000

6.Лавриненко Философия М.,1996, 1998,2001

7.Антология мировой философии В 4-х томах М.,1963-1966

8.История философии в кратком изложении М.,1995

9.Основы философии (учебное пособие) М.,2000

10.Спиркин А.Г. Философия М.,2000

11.Радугин А.А. Философия курс лекций М.,1993

12.Философский энциклопедический словарь М.,1997 (1989,1963)

13.Философиялық сөздік А.,1996

Модуль №2. Қазақ философиясы және философиялық мәселелер

8 Тақырып Қазақ философиясы және оның өзіндік ерекшеліктері

1. Отандық қазақ философиясының негізгі ұғымдары.

2. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ ағартушы - классиктерінің философиялық көзқарастары.

3. ХІХ-ХХ ғасырлардағы кеңестік дәуір философиясы.