
- •Философия пәні бойынша лекция тезисі Модуль №1. Философия және оның даму тарихы
- •1. Д‰ниеге кµзќарастыќ ќызметі
- •2. Єлеуметтік ќызметі
- •3. Методологиялыќ ќызметі
- •4. Гносеологиялыќ функция
- •Ежелгі Үнді философиясы
- •Ежелгі Қытай философиясы
- •3. Демокриттің атомистикасы.
- •Патристика
- •Мұсылман Шығысының орта ғасырлық философиясы
- •1. Канттың философиялық жүйесі
- •Қазақ философиясының ерекшеліктері
- •Қазақтың түркі тілдес философиясы
- •3. Кеңістік пен уақыт ұғымдары
- •2. Сан және сапа өзгерістерінің өзара бір-біріне өту заңы.
- •3. Терістеуді терістеу заңы.
Патристика
Антикалық философиядан орта ғасырға өту бірнеше жүз жылдықтарға созылды және ол I-IV ғғ. Еуропада христиандықтың қалыптасуымен байланысты. Бұл дәуірде пұтқа, көп құдайлылыққа табынатын стоиктер, эпикуршылдар, неоплатоникшілдер өздерінің бәсекелесулерін жалғастырған, бірақ сонымен қатар еретикалық ілімдермен күресте христиандық идеология өз позицияларын нығайтып алды.
Осы жағдайда патристика (лат. Pater - әке) - “шіркеу әкелерінің” теологиялық - философия көзқарастарының жиынтығынан құралды. Олар ғылымға қарсы филоофияны негізге алып әсіресе Платонның идеясына сүйене отырып христиандықты негіздеуге кірісті.
Патристика үш кезеңге бөлінеді:
апологетика (ІІ - III ғғ.), (грек. apologetikos - қорғаныш), христиан дүниетанымын тұжырым-
дауда және қорғауда маңызды роль атқарды;
классикалық патристика (IV - V ғғ.), христиан ілімінің негіздерін және философиялық прин-
циптерін тұжырымдады және оны жүйеге келтірді;
3) қорытынды дәуір (VI - VIII ғғ.), христиан догматикасын тұрақтандырды.
Cxоластика. Ф Аквинскийдің философиясы.
Схоластика (лат. Scholastica - мектеп) адамның ойлыақыл құралы арқылы өзіндік философиялық үлгімен сенімге қабылданған идеялар мен формулаларды негіздеуге тырысады. Ол патристикамен ұқсас және айырмашылығы да бар. Патристика заманы схоластка заманымен салыстырғанда онда шығармашылық жағы көбірек болды. Схоластика пайдаланған ойлау тәсілі және философиямен шұғылдану тәсілі, негізінде патристикада жасалған, қалыптасқан. Схоластикаға дағдылы және мақұлданған жақтары патристика үшін зерттелмеген және тәуекелі көп нәрсе еді. Патристикада ойлау үлкен дербестік сипатта болып, беделден, өкіметтен де тәуелділігі аз болды. Схоластикаға қарағанда патристикада шығармашылық ынта, қозғалғыштық көбірек, бірақ парасаттылық пен ұйымшылдық азырақ болды.
Схоластиканың дамуы ортағасырда үш кезеңнен өтті. Оның ерте түрі XI - XII вв. неоплатониктердің және Августиннің идеяларының ықпалына байланысты құралып шықты және Эриугена, Абеляр, Росцелин, Ансельм Кентерберийский сияқты философтардың шығармалары арқылы көрінді.
XII - XIII ғғ. схоластика өзінің кемеліне жетті кейде оны платондық идеялардың орнына Оксфорд университеттерінде, Кембриджде, Падуяда, Тулузада және басқа қалаларда “христиандық аристотелизм дамытылып, дәріс берілген кезеңдерінде “классикалық” деп те атады.
XIII - XIV вв. кейінгі схоластиканың өкілдеріне сенім мен ойлыақылды дербес “екі шындық” деп қарастырған Дуне Скот және Оккам жатады. Олар кемеліне келген схоластиканың жақтаушыларының сенімді ойлыақылдан жоғарғы қойған принципіне қарсы болды. Жалпы схоластика ұзақ уақыттар бойы логика мен диалектиканы дамытуда философияның ерекше кезеңі болды.
Мұсылман Шығысының орта ғасырлық философиясы
Ислам философиясы
Арабтардың шапқыншылығының нәтижесінде VІІІ ғасыр басына қарай батыста Испания мен Мароккода, шығыста - Орталық Азия мен Үнді еліне дейінгі жерлерге жаңа дін кеңінен тарай бастады. Ислам тарихы негізінен екі: арабтық және түріктік кезеңнен тұрады. Соңғысы түріктердің арабтар мен парсыларды жеңіп, XII ғасыр аяғына таман түрік мемлекетінің үстемдігі орнауымен байланысты болды. ХҮІ ғ. таман Осман өктемдік империясы құрылып, оның ресми діні ислам болып бекітілді. Оған біріккен халықтардың дәстүрлі мәдениетінің өзара қарым-қатынасының нәтижесінде ерекше синкреттік мәдениет, (әдебиетте мұсылмандық деп те атайды) қалыптасты.
Ислам елдерінде тұтастай инквизиция жүйесіне айналған шіркеу соборлары болған жоқ. Исламды түсіндіру және оны қадағалау жеке заңгерлер мен діни ғұламаларға сеніп тапсырылды.
Мұның өзі мұсылман дүниесінде философия мен дінитаным ақиқаттарының өзіндік тәуелсіздіктерін айқындады. Ол кейіннен Ибн-Рушд және басқа ойшылдардың ілімінде негізделген қос ақиқат теориясы еді.
Мұсылман философясы мен мәдениетінің шырқау биігі IX ғ. Аббасидтер халифатында аль-Мамун (813-833 жж.) билік еткен кезге сәйкес келді. Халиф аль-Мамун Бағдад қаласында Даналық үйін ашып, онда ежелгі философиялық және ғылыми түрдегі қолжазбаларды жинақтады. Тарихи дерек ретінде атап өтетін жәйт, - Аль-Мамун 830 жылы Византияны талқандағанда құн ретінде ақша немесе асыл бұйымдар емес, ежелгі дана философтардың кітаптарын атаған. Даналық үйінде көптеген көшірушілер, шығармаларды жүйелендірушілер қызмет істеп, қолжазбалар мен кітаптарды араб тіліне аударған.
IX-XII ғасырлар аралығы - мұсылман рационализмінің шырқау шыңы. Бұл кезде атақты ойшылдар әль-Фараби (870— 950), Ибн-Сина (980-1037), Ибн Рушд (1116-1198) және басқалар шығармашылықпен айналысты. Бірақ XII ғасырда мистикалық ағым етек ала бастады. Оның негізгі өкілі - Абу Хамид Мухаммед Газали (1058-1111). Осман империясының соңғы жылдарында негізінен схоластикалық философия күш алып кетті. Ибн-Сина философияда Шығыс аристотелшілдігі мен жаңа платоншылдық дәстүрлерін дамытты. Оның басты философиялық шығармасы “Құтқару кітабы”.
Газали еңбектері Шығыс перипатетизміндегі “атеистік” және “еретикалық” тұжырымдарды теріс-теуге, ең алдымен Фараби мен Ибн-Синаның натуралистік және рационалистік тұжырымдамасына қарсы бағытталды. Оның негізгі еңбегі “Адасудан азаттау’’ кітабы. Ибн-Рушд адамның таным мүмкіндігін шектеу идеяларына қарсы шықты. Оның кейбіреулерге ғана тән рационалды дін және барлық адамдарға бірдей бейнелі - аллегориялық дін деп бөлген тұжырымдамасы кейінде қалыптасқан қос ақиқатты ілімнің қайнар көзіне айналды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Философия. Д.Кішібековтың басшылығымен А., 1991
2. Молдабеков Ж., Қасабек А. Шығыс философиясы А.,2001
3. Алтай Ж., Қасабек А., Мухамбетали К. Философия тарихы А.,1999
4. Әбішев К. Философия А., 1998
5. Тұрғынбаев Ә. Философия А.,2001
6. Сегизбаев О. История казахской философии А.,2000
7. Қасабек А. Тарихи-философиялық таным А.,2002
8. Чанышев А.Н. Курс лекции по древней и средневековой философии М.,1991
9. Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана 1917-1940 гг. А.,1991
10. Основы философии (учебное пособие) М.
№4 Тақырып. Жаңа заман және ағартушылық дәуірлерінің философиясы.
1. Жаңа заман: Декарт пен Спинозаның және Фр. Бэкон мен Гоббстың философиялық көзқарастары.
2.Француздардың ағартушылық философиясы және XVIII ғ. материализмі.
3. Саяси-әлеуметтік көзқарастар және утопиялық идеялар
Қайта өрлеу дәуірі (ХІV-ХVІ ғғ.) Бұл дәуірде өнер, әдебиет, ғылым, әлеуметтік саяси ой қарыштап дамыды. Бұл - данышпандық, жасампаздық уақыты, адамның дәстүрлі қо-ғам шекарасынан батыл аттау уақыты, адамның стихиялы-индивидуалдық бағдарының орнығу уақыты, тосындылықтар мен қайшылықтар уақыты.
Бұл дәуірдің философтары материалистік дәстүрлерге бай және жаратылыстану сияқты ғылымдардың білімдері бар араб философиясындағы идеяларға көңіл аударады, сонымен қатар орта ғасыр күпірлік көзқарастар мен мистикадан сабақ алуға тырысады.
Ақырғы болмаса да философияның одан әрі секулярлықтануы (Секуляризация (лат. Saecularis - қауымдық, зиялы) - қоғамның барлық сфераларының және адамның діни ықпалдан босану барысындағы тіршілік әрекеті) жүріп жатты.
XV ғ. итальяндық философияға тәнділік (органицизм) түсініктер келеді. Табиғатты көптеген ойшылар бірыңғай үлкен организм деп бағалады. Табиғатқа күшпен билік жүр-гізуге тырысушылық натурфилософиялық идеялардың туындауларына әкеп соқты. (Натурфилософия (лат. Natura - табиғат), табиғат философиясы, табиғатты бі-ртұтас күйінде ойша пайымдап түсіндіру.)
Ілгергі Қайта өрлеу, Данте Алигьеридің (1265-1321) Схоластикалық догматиканы теріске шығармай, Данте Құдай мен адамның қарым - қатынастарының мінез-құлықын жаңаша қайта ойлауға тырысады. Ол Құдай және адам бірге - деп ойлады. Адамның бар болуы, бір жағынан - құдаймен, екіншіден - табиғатпен байланысты. Барлық адамзаттың өмір сүруі ойлыақылдылыққа бағынышты болу керек.
Жоғарғы қайта өрлеу философиясы. XV ғ. ортасына қарай итальяндық Қайта өрлеу философиясы өзіне тән жаңа сипаттарға ие болып, гүлдену дәрежесіне жетеді. Олар схоластикалық түсіндірулерден тазаланған Аристотель мұрасын пайдаланады.
Николай Кузанский (1401–1464) шіркеу қызметкері, дінді уағыздаушы болды. Бол-мыс пен таным түсініктерін жасады Оның ойынша: Құдай мен Оның жаратқанының арасында айырмашылықтар жоқ, әлем бір, ал құдай және қоршаған орта, әлем – бәрі бір-тұтас.
Н. Кузанский идеалистік бағыттағы философ және дін ілімін уағыздаушы болғаны-мен, қоршаған әлемді түсіндіруде материалистиік тұрғыға жақын келіп кейінгі натур-философиялық түсініктерінің қалыптасуына негіз жасады.
Кейінгі Қайта өрлеу дәуірінде (XVI - XVII ғғ.) Еуропада (әсіресе Италияда) натур-философиялық идеялар кеңінен таралды.
Натурфилософия өкілдері:
1. Әлемге деген материалистік көзқарасты негіздеді;
2. Теологиядан философияны бөліп алуға ұмтылды;
3. Теологиялықтан азат етіп, ғылыми дүниетануды қалыптастырды;
4. Әлемнің жаңа бейнесін ұсынды (онда Құдай, Табиғат және Ғарыш бір, ал Жер әлемнің орталығы емес);
5. Әлем, Құдайшыл көрегендіктен гөрі ең әуелі сезімдік таным мен ақыл-парасаттың арқасында танылады деп есептеді.
Джордано Бруно (1548-1600) Қайта өрлеу заманындағы натурфилософияның ай-шықты өкілдерінің бірі. 1592 жылы күпірлігі үшін айыпталып инквизиция тұтқында болған, жеті жылдан астам өмірін оның зындандарында өткізді. Бруно өзінің философия-лық идеяларынан жалған деп бас тартпады. Оны 1600 жыл 17 ақпанда тірідей отқа өр-теді.
Бруно теориялық мүддесін натурфилософиялық мәселелерді шешуге шоғырландыр-ып, философияның мақсаты табиғатты тануында деп есептеді. Құдайлылық және таби-ғилық, материалдық және идеалдылық, денелік және руханилық, ғарыштық және жерге тәнділік, рационалдылық және сезімділіктің диалектикалық бірлігі туралы ойлардың бәрі
Бруно философиясының орталық идеясы. Бруно, шындыққа жету үдерісін сезімдер-дің, ақылдың, ойдың және ойлыақылдың қызметінің негізінде бірте-бірте қалыптасады деп ойлайды. «Сезім ойлыақылды әсерлендіру үшін ғана маңызды. Өйткені сезімдер қанша бір жетілген түрде болғанмен таза күйінде ешбір қоспасыз бола алмайды». (Дж. Бруно Диалоги - С. 304.) Сонымен, Дж. Бруно ақыл-парасатты білімнің негізгі қайнар кө-зі деп есептейді.
2. XVI ғ. аяғы - XVII ғ. батыс Еуропаның алдыңғы қатардағы елдерінде капиталистік өндіріс тәсілі пайда болады. Дін, ғылым мен философияның дамуына өзінің үстемдік ету ықпалын жоғалтты. Табиғат туралы ғылымдардың дамуына сай жаңа көзқарас пайда болды. Ньютон классикалық механиканың негізгі заңдарын тұжырымдады, дүние жүзі-лік тартылу заңын ашаты. У. Гарвей қан айналысы туралы жаңалықтар ашты және он-ың ролін зерттеді.
Ғалымдардың күш-жігерлері фактілерді жинауға, суреттеуге топтастыруға шоғыр-ландырылды. Жеке объектілерді дербес зерттейтін тәсілдер мен әдістер кең қолданылды. Бүтінге бөлімдердің механикалық жинағы ретінде қарап, ал бүтіннің бөлек бөлімдерін - бүтіндіктің қасиеттерімен белгіледі. Бұл тәсілдер философияға да таралды және ол метафизика әдісімен қоршаған әлемді зерттейтін механикалық материализмді туын-датты. Олардың бірі ағылшын философы Фрэнсис Бэкон (1561-1626) болды. Бэконның негізгі туындылары – «Жаңа Органон», «Жаңа Атлантида» деп аталады.
Бэкон Табиғаттың танылатындығын қорғады, табиғаттың танылуы таластармен емес, тәжірибе арқылы шешіледі деді. Табиғат танылады, бірақ танылу жолдарында адамдар-дың санасын ластайтын кедергілер көп. Бэкон ондай алданулардың төрт «идолдардың» (жалған бейнелер-дің) - төрт түрлерін, елестерді жатқызады: «ру идолдары», «үңгір идолдары», «алаң идолдары» және «театр идолдары».
«Ру идолдары» - әлем туралы адамдардың сезім мүшелерінің, ақылының шектел-гендігінің салдарынан жалған пікірлер тудырады. Адамдар табиғат заттарына әлемнің нақты суретін бұрмалайтын өзінің табиғатын араластырады.
«Үңгір идолдары» - жеке адамдарға тән ақиқатты жалған қабылдау немесе адамдар-дың дара өз басының алдануы. Әрбір адамның әлем құбылыстарын бұрмалайтын өзінің ішкі субъективті әлемі болады («өзіндік үңгір»). «Үңгір елестері» жеке адамның жараты-лысынан, қасиеттерінен, оның білімдері мен тәрбиеленуінен т. б. шығады.
«Базар идолы» - бұл табиғат заттарын тануды қиындататын базарларда жиірек таралған еш нәтижесіз, бос таластарды туғызатын дұрыс емес, орынсыз сөздер қолдану-дан туындаған жалған ұғым.
«Театр идолы» - көрінген философиялық көзқарастарды және жүйелерді сынсыз меңгеру негізінде болған шындықтан алшақ әлем туралы жалған түсінік. Мұндай түсі-ніктер заттардың нақты табиғилығынан гөрі әлемнің суретін ойдан шығарып бейнелейді.
«Идолдарды» сынға алғанда Бэкон, адамдардың санасын ескі схоластиканың жақтау-шыларынан азат етуге тырысты. Дұрыс тану адамдардың табиғаттан үстемдігін жүргіз-еді. Бірақ, табиғатты бағындыру зерттеулердің негізінде және оған тән заңдарды пада-ланғанда мүмкін.
Томас Гоббстың (1588-1679) философиялық ілімі жүйелі материалистік тұрғыда болды. Философияның қайнар көзі - ойлыақыл, ал діннің қайнар көзі - шіркеу беделі. Құ-дайға сенуге болады, бірақ Құдайдың бар екендігін дәлелдеу мүмкін емес деп есептеді.
Адам туралы ілімінде Гоббс азамат тұрғысында, адамның қоғамға қатынасын қарас-тырады. Негізгі назарын ол мемлекет туралы сұраққа бөледі. Мемлекет «жасанды дене» есебінде көрінеді, ол табиғи келісім-шарт негізінде пайда болды және құдайлылық мә-тінге жатпайды. Адам-дардың табиғи келісім-шарт негізінде мемлекетті жасауы «табиғи күй-жағдайдан» шығуына әкелді.
Рене Декарт француз философы (1596-1650). Философиялық жұмыстары негізінде методологиялық мәселелерге арналған .
Декарт ілімі бойынша, адам - рухани және заттық субстанциялар: жан және дененің механикалық қосындысы. Адам организімінің қозғалыстары оның денесіне тәуелді болады, ал ойы тек жанға байланысты. Бір біріне тәуелдісіз екі субстанция Декарттың түсінуінде жетілген түрінде болмайды. «Философияның алғы бастамаларында» ол ең жетілген субстанция тек Құдай, ол «өзінен өзі» бар болады, ол «өзінің өзіне» себеп. Құ-дай жаратқан әлемді Декарт дербес екі субстанцияларға бөлді. Бұл оны дуалистік көз-қарасқа әкелді
Бенедикт Спинозаның (1632-1677) философиясы - XVII ғ. ең маңызды ілімдердің бірі болды. Ол Декарттың дуализмін сынап, әлемнің материалдығы туралы монисти-калық ілімді жасады. Спиноза Құдайды субстанция ұғымымен қосады, оны табиғатпен теңдестіреді. Спиноза Құдай деп атайтын субстанциядан тыс, табиғаттан тыс, ешқандай да басқа себептер бар болмайды. «Жарататын табиғатты» Құдай деп атап, табиғат пен Құдайды теңдестіре отырып, Құдайды Спиноза табиғатпен араластырып жіберіп өзінің пантеистік түрдегі материалистік және атеистік көзқарастарын көрсетеді: табиғат себеп және салдар, мән және бар болу; ол мәңгі және шексіз. Субстанция ретінде ол табиғатты «абсолютті шексіз қабілеттілікпен» анықтайды, сол себептен ол ешбір бөтеннің себеп-теріне мұқтаж болмайды. Тек қана табиғат немесе субстанция қажеттілікпен бар бола алады, ол өзіне өзі себеп. Спиноза, өзіне өзі себеп болатын табиғатты субстанция ретінде айқындап, соның мәнін құрайтын бақилық болмыстың жасалмайтындығын, Құдайдың да жаратушы емес екендігін көрсетуге тырысты.
3. Ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) материалистік философия мен атеизмге ашықтан-ашық қарсы шықты. Өзінің негізгі «Адамдық білімнің бастаулары ту-ралы ғақлия» (1710) деген еңбегінде, материяны әлемнің заттық негізі деп қабылдаған -материализмнің шығу негізіне өзінің келіспейтіндігін білдірді. Материя - деп нені айтамыз? Егер сіздер түсті, дыбыстарды, түрлерді, қозғалысты, тығыздықты және т.б., яғни, барлық сезім арқылы қабылданатындарды жойсақ танымда түсінілетін ештеңе де қалмайды. Сонымен, Берклидің пікірінше, материя - бос, жөнсіз сөз болып шығады.
Адами ойлыақыл нақты заттарды қабылдауға қабілетті және кез келген осыған ұқсас қабылдаулар белгілі бір түйсіктердің (Беркли терминологиясы сәйкес,«идеялар») жиын-тығы. Сол себептен Берклидің көзқарасынша, тек қана қабылданылатын мүкіндігі бар ғана бар бола алады. «Болу», «қабылдауда болуды» білдіреді. Берклидің пікірі бойын-ша идеялар сыртқы әлем заттарының көшірмелері бола алмайды, олар рухтан туылған және рухтан тыс бар болмайды. Идеяны тек идеямен салыстыруға болады, идея тек идеяға ұқсас.
Дэвид Юмның (1711-1776) философиялық жұмыстарының негізгілеріне «Адам табиғаты туралы ғақлия», «Адами түсінілуді зерттеу», «Табиғи діннің тарихы» жатады. Юмның ілімі бойынша, шындық біз үшін көргенде, естігенде, қажет еткенде, сезгенде елестететін жанамасыз нақты әсерлердің селі сияқты. Бұл әсерлердің себептері таныл-майды. Әсерлердің өздері: сезім әсерлеріне, сыртқы тәжірибе түйсіктеріне және қаре-кеттің ішкі әсерлеріне (рефлексия) бөлінеді. Сондықтан, танымның қайнар көзіне тәжі-рибе жарияланады, және оны Беркли сияқты түйсіктердің жиынтығы деп түсінеді. Ал түйсіктердің қайнар көзі не? Бұл сұрақты Юм ашық қалдырады. Оның пікірі бойынша, біз өзіміздің ақыл-парасаттымыздың шегінен шығып кете алмаймыз. Біз, тек өзіміздің рухани тәжірибемізді ғана айта аламыз, ал бұл тәжірибеден тыс, оның сыртында, шек-терінің ар жағындағылар туралы айту тіптен мүмкін емес.
№5 Тақырып. Классикалық неміс философиясы және ХІХ-ХХ ғғ. материалистік және иррационалдық бағыттар.
1. Классикалық неміс философиясы
2. Неміс философиясындағы материалистік бағыт.
3. ХІХ ғ. неміс философиясындағы иррационализм.
Неміс философиясы XVIII ғ. ақыры - XIX ғ. үштен бірінші ширегінде, Кант, Фихте, Шеллинг, Гегеля, Фейербах есімдерімен белгілі болды. Олардың шығармаларында Жаңа заманның прогресшіл философиясының идеялары - ойлыақылдың құдіретіне сенім, адамгершілік, азамат құқықығының жаттанбауы өздерінің жалғасын тапты. Неміс философиясының классиктері, басқа буржуазиялық алдыңғы қатардағы елдердің әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуында кешеуілдеп қалған өз буржуазиясының идеологі болды.