
- •Философия пәні бойынша лекция тезисі Модуль №1. Философия және оның даму тарихы
- •1. Д‰ниеге кµзќарастыќ ќызметі
- •2. Єлеуметтік ќызметі
- •3. Методологиялыќ ќызметі
- •4. Гносеологиялыќ функция
- •Ежелгі Үнді философиясы
- •Ежелгі Қытай философиясы
- •3. Демокриттің атомистикасы.
- •Патристика
- •Мұсылман Шығысының орта ғасырлық философиясы
- •1. Канттың философиялық жүйесі
- •Қазақ философиясының ерекшеліктері
- •Қазақтың түркі тілдес философиясы
- •3. Кеңістік пен уақыт ұғымдары
- •2. Сан және сапа өзгерістерінің өзара бір-біріне өту заңы.
- •3. Терістеуді терістеу заңы.
3. Демокриттің атомистикасы.
Демокриттің (біздің д.д. 460-370 жж.) - элеаттықтардан айырмашылығы бар екі бастама-ны мойындайды: болмыс және болмыссыздық. Ол сезімдік тәжірибе тұрғысынан қарап, сон-ың негізінде дененің және кеңістіктің (бостық) бар екендігі туралы қорытынды шығарған. Бос қуыстық бір денені екінші денеден бөледі. Бұл элеаттықтардың біртұтас деген тұжырым-дарына қарағанда болмыс көп дегенді білдіреді. Ғарыш денелер мен бос қуыстықты қосады. Болмысты бос қуыстық таусылғанша бөлуге болады.
Орта классика: «Адамды» ашу (софистер мен Сократ). Платон және антикалық Академия. Аристотель және перипатетиктер.
Софисттер ( греч . sophia — даналық ) грек философиясың рационалистік дәуірін ашты. Олар арнайы білім беретіндігі үшін төлем ақы алатын философтар ретінде б. д. д. V ғ. құрылды және басқа философтар арасында рим империясының ақырына дейін беделдерін жойған жоқ.
Софисттердің негізгі мақсаты ақиқат емес, тыңдаушыларын сендіруде іскерлік көрсету болып табылды, сондықтан оларда бірінші орынға шешендік өнері - риторика шықты. Олар объективті шындықты теріске шығарған және шындық әрқашан субъективті деп есептеді. Софистердің назарларының орталық тақырыбы адам және оның танымдық қабілеттілігі болды .
Софистикаға қатысы бар ең құрметті философтардың бірі Сократ (б. д. д. 469-399. ж.) болды. Ең алғашқы афиналық философ болғандықтан оның ізбасарлары және оқушылар көп болған, солардың ішіндегі ең атақтысы Платон, дүниежүзілік философиялық ойдың дамуына үлкен ықпалын жасады.
Сократ негізгі мақсатты ақиқатты ашатын субъективті диалектика әдісін жасады. Шындықты ол сұхбаттасу барысында, ұғымдардың мазмұнын айқындауда болатын адамдардың пікірінен тәуелдісіз объективті білім деп түсінді. Әңгімелесу - “жанның тапсыратын моральдық емтиханы” деді ол.
Платон (427—347 жж. б. д. д.) Афинада б.д.д. 386 жылдары 900 жылдан астам өмір сүрген академияны - өзінің мектебін құрды. Платонның философиялық мұрасы негізінде сұхбат түрінде жазылған, ал ондағы сұхбатқа қатысушы негізгі кейіпкер Сократ болып келеді.
Платон біртұтас объективті идеализм концепциясын жасаған ең бірінші грек философы. Оның негізгі мәні, идеялар әлемі, ұғымдар, ойлар заттар әлеміне қарағанда алғашқы болып келеді. Ол, идеалды бүтіндік тұрғысында көрінетін жоғарғы сезімдік әлемге ақылдың ойымен ғана жетуге болады деп түсінді. Бұл әлем физикалық ғарыштан жоғары болатын “өзіндегі және өзі үшін бар идея”. Идея әлемі мәңгі (яғни туылған емес) және өзгермейді (яғни жойылып кетпейді).
Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) - классикалық дәуірдің ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Александр Македонскийдің тәрбиешісі. 335-322 жж. - өзінің меншікті Ликей (перипатетикалық мектеп) философиялық мектебін құрды және өзі өлгенге дейін сонда жұмыс істеді.
Платона философиясын сынау арқылы Аристотель болмыс проблемасын қарастырды, сәйкес қайсы Қоршаған орта Платонның ойынша жоғарыда атап өткендей "заттардың әлемі" және "идеялардың таза әлемі” және "заттар әлемі" біртұтас күйінде және бөлек әрбір зат ретінде, өзіне сәйкес “таза идеялардың” материалдық бейнесі.
Эпикуреизм (Эпикур, Лукреций, Гораций) кез келген т‰йсікке, сезімге дейін одан б±рын µзіне тєн белгілі бір аксиома тєріздес алѓашќы ќасиет "сезілу" болу керек деген т±жырымнан шыѓады. Атомдар µз баѓытын µзі µзгерте алатын ойлау контрукцияларына, болмыстыњ сезілетін аналогына айналады. Олардыњ ќозѓалысыныњ ќайнар кµзі оныњ µзінде, яѓни еш нєрсеге тєуелді емес, Ќ±дай да дєл сондай сезілуде болды. Яѓни, ол да єлемге, єлем де оѓан ыќпал жасай алмайды.
Танымныњ наѓыз бастауы – сезімдер, ол ешуаќытта алдамайды. Объективті барлыќ бар заттар атомдардыњ селінде "жоѓалады", б±л селдердіњ єрќайсысы ішінде біздіњ жанымызда бейнеленетін заттар бейнесін саќтайды. Осы єсердіњ нєтижесі шындыќты береді, егер заттарѓа сєйкес болса, немесе б±лдыр кµрініс бере алатындай болса онда жалѓан сезімді т‰йсіктер болады. Сезім т‰йсіктері кµз алдына елестете алдырып жадында саќтауды ќалыптастыратын негіз. Олардыњ жиынтыѓы µткен тєжірибемен де аталынуы м‰мкін. Адами тілдіњ аттары осы елестетулерді бекітеді. Аттардыњ маѓынасы болып затпен (атомдардыњ селі) ара ќатынаста болатын осы елестетулер саналады.
Стоишілдік ( біздіњ д.д. III ѓ. - біздіњ д. III ѓ.) біраз позицияларында эпикуршілдіктен єжептєуір айырмашылыѓы бар. Стоиктер адамды атомдардыњ ±стасуынан т±ратын тауыќ немесе ќ±рт сияќты деп есептейтін эпикуршылдардыњ механикалыќ атомизмін ќабылдаѓан жоќ. Олардыњ ойынша, атомиз принципалды т‰рде адамныњ µнегелік жєне зерделік мєнін т‰сіндіре алѓан жоќ. Сонымен ќатар стоиктер ќабылдаѓан жоќ жєне тану эпикурлік рахаттану ‰шін рахаттану єдебін ќабылдамады, оѓан єлемді µз т±рѓысында, ќалай болса дєл солай жай ќабылдауды ќарама-ќарсы ќойыды.
Стоишілдік кµп ѓасырлар µмір с‰рді, сол себептен философиялыќ проблематикалар к‰рделі µзгертулерге шалыќты. Стоиктердіњ µњдеген мєселелер шењбері µте кењ болатын, біраќ негізгі зерттеу проблемалары философияныњ ‰ш бµлімін ќ±райтын логикаѓа, физикаѓа жєне єдептануѓа байланысты болды. Б±л, стоиктерге бейнелі т‰рде философияны жеміс-жидек баѓы деп ќарастыруѓа м‰мкіндік берді. Ондаѓы логиканы - баќты ќорѓаушы ќабырѓа деп, физиканы - аѓаштар деп, ал этиканы – жемісі санады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Философия Д..Кішібековтың басшылығымен А.,1991
Философия және мәлениеттану А.,1988
Философия К. А. Әбішев, А.,1998
Философия Ә. А.Тұрғынбаев, А., 2001
О жизни, учениях и изречениях знаменитых философов Диоген Лаэртский М.,1979
Антология мировой философии В 4-х томах М.,1963-1966
Философия: Часть первая: История философии: Учеб. Пособ. (Под ред.В.И.Кириллова и др.)
Философский энциклопедический словарь М.,1997 (1989,1963)
Философиялық сөздік А.,1996
№3 Тақырып. Ортағасырлық батыс, «Араб-исламдық» және Қайта өрлеу философиясы.
1. Ортағасырлық батыстық философия.
2. Ортағасырлық араб тілді философия.
3. Қайта өрлеу философиясы.
Орта ғасыр философиясының қалыптасуының негізгі принциптері.
Орта ғасыр философиясының қалыптасуының екі қайнар көзі болды. Біріншісі - ежелгі грек ф-иясындағы платондық және аристотелдік дәстүрлер. Екіншісі - Қасиетті жазу, бұл философияны христиандықтың арнасына айналдырған.
Орта ғасыр, діни көңіл-күйлердің өсуімен, діни құрылымдардың қалыптасуымен ерекшеленеді. Бұл уақыттары көп құдайға табынушылықтан (политеизм) бір құдайға (монотеизм) ден қоятын діндер келді: христиандық, ислам.
Еуропада христиандық өз дамуын алып, І ғ. рим империясының халықтары арасында таралды. Олардың негізгі орталықтары Рим және Константинополь болды. Христиандылық орта ғасыр еуропалықтардың дүниетануын қалыптастырды. Ол көзқарас - теоцентрлік, негізгі мәні екі принциптік жәйға сүйенеді: а) жаратушылық идеясы, ә) (откровения,) ойын ашып беру идеясы, яғни христиан философиясының таным ілімі.
Жалпы шіркеудің даму тарихымен таныспайынша орта ғасыр философиясын түсіну мүмкін емес. Өйткені бұл уақыттары философия дінге тікелей бағынышты болды. Философиялық мәселелер теоцентристік, креационистік, провиденциалистік жақтарынан қарастырылды.
Теоцентризм ( грек. theos - құдай ) - әлемді жаратушы да, себебі де Құдай деген түсінікті береді. Ол әлемнің орталығы, нағыз барлық барды жасаушы, белсенді бастама. Теоцентризм принципі таным үдірісіне де таралады және оның ең жоғарғы сатысына теология - құдай туралы “ғылым” орналасқан; одан төмен оған қызмет жасайтын - философия; одан да төмен - әртүрлі жеке және қолданбалы ғылымдар.
Креационизм (лат. Creatio - жасау, жарату) - құдай тұрақты өзгерістердегі, шіріген, өткінші тірі және жансыз табиғатты жоқтан жасады дейтін принцип.
Провиденциализм (лат. Providentia - көрегендік ) - құдайдың көрегендігі барлық дүниежүзілік оқиғаларды, тарихты және жеке адамдардың мінез-құлығын басқарады дейтін көзқарас жүйесі.