Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций фил каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
557.57 Кб
Скачать

3. Терістеуді терістеу заңы.

Диалектиканың үшінші заңы – дамудың мәнін, жалпы тенденциясы мен бағытын анықтайды. Терістеудің де метафизикалық және диалектикалық түсініктері болады. Жалаң теріске шығару ретінде, метафизикалық терістеу дамудың қажетті шарты емес. Ал диалектикалық терістеу, керісінше, табиғаттағы, қоғамдағы және адам ойлауындағы құбылыстар дамуының ең жалпы және обьективті шарты кез келген зат өзінің бұрынғы тіршілік түрлерін теріске шығармайынша, ешуақытта даму алмайды. Диалектикалық терістеу- дамудың қозғаушы күші, зат дамуының қажетті басқыны.

Терістеу дегеніміз белгілі бір зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, оларды шешудің жолдарын анықтау, жаңа сапаның пайда болуына мүмкіндік туғызу. Былайша айтқанда, ескі сападан сан өзөгерістері арқылы жаңаға өту терісеудің негізгі мәні.

Терістеуді терістеу заңы дамудың белгілі бір циклды процесс екенін көрсетеді. Даму нәтижесінде қайшылықтары шешілген бір цикл аяқталып, оның өзі келесісі арқылы терістеледі. Бірақ бұл терістеу сырттан таңылған процесс емес, керісінше, дамудың ішкі қатынастарына байланысты шыққан өзін-өзі терістеу. Терістеуі терістеу заңы дамудың үздіксіздігі мен ілгермелі өрістеуші мәнін ашады. Табиғат, қоғам мен адам аспасы үздіксіз дамып, жетіліп, үнемі ілгерілеп отырады. Бұл – диалектикалық процесс. Адамдардың өндірістік қызметі нәтижесінде көптеген қайшылықтар өз шешеімін тауып, жаңа сапаның тууына жеткізеді.

Терістеуді терістеу заңында даму процесінің екі жағы, кезеңдегі бар екені көрінеді. Бір жағынан, мұнда ескі сапаның күйреп, жойылуына жол ашылса, екінші жағынан, осы ескінің ішінен шыққан жаңаның қалыптасып, өсіп- жетілуі жүріп жатады. Бұл екі процесс дамудың ішінде орын ала отырып, бірін-бірі терістейді. Мәселенің негізгі ескінің қирап, күйреуінде ғана емес, керісінше, жаңаның өсіп-жетілуі жолындағы даму тенденциясында жатыр.

Дүниеге келген жаңа ескінің ішіндегі мәдениетті, мәнді әдет-ғұрыпты, өміршең дәстүрлерді, тағы басқаларын сақтап қана қоймай, оларды әрі қарай дамытады. Мұның өзі жаңаның бүкіл адамзат тарихында дамуының бір кезеңі. Ескі мен жаңаның арасындағы диалектикалық байланыс сабақтық жолымен дамытылады. Адам баласының дүниежүзілік мәдениеті мұндай сабақтық болмайтынша өмір сүре алмайды. Сабақтастық болмаса, дәуір мен дәстүрдің, қоғам мен қоғамның, ұлт пен ұлттың арасында ешқандай байланыс орын алмас еді.

Бұл жерде біз Регельдің таным процесіне өзінің триадасын енгізгенін және оның терістеуді терістеу заңымен тығыз байлаынстырғанын айта кетуіміз керек. Расында да, Регельдің триадасы: тезис, антитезис және слитез деп аталып, таным процесінің ішкі логикасын ашуға едәуір үлес қосты. Ал слитез дегеніміз- танымның бастапқы тезисі мен оның қарама-қарсы антитезисінің етене ішкі бірлігі Регельдің ойынша, мөлшер өзгерістерінің сапаға өту заңы теріс болса, қарама- қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы антитезис бейнесін береді. Ал терістеуді терістеу заңы осылардың бірлігі-синтезі болып шығады. Сайып келгенде, бұл триада дамуды шектеуге, оны аяқтауға қарай бағыталған.

11 Тақырып.

Таным және ғылым философиясы

1. Таным үдерісінің құрылымы және мәні.

2. Таным диалектикасы. Ақиқат мәселесі.

3. Ғылымның пайда болуы, негізгі даму көзеңдері.

4. Өркениеттер мен мәдениеттегі ғылым мен философияның байланысы

1.Алдындағы тарауларда адам санасының мәнін айтып өткенде сананы әлем, табиғат, қоғам, ақыр аяғында, адамның өзі туралы білім деп көрсеткен болатынбыз. Білім - сананың негізі, оның бар болуының тәсілі. Бірақ осы мезетте бір қатар сұрақтар туын-дайды. Сонда білім дегеніміз не? Өзінің өмір сүріп отырған әлемі туралы адам қалай біле алады және қалайша ол әлемге әсер ете алады? Адамның сыртқы қоршаған дүниеге танырлық – тәжірибелік қатынасы неден түзеледі?

Біздің санамыздың (ой, түйсіктер, елестету) ақиқатты бара-бар тани алатынды-ғына, адамның танымдылық мүмкіншіліктеріне, қабілеттілігіне шүбәлану – ертедегі-лердің скептицизмі.

Бұл сұраққа өткенде және бүгінгі күнде де әртүрлі жауаптар бар. Мысалы, агнос-тицизм сияқты философиялық бағыт өзіндік түсінігін қорғады. Бұл агностицизм ұғымын ағылшын жаратылыстанушысы Томас Гексли енгізілген болатын. Агностицизм (грек тілінде а – емес, «гнозис» ­ білім, тану) - бұл шындықтың ең анық мәнін тану мүмкін-шілігіне шүбәланатын философиялық ілім.

Проблеманы адамның қоршаған әлемге деген танымдық – практикалық қатынас-тарының мәселелерін гносеология (грек тілінде gпоsis - білім, таным, 1оgоs - ұғым, ілім), зерттейді немесе таным теориясы. Таным теориясы (гносеология) – бұл фило-софияның бір тармағы, танымның табиғатын, адамдардың танымдық қарекеттерінің заңдылықтарын, шарттарын, тәсілдері мен танымның түрлерін, білімнің шындыққа де-ген қатынасын, сонымен қатар ақиқаттың шарттары мен белгілерін зерттейді.

Таным процесін (бейнелену) бүтін жүйелік білім сияқты қарастыра отырып оның мына элементтерін ерекше көрсетуге болады:

1) танымның субъектісі - бұл, объектіге кім ықпал жасап, әсер етсе сол. Өзінен өзі адам субъекті бола алмайды. Ол тек қана пәндік қызметтің және қатынасының барысын-да өзін субъекті ретінде таниды және ұғынады;

2) таным объектісі - объективті нақты шындықтың (бөлігі) адами қарекетке және танымға қосылған көрінісі (әлеуметтік, табиғи, хұқықтық және т.б.).

3) танымның аралығы - бұл материалдық сипаттағы танымның құралдары (еңбек құрал-саймандары, құралдар, аспаптар, ЭВМ және т. б.), дәл осылайша және идеалды сипаттағылар (ұғымдар, категориялар, көркем бейнелер, өнегелі өлшемдер, ғылыми теориялар, концепциялар және т. б.).

Кез келген танымның нәтижесі бейнелі келеді. Бейне - бұл объекті қатынастарының мәнін идеалды түрде жалпылау. Бейнеге тән ерекшеліктер - ұқсастық, түпнұсқаға бара-барлық.

Философтар танымның ең негізгі қозғаушы күшін, қоғамдық-тәжірибелік қарекет және тәжірибе деп есептейді. Сонда тәжірибе дегеніміз не? Оны таныммен не байла-ныстырады?

Тәжірибе - бұл адамның табиғи және әлеуметтік ортаны алмастыруға және қоғамдық қажеттіліктерге бейімделуге бағытталған материалдық, сезімдік-пәндік, мақсаттылық қа-рекеті. Тәжірибе адамзаттың барлық болмысының негізі болып келеді, барлық қарекет-тің түрлерін келістіреді және анықтайды. Тәжірибелік қарекеттің негізгі түрлеріне мы-налар жатады:

1) адамдардың материалдық-өндірістік қарекеті,

2) қоғамдық - саяси тәжірибе,

3) ғылыми - тәжірибелік қызмет.

2. Дүниені танып білу сезімдік қабылдаудан басталады. Ол үш түрде болады: түйсік, қабылдау және елестету. Түйсік - нәрселердің, құбылыстардың жеке қасиеттерінің аса қарапайым сезімдік бейнесі болып табылады. Ол бес сезім мүшелері арқылы бейнелену, және соның арқасында заттардың белгілі бір жақтарын: есту, дыбыстарды қабылдайды; көз, көру арқылы кеңістік, қоршаған әлемдегі ара қашықтық ашылады; дәм талдауыш, дәмдік сапаларды ажыратуға мүмкіндік туғызады; иіс сезу, иістер туралы хабарлайды; жанасу тығыздықты, температураны, қаттылықты, түрді айқындауға көмектеседі. Міне сыртқы дүниеден келген орасан мол әсерлер осы түйсіктер арқылы келеді. Олардың адам санасындағы нәтижесін философияда объективтік дүниенің субъективтік бейнесі деп аталады және сол арқылы түйсіктердің жеке сапалық қасиеттермен бейнеленетін-дігін көрсетеді.

Қабылдау - бұл біртұтас объекті туралы бірыңғай бейнені жасауда ақпараттар беруге мүмкіндігі бар әртүрлі түйсіктердің синтетикалық кешені. Қабылдаудың жүйелілігі, са-пасы тәжірибелер барысында қалыптасады.

Елестету – бұрын қабылданған объектінің жинақталған бейнесін қайта жаңғырту процесі.

Ойлылы танымның бастапқы түріне ұғым жатады. Ұғым – үдерістің немесе пәннің ішкі, маңызды белгілерін талдап қорытытатын ой арқылы жасалатын түрі.Ойлау, сезім-дік қабылдау бере алмайтын жаңа білім береді. Күнделікті тұрмыстық ұғымдар және ғылыми ұғымдар бар. Тұрмыстық ұғымдар нәрселердің көбінесе сыртқы ұқсас белгі-лерін бейнелендірсе, ғылыми ұғымдар терең жатқан, жалпы, мәнді және занды қасиет-терді бейнелендіреді. Абстракциялау және жалпылау әдістерінің көмегімен адам барған сайын көлемі кемдеу ұғымнан көлемі кеңдеу ұғымға көше отырып, шегіне жеткен ең жалпы ұғымдарды құрады - ондай ұғымдар категориялар деп аталады.

Бірақ ойлау бөлектенген, дербес оқшау түріндегі ұғымдардан бар бола алмайды. Құ-былыстардың өзара тәуелділігін және байланысын бейнелеу үшін ұғымдар өзара байланыста болу керек. Бұл байланыстарды жасайтын абстрактылы ойлауды басқа түрі - пікір.

Пікір - бұл ұғымдардың байланысының көмегімен бірдеңе жайында не қостайтын не терістейтін ойдың формасы. Егер ұғымның тілдік формасы сөз және сөздер тіркесі бол-са, пікірдің тілдік формасы грамматикалық сөйлем және сол арқылы болатын ойлаудың қисынды (логикалық) түрі, онда танымның объектісі туралы бірдеңе бекітіледі немесе теріске шығарылады. Бірнеше пікірлер біріктірілгенде абстрактылы ойлаудың үшінші түрі - ойқорытынды жасалады.

Ойқорытынды - бұл бірнеше пікірдің маңызды және қажетті заңды байланыстары-ның негізінде өзінің мазмұнында жаңа пікір тудыратын қисынды үдеріс. Мысалы, «Егер адам ауырып қалса, онда ол жұмысқа келе алмайды; Сәрсен ауырып қалыпты; демек, Сәрсен жұмысқа келе алмайды».

Өзіне тән сипаттарына сәкес ойқорытынды индуктивтік және дедуктивтік тұрғыда болады. Егер таным үдерісінде жекеден жалпыға қарай жүретін ойқорытындылар жасал-са, онда ол индукция болып саналады, ал егер сол пәннің мәнін көрсететін жалпы бі-лімдердің негізінен оның жеке бір жақтары туралы ойқорытынды жасалса онда ол дед-уктивтік ойқорытынды деп аталады.

Жалпы, таным теориясының тарихында кейбір философтар индукцияның маңызын асыра бағаласа, енді біреулер дедукцияны бірінші орынға қояды. Шындығында, ғылыми дүниетану үдерісінде бұл екеуі диалектикалық бірлікте қолданылады. Бақылау арқылы құбылыстардың зерттелуі мүмкін болмаған жағдайда ойқорытындылардың ролі ерекше.

3. Ешқандай да адамдық рух өрістері және соның ішінде философия өзіне әлем туралы арнайы ғылымдардағы барлық білімдердің жиынтығын жинап ала алмайтыны белгілі. Философия барлық ғылымдардың ғылымы болуы мүмкін емес. Енді осы философия мен ғылымның өркениеттер мен мәдениет жағдайларындағы байланысын мына тұрғыда тұжырымдар жасауға болады.

1. Арнайы ғылымдар нақтылы қоғамның қажеттілігіне қызмет етеді: техникаға, эко-номикаға, адамды емдеу өнеріне, оқыту өнеріне, заң шығаруға және т.б. Олар болмыс-тың үзінді фрагменттерін зерттейді. Ал, философияны болса бүткіл әлемді қамтуға тырысады.

2. Жеке ғылымдарды адамдық мәндерінің құндылықтық шкаласы ынталандыр-майды, олар құндылыққа жатпайды. Философиямен шұғылданушы ақыл-парасат өзінің әлемге деген қатынасын анықтауы тиісті.

3. Ең соңғы, шектілікке жақын сұрақтар - философияның сүйікті тақырыбы. Ал ғы-лыми қызметкерлердің өкілдері өздерінің ғылыми жұысмыстарында ғылым қалай пайда болды деген сияқты жеке сұрақтар мен сұраулар қоймайды. Егер осы мәселеге жара-тылыс тану зерттеушілері жанамалап өтсе, онда ол жаратылыстанудың философиялық сұрақтарына кіргендігі.

4. Философия субъекті мен объектіге қатынасында теоретикалық – рефлексивтік жә-не рухани - практикалық негізге сүйенеді. Ол жаңа идеяларды, нормаларды және мәде-ниеттілі құндылықтарды құру арқылы әлеуметтік болмысқа белсенді әсер жасайды. Осындай мәселелер арқылы философияның өркениеттер мен мәдениеттегі нақты ғылым-дармен байланыстарын көре аламыз.

Әдебиеттер.

1. Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002.

2. Кішібеков Д., Сыдықов Ү. Философия. Алматы, 2004.

3. Тұрғынбаев Ә. А. Философия - 2005, 70-86 бет.

4. Төкенов Ө.С. Ғылым философиясы

12 Тақырып.

Әлеуметтік философияның мәселелері және тарих философиясы.

1. Қоғам өздігінен дамитын жүйе ретінде. Қоғамның құрылымы.

2. Әлеуметтік философиядағы қоғам дамуының себептерін түсінудің негізгі тұрғылары.

3. Мәдениет ұғымы. Қоғамдағы материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет және өркениет .

4. Қоғам дамуының формациялық және өркениеттік тұрғылары.

1. Қоғамның толассыз өзгерістері мен дамуы философияның зерттеу объектілерінің бір түріне жатады. Олар философияда мына мәселелер түрінде зерттеледі: табиғат пен қо-ғамның ұқсастықтары мен айырмашылықтары неден түзіледі; олардың өзара байланыс-тары қалай сипатталады; осындай өзара байланыстардың негізгі бағыттары мен бола-шағы қандай.

«Табиғат» термині ғылыми әдебиеттерде екі - кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында «табиғат» дегеніміз - болмыс, шексіз әр алуандықтағы оның барлық түрлеріндегі объективті шетсіз Әлем. Осы мағынада қоғам табиғаттың бөлігі болып саналады. Тар түсінігінде «табиғат» - бұл қоғаммен өзара қатынасқа түсетін объективті әлемнің бөлігі. Оны философияда көпшілік жағдайда ­ табиғи (георгафиялық) орта деп атайды. Табиғи ортаның көлемі тұрақты түрде қалмайды. Ол танымның тереңдеуіне және адамның өзгерту қарекетінің көлеміне байланысты кеңейеді.

Қоғам мен табиғаттың өзара әрекетінің бүткіл тарихы төрт кезеңнен тұрады: 1) ие-лену; 2) аграрлық; 3) индустриалды; 4) ноосфералық.

Адамның пайда болуына және рационалды-технологиялық қарекетіне байланысты биосфера жаңа сапаға - тіршілік үрдістері рационалды түрде өтетін, моральдық тұрғыда тексерілген ноосфераға ие болады. Демек, ноосфера – бұл, ақыл-парасаттың өрісі (грек. noos - ойлыақыл), табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестік өрістері, белгілі бір шектерде дамудың айқындаушы факторы ретінде көрінетін адам қарекетінің ақыл-парасаты.

2. Қоғамның табиғатпен байланысы, тек қана олардың жалпы бар болуында, бір бірі-мен өзара қарым-қатынасынан түзелмейді. Табиғат пен қоғамның өзара қарым-қа-тынастарындағы өзгерістердің негізгі себебін ең алдымен өнеркәсіптен, жалпы қоғамдық өмірдің әлеуметтік-саяси және рухани өрістерінен іздеу керек. Бұл дегеніңіз, табиғат және қоғам қарым-қатынасы мәселелерін ең алдымен әлеуметтік мәселе ретінде қарау керек деген сөз.

Өнеркәсіптің қарқынды дамуы XIX жүзжылдықтың басында адамзатты жылдам және көп мөлшерде табиғатты трансформациялаушы қарекетке тартты. Техникалық оз-ықтылықтың тек қана позитивтік емес, сонымен қатар негативтік зардаптары да көріне бастады. Сол уақыттары, 60 - шы жылдарында, немістің табиғатты зерттеушісі Эрнст Генкель (1834-1919) зерттеу объектілеріне биосфераны құрайтын дене, көбею және табиғи ортамен тығыз бірліктегі экожүйеге жататын «экология» ұғымын енгізді.

Экологиялық саясаттың негізгі бағыттары мыналардан тұрады: а) суларды, ауаны, жерді, жер қойнауын, өсімдіктерді күзетуді күшейту; ә) табиғатты күзетудегі басқаруды толық жетілдіру; б) ысырапсыз және аз ысыраптылы технологияларды енгізу; в) эколо-гиялық білімді және тәрбиелеуді жақсарту.

Қоғам дамуының және табиғи бар болуының маңызды жағдайларының біріне тұрғын халықтың көптігі не аздығы жатады. Бұл, белгілі бір шектелген аумақтағы, елдің неме-се барлық жер шарындағы өмір сүретін адамдардың жиынтығы. Бұл ХVІІІ ғ. өзінде-ақ ғалымдарды ойландырған. Тұрғын халықтың көбейуіне байланысты олардың көзқарас-тарын осы теорияның авторы Томас Мальтустың (1760-1833) атымен мальтусшілдік деп атады. Ол өзінің «Опыт о законе народонаселения» (1798) еңбегінде халықтың саны геометриялық прогрессия бойынша өседі, ал өмір сүру қажеттілігі арифметикалық бой-ынша деп дәлелдеді.

3. «Қоғам» термині - әр түрлі негіздегі ұғым. Оны тар және кең мәндерде қарастыруға болады. Тар мәндегі түсінік үш мағынаны білдіреді:

1) қоғам, қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде. Әрбір қоғамның басқа әлеу-меттік организмдерге тәуелсіз белгілі бір түрде дамып, әлеуметтік қатынастардың бір-ыңғай жүйесі тұрғысында көрінетіні белгілі;

2) қоғам адамзат тарихындағы белгілі бір кезең (алғашқы қауымдық қоғам, өнер-кәсіптік, ақпараттық және т.б.);

3) тарихтың дербес субъектісі ретінде, бөлек, нақтылы қоғам (қазақстандық қоғам, ресейлік қоғам, американдық және т.б.).

Кең мәнінде, қоғам - бұл бүткіл адамзат, яғни біздің планетамызда бар болған және болатын қоғамдық организмдердің барлы ғының жиынтығы.

Әлеуметтік философия қоғам зерттеуде оның дамуының заңдылықтарына және мәніне мақсаттарына, қозғаушы күштеріне, мазмұнына және тарихи үдерістің бағытты-лығына зер салады.

Қазіргі заманда қоғамды түсінудегі жаңашыл қызықты идеяларды герменевтика, фе-номенология, аналитикалық философия, постмодернизм және басқа философиялық кон-цепциядан табуға болады.

4. Қоғам өздігінен дамитын жүйе, дамуының қайнар көзі де оның өзінде, дейтін түсінік қазіргі уақытта жалпыға белгілі және ерекше дәлелдемені талап етпейді.

Қоғам құрылымы өзіне әртүрлі бөлшектердің жиынтығын қосады. Олардың ішіндегі негізгілері мыналар: 1) қоғам субъектілері (адам, адамдар және олардың бірлестік-тері); 2) өзара қатынастар және адамдар арасындағы байланыстар; 3) әлеуметтік ин-ституттар; 4) қарекет.

Қоғамның дамуы және оның негізгі өрістеріндегі қызметі белгілі бір заңдар арқылы өтеді. Әлеуметтік заң - бұл қоғам дамуын анықтайтын, қоғам өмірінің әртүрлі өріс-теріндегі үрдістер мен құбылыстардың арасындағы жалпы, объективті, қажетті, маңыз-ды, тұрақты, қайталанатын байланыстар. Әлеуметтік заңдар адамдардың саналы қарекеті арқылы іске асады, алайда бұл, адамдар өз қарекетінің барысында оларды жасай немесе өзгерте алады деген емес. Адамдар тек қана заңдар әрекетінің жағдайын өзгерте алады. Әлеуметтік заңдардың бар болуы адамдардың өмір сүруіндегі объективті жағдайлармен анықталады. Сондықтан бұл жағдайлар адамдардың тіршілік қаракеті барысында өз-герсе, онда қоғамның даму заңдары да өзгереді: олардың бірі жоғалады, енді бірі өзгер-тілген қалпында көрінеді.

Әлеуметтік заңдарды зерттеу оларды топтастыруды қажет етеді. Қоғам заңдарын топтастыру бірнеше белгілер арқылы жасалады.

Іс-әрекеттер өрісінде: а) әлеуметтік заңдар - бұл заңдар, мәнді байланыстарды және қоғамның біртұтас ретіндегі қоғамдық қатынастарын белгілейді. Мынадай әлеуметтік заңдарға бөлінеді: құрылымдық заңдарға, қызметтілік заңдарға, даму заңдарына; б) қо-ғам өмірінің бөлек өрістеріндегі заңдары - экономикалық, саяси, әлеуметтілік және т. б. Уақыт белгілері бойынша: а) жалпы-тарихилық (жалпы заңдар) - бұл, қоғамның бар-лық тіршілік өрістерін біріктіріп және барлық тарихи дәуірге таралатын заңдар; б) қоғамның ерекше заңдары - оның белгілі бір кезеңдеріне таралатын қоғамның даму заң-дары. Қоғамдық өмірдің орынына байланысты: а) негізгі - қоғамдық өмірде шешуші роль атқаратын заңдар; б) негізгі емес – қоғам дамуында болмашы, қосалқы роль атқара-тын заңдар.

5. Қоғам өзгерістері тұрғысынан қараған жағдайда ондағы оның өзгерістері мен дамуы мына сұрақтарға жауап іздеуді қажет етеді: қозғаушы күштері немесе қоғамның даму факторлары қандай; әлеуметтік дамудың негізгі түрлері қандай; қоғам және әлеуметтік үрдістер қандай өзгерістер арқылы дамиды.

Әлеуметтік философияда қоғамдағы қозғаушы күштер деп оның дамуын қамтамасыз ететін маңызды, қажетті, ұзақ уақыт ықпал жасаушы факторларды есептейді.

Бұл мәселеге байланысты философтар арасында бірыңғай пікір жоқ. Натуралистік концепцияның жақтастары қоғам дамуын әлеуметтік өмірдің табиғи негіздеріндегі өз-герістермен байланыстырды, ауа-райымен, биологиялық және ғарыштық факторлармен (Шарль Луи Монтескье, Владимир Вернадский, Лев Гу­милев). Марксистік әлеуметтік теорияның ізбасарлары философтар – технократтар (Уолт Ростоу, Збигнев Бжезинский және басқалары.) қоғамдық дамудың айқындаушы роліне материалдық өндірісті, тех-ника мен технологиялық озықтылықты қойды. Кейбір философтар әлеуметтік даму үр-дісін рухани құндылықтар жүйесіндегі мәдениет өмірінің өзгерістермен байланыстырды (Огюст Конт, Питирим Сорокин.).

Шындық әр уақытта сол орындардың әйтеуір бір ортасында. Барлық көрсетілген факторлар қоғам дамуына сөзсіз әсер етеді. Оның бер жағында экономикалық, рухани және табиғи факторлар бір бірімен тығыз байланысқан және өзара байланыссыз қарас-тырыла алмайды да. Негізінде мұндай өту революциялық немесе эволюциялық жолмен реформалардың арқасында жүзеге асады.

Әдебиеттер.

1.Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А., 2007. 320-336 бет.

1. Әбішев К. А.Философия - А.,1998, 82-107 бет

2. Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. А. Философия - 2002, 295-302 бет.

3. Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002, 224-232 бет.

4. Тұрғынбаев Ә. А. Философия - 2005, 217-225 бет.

5. Алтай Ж.,Қасабек А.,Мұхамбетали Қ.А.Философия,1999,.

13 Тақырып.

Философиялық антропология және аксиология

1. Философия тарихындағы адам болмысының мәселелері. Филосфиялық антропология.

2. Адамның био-психикалық-әлеуметтік-рухани-өнегелі мәні.

3. Өмірдің мәні, бақыты, өлім және өлмейтіндік туралы философия.

4. Құндылықтар ұғымы және оның жалпы сипаттамасы. Шындықты эстетикалық тұрғыда

игеру.

5. Өнер және философия. Құндылықтар жүйесіндегі мораль және адамгершілік.

1. Философияның ақырғы аяқталған, тұйықталған мәселелері болмайды. Ондағы адам-ның болмысы мәселелерінің өзі, заманнан заманға өзгеруімен қатар, ол әркімнің өзіндік қатынасын өзі түзеуді, өзіне ғана тән, тап осы жағдайға ғана сай, әр сәтте, үнемі, тек өзі шешуін керек ететін проблемалар. Философияның ғана емес, діни көзқарастардың өзі де осындай сұрақтарға жауап іздеуден шыққан. Алайда өз болмысын ұғыну адамның өз мойнында, себебі оның жақсы да, жаман да нәтижелерінің бірден-бір себебі оның өзі. Шындығында: адам микроғарыш, яғни «шағын әлем», өйткені болмыстың мәнділі гене-рациялары - физикалық, химиялық, жандылық, руханилық - адам болмысында кездеседі және қилысады, сондықтан адам арқылы «үлкен әлемнің», «макроғарыштың» жоғарғы негізін қарастыруға болады. Яғни адамның құпиясын табу, болмыстың құпиясын табу-мен барабар. «Өзіңді өзің таны және сол арқылы әлемді білесің. Егер адамды сыртынан қарастырсаң, онда заттардың мәніне ешуақытта жетуге болмайды, өйткені мәннің ше-шімі адамның өзінде жасырылған». (Бердяев Н.А.)

2. Жаңа кезеңде адам философиясы қоғамдық қатынастармен байланыстырылды Адам-ды түсінуде маңызды адым жасаған И. Кант мынаған назар аударды: «адамның үйрену мектебі қызметін атқаратын мәдениеттегі барлық табыстар, алған білімі мен дағдылары түрінде өмірде қолдану мақсатына ие болады. Бірақ осы білімнің қолдануын табатын әлемдегі ең негізгі пән, - бұл адам, өйткені ол өзі үшін өзінікі соңғы мақсат». (Кант И. Соч. Т. 6. С. 351).

Бұл тұрғыға Л. Фейербах белсенді түрде қарсы келді. Ол «адам» категориясын ен-гізді. Фейербах адамның табиғи-биологиялық басталымына ден қойды. Оны рухани дамудың тарихи нәтижесі емес, ең алдымен биологиялық, сезімді - денелі мән деп қа-растырды. Осы арада Фейербах философиясы «антропологиялық материализм» деп атлды. Маркс оны дүниеге өзге көзқарастық тұрғыда қайта ойластырды. Оның адамға деген көзқарасы адамның табиғилығы мен әлеуметтілігі диалектикалық - материалистік монизм тұрғысында сипатталды. Бұл адамды біруақытта жанды және жансыз табиғат-тың эволюциялық дамуы-ның нәтижесі, биологиялық жан екендігін және мәні қоғамдық қатынастармен анықталатын әлеуметтік жан иесі екендігін білдіреді.

Адам проблемасы XX ғ. басында философияда адам туралы ілім - жаңа арнайы білім саласы философиялық антропологияның пайда болуына алғы шарттарын дайындады.

3. «Философиялық антропология» терминінің этимологиялық түсінігі адам туралы фи-лософиялық ілім дегенді білдіреді. Егер қысқаша айтсақ адамның шығу тегін, эволюция-сын және бар болуының ерекшеліктерін жалпы түрде бейнелейтін философиялық көз-қарас.

Адам туралы тарихта әртүрлі концепциялар пайда болды, олардың барлығы Макс Шелердің пікірі бойынша бес идеяға жинақталған: Адам туралы бірінші идея осы уа-қытқа дейін өзінің үстемдігін көрсетіп келген діни сенім.

Адам туралы екінші идея - гректерінің ойлап тапқан Ақыл-парасатты адамы (Homo sapiens). Адам ойлыақылдың арқасында мына мүмкіндіктерге ие: 1) барлық барды өзі-мен өзі күйінде тани алады; 2) әлемді тани алады; 3) Құдайды тани алады; 4) өзін өзі тани алады.

Үшінші идея – шебер адам, (homo faber) адамның ойлыақылға деген ерекше қабі-леттілігін жалпы теріске шығарады. Адамды еңбек құралдарын пайдаланатын мақұлық ретінде қарастырады. Ұғымдар психикалық нәзік құралдар.

Төртінші идея – адамның мыңдаған жылдық тарихындағы декадансы (құлдырау) туралы. Адам дегеніміз не, деген қарапайым сұраққа ол бос суррогаттарды (тіл, құрал-саймандар және басқаларын) дамыта алатындығымен жауап береді. Өзінің биологиялық әлсіздігінен және күшінің жоқтығынан адам өркениеттілікті, мемлекетті, құқықты, өн-дірісті жасады.

Бесінші идея - Ф. Ницше, Н. Гартманның және басқа ойшылардың атеистік антро-пологиясы. Оның ең басты мәні мынадан тұрады: Адам болмысының мәні, неге жара-тылғаны, жауапкершілігі, еркіндігі үшін, Құдай бар болмауға тиісті. Тек қана Азат өнегелі мәндегі жан иесі, механикалық әлемде немесе басқа бір әлемде өмір сүруі мүм-кін, бірақ әйтеуір адам телеологиялық әлемде емес. Өзінің жоспарына сәйкес құдай жасаған әлемде жеке тұлғалы адам өледі. Өйткені кез келген алдын ала болатын айқын-дылықтағы адам - жойылған адам.

4. Философиялық антропологияның маңызды мәселелерінің арасында ең бірінші кезек-те тұрған мәселе, адамдағы биологиялық пен әлеуметтіктің арақатынасы. Қазіргі антро-пологиялық түсініктер мына жағдайлармен байланысты:

• Адам екі рет «туылады». Бірінші мәрте тірі жануарлар сияқты, өзінің анатомия - физиологиялық сипаттарымен. Бұл адамның табиғатпен бірлігін көрсететін биологиялық туылым. Екінші ретінде адам қоғамдық, әлеуметтік жан иесі ретінде «туылады». Экзис-тенциализм бірінші туылуды алғы шарт сияқты ал екінші рет туылуды – адамның қалып-тасуының соңы ретінде қарастырады.

• Адамның бұл екі актілі туылымынан оның туылуының өзі ұзақ үдерісте болған-дығын көрсетеді. Бұл үрдісті екі кезеңге бөлуге болады: біріншісі, адамның 5 млн жылдарға созылған табиғи жағдайларда қалыптасуы және 5 мың жылдардың көлемінде қоғамның, мемлекеттің пайда болып сол жағдайда қалыптасуы. Бұл кезең «екінші таби-ғат» – социогенез, ойлаудың, әдептің, діннің, өнердің қалыптасқан уақыты.

Екінші кезеңде адамның миы дамыды жітілді. Сондықтан адамның әлеуметтік жағ-дайда дамуын антропосоциогенез деп аталады. Сонымен адамның өмірінде тек қана та-биғи емес, оның ең алдымен еңбек етуге қажетті іскерлігі, әлеуметтік тәртіпті, құндылықтарды сақтаудағы мінез-құлықы әсемдікті сезінуі және т.б. үлкен мағынаға ие болады.

Қазіргі заман ғылымы жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал жасайтын үш себепкер шартты белгілеп отыр: 1. генетикалық тұқым қуалаушылық, 2. мәдениет тілі, орта, 3. өмір жағдайлары. Осы өзара әрекеттестіктердің нәтижесінде адам жеке тұлға ретінде өзіне тән ерекшеліктерді: лайықты қажеттіліктер, қызықтылық, қызулықтар, қабілет-тіліктер, себептіліктер, мақсатты бағыттаушылық, адамгершіліктік және т. б. табады. Басқа адамдардан оны айыратын, бұл жекеліктегі ерекшеліктер, өзі өмір сүретін әлеу-меттік және мәдениет тілі жағдайлардың ықпалында қалыптасады. Осының өзі жеке тұлғаның қалыптасуына қоғамның атқаратын ролінің зор екендігін көруге болады. Оның дамуы жалпы қабылданған талаптармен сәйкес болуы да болмауы да мүмкін. Бұл тұр-ғыда жағымды және жағымсыз жеке тұлға туралы айтуға болады.

5. Өмір мәнінің проблемасы ерте ме кеш пе әйтеуір әрбір адамның алдынан шығады, және сол уақыттары өзіне бір мағыналы жауаптары болмайтын сұрақтар қояды.

Болу ма әлде болмау ма? Адамға, ең қиыны өмірдің мәні мен өлім проблемасы. Өйт-кені ешкім де бұл мәселеден өзін тәуелдісізбін деп есептей алмайды. Адамның мәнді табуының дәстүрлі үш жолы бар. 1. Ол мәнді әрекеттен немесе бірдеңе жасаудан алуы мүмкін. 2. Ол мәнді сүйіспеншілік немесе махаббаттан көруі мүмкін. 3. Ол үмітсіз жағ-дайда, белгілі бір өзінің ұстанатын принциптері арқылы көруі мүмкін. Бірінші (жол) - ол өз жасағанын әлемге береді; екінші - ол өзінің кездесулерінде және әсерлерінде әлемнен алатыны; үшінші - өзінің ауыр жадайларынан шығудағы позициялары.

Философия адамның дүниеде болуының саналуан формалары мен жолдары, ең ал-дымен олардың мәнділігі мен мәнсіздігін айқындау, сол мәндерді адам көңіл күйінде, жан толғанысында игеріп, әркімнің жеке басынның өзіндік рухани ырзығы етудің түрі, соны жасаудағы рухани қызметі. Философия, сондықтан барлықтың жәй факт екен-дігімен қанағаттана алмайды және өмірді тек түсіндірумен шектеле алмайды, өмірде бе-лгілі бір болуды, болуға тиіс мәнділікті нығайтуға бағытталған.

Философия адамның дүниеде болуының белгілі бір мәнді жолдарын жасауға тыры-сады. Әрине ондай философиялық түсінікті жасау көп жағдайда адамдардың субъект болып даму деңгейіне байланысты.

Әдебиеттер.

1.Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А., 2007. 320-336 бет.

1. Әбішев К. А.Философия - А.,1998, 82-107 бет

2. Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. А. Философия - 2002, 295-302 бет.

3. Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002, 224-232 бет.

4. Тұрғынбаев Ә. А. Философия - 2005, 217-225 бет.

5. Алтай Ж.,Қасабек А.,Мұхамбетали Қ.А.Философия,1999,.

15 Тақырып. Қоғамдық өмір өркениеттілік прогресс ретінде

1. Қоғамның және бүгінгі күнгі Европалық мәдениеттің дамуының нәтижесі әлемді ғы-лыми - рационалды тануға бағытталған және сонымен байланысты әлеуметтік-мәдени жүйе - ғылым болып келеді.

ХІХ ғ. өзіне-ақ әр түрлі елдердің ғалымдарының күш-жігерін біріктірген ғылымның әлемдік болуының алғашқы белгілері көрінді. Бұдан былай ғылыми байланыстарды ин-тернационалдыру дамыды. ХІХ ғ. соңыда - ХХ ғ. басында ғылымның қолдану аясының кеңейуі жаңа өнеркәсіпті елдерде өмір сүрген миллиондаған адамдардың тіршілігін өз-гертуіне, және оларды жаңа экономикалық жүйеге біріктіруге әкелді. ХХ ғ. қалыптасқан әлемдік ғылыми біртұтастық, бүкіл дүниежүзілік экономикалық бірігудегі басталым болды.

Жаңа өркениеттің үлгісі, индустриалды қоғамды туғызған қазіргі заманның өндірісі шын мәніндегі нағыз мәдениеттің дара «менімен» байланысты тірі адам қарекетінің ор-нына, жансыз ­ экомикалық, технологиялық, саяси құрылымдардың үстемдігін жасады. ХХ-шы ғ. ортағасырдың қираған орындарында пайда болған техногендік өркениеттің дағдарысты құбылыстары толық анықталды.

Алғашқыда Еуропада сонан соң, әлемге таралған ғылыми-техникалық мәдениет үл-гісі адам бостандығының дамуына өте көптеген мәселелерді шешіп берді. Бірақ оның сонымен қатар ақаулар да болды. Техногендік өркениеттікте табиғат адам қарекетінің объектісі, шексіз қанау, пайдалану обьектісі ретіндегі адам мен табиғаттың өзаралық қатынасына негізделген. Оған бір сөзбен айтқанда дамудың бір ғана үлгісі тән: көбірек. Материалдық игіліктерді, байлықтарды, көбірек жинауға байланысты оның негізгі мақ-саты адамдардың барлық мәселелерін шешуден, әсіресе әлеуметтік, мәдени және т. б тұ-рады.

Алайда әлемдегінің бәрі бірдей ғылым емес.Мысалы, өнер өрісі, сенім, адамдық се-зімдер, қатынастар да бар болады. Ғылымның рольдерін шектен тыс ұлғайтылу кер-тартпалығына байланысты антисциентизм (сциентизмге қарсы) пайда болды. Оған ғы-лыми білімнің маңыздылығын төмендету тән, ғылымды: экономикалық, экологиялық, ұлттық дағдарыстарды туындатты деп айыптайды. Жалпы бұл екі бағыттағылар бір бірін бұрмаланған күйде түсінеді.

Соңғы он жылдықтардағы идеялық және ғылыми – теориялық қозғалыс жаңа эко-логиялық мәдениетті жасау мәселесін қойды. Экологиялық дағдарыс экономикалық да-мудың қазіргі үлгісіне шектеулер қоюын туындатты. Мәселе, табиғатпен және адам-дардың арасындағы өзара жаңа қатынас орнатуында болып отыр. Белгілі философ Ю. Бохеньский анықтап қарай осы уақыттағы рухани жағдайды қарастыра отырып, адам-заттың алдында тұратын маңызды де-ген төрт сұрақты ерекше атап көрсетті:

  • Ғарышта адам қандай орынға ие болады ?

  • Озықтылық бар бола алады ма?

  • Ғылымның құндылығы неде?

  • Адамның күштілігі немесе әлсіздігі қаншалықты?

Уақыт тынысының жаңа рухы ғылыми білімнің мүмкіндігіне скептикалық түрде қа-рап отыр, нақты ғылымдар енді ең негізгі болып есептелмейді. Осыдан барып, адамзатқа келген ырықсыз күштерімен байланысты ғылыми-техникалық озықтылықтың бары-сында келген әлсіздік сезім, адамның бар болуын трагедиялы, шарасыздық тұрғыда сипаттайтын экзистенциализмнің түңілу философиясында айқын түрде бейнеленіп отыр.

2. XX ғ. адам, өркениет тағдыры тәуелді болған мәселелермен қағысты. Бұл мәселелер жаһандық (гло­бальный) деп аталды (лат. Globus - жер шары). Алғашқыда әлеуметтік-мәдени дағдарыс, яғни, жалпы планета масштабындағы дағдарыс: жалпы, материалдық және рухани мәдениеттің құлдырауы ретінде теріс түрде ұғынылды. Адамның және адамзаттың тағдырлары, біртұтас, бүтін екендігін бірінші дүниежүзілік соғыс көрсетті.

XX ғ. ішіндегі ең планетарлық құбылысқа айналған ноосфера туралы философиялық ілімнің пайда болуы да тегін емес. Ол геологиялық түсініктерді ­ түбгейлі өзгертті. Адам-ға енді жердің жүзін өзгеретін геологиялық күш есебінде қарайтын болды.

Қазіргі заманның жаһандық әлеуметтік-мәдени дағдарыстардың екі түрі «алармис-тикалық» деп сипатталып жүр. Қазір бұл дағдарыстың кейпі нақтылы «табиғи қорлар түрлерінің шектелгендігі», «аймақтардың таусылуы», «экономикалық шекара» ретінде ұғынылады. Алармисттік дағдарыстың басқа сипаттары әртүрлі қорларды қолдануда қауіпті беталыстардың пайда болуымен байланысты. Қорларды бақылаусыз өңдеуде эко-логиялық өріске шамадан тыс күш түседі. Нәтижесінде қорлар неғұрам көп болса, соғ-ұрам қауіп-қатер де көбірек болады.

Жаһандық дағдарыстардың басқа түрлері қоғамның өзінің ішкі дамуына байла-нысты. Біріншіден, ғылыми - техникалық ілгерліліктің бағасы да өте қымбатқа түседі. Өйткені, аламан апаттың тәуекелі де ұлғаяды (Чернобыль сияқты). Қазіргі заманның өн-еркәсіптік және энергетикалық инфрақұрылымы да табиғи апат күштері және әлеуметтік катаклизмдер (соғыстар революциялар үлгісіндегі) жағынан болатын әсерлерге әлсіз.

Сонымен, «дағдарыстағы тіршілік жағдай», мәселесі пайда болып, дағдарысты бол-май-қоймайтын қоғамның жаңару, адам және мәдениет үдерісіндегі табиғи элемент ре-тінде қарастыру туындайды. Сондықтан дағдарыстан шығу жолдарын айқын көре білу қажет және әлеуметтік-мәдени «хаосты» және энтропиялық жағдайды жеңу мүмкін-шіліктерін болжамдау ең негізгі мақсаттар болып табылады.

3. Әлеуметтік-мәдени дағдарыстан шығу жолдары, олардың динамикасының әртүрлі фазаларымен және түрлерімен, әлеуметтік және мәдени алшақтықтарымен, олардың са-палық сипаттарына байланысты анықталады. Дәл осы әлеуметтік және мәдениет алшақ-тықтар, үйлеспеушілік негізгі үш пәндік өрістерде іске асады:

1) қоғам деңгейінде - әлеуметтік және мәдени ішкі жүйелердің аралық қайшылық-тары ретінде;

2) адам және қоғам арасындағы өзара қатынастар деңгейінде;

3) абсолютті мәдени құндылықтар дүниесіне қарағанда рухани «жөнсіздік», «құры-лып бітпегендік» сияқты өзіне тән бағдарлардан тұратын адам-тұлға деңгейінде.

XX ғ. адам қоғамының тарихы және мәдениеті әлеуметтік-мәдени дағдарыстарды шешудің мүмкін түрлерін, пәндік өрістеріне жатуына (қоғам, жеке адам немесе олардың өзара қатынастары) байланысты көрсете алады. Бірінші түр әлеуметтік-мәдени жүйені нығайтуды, қалпына келтіруді, алғашқы - ойдағы түрдегідей қайта жасауды топ-шылайды, ең алдымен реттілікті нығайтуды, бақылауды және жазалауды күшейту ар-қылы адамдарға әсер жасайды: «әлеуметтілік» «мәдениеттілікті» қалыптылыққа түсіреді.

Қазіргі заманның батыстағы футуролог классигі Элвин Тоффлер, ХХ ғ. адамдық қоғамның дамуын талдап қорыта келе және бізді ХХІ ғ. енгізетін таң қалдырарлық өз-герістерді түсінуге тырыса ­отырып, білім қазіргі заман қоғамында нағыз байлыққа және билікті жылжытатын жарылыс күшіне айналуда екендігін көрсетті. Бүткіл қоғамдық организм жедел трасформациялануға душар болды, әлемді социалистік және капи-талистік, Солтүстікке және Оңтүстік деп бөлу болмыссыздыққа кетті. Оның орнына жылдам және баяу жүйелердегі экономика келеді. Егер біріншілері инновацияға және жаңаруға, қайталанбайтындық идеяларға негізделсе, онда екіншілері дәстүрлі негізде тұрақты және өз бар болуында инерциялы. Жаңа экономикалық әлем білімдерге және адам қабілеттілігіне­, бостандықпен дүниені сезінуге және өзін-өзі шығармашылық не-гізде дамыту идеясымен негізделеді.

С. Хантингтон ұсынған «өркениеттер қағысуы» туралы айтқан болашақтың сцен-арийі жоғарыда көрсетігендерден үмітсіздеу көрінеді. Ол, былай деп есептейді, адамзат тарихында алғашқы рет әлем көпполюсті және көпөркениетті болып қалды. Батыстық идеалдар мен нормаларды тарату жалпыға бірдей өркениеттілікке әкелмейді. Мәдениет-тер мен тілдері жақын, әр типті өркениеттерге негізделген әлемдік жөн пайда болады; «өз» өркениеттеріндегі бастаушы елдер айналасына топталады - европалық, славяндық, исламдық және т. б. Батыстың өз өркениетінің әмбебаптығына сенімі, «вестернизация» жасау әрекеттері және өз мәдениетін тарату басқа өркениеттермен қақтығысып қалуға әкеледі, «туысқан елдердің бірігуін» туындатады.

Жалпы, осы басталған дәуір өркениеттердің қағысу дәуірі болып сипатталады және әлемнің болашағы көпшілік жағдайда ынтымақтастықты, халықтардың өзара мәдени­ қа-тынастарын түсінумен және олардың саяси лидерлерімен байланысты болады.

Әдебиеттер.

1.Р.Е.Жүншеев, Ө.С.Төкенов, А.Ә.Ізтілеуов. Философия - А., 2007. 351-363 бет.

1. Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. А. Философия - 2002, 374-383 бет.

2. Ғабитов Т.Х. Философия - А., 2002, 276-290 бет.

3. Тұрғынбаев Ә. А. Философия - 2005, 290-295 бет.

4. Алтай Ж.,Қасабек А.,Мұхамбетали Қ.А.Философия,1999.