Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций фил каз.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
557.57 Кб
Скачать

2. Сан және сапа өзгерістерінің өзара бір-біріне өту заңы.

Бізді белгілі бір өзара байланыстарда және қатынастарда болатын заттар, нәрселер қоршап тұрғанын білеміз. Затты танып білу оның қандай да бір сыртқы, тікелей көріністерінен басталады, бұл көріністер ол заттың басқа заттармен өзара әрекеттесу процесінде ғана туады. Бір заттың басқа заттармен қатынасынсыз және өзара әрекеттесуінсіз олар туралы ештеңе білу мүмкін емес,

Заттардың мәнді қасиеттерінің , белгілердің жиыны оның сапасын құрады. Заттың сапасы оның басқа заттардан сапалық айырмашылығын көрсетеді. Сол айырмашылықтың арқасында бір заттар басқа заттардан өзгеше болады және осының салдарынан шындықтағы бізді тандыратын алуан түрлі сапалық өзгешеліктер түзіледі. «Сапа дегеніміз, - деп түсіндірді бұл категорияны Гегель, - ең алдымен болмыспен тепе-тең айқындылық … Бірдеңе өзінің сапасынан айрылса, онда ол бұрын не болса, сол болудан қалады». Сапа дегеніміз – маңызды қасиеттердің жай жиынтығынан көшендірек нәрсе болып табылады, өйткені ол заттың бірлігін , тұтастығын оның салыстырмалы тұрақтылығын, өзі мен өзінің тепе-теңдігін көрсетеді.

Сапа заттың құрылымдығын , яғни оны құратын элементтердің, қасиеттердің ұйымдасуының белгілі бір формасымен тығыз байланысты, соның нәтижесінде ол элементтер мен қасиеттердің жай жиынтығы ғана емес, қайта олардың бірлігі мен тұтастығы табылады.

Қайсыбір нәрселер тобының сапалық айқындылығы олардың бірдейлігін білдіреді. Әрине, олар өздерінің кейбір қасиеттері жағынан бір- бірінен өзгеше болады, бірақ сапа жағынан олар тепе- тең. Өздерінің сапасы жағынан тепе-тең бола отырып, олардың бір – бірінен тек сан жағынан ғана айырмашылығы болады. Олар көп немесе аз болуы мүмкін, олардың бір-бірінен көлемі, мөлшері, және т.б. жағынан айырмашылықтары болуы мүмкін.

Сан катиориясы абстракциялауды, яғни заттардың сапалық алуан түрлілігіне көңіл аудармауды талап етеді. Танымның жалпы заңдылығы мынадай: алдымен заттардың сапалық айырмашылықтары, ал одан кейін олардың сандық заңдылықтары зерттеледі. Сандық заңдылықтар заттардың мәнін тереңірек танып білуге мүмкіндік береді.

Сан дегеніміз- заттардың біртектілігінің, олардың ұқсастығының көркінісі екенін, соның салдарынан олар көбею немесе азаю, бөліну немесе бірігу және т.с. өзгерістерге ұшырай алатынын жоғарыда айтылғандардан (көлемнен, көбею) көруге болады. Сондықтан сан шамадан, мөлшерден, көлмнен, обьектінің белгілі бір жақтарының даму дәрежесі мен теңдігінен, процестің өту қарқындығынан, құбылыстардың кеңістік – уақыттың қасиеттерінен көрінеді.

Санның сападан елеулі айырмашылығы мынада: заттың сапасын айтарлықтай, өзгеірістерге ұшыратпастан-ақ, оның кейбір сандық қасиеттерін өзгертуге болады.

Сапаның санға тәуелділігін атомдардың сапа жағынан көп түрлілігі мысалынан көруге болады. Атомның әрбір түрлі ядролардың ішіндегі протондардың санымен немесе басқаша айтқанда, элементтердің периодық системасындағы рет санымен анықталады. Бір протоны көп немесе аз болса, атом сапа жағынан өзгеше болады.

Сонымен, заттың сапасы белгілі бір санмен тығыз байланысты. Сапа мен санның бұл байланысы және өзара тәуелділігі шама, өлшем деп аталады. Өлшем категориясы обьектінің бұл жақтарының арасындағы мынадай қарым-қатынасты: оның сапасы белгілі бір санға негізделген, ал сан белгілі бір сапаның саны болған кездегі қарым-қатынасты көрсетеді. Міне, нақ осы қарым-қатынастардың өзгерістері, өлшемнің, шаманың өзгеістері дамудың механизмін анықтап береді: бұл механизм бойынша дамуды қайсыбір тұрақты және өзгермейтін шеңбердегі қозғалыс деп түсінбей, керісінше, ескінің жаңамен ауысуы, бар нәрселердің мәңгілік әрі тоқтаусыз жаңару процесі ретінде түсінген жөн.

Сан өзгерістері үздіксіз және біртіндеп жүріп жатады. Сапа өзгерістері үздіксіздіктің, бірте- бірте жүретін дамудың үзілісі түрінде болады. Мұның өзі даму сан өзгерістері мен сапа өзгерістерінің бірлігі болғандықтан, сонымен бірге үздіксіздік пен үзілістіктің де бірлігі деген сөз.

Егер дамуды осы екі форманың бірлігі ретінде қарауды жоққа шығарса, онда дүние туралы мүмкін екі,бірақ екеуіде бірдей қате мынадай түсініктердің бірін қабылдауға тура келер еді: не дүниенің барлық байлығын, органикалық және органикалық емес табиғаттың алуан түрлі көріністерін, өсімдіктер мен жануарлардың алуан түрлі дүниесін адамды қоса алғанда, барлық уақытта болды және тек сан жағынан ғана өзгерді деп санауға, не болмаса бұлардың барлығы қандай да бір ғаламат жолмен күрт, бірден пайда болды деп топшылауға тура келеді.

Сан жағынан үздіксіз жаму сатысы сапаны өзгертпейді, бірақ ол үшін алғышарттар жасайды.

Сапалық өзгерістердің қай-қайсысы да ескірмелі түрде, секіріс түрінде болады. Қайсыбір процесті аяқтай отырып, секіріс нәрсенің сапалық өзгерісінің моментін, дамудағы бетбұрысты, асулы кезеңді білдіреді.

Секіріс – үздіксіз даму формасында қарағанда едәуір тез болатын даму формасы. Бұл-күні біткен ескілік дамудың жаңа, әлдеқайда жоғары сатылары үшін орын босата отырып, өзгерген кезде болатын неғұрлым тез даму кезеңі.

Дамудың эволюциялық (біртіндеп болатын) және революциялық (секіріс түріндегі) формаларының бірлігі қоғамдық дамудың заңын құрады. Дамудың диалкетикалық концепциясы ойлау жөніндегі ғылымдарда да қызметінің саласында сезімдік бақылаулар, фактілерді зерттеу және біртіндеп жинақтау процесі жалпылаулардың, ұғымдардың, абстракциялардың тууымен «үзіліп отырады»: толып жатқан рет-жүйесіз жеке бақылаулардан, көзқарастардан кейіннен ғылыми теорияларға айналатын гипотезалар құрылады: интуиция «кенеттен» аяқ астынан, түсіндіруге болмайтындай көрінген фактілердің сырын ашып береді және т.б.

Секірістердің, сапалық өтулердің осындай типтік және неғұрлым жалпы формалары деп мыналарды санауға болады: 1) бір сапаның басқа сапаға айтарлықтай тез және бірден айналу формасы: бұл өзіне тән құрылымы бар обьект біртұтас система ретінде, түбірлі сапалық өзгеріске ұшыраған кезде болады және 2) біртіндеп болатын сапалық өту формасы: бұл нәрсе бірден және тұтастай өзгерместен, сапалық өзгерістердің біртіндеп жинақтау жолымен оның жеке жақтары, элементтері өзгерген, сөйтіп осындай өзгерістердің қорытындысында ғанаол бір күйден басқа күйге өткенде болады.