Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций фил каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
557.57 Кб
Скачать

3. Кеңістік пен уақыт ұғымдары

Қазіргі кезде мектепте оқытылатын геометрияның негізгі қағидаларын ертедегі гректер ойлап шығарып, оны өзінін «Бастауларында» түйіндеген Евклид (б.з.д. III ғ.) болатын. Евклидтік геометрия XIX ғасырдың алғашқы ширегіне дейін адамзатқа белгілі жалғыз геометрия больш келді. Осыған байланысты және Кант дәуірінде евклидтік геометрияның аксиомалары (мысалы, «екі нүкте арасындағы ең қысқа қашықтық - түзулік», «түзуліктен тыс нүкте арқылы, дәл сол жазықтықта, берілгенге параллель тек бір ғана түзу сызық жүргізуге болады») ешқандай қысқарту мен түзетулерді көтермейді, олар мәңгіге орныққан жалпы және қажетті шындықтар деген пікір үстем больш келді. Дәл осы сияқты уақыт туралы да жалпы қалыптасқан пікірлер де түзету мен қысқартуды көтермейтін шындықтар деп есептелді. Мысалы, заттарға бағыыбайтын тек бір ғана уақыт бар деп есептелді, өйткені ол уақыт заттар өмір сүре ме, жоқ па, олар тыныштықта ма әлде қозғалыста ма, оған тәуелсіз, ешқаңдай өзгерістерге ұшырамай, бірқалыпты ағып отырады. Мысалы, француз философы Пьер Гассенди (1592-1655) осылай деп есептеді. Ақырында, Кант заманында да заттармен контакт, тәжірибе дегеніміз - бізге белгілі бір әсер қалдыратын заттардың бізге ықпалы, бақылау ғана (соның арқасында зерде түйіндер жасайды); бақылауда жалпы қағидалар, заңдар шығару мүмкін емес, өйткені, сол заңға бағынатын айғақтардың саны шексіз және олардың барлығын бақылау мүмкін емес деп есептелді. Евклвдтік геометрияның аксиомалары бекітілген сәттен бері көптеген ғасырлар бойы адамзат орасан зор тәжірибе жинақтағанына қарамастан, кеңістік пен уақыт туралы жалпы қабылданған пікір ешқандай өзгеріске ұшыраған жоқ. Олардың шынайылығы ешқандай күмән туғызған жоқ және Кантқа дейінгі ірі ойшылдар да мүндай пікірлердің қайнар көзі тәжірибе емес деп түйіндеді.

Заттарға тән норселер туралы біз тек олармен контакт жасау арқылы ғана, тәжірибе арқылы біле аламыз деп пайымдады Кант. Кеңістік пен уақыт туралы біздің пікірлеріміз тәжірибеден алынған жоқ, демек, олардың қайнар көзі сыртқы заттарда емес, біздің өзімізде, біздің ақылымызда. Және Кант былайша түйіндейді: кеңістік пен уақыт туралы көзқарас біздід ақылымызға барлық пайымдауға дейінгі, барлық тәжірибеге дейінгі «пайымдаудың формасы» ретінде тән, ешқандай тәжірибе осы формаларсыз мүмкін емес, барлық тәжірибеде біз оларды пайдаланамыз. Кеңістік пен уақыт - бұл біз онсыз заттарды көре алмайтындай көзілдірік тәрізді. Жасыл көзілдік барлығын да жасыл етіп көрсетеді. Кеңістік пен уақыттың көзілдірігі барлығын да кеңістік пен уақытта өмір сүретін етіп көрсетеді. Бірақ бұл көзілдірік біздің санамызға тән, онсыз кеңістік те, уақыт та жоқ.

ХІХ-ХХ ғасырлар кезеңі - бұл математика мен жаратылыстанудың қарқынды дамыған дәуірі. Математикада метрикалық геометрияның (онда тек шамалас фигуралар ғана эквивалеитті деп саналады) ізінше проективті геометрия (онда көлемнен алшақтайды және эквиваленттілік үшін бір-бірінің перспективасы болатын екі фигура жеткілікті) қалыптасты. Геометриялық кеңістіктер өлшемдерінің саны ендігіжерде үшеумен ғана шектелмейді. Құбылыстардың өте кең шеңберін қамтитындай топология (онда эквивалентті фигуралар тек үздіксіз өзгерістермен ғана байланыстырылады) қальштасты. Ақырында, геометриялық және геометриялық егес математикалық объектілер арасындағы айырмашылықтардан алшақтайтын теориялармен қатар көпшілік және құрылым сияқты кең ұғымдар да пайда бола бастады. Өте жалпы және алшақтаған теориялар мен ұғымдарды қалыптастыра отырып, математиктер жүйелер құра бастады. Бұл жүйелерде сәйкес шектеулерді ретімен қабылдау жолымен неғұрлым кең және жалпы теориялардан логикалық жолмен анағүрлым тар, арнаулы теориялар туындайды. Көпшілік теориясы негізінде барлық кеңістік ұқсас қатынастар туралы ілім (топология), кейінірек біздің әдеттегі көзқарасымызға жақынырақ проективті-кеңістіктіх қатынастар туралы ілім (проективтігеометрия) және ақырында бізге күнделікті тәжірибеден және мектеп курсынан белгілі евклидтік геометрия бөлініп шықты. Мұнда мынадай маңызды нәрсені ескеру керек. Біз күнделікті бақылайтын сыртқы заттардың кеңістіктік сипаттамалары математиктердің ойша құрылымдарында заттардың жалпы сипаттамасының соңғы логикалық салдары (мұның алғашқылары о баста математиктер үшін бастапқы пункт болғанына қарамастан) екендігінен бұл кеңістіктік сипаттамаларды математиктер ойлап шығарған, ал заттардың өздері оларға ие бола алмайды деген пікір туындамауы керек.

Алайда неопозитивистер дәл осылай түйін жасайды. Р.Карнаптың көрсетуінше, көпшілік теориясы негізінде біз «тәжірибе және пайымдаумен анықталатын логикалық емес құрамдас бөліктерге бағынбайтын» қатынастар құрылымын құрастырып және ешқандай қашықтық та, түзулік те жоқ топологиялық көпөлшемді кеңістік қалыптастырамыз. Сонан соң олардың мәнін өз қалауымызға орай «еркін» анықтай отырып, қашықтық пен түзулік ұғымдарын енгіземіз, «тәжірибелік айғақтар бізді бүған мәжбүрлей алмайды». Осылайша табиғаттың белгілі метрикалық кеңістігі пайда болады. Демек, жаратылыстанымның және біздің күнделікті өміріміздің кеңістігі - бүл ешқандай тәжірибеге де, ешқандай сыртқы әлем заттарына да қатысы жоқ, біздің ақыл-ойымыздың туындысы.

Келесі бір позитивист Ганс-Рейхенбах (1891—1953) физикада тегі бір құбылыстарды кейде әр түрлі теориялар сипаттайтын жағдайын ескере отырып, барлық теориялар, оның ішінде уақыт теориясы да ғалымның белгілі бір тілді қолдануға шешім қабылдағанын ғана білдіреді, ал уақыттық қатынастардың объективті өмір сүруі туралы сөз қозғаудың мәні жоқ деп есептейді. Әдетте, уақыт өткеннен қазіргі арқылы болашақка қарай ағады деп айтады. Алайда дәл сол негізде ол болашақтан өткенге қарай ағады деп санауға да болады - барлық айырмашылық тек тілде ғана. Қайсы тіл дұрыс? - деп сұрайды Рейхенбах және өзі жауап береді. Бұл, әрине, мағынасыз сұрақ. Әрқайсысы өзінше дүрыс. Тілдер эквивалентті және уақыттық қатынастардың біздің санамыздан тыс өмір сүретіндігін дәлелдей алмайды.

Ағылшын философы Джон Эллис Мак-Таггарт (1866-1925) тап осындай түйінге басқа жолмен келеді. Оның пікірінше, әрбір айғақ бір кезде уақыт өткен сайын бізге қарай жақындай түсетін болашақ оқиға болған еді. Ал ол жүзеге асқаннан кейін өткенге айналады. Әрбір оқиға бір мезетте болашақ, келесісінде - қазіргі, үшіншісінде - өткен болып табылады. Бірақ осы мезеттердің әркайсысының өзі - ол да оқиға және оның да болашақ, қазіргі және өткен мезеттері бар. Бұл мезеттердің өзі де оқиғалар және осылай шексіз кете береді. Демек, бұл біткен оқиға оқиғалардың таусылмас мөлшерін құрайды. Мак-Таггарт бойынша уақыттың объективті өмір сүруін мойындау осындай қайшылықты қорытындыға әкеледі. Нақты кұбылыстың өзі ішкі қайшылықта болмайтындықтан, уақыт тек біздің санамызда өмір сүреді. Ал шын нақтылықтың өзінде ешқандай уақыт жоқ.

Бұл қағидалардың жарқын дәлелі мен нақтылануы салыстырмалылық теориясынан көрінеді. Егер екі жүйенің кеңістік жағдайлары бір-бірімен салыстырғанда өзгеретін болса, оның біреуін санау жүйесі ретінде қабылдап, ал екіншісін біріншісімен салыстырғанда қозғалыста деп қарастыруға болады. Арнайы салыстырмалылық теориясы бойынша, санау жүйесіндегі бір уақыттағы екі түрлі оқиға қозғалушы жүйеде бір уақтылы емес. Санау жүйесіне салыстырмалы қозғалыс жүйесіндегі үдеріс (процесс) санау жүйесіне қарағанда жайырақ жүреді. Сириусқа қарай және онан кері секундына екі жүз қырық мың шақырым жылдамдықпен ұшқан ғарышкер тоғыз жылға қартайса, ал Жердегі онымен жасты қатарласы он бес жылға қартаяды. Егер қозғалушы жүйеде онымен салыстырғанда қозғалыссыз дене болса, бүл дене санау жүйесіндегі қозғалыстың бағытына қарай өз көлемін кішірейтеді. Мүның бәрі - оқиғалардың бір уақтылығы мен денелердің ұзындығы оқиғалар жүзеге асатын, денелер орналасатын материалдық жүйелерге тәуелді екендігін көрсетеді.

Арнайы салыстырмалы теория бойынша барлық материалдық объектілердің өмір сүру формасы біртұтас кеңістік-уақыт больш табылады, ал кеңістік және уақыт сол тұтастықтың айырылмас қырлары ретінде көрінеді. Оқиғалар мұнда шамалары барлық санау жүйелерінде сақталатын бірдей кеңістіктік-уақыттық интервалдармен байланыстырылады. Оқиғалар арасындағы уақыт интервалы - әр түрлі санау жүйелерінде, бірінде уақыт интервалы қысқа, екіншісінде - ұзақ, әр түрлі болып көрінетін қырының кеңістіктік-уақыттық сипаттамасының тек бір жағы ғана. Кеңістіктік интервалда да - дененің ұзыыдығында да осылай.

10 Тақырып.

Жалпы даму және байланыс философиясы

1. Философия жалпы методология ретінде. Тәсіл және әдістеме ұғымы.

2. Диалектика және метафизика шындықты түсінудің қарама-қарсы әдістері.

3. Диалектиканың негізгі заңдары мен категориялары, олардың сипаттары.

1. Қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңы.

Нәрседе өзгерістер болып жататындықтан ол ешқашан өзіне -өзі тепе-тең болмайды және іштей қайшылықты түрде өмір сүреді. Сан мен сапа арасындағы қайшылықтар жалпы заң көріністерінің бірі ғана, осы жалпы заң бойынша барлық заттар мен құбылыстарға ішкі қайшылық тән, ал бұл қайшылық олардың дамуының қайнар көзі мен қозғаушы күшін құрады. Ойдың қайшылықтары немесе «логикалық қайшылықтар» бар екені сөзсіз, олар логикалық дәйексіздіктің, логикалық қатенің салдары. Біз дәл қазір бір зат туралы бір мезгілде және бір тұрғыда бірін-бірі теріске шығаратын екі пікір айтатын болсақ (мысалы, « Бұл стол дөңгелек» және «Бұл стол дөңгелек емес» десек), онда мұндай ой қайшылығына жол беруге болмайды. Ғылыми теорияларда мұндай қайшылықтардың орын алуы ол теориялардың ақиқат еместігін немесе әлі де болса шикі екенін көрсетеді.

Абсолютті түрде тепе-тең келетін заттар, құбылыстар дүниеде жоқ. Біз кейде қайсыбір обьектілерді өзара салыстыра келе оларды ұқсас, тепе-тең деп айтатын болсақ, онда бұл ұқсастықтың өзі олардың бір –бірінен әйтеуір бір айырмашылығы бар екенін, бірдей емес екенін көрсетеді, әйтпесе оларды салыстырудың ешқандай мағынасы болмайды. Демек, бұл екі затты жай ғана сырттай салыстырғанның өзі-ақ тепе-теңдік пен айырмашылықтың бірлігін ашып береді: әрбір зат бір мезгілде басқа нәрсемен тепе-тең әрі одан өзгеше. Міне, осы аса қарапайым мағынада алғанның өзінде-ақ тепе-теңдік абстрактілі емес, нақты, басқаша айтқанда, онда айырмашылықтың да, тепе-теңдіктің де жақтары бар болып шығады.

Диалектикалық теорииялық нәрсе бір мезгілде әрі өмір сүреді, әрі өмір сүрмейді деген тұжырымдауын тек мына бір мағынада ғана түсіну керек: нәрсе тұрақтылық пен өзгергіштіктің, оң мен терістің , өліп бара жатқан мен туып келе жатқанның және т.б. бірлігі болып табылады. Ал мұның өзі әрбір нәрсе, әрбір құбылыс қарама-қарсылықтардың бірлігі деген сөз. Бұл ұғымның мәні ең алдымен мынада: барлық объектілер ішкі қарама-қарсы жақтар, тенденциялар тән. Ішкі қарама-қарсылықтар кез-келген объектінің және процестің құрылымына тән ажытағысыз қасиеттер. Мұнымен қатар әрбір объектінің немесе объектілер тобының өзднріне тән ерекше қайшылықтары болады, ал оларды нақты талдау жасау арқылы ашу керек.

Қарама-қарсылықтардың өзара шарттастығы диалектикалық қайшылық ерекшеліктерінің тек бір жағы ғана болып табылады. Оның екінші бір ажыратуға болмайтын жағы – олардың бірінен –бірі өзара терістеуі. Біртұтастықтың жақтары қарама-қарсылықтар болып табылатындықтан, олар тек өзара байланыс күйінде ғана болмайды, сондай-ақ өзара терістеу, өзара алшақтау күйінде де болады. Бұл жағдай қарама-қарсылықтың күресі деген ұғыммен тұжырымдалады. Бұл заң диалектикалық дамудың мынадай бір аса маңызды ерекшелігін ашып береді: қозғалыс, даму - өзіндік қозғалыс, өзіндік даму деген ұғымның ең алдымен терең материалистік мәні бар. Ол – дүние белгісіз бір сыртқы себептердің салдарынан дамымай, өз заңымен , материаның өз қозғалысының заңымен дамиды деген сөз. Қайшылықтар өзгермейтін, қозғалмайтын бірдеңе емес. Пайда болғаннан кейін нақты қайшылықтардың қай – қайсысы болмасын дамиды, белгілі бір сатылардан, баспалдақтардан өтеді. Бұл процесте негізгі екі кезеңді атап көрсетуге болады: 1) нәрсеге тән қайшылықтардың даму, өріс алу кезеңі; және 2) Бұл қайшылықтардың шешілу кезеңі. Өз дамуының бастапқы кезеңдерінде қайшылық айырмашылық, яғни әлі өріс алмаған қайшылық сипатында болады. Содан кейін айырмашылық тереңдей түседі де , қарама-қарсылыққа айналады, бұл қарама- қарсылықты енді беті ашылған қайшылық деп түсіну керек.

Екінші кезең – қайшылықтың шешілу кезеңі – қарама – қарсылықтардың даму және күресі процесінің заңды түрде аяқталуы болып табылады. Диалектика қайшылықтардың барлық мүмкін болатын түрлерінің қандай да бір «тізімін» жасап беруге ұмытылмайды. Оның міндеті көбнесе құбылыстарды қарастырудың «стратегиясын» көрсетіп беру. Нақты нәрселердің нақты қайшылықтары қандай, олар қалай шешіледі – бұл мәселелерді ғалымдар білімнің тиісті салаларында анықтауға тиіс. Қоғам өміріндегі қайшылықтар әлеуметтік формада көрінеді – олар антагонистік және антагонистік емес қайшылықтар болып екіге бөлінеді. Қайшылықтардың антагонистік түрі мақсаттары мен мүдделері түбірінен қарама-қарсы бір – біріне жау қоғамдық күштердің, таптардың арасындағы қайшылықтар . Қайшылықтардың антагонистік емес түрі – тұрмыс жағдайлары олврдың түбегейлі мақсаттары мен мүдделерінің бірлігін айқындап беретін таптардың, әлеуметтік күштердің арасындағы қайшылықтар. Еңбекші таптар – жұмысшы табы мен шаруалар арасындағы қайшылықтар – дәл осындай қайшылықтар.

Объектіні сипаттайтын және оның дамуын пайда болғаннан біткеніне дейін анықтап беретін қайшылықтарды негізгі қайшылықтар деп түсіну керек; олар барлық басқа қайшылықтардың, яғни негізгі емес қайшылықтардың тууына жағдай жасайды.

Барлық жоғарыда айтылғандарға қорытынды жасай келе, біз енді қарама –қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңының мәнін анықтай аламыз.

Бұл заң бойынша, барлық заттарға, құбылыстарға, процестергеішкі қайшылықтар, өзара байланыста және өзара теріске шығару күйінде болатын қарама-қарсы жақтар мен тенденциялар тән; қарама-қарсылықтардың күресі дамуға іштей күш береді; белгілі бір кезеңде ескінің жойылуы және жаңаның тууы арқылы шешілетін қайшылықтардың дамына әкеледі.