Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тезисы лекций фил каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
557.57 Кб
Скачать

Қазақтың түркі тілдес философиясы

Түркі халықтарының өкілдері де Араб, парсылармен қатар Шығыс мәдениетінің өркендеуіне өз үлестерін қосқаны тарихтан белгілі. Олардың қатарына Жүсүп Баласағұн, Ахмет Иассауи, Махмут Қашқари, Ахмет Иугүнеки, Сулеймен Бақырғани сынды ұлы ойшыл ғұламалар жатады. Олар қазақ және басқа түркі халықтарының көне әдебиетінің беделді өкілдері атанды.

1. Жүсіп Баласағұн - ХҮ ғасырдың аса көрнекті ақыны, ойшыл, философ, энциклопедист, ғалым, белгілі қоғам қайраткері. Оның есімін әлемге танытқан «Құтты білік» кітабы - түрік халықтарының тілінде жазылған алғашқы энциколопедиялық еңбек. Ақын Жүсүп Баласағұни «Құтты білік» дастанын хижра есебі бойыша 462 жылы, яғни жаңаша жыл санау есебі бойынша 1070 жылы жазып бітірген.

Бұл дастан - мемлекеттік басқару үдістерін, адамгершілік принциптерін, қоғамдық-саяси мәні бар түрлі ережелер мен заңдарды, әдет-ғұрыптар нормасын қамтиды, энциклопедиялық дәрежеде жазылған көркем туынды. Дидактикалық сарында жазылып, бұл дастанда қарапайым халықтан бастап, Бограханға дейінгі түрлі дәрежедегі әлеуметтік топтардың, түрлі кәсіп иелерінің мінез-құлық нормалары қандай болу керек, олардың әрқайсысының қоғамнан алатын орны қандай болуы тиіс екені баянадалады.

«Құтты білік» дастанының басты идеясы 4 принципке негізделіп жазылған: бірүншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін әділ заңның болуы. Автор әділдіктің бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге бақ қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселелсі дастанға патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылады. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл парасаттың қоғамдық ролі. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш бейнесі арәылы әңгіме болады.

«Құтты білік» дегенде айтылатын «білік» формасының 2 түрлі мән мағынасы бар. Бірі - «білім», екіншісі -«билік ету», «басқару». Ал «Құтадғу» сөзінің негізі «құт» сөзінен, яғни «бақыт» екені мәлім. Сонымен бірге, «Құтадғу» сөзі «мәртебелі» деген мағынаны білдіреді. Сондықтан зерттеуші - ғалымдар кітаптың атын «Бақыт сыйлатын білім», «Патшадарды ақылға шақыратын білім», «Бақыт кітабы», «Бақытты етуші кітап», «Басқару туралы білім», «Бақытты етуші басқару», «Құтты білім», т.б. деп аударады.

Түркі халықтарының орта ғасыр кезінде бір жола араб жазуына көшуі өмірге көптеген ғылыми дүниелерді алып келді. Сонымен қатар бұл кез шығыс әлемінде суфизм ағымының әсері күшейіп, дами бастаған кезі еді. Осы шақта ел бірлігін, халықтың татулығын адамгершілік пен имандылықты, аллаға адалдықты көксеген, ақын-шайырлар тобы тарих сахынасына шықты. Олардың ішінде еркше талантымен көзге түскендер - хорезмдік А.Иүгінеки, А.Иассауи, С.Бақырғани, тағы басқа да софылық әдебиет өкілдері болды.

2. Ахмет Иассауи жөнінде ел арасынла көптеген аңыз-әңгімелер тараған. Тарихи деректерге жүгінсек, ақын ежелгі қала Исфиджабта Ибрахим ибн Махмуд деген диханның құлы түнде дүниеге келген. Ахметтің әкесі өте діндар, құдай жолын ұстаған атақты шайырлардың бірі болған секілді. Оның туған күні мен жылы белгісіз. Өлген жылы - 1166.

Ата-анасынан ерте айырылған Ахмет Иассауи атақты түркі шейхы Арыстан баб және Жүсіп Хамадани деген шейхтардан тәлім-тәрбие, білім алады. Білімін Бөхарада жалғыстырады. Өзінің ұстазы қайтыс болған соң көп ұзамай туған қаласына оқымысты адам, соңғы рет күнге қайтып оралады. Ал ержете келе оның түркістанға келуі дінге байланысты болса керек.

Ахмет Иассауи - ХҮ ғасырда көне түркі тілінде жазылған «Диуани Хикмет», яғни «Даналық кітабының» авторы. «Диуани Хикмет» оғыз-қыпшақ тілінде өмірге келген, өте қарапайым, көпшілікке түсінікті тілмен жазылған төл әдеби туынды. «Хикметтің» түп нұсқасы сақталмаған. Бізге жеткені XV-XVI ғасырлардағы көшірмелері ғана. Көшірмелері өте көп, олар негізінен Стамбулда, Қоқанда, Ташкентте, Мәскеуде, Алматыда сақтаулы.

«Диуани Хикметті» негізінен 4 нәрсеге аса көңіл бөлінеді. Олар: шариғат, тарихат, хақихат, мағрифат.

«Шариғат» - ислам дінінің заңдары мен әдет-ғұрыптарының жинағы; «тарихат» - сопылықтың идеясы, мұрат-мақсаты, сопылық мүддесіне жеткізетін жол, «хақихат» - Құдаймен бірігу, оған жақындау «мағрифат» - дін жолын танып, оқып білу. Иассауидің ойынша, «щариғатсыз», «тарихат», «тарихатсыз» «мағрифат», «мағрифатсыз» «хақихат» болуы мүмкін емес. Бұлардың бәрі екіншісіне өту үшін қажетті басқыш болып табылады.

Иассауидің басты көздеген мақсаты - Құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи былай дейді: «Кімде-кім Құдайды есіне алса, ол онымен өзінің табысқанын көре алады».

Иассауи суфизмнің ең биік шыңы - оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізуі еді.

Суфизмдегі негізгі доктрина Құдайды мистикалық сүю болып табылады. Сопылар мистикалық сүю арқылы эстетикалык ұмтылыстарымен, жан-жүйесінің азап шешуімен және кездесуге құлшынумен Құдаймен табысуға тырысады.

Ахмет Иасауи адам мен қоғам мәселелеріне де назар аударып, оларға дәстүрлі мұсылмандықтан айырмашылығы бар ұсыным беруге әрекет жасайды. Оның дүниеттанымында этикалық ойлар да басым. Иассауидың этикалық көзқарастары Құдай және оны тану туралы ілімімен тығыз байланысты. Ол адам бойында кездесетін даңққұмарлық, күншілдік, екіжүзділік, надандық, кекшілдік, алдау сияқты жаман әдеттердің болатынын өкінішпен айтады. Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлары дін арқылы түсіндіріледі. Жақсылық пен жамандық, әділеттік пен әділетсіздік, адамның жақсы және жаман іс-әректтері сияқты моральдық сипаттары оның Құдайға сенуіне байланысты болады. Өмірдің мағынасы аллаға, хаққа жалбарынып, құлшылық ету, күнәдан тазару. Жаратқанға деген сенім - ішке жиналған қасиетті нөр.

Ахмет Иассауи тек дін насихатшысы ғана емес, сонымен бірге, ол адам бойындағы ізгі қасиеттерді көкке көтере мадақтаушы, өз оқырманын әділ, мейірімді, сабырлы, жомарт, кішіпейіл, болуға шақырған ойшыл ақын.

3. Махмуд Қашғари - он бірінші ғасырда өмір сүрген әдбиетші, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, зерттеген ойшыл-философ, белгілі саяхатшы, «Түркі тілдерінің жинағы» («Диуани лұғат ат-түрік») кітабының авторы. Ол өз заманындағы түркі, араб грамматикасын жасап, жетік білген. Бүкіл түркі ру-тайпаларды аралап, олардың тіл ерекшелігін, сөздік қорын зерттеген. Сөйтіп, түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасын жазған.

Махмудтың өзінің айтуынша, «Диуанды» жазудан бұрын ол түрүктердің барлық елі мен даласын аралап шыққан. Ол Қашғардан бастап, бір жағы - Жетісу, Мауараннахр, Хорезм, ал екінші жағы Римге дейін аралап, олардың тұрмыс-салты, тіл, ауыз және жазба әдебиеті, тағы басқалар бойынша көп материалдар жинайды. Бұл сөздікті жазудағы негізгі мақсаты түркі тілінің мәртебесін жоғары көтеріп, оның араб тілінен ешқандай кемдігі жоқ екендігін дәлелдеу болған.

Махмуд Қашғаридің «Диуаниі» түріктердің энциклопедиясы болып табылады. Онда көптеген тарихи, мәдени лингвистикалық, этнографиялық материалдар жинақталып талданған. Бөл еңбек көп саяхаттың, зерттеудің жемісі болды.

Бұл шығарма мазмұны жағынан сол дәуірдегі түркілердің қоғамдық өмірі мен рухани дүниесінің, ойтанымының сан алуан өзіндік сипатын әр жақты қамтитын материалдарды бес салаға бөліп қарастырған:

Белгілі бір тайпаға мәндігі дәл көрсетілген сөздер қоры (лексикасы);

1. Түркі тайпаларының мекен қоныстары жайындағы мәліметтер

2. Түркі тілдерін топтастыру

3. Түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер

4. Түріктердің тарихи географиясы, этнографиясы, поэзиясы және фольклоры жайындағы мәліметтер.

Махмуд Қашғари өз еңбектерінде адамдарды өнер-білімге, әдептілікке шақырып, адамгершілік, мораль, этика, мәселелерін сөз етеді. Оның түркі халықтарының бәйіттерінде табиғат сұлулығы, махаббат, көркемдік, Үлкен парасаттылық, білім, батырлық суреттеледі. Қашғаридың қайсібір бәйіттерін алмаңыз, үлкен философиялық-этикалық ой-тұжырым, парасат, табиғат көріністерін, білімділікті негізгі арқау етіп алған.

П.Лафарг «Диуани Лұғат ат-түрік» шығармасын «Халық көңіліндегі қайғы-қасірет пен қуаныштың серігі, білім қазынасы, дүние және философиялық кітабы екені даусыз», - деп жазады.

Қорыта айтар болсақ, Махмуд Қашғари қалдырған бұл рухани мұраларының кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес асыл қазына екендігіне үлкен мән бере отырып, барлық түркі халықтарына ортақ энциклопедиялық тұрғыда жазылған аса құнды мұралардың бірі деп танып білеміз.

4. Ахмет Иугүнеки - негізгі шығармасы «Ақиқат сарайы» («Хибатул хакаик») деп аталады. Бұл дастан орта ғасырдағы тіркі тайпаларына түсінікті тілде, яғни Қараханид түріктерінің тілінде жазылған екен. Оның басқа да шығармалары болуы керек, бірақ бізге жеткені, сақталып қалғаны осы ғана.

Ахмет Иугүнеки Сыр бойындағы Түркістан қаласының Жүйнек деген елді мекенінде дүниеге келіпті. Оның ақындық өмірі мен ғылымдық қызметері жайында толық мәліметтер жоқтың қасы. Шығарманың ең көне толық жазбаларының бірі - Стамбул қаласында сақталғаны.

Ахмет Иугүнеки философиялық поэзиясы дүниенің философиялық тұрғыдан көрі білудің, адамгершілік шабыттың, гуманистік бақыттылықтың айқын үлгісі болып табылады. Гуманистік принциптің мәні өзі сияқтыларды құрметтеуді талап етеді, өйткені барлық адамдар туасы тең. Адамның адамгершілік қасиеттері туа біткен емес, өмірде қалыптасады, тәрбие жағдайларына, үйретілген әрекет қимылдарына тәуелді болады. Өзге қасиеттер адамның өзіне, оның мінез-құлқы мен біліміне байланысты. Бұл гуманистік принципті мойындау Ахмет Иугүнеки орта ғасырлағы әкүмдер мен ақсүйектердің адамгершілік қасиеттерінің туабіттілігін мойындайтын көптеген ойшылдардан бөлек қарастырғандығын көрсетеді. Бұл принцип қарапайым халықтың әулеметтік теңсіздігіне сын көзбен қарауға бағытталды. Теңсіздік идеясын Иугүнеки мүлік теңдігін талап етуге дейін жеткізеді. Адамгершілікті бағалаудың феодалдық сословиялық қоғамда қалыптасқан өлшемдерін кіналай отырып, Иугүнеки адамның беделі мен қазіргі оның ізгі естерімен мінез-құлқымен анықталады дейді. Ол білімді ізгіліктің негізі деп қарайды. Білімді жоғары бағалады, өйткені адам соның көмегімен жетіледі. Иугүнеки қоғам мен адамның өзара ықпалын көркем формада талдап, өз тұсындағы қоғамның адамгершілік, әулеметтік нормалары мен байлықтарын дұрыс саралауға тырысты. Оның поэмасы жақсылық пен жамандық, сараңдық пен мырзалық, қайырымдылық пен дүниеқоңыздық, тағы басқалар сияқты ежелден бергі этикалық философиялық проблемаларға арналған. Иугүнекидің рационалистік идеялары адамның ақыл-ойын, білімі мен мәдениетін аса қадірлеуінен айқын көрінеді. Оның адамгершілік дидактикасы, дүниеге көзқарасы жалпы гуманистік және өз заманына сай пргрессивтік сипатта болды.

Қожа Ахмет Иассауидің ізбасары, шәкірті, сопылық ілімді одан әрі дамытушы Сүлеймен Бақырғани Сыр бойын мекендеген түркі тайпаларының тілінде қара сөзбен жазылған «Хакім ата» (яки «Бақырған»), «Ақыр заман» атты кітаптардың авторы. Оның бір ерекшелігі өз дәуірінде жазба әдебиет саласында көрінген, өз хикаяларын прозамен жазып көрсете білген.

Бақырғанидың өмірі мен қызметі жайлы толыққанды дерек жоқ. Көп ғылыми шығармалары біздерге белгісіз. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол Сыр бойындағы тіркі тайпаларының арасында туып өскен, кіндік қаны тамған жер - Түркістан. Жастық шағында Сүлеймен көп ізденіп, шығыс халықтарының тұрмысы мен тыныс-тіршілігі, тарихы мен мәдениетімен жан-жақты танысады.

Бақырғанидың «Хакім атасы» Ахмет Иассауидің «Диуани Хикметі» сияқты халыққа өте түсінікті, ұғымды тілмен жазылған. Кітапта дін, суфизм идеялары өте басым. Сондай-ақ шығыстың прозалы әдебиет әсері де өте қатты байқалады.

Бақырғанидың суфизм ағымына жақын жері - оның шығармашылығындағы шарап туралы айтқандары. Суфизм ұғымында шарап ішу - Құдайға ғашық болудың белгісі. Сопылар Құдайды ғибадат (шариғат) жолымен емес, жүрекпен, шарап арқылы таниды.

Шығармада әйелдер теңсіздігі, әйелдердің азаттық арманы туралы да сөз болады.

Сүлеймен Бақырғани өзінің замандасы әрү ұстазы Ахмет Иассауи қайтқаннан 20 жылдай уақыт өткеннен кейін 1186 жылы дүниеден қайтыпты деген пікірлер бар. Түйіндеп айтар болсақ, Сүлеймен Бақырғани өз шығармаларын түркі тілінде жазып, түркілік мәдениеттің өсіп дамуына, қалыптасуына үлкен ықпалын тигізді.

5. Мұхаммед Хайдар Дулати жан-жақты төлтума төлға: мемлекет қайраткері, әскербасы, тарихшы, ақын, философ, жаратылыстанушы, этнограф, дипломат, психолог және діни дегдар. Ол 1499 жылы Ташкентте дүниеге келіп, 1151 жылы Кашмир өлкесінің билеушісі болып тұрғанда, оқыс оқиғадан түскен жарақаттан мезгілсіз, қайтыс болады. Дулати белгілі мемлекет қайраткері

Мұхаммед Хайдар Дулатидың басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и-Рашиди». Одан қалған тағы бір үлкен мұра «Жаһан наме» атты еңібегі. Бұл еңбектердің бүкіл Орта Азия халықтарының оған қоса Индия, Тибет, Ауғанстан, Иран, тағы басқалар сияқты мемлекеттердің халықтарының тарихи, географиялық, геоботаникалық, палеоэкономикалық, топономикалық, этнологиялық, этникалық және тарихи жағын зерттеуде бүгүнгі күні қажет, деректік мәні зор.

«Тарих-и-Рашиди» құрылымында тарихи өмір шындықтары, мемлекет тарихы, мемлекетті басқару, мемлекет қайраткелерінің саяси, азаматтық келбеті, өнер мен білім, мәдениет, философия, дін, заң, жаратылыстану және басқа ғылым салалары бойынша мол мағлөматтар, бағалы деректер бар. Алайда мұншалық мол мағлөматтар, бағалы деректер ғылыми, ғылыми-теориялық тұрғыда талданбайды, жинақталмайды, тиісті теориялық қағидалар немесе тұжырымдар негізделмейді. Автор нақты өмір құбылыстарын, олардың белгілі бір ортақ немесе дара ерекшліктеріне, заңдылыәтарын көркем баяндайды, оларды талдап, саралап, тиісті жерінде пікір түйіп, өз ойларын да ұсынып отырады. Ол өзі көрген, естіп не оқып білген өмір құбылыстарын тұтасып, жалғасып, өзара байланысып, сабақтасып жатқан күйде суреттейді, болған оқиғаның, істің сипатын, мазмұнын, мезгілі мен мекенін, себебі мен салдарын, орындалу амалы мен құралын, пәнін, тағы басқаларды көрсетеді. Осындай баға жетпес мұра қалдырған ұлы тұлға Мұхаммед Хайдар Дулати - қазақ тарихының атасы деп атау орынды бомақ.

Қоғамның дамуына, экономикалық өркендеуіне, ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлі-нуіне байланысты, қазақ халқынан философиялық ой-пікір қайраткерлері шықты. Бұлар негізінен қазақтың кемеңгер ойшыл, ақын-жыраулары еді.

Абай Құнанбаев (1845-1904)- қазақтың ұлы ақыны. Абайдың философиялық ой-пікірі ХІХ-ғасырдың екінші жартысында қалыптасты. Ол кездегі қазақ қауымын толған-дырған басты мәселелер: Құдай мен табиғат, адам мен құдірет, жан мен тән, өмір мен өлім туралы болды. Абай да алға басарлық тұрғыдан жауап беруге тырысты.

Абайдың антропоцентристік, гуманистік көзқарастары. Абай өзінің философия-лық көзқарасында: дүниенің, әлемнің обьективтік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бірқалыпта тұрмай бей-не бір ағып жатқан судай әрекеттеніп, өзгеріп отырады деп таниды. Бұл жөнінде Абай былай деп тұжырымдайды: «Дүние бір қалыпта тұрмайды, адамның қуаты да өмірі бір қалыпта тұрмайды», «Дүние - үлкен көл, заман - соққан жел», «Алдыңғы толқын - ағалар, артқы толқын інілер» дейді.

Абай адамды дүниенің ең маңызды бөлігіне жатқызады, Абайдың баяндауынша: адамның хайуаннан айыратын екі үлкен қасиет бар. Оның бірі: дүниені тану, ақиқатты білу, ғылымды үйрену, екіншісі көпке пайдалы еңбек істеу. Оны білмеген соң ол жан, адам жаны болмайды, хайуан жаны болады.

«Адам өмірге ақылды болып келмейді - деп жазады Абай, ол елді тыңдай отырып, олардың істерін көре отырып, еңбектеніп жүріп, жақсыны жаманнан ажырата бастайды, сөйтіп ақылды болмақ». Бұл жердегі басты тезис адамдар бірегей моральдық, физикалық және ақыл-ой қабілетімен туатындығына негізделген.

Әрбір тұлғаның ең керекті қажеттіліктеріне жататын құндылықтарын және өз бағам-дарын теріске шығаруды С.Торайғыров қабылдамайды. «Мен үшін» тұғаның адамгер-шіліктік қасиеті дәл осыдан басталады. «Адасқан өмір» поэмасында осы айтылған мәсе-лелерге пайымдама жасалады: «Менің сенімім бойынша бақыттың мәні - бейбітшілікте Бейбітшілік мен үшін – біреулер үшін емес!». Ол, далалық жерлердегі таптардың ара-сында өз мүдделері бір-бірімен келіспейтін, қайшылықтар барына еш күдік келтірген жоқ. С.Торайғыровтың қоғамдық көзқарастары қаналушы қауымның мүддесі жағында. Ол өзінің шығармашылығы жетілген уақытында жеке бақытқа жетуді қоғамдық әділет-сіздікке қарсы күреспен байланыстыра бастады.

Бұл ой С.Торайғыровтың «Адасқан өмір» поэмасыда ақын өзінің демократиялық ой пікірін айқынырақ, таныта түсіп көптеген жылдар бойғы шүбәлілігін талдап қорытқан. Қасіреттердің қайнар көзі туралы сұрақты жаңадан қойып, оған жаңа ой-қорытындылар арқылы жауап береді.

«Адасқан өмір» поэмасы (1918) лирикалық, философиялық, сюжетсіз поэма. Поэма-ның өнбойында адамның өмірі, қоғамдағы орыны, әлеуметтік іс-әрекеті турасындағы топшылау орын алған. Поэмада өмір және оның мәні туралы толғаулардың бір арнаға келіп тоғысқан тәріздес.

Әлеуметтік қайшылықтардың күшеюі, революциялық оқиғалар оны сол басқа да ағ-артушылар сияқты «білім беру жолымен әлеуметтік жауыздықты жоюға болады» деген сенімнің қателік екендігін көрсетті.

Исламдықты сынау С.Торайғыровтың философиялық көзқарастарының негізгі тақы-рыптардың бірі. Өзінің шығармашылығында шындық туралы діни-мистикалық түсінік-терді жоққа шығара отырып, ол әлемді өз дамуында объективті заңдарға бағынышты және ол шетсіз-шексіз мәңгі-бақи бар деп есептеді. Жерді ол, біртұтас, шексіз мате-риалды дүниенің айрылмас бөлігі ретінде қарастырып шексіз әлемнің бір түйір шаңымен теңестірді.

Әлемдегі барлық бардың өзгерістері өзінен-өзі солай берілген. Құбылыстар мен нақ-ты заттар да дәл осылай, құбылмалы деп түсіндіреді. Ойшыл барлық нақтылы заттар-дың және құбылыстардың өткінші сипаттары туралы айтады. Өмір біреулерін күлге айналдырады, басқаларын еркелетеді және мадақтайды.

М. Сералин ағартушылық және бiлiмдендiрудiң мәселесiне үлкен көңiл бөле отыр-ып, надандықты жеңуде, сол дәуiрдегi қазақ ағартушыларының «отырықшы өмiр салты үшін күрес» атты әлеуметтiк мәселесiмен байланыстырды. Осыған байланысты ол мынандай сұрақ қояды: «көшпендi халықтар өнер немесе ғылымда басқа халықтардан жоғары ма?» және өзi осыған «жоқ» деп жауап бередi. Тек қана отырықшы ха-лықтар ғана ғылым мен өнердi игере отырып, өмiрдi билейдi.

Егер де классикалық ағартушылық идеологияда ағартушылық пен бiлiмдендiру үшін «қараңғылық пен надандыққа қарсы күрес» мәселесi ең басты мәселе болса, дамы-ған ағартушылықта шаруашылықтың жаңа жетiлген формасы «жер шаруашылығына көшумен күрес» мәселесi болды.

М. Сералин қоғамдық өмiрдің даму заңдылықтарын бiлу үшін, қоғамдық ғылым-дарға жүгiну пайдалы деп санайды. Бұл бағытта ол тарихи ғылымға көп мән бередi. «Пайдалы ғылымдардың бiрi - тарих ғылымы Тарих әр дәуiрдегi әр түрлi халықтардың қоғамдық өмiрiндегi даму ерекшелiктерi жайлы бiлiм бередi. Тарих тәжiрибесiнiң оң жә-не терiс жақтарын есепке ала отырып, бiз болашақтың даму жолдарын ескере аламыз. Тарихи бiлiм өз тарихи дамуында қазақтармен және басқа халықтармен жасалынған қа-телiктерiнiң қайталанбауынан қорғайды» деп, жазады ол. Бұл тұрғыда М. Сералин ата-бабалардың салт-дәстүрiне қатысты көзқарастарын ортаға салады. Қандай қымбат болса да заман өзгерген сайын, ата-бабалардың салт-дәстүрiнің өзгеретiнiн еске салады, ол. «Жаңа өмiрге сай келмейтіндері, тарих алаңынан кету керек. Айта кететiн тағы бiр жәйт әр дәуiрде өзгерiстер болып отырады. Расында, бұл өзгерiстер бірте-бірте пайда болады, сол себептен оның алғашқы көрінуін де байқамай қаламыз. Бiздiң заманымыздағы бұр-ынғы салттардың кейбiреулерi қазiргiмен салыстырғанда басқаша. М. Сералин қоғамдық даму жолына кедергi болатын салттарға қарсы шықты және қазақтарды одан бас тартуға шағырды..

Жалпы, М. Сералин әлеуметтiк дамуда жалпы ағартушылық тұжырымдамалардағы ағартушылықтың ерекше шешушi ролiнен бас тартқан емес. Экономикалық және әлеу-меттiк жағынан орыстар, өзбектер, армяндар және т.б. халықтар қазақтармен салыс-тырғанда әлдеқайда алға басты. Осыған байланысты ол былай деп сұрақ қояды: «ненiң құрметiне олар алға басты?», «жылдам дамуының себептерi неде?». Бұл сұраққа өзi он-ың себебi: «бiлiм және ағартушылық ғылымында» деп жауап бередi.

Әебиеттер

1. Алтаев Ж., Ғабитов Т., Мұхамбеталиев Ө. Философия және мәдениеттану. Алматы. 2001

2. Қазақ совет энциклопедиясы. Алматы. 1980

3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы. 1991

4. Ерғалиев I.E. Рысқалиев Т.Х. - Қазақ философиясының ерекшеліктері. Философия. Наука. Общество. Алматы, 1997;

5. Ғұмар Қараш. Замана, Алматы, 1994, 122 б

6. Бес ғасыр жырлайды, т. I., Алматы. 1984, 102 б.

7. Шәкәрім Құдайбердиев. Шығ. 158 б.

9 Тақырып. Философиялық ілімнің онтологиялық негізі.

1. Болмыс ұғымы және оның негізгі түрлері.

2. Материяның ғылыми-философиялық ұғымының қалыптасуы. Қозғалыс. Кеңістік және уақыт.

3. Сана. Сананың шығу тегі. Тіл және социомәдениет факторлары, оның қалыптасып дамуындағы ролі.

4. Қоғамдық сана, оның түрлері.

1. Философиядағы адам болмысы мәселесінің қойылуы және даму жолдары

«Онтология» термині грек тілінде екі сөз тіркесінен тұрады: «ontos» - болмыс, «logos» - ілім. Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді. Философияда бұл термин XVII ғасырдан бастап қолданылады. Бірақ, екі жарым мың жыл бойы философтар әлемдегі адамның орны туралы ой толғап келді, соның нәтижесінде философияда осындай ерекше сала қалыптасты. Онтологияда «болу» деген қасиетке ие болатын болмыс мәселесінің сұрақтары қарастырылады. Ондағы онтологияның негізгі категориясы «болмыс» болып табылады.

Философияда адамның маңызды дүниетанымдық, мәселелерін шешу барысыңда ой толғауды ең аддымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы больш табылады. Дүниеге келгеннен кейін адамды мынадай сұрақтар мазалайды: «Қоршаған орта нені білдіреді?», «Ойдың шығу тегі қалай?», «Әлем мен адам болмысының шеткі түпнегізі не?».

Болмыс мәселесі - бұл өз бастауын адамзат баласының қоршаған орта туралы мифтік-діни иллюзиялардан (сағымдардан) бас тартып оның мәнділігіне алғаш рет үңіле бастады. Дамыған теориялық рефлексия арқасында адам нақты әлем туралы, өзі туралы, өзінің нақты жағдайы мен мақсаты, өзінің әлемдегі нақты рационалдық үстемдігінің мүмкіндіктері мен шектері туралы шындыққа жақын көзқарас қалыптастырды.

2. Материяның ғылыми-философиялық ұғымының қалыптасуы

XIX ғ. аяғында - XX ғ. басында ғылымда нағыз революциялық төңкеріс деп санауға болатын жаңалықтар ашылды: атомның радиоактивтілігі, химиялық атомдардың, электрондардың күрделілігі, дененің қозғалыс жылдамдығына байланысты массасының өзгеруі, электромагнит өрісі теориясының дамуы т.б. дүниенің механистік түсінігінің негізін бұзды. Алайда жаңа ашылған құбылыстарды түсіндіруге механикалық зандарды қолдануға болмайтынын идеалистік философия өкілдері материяның сақталу принципінің бұзылуы, материяның "жойылуының" айғағы деп түсіндірді. Материалистік көзқарасты дүниенің механикалық көрінісімен тепе-тең санаған олар материализм енді жоққа шықты деп мәлімдеді.

Ал шындығында, ашылған жаңалықтар дүниені түсіндірудің метафизикалық принциптерінің теріс екенін ғана дәлелдеді. Дүниені механикалық жолмен түсіндіруді теріске шығара отырып, бұл жаңалықтар материя туралы диалектикалық-материалистік ілімнің ақиқаттығын көрсетті. "Материализм қозғалушы материя ретіндегі дүниенің белгілі бір адам айтқысыз неғұрлым күрделі сипаты барлығын емес, электромагниттік сипаты барлығын емес, "механикалық" сипаты барлығын таныпты-мыс деу, - деп жазды В.И. Ленин, - әрине, басынан аяғына дейін жалған сөз..." "Атомның бөлінс беретіні, оның таусылмайтындығы, материяның жөне оның қозғалысының барлық формаларының өзгергіштігі өр уақытта диалектикалық материализмнің тірегі болып келді"1.

Материя құрылымының біртекті еместігі жөне онын сарқылмайтындығы туралы, оның қозғалыс зандары сан алуан екендігі туралы ғылыми деректерге сүйене отырып, В.И. Ленин материяның жалпыланған философиялық ұғымын тұжырымдады: "Материя дегеніміз – адамға онын өзінің түйсігі арқылы мөлім болатын, біздің түйсіктерімізге төуелсіз бола тұрып, сол түйсіктсріміз арқылы көшірмесі, суреті, сәулесі түсетін объективтік реалдықты белгілеу үшін қолданылатын философиялық категория"1.

Материяның бұл анықтамасы философияның негізгі мөселссінің материалистік шешімімен тығыз байланысты. Мұнда біздің біліміміздің объективтік қайнар көзі болып саналатын материя жөне оның танымдылығы атап көрсетілген. Сонымен бірге, диалектикалық материализмнің бұрынғы философиялық системалардан айырмашылығы сол - диалектикалық материализм материяны оның белгілі бір нақты түріне - заттардың бөлшектерінс, сезіммен қабылданатын денелерге т.б. теңемейді. Материя дегеніміз - кеңістік пен уақытта өмір сүріп, қозғалыста болатын, сарқылмас көп қасиеттері бар алуан турлі объектілер мен системалардың сансыз көп жиынтығы. Біздің сезім мүшелеріміз барлық реальды материя формаларының ең болмашы бөлігін ғана қабылдай алады, бірақ барған сайын жетілдіре түсіп ; отырған приборлар мен өлшеуіш құрылғылардың жасалуына байланысты адам таныған дүниенің аумағы ұдайы ұлғайып отырады. Материяның лениндік анықтамасы қазіргі замандағы ғылым танып білген объектілерді ғана емес, сонымен қатар болашақта ашылуы мүмкін объектілерді де қамтиды, оның методологиялық зор маңызы да, міне, осында. Дүниеде шынында бар кез келген заттар, қүбылыстар адам бейнелендіретін объект бола алады. Мұның үстіне, жаңадан зерттелетін заттардың нақты Қасиеттері күнделікті тәжірибенің аумағына жататын заттардың қасиеттеріне ұқсамай, тіпті ерекше болуы да мүмкін. Мөселен, ғылымда ашылған элементарлық бөлшектердің қасиеттері жағынан адамның өз өмірінде күнделікті кездесетін макроскоптық денелерден сапалық ерекшелігі бар, ал мұның өзі біздің материя жайындағы түсінігімізді едөуір тереңдете түседі.

Маркске дейінгі философияда өр түрлі заттардың жөне олардың қасиеттерінің айрықша бір "тірегі" ретінде алғашқы және өзгермейтін материалдық субстанцияны мойындаушылық болды. Диалектикалық материализм мұндай субстанцияның барлығын жоққа шығарды.

Материяның кез келген формасынын құрылымы күрделі, ішкі жөне сыртқы байланысы, қасисттері сансыз алуан түрлі болады. Осыған сәйкес дүние жөніндегі ғылыми теория да томаға-тұйық болмай, одан өрі толықтырылып, жетілдіруге болатыны сөзсіз. Бұрын атом ең қарапайым элемент саналса, кейін оның құрамында элементарлық бөлшектер бар болып шықты. Танымның одан әрі дамуы, сөз жоқ, материяның неғұрлым терең құрылымдық дөрежелерін ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан марксистік философияда субстанция үғымының мәні сапа жағынан өзгеріске ұшырады.

Кейде белгілі бір нәрсе, зат сипатталғанда, олар түрліше қасиеттердің жиынтығы ретінде ғана қаралады. Бұл жағдайда материяның өзі де, шын мөніне келгенде, қасиеттердің жиынтығы деп саналады. Алайда материяны қасиеттер ішінде жоғалтып жіберуге болмайды. Қасиеттер материалдық негізсіз ешқашан өз бетінше өмір сүре алмайды, олар әрдайым белгілі бір объектілерге тән болады.

Материяның әрдайым белгілі бір құрылысы болады, ол нақтылы материалдық системалар түрінде өмір сүреді. Система дегеніміз - өзара тығыз байланысты элементтердің іштей ұйымдасқан жөне реттелген жиыны. Системада оны құрайтын элементтердің өзара байланысы әрбір жеке элементтердің сыртқы ортамен, басқа системалар элементтерімен байланысына қарағанда анағүрлым берік, түрақты және іштсй қажетгі болып келеді. Системаның бір элсментінің өзгеруі оның басқа элементтерінің де белгілі бір өзгерісін тудырады.

Системаларға жөне элементтерге бөлу салыстырмалы. Әрбір система өзі құрамына енетін одан үлкен басқа құрылысының элементі болуы мүмкін. Дәл сол сияқты, егер элементтің ішкі құрылымын, ішкі байланыстарын алып қарайтын болсақ, элементтің өзі де система болып шығады. Бірақ система деген ұғымды осы салыстырмалылығына қарап, құбылыстарға классификация жүргізу үшін оны адам ойдан шығарған субъективті нәрсе деген түсінік туғызбайды. Системалар реттелген тұтас құрылымдар: Галактика, жұлдыздар, күн системасы, Жер (планета есебінде), молекулалар, атомдар т.б. түрінде объективті өмір сүреді. Биологиялық, әлеуметтік системалардың әр түрлі типтері бар. Материяны танып білу оның қасиеттерін, оның системалық ұйымдасуының нақты формаларын зерттеу арқылы ғана жүзеге асады.

Материяның негізгі формалары мен түрлерін әрқайсысы материяны зерттеудің белгілі бір жолы болып саналатын бірқатар белгілері бойынша классификация жасауға болады. Ең жалпылама тұрғыдан алғанда, материяны органикалық емес (тірі емес табиғат системасы), органикалық немесе тірі (барлық биологиялық системалар) жөне әлеуметтік-ұйымдасқан (адам, қоғамдық системалардың алуан түрі) деп болуге болады. Биологиялық және әлеуметтік системалардың бізге тек Жерде бары ғана белгілі, дегенмен материяның өзінен-өзі заңды түрде дамуының нәтижесі ретінде шексіз өлемнің физикалық жөне химиялық қолайлы жағдайлары бар басқа планеталық системаларында да жоғары ұйымдасқан тіршіліктің болуы ықтимал.

Материяның жоғарыда көрсетілген барлық формаларын, олардың неден құралғанын айқындай отырып, құрылымдық белгілері бойынша классификация жасауға болады. Ол, ең алдымен, зат - тыныштықтың ақырғы массасына ие микробөлшектердің, макроскопиялық денелердің жөне ғарыштық систсмалардың жиынтығы. Ол тиісті элементарлық бөлшектерді, атом ядроларын, атомдарды, молекулаларды, макроскопиялық органикалық емес объектілерді, тірі организмдерді, адам жасаған техникалық системаларды, жұлдыздарды, галактикаларды, галактикалар системаларын қамтиды.

Материя жөне оның болмысының зандары жөніндегі диалектикалық-материалистік ілім ғылыми зерттеулердің дүниегс біртүтас ғылыми көзқарас қалыптастыруының жөне ғылыми жаңалықтарды шындықққа сәйкес баяндап беруінің методологиялық, негізі болып табылады. Оның үстіне, бұл ілім ғылыми білімнің прогресіне сай әрдайым жетілдіріліп, тереңдетіле түсіп отыр, өр уақытга біздің ең жетілген түсініктерімізден барған сайын күрделілене беретін, шындықты толық бейнслейтін жаңа категориялар мен зандар қалыптасып келеді.

3. Қозғалыс және онын негізгі формалары

Бізді қоршаған дүниені тани-біле келе, мұнда абсолюттік түрде қатып-семіп қалған, өзгермейтін ешнөрсе жоқ екенін, бәрі де қозғалыста болатынын және бір формадан екінші формаға ауысып отыратынын көреміз. Барлық материалдық объектілерде элементарлық; бөлшектердің, атомдар мен молекулалардың қозғалысы болып жатады, әрбір объект өзін қоршаған ортамен өзара әрекеттес болады, ал бұл өзара әрекет белгілі бір формадағы қозғалысты қамтиды. Кез келген дене, Жермен салыстырғанда тыныштықта тұратын дене де, Галактиканың басқа жұлдыздарына қатысты тұрғыдан алғанда, Жермен бірге Күнді айнала қозғалады; ал басқа жұлдыздар системасына қатысты тұрғыдан алғанда Галактика да қозғалады т.б. Абсолюттік тепе-тендік, тыныштық пен қозғалыссыздық еш жерде жоқ, тыныштық, тепе-теңдік атаулының бәрі относительдік, салыстырмалы, олар қозғалыстың белгілі бір күйін көрсетеді.

Егер тұрақты қатты денелерді алсақ, біз олардың құрылымының тұрақтылығын және сыртқы формасы өздерінің құрамындағы микробөлшектердің белгілі бір өзара әрекетіне төуелді екенін көреміз, ал кеңістік пен уақытта өріс алатын кез келген өзара әрекеттің өзі қозғалыс болып табылады, дәл сол сияқты кез келген қозғалыс та материяның түрлі элементтерінің өзара әрекеті болады.

Ең жалпылама мағынада алғанда, қозғалыс дегеніміз - кез келген өзгеріс. Қозғалыс дегеніміз - материяның жалпыға ортақ атрибуты, оның өмір сүру тәсілі. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыстық да болуы мүмкін емес.

Бұл аса маңызды қағиданы қарсыдан пайымдау әдісімен дөлелдеуге болады, Айталық, іштей де, сырттай да қозғалыста болмайтын әйтеуір бір материя формасы бар делік. Қозғалыс өзара әрекет болғандықтан, мұндай шартты материяда ешбір ішкі не сыртқы байланыс, не өзара әрекет болмауы тиіс. Ал мұндай жағдайда материяның құрылымы болмай, оның құрамына ешқандай элементтер енбеуге тиіс, өйткені өзара әрекетке қабілеті болмағандықтан, ол элементтер бірігіп, материяның белгілі бір формасын жасай алмас еді. Мұндай материядан ешнәрсе пайда болмайды, өйткені оның ешқандай байланысы не өзара әрекеті жоқ. Басқа Денелерге ешбір әсер ете алмаған соң, ол өзінің өмір сүруде екенін де ешнәрсемен көрсете алмас еді. Оның ешқандай қасиеті болмас еді, өйткені кез келген қасиет дегеңіміз - ішкі және сыртқы байланыс, өзара әрекеттің Нәтижесі; қасиеттің өзі өзара әрекетпен ғана анықталады. Ақырында, оны адам да танып біле алмас еді, өйткені кез келген сыртқы затты тек олардың біздің сезім мүшелерімізге және приборларға еткен әсерлері арқылы ғана тануға болады. Ешқандай информация түспегсн соң, мұндай материяны бар деп айтуға біздің ешбір дөлеліміз болмас еді. Осыдан біз мынадай қорытынды жасай аламыз: егер сыртқы дүние объектілерінің қасиеттері, құрылымы бар болса, басқа денелерге қатынасы жөнінен өзінің бар екенін аңғартса және оны принциптік жағынан танып білуге болса, онда мұның бәрі оларға іштей тән қозғалыс пен өзара әрекеттің нәтижесі болғаны.

Қозғалыспен тығыз байланыста, ішкі белсенді әрекеттестікте болғандықтан, материя қозғалысқа келу үшін, сырттан ешқандай құдайдың немесе басқа бір күштің түрткісін керек етпейді (кезінде материяны инерттік, қатып қалған масса деп санаған кейбір философ-метафизиктер осындай "алғашқы түрткі" деген метафизикалық концепция ұстады), ол өздігінше қозғалысқа келеді.