Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Протокол и рец..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.16 Кб
Скачать

4. Әртүрлі мәселелер

Тыңдалды:

: 050719-«Радиотехника, электроника және телекоммуникация » мамандығы үшін 4 курсқа арналған «Жерсеріктік навигация және жерді қашықтан барлап-бақылау» пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен мен силлабусты талқылау мәселесі жөнінен оның авторы, РЭТ кафедрасы профессоры М. Ш. Нұрманов сөйледі. Ол ОӘК мазмұны туралы ҒӘК мүшелеріне қысқаша баяндап берді. Жерсеріктік навигация және жерді барлап-бақылау» пәнінің жүргізілу мақсаты студенттерге Жерсеріктік навигация жүйесі және технологиялары ұйымдық принциптерін, жерсеріктік жерді барлап-бақылау жүйесінің технологиялары және конструкциясымен таныстырып, ұйымдық принциптерін үйрету. Дәрістер, тәжрибелік сабақтар және СӨЖ, СОӨЖ тақырыптары, осы пәнді оқығанда студенттің алатын білімі мен игеретін мәселелері. ОӘК мен силлабус РЭТ кафедрасының жаңа эксперименталды оқу жоспарына сәйкес құрылған

Осы жұмысқа оң баға берілген рецензиялар оқылды. Пікір алмасудан кейін шешім қабылданды.

Қаулы қабылданды:

Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін орындау мен рәсімдеудің СТ РГП 38944979-08-2008 талаптарына сәйкес РЭТ кафедрасы профессоры Нұрманов М.Ш. дайындаған 050719 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация » мамандығы бакалавр-ларына арналған «Жерсеріктік навигация және жерді қашықтан барлап-бақылау» пәнінің оқу-әдістемелік кешені мен силлабусы мазмұны бекітілсін және баспаға ұсынылсын.

ҒӘК төрағасы Б.С. Ахметов

Ғылыми хатшы Г.С. Набиева

050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

мамандығы бакалавриат студентттеріне

ҚазҰТУ профессоры Нұрманов М.Ш. және аға оқытушы Тирижанова М.Б. дайындаған «Жерсеріктік навигация және жерді қашықтан барлап-бақылау» пәні бойынша Оқу-әдістемелік кешен мен силлабусқа

П І К І Р

«Жерсеріктік навигация және жерді барлап-бақылау» пәні Оқу әдістемелік кешені 050719 РЗТ мамандығы бакалавриат студенттеріне жоғарғы оқу орны талаптарына сай жазылған.

Жерсеріктік навигация және жерді барлап-бақылау» пәнінің жүргізілу мақсаты студенттерге Жерсеріктік навигация жүйесі және технологиялары ұйымдық принциптерін, жерсеріктік жерді барлап-бақылау жүйесінің технологиялары және конструкциясымен таныстырып, ұйымдық принциптерін үйрету. Дәрістер, тәжрибелік сабақтар және СӨЖ, СОӨЖ тақырыптары, осы пәнді оқығанда студенттің алатын білімі мен игеретін мәселелері. ОӘК мен силлабус РЭТ кафедрасының жаңа эксперименталды оқу жоспарына сәйкес құрылған

Дәрістік сабақтарда Жерсеріктік навигация және жерді қашықтан барлап-бақылау(зондылау) жүйесінің даму тарихи айтылып, оның құрылымдық сұлбасы берілген, Осы жүйелердегі қолданылатын жерсеріктерінің жерді айнала инерциалдық координаттар жүйесіндегі қозғалысы теориясы, жерсеріктік жүйедегі уақыт шкаласы, орбита биіктіктері және пайдаланылатын жиіліктер туралы толық мағлұмат бар. Жерсеріктік навигация ГЛОНАСС және GPS NAVSTAR жүйелерінің ғарыштық аппараттары конструкциясы, жұмыс істеу принциптері туралы айтылған. Сондай-ақ жерді зондылау жүйелері ALOS, EROS және т.б. пайдалану мақсаттары анықталып, көрсеткіштері берілген.

Дәрістер, зертханалық пен тәжрибелік сабақтар және СӨЖ, СОӨЖ тақырыптары, осы пәнді оқығанда студенттің алатын білімі мен игеретін мәселелері жоғарғы оқу орны талабына сай, әдістемелік жағынан дұрыс берілген. ОӘК мен силлабус РЭТ кафедрасының жаңа эксперименталды оқу жоспарына сәйкес құрылған.

«Жерсеріктік навигация және жерді қашықтан барлап-бақылау» пәнінің оқу-әдістемелік кешені мен силлабусын баспаға ұсынуға болады деп есептеймін.

АжТ институты, РТ және АТҚ кафедрасы

доценті, ф.-м.ғ.к К.К.Макашева

050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

мамандығы бойынша дайындалатын бакалавриат студентттеріне

арналған ҚазҰТУ профессоры Нұрманов М.Ш. пен аға оқытушы А.Е. Құттыбаева

жазған «Қазіргі заманғы радиобайланыстық жүйелер» оқу құралына

П І К І Р

Оқу құралында негізінен радиобайланыстық жүйелер жөнінен мағлұмат берілген. Қозғалмалы байланыс жүйесі туралы айтылып, оның жұмыс істеу принциптері мен технологиялары туралы айтылып, сипаттамалары берілген.

Тікелей көріністегі радиорелейлік байланыс жолын құру ұстанымдары талданып, оның аппаратурасы, ретрансляторлары сұлбасы көрсетіліп, жұмысы қаралған.

Қазіргі қатты дамып келе жатқан жерсеріктік байланыс жүйелері түрлері, ғарыштық аппарат конструкциясы, орбиталары, көрсеткіштері, қолданылуы бойынша жан-жақты талданған. IRIDIUM, GLOBALSTAR, INMARSAT жерсеріктік жүйелері құрылымы, сипаттамалары, қолданылуы туралы ақпарат берілген.

Қазақстан Республикасының «Kazsat -2» байланыстық жерсерігі ғарыштық аппараты көрсеткіштері жөнінде айтылып, оның қамту аймағы көрсетілген..

Қалалар арасында және қала ішінде соңғы кезде өзінің артықшылықтары арқылы кең қолданыс тапқан оптикалы талшықтық байланыс жолы құрылымы мен жұмысы кеңінен қаралған.

Оқу құралы теориялық жағынан дұрыс, техникалық жағынан қажетті, тәжрибелік жағынан пайдалы, әдістемелік жағынан ыңғайлы жазылған. Оқулықта терминологиялық сөздіктер мен сөз тіркестері дұрыс пайдаланылған.

Айта кететін нәрсе, проф. Нұрманов М.Ш. 1990 жылдан Радиоэлектроника саласында қазақша жоғарғы оқу орындары талаптарына сай оқулықтар, оқу құралдарын жазып жүрген оқытушы. Оның Электроникадан жазып шығарған кітаптары жоғарғы оқу орындарында туған қажеттіліктен қайта басылып шығып жатыр.

Оқу құралында алған білімін бақылау сұрақтарына жауап қайыру арқылы машықтануға болады. Төрт тараулық ұстанымда құрылған оқу құралында әр тараудың мақсаты белгіленіп, оны түсіндіретін қажетті мағлұмат беріліп, оны есте сақтап бекітуге арналған мысалдар қарастырылған.

Оқу құралы қазақ тілінде түсінікті жазылған, 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша дайындалатын бакалавриат студенттеріне қажет кітап.

Әл-Фараби ат.Қазақ ұлттық

университеті Физика-техникалық

факультеті РЭТ кафедрасы доценті,

т.ғ.к. М.А. Абдуллаев