- •Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Ғылыми -әдістемелік кеңестің отырысының № хаттамасынан
- •4. Әртүрлі мәселелер
- •050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- •050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Ғылыми -әдістемелік кеңестің отырысының № хаттамасынан
- •4. Әртүрлі мәселелер
- •050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- •050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
мамандығы бойынша дайындалатын бакалавриат студентттеріне
арналған ҚазҰТУ профессоры Нұрманов М.Ш.мен аға оқытушы Құттыбаева А.Е. жазған
«Қазіргі заманғы радиобайланыстық жүйелер» оқулығына
П І К І Р
Оқу құралында қазіргі қатты дамып келе жатқан жерсеріктік байланыс жүйелері түрлері, жер серіктік аппаратура конструкциясы, көрсеткіштері қолданылуы, жұмыс істеуі ұстанымы бойынша жан-жақты талданған. Байланыстық жерсеріктерінің орбиталары көрсетіліп, байланыс жиіліктері диапазоны берілген. Ғарыштық аппарат және Жер үстілік станциялар құрылымдары көрсетілген. IRIDIUM, GLOBALSTAR, INMARSAT, Thuraya Kazsat -2 жерсеріктік жүйелері құрылымы, қызмет көрсету аймағы, көрсеткіштері, қолданылуы туралы ақпарат бар.
Тікелей көріністегі радиорелейлік байланыс жолын құру принциптері айтылып, оның аппаратурасы, ретрансляторлары сұлбасы көрсетіліп, жұмысы және ерекшеліктері қаралған.
Қалалар арасында және қала ішінде соңғы кезде өзінің артықшылықтары арқылы кең қолданыс тапқан оптикалы талшықтық байланыс жолы құрылымы мен жұмысы кеңінен баяндалған. Бұрынғы кабелдік байланысқа қарағандағы аса үлкен өткізгіштігі, яғни өте енді өткізу жолағы болғандықтан бір оптикалық талшық арқылы секундына бірнеше гигабит жылдамдықпен ақпарат ағынын беріп жіберуге болатындығы..
Оқу құралында Қозғалмалы ұялы байланыс жүйесі туралы біраз мәлімет берілген. Байланыстың көп станциялық қол жеткізу әдістері туралы айтылған. Ұялық байланыстың стандарттары мен ерекшеліктері берілген.
Айта кететін нәрсе, проф. Нұрманов М.Ш. 1990 жылдан Радиоэлектроника саласында қазақша жоғарғы оқу орындары талаптарына сай оқулықтар, оқу құралдарын жазып жүрген оқытушы. Оның Электроникадан жазып шығарған кітаптары жоғарғы оқу орындарында туған қажеттіліктен қайта басылып шығып жатыр.
Оқу құралы теориялық және оқу-әдістемелік жағынан жоғарғы оқу орны талаптарына сай, Радиотехника және радиобайланыс саласының жаңа жетістіктерін ескере отырып қазақша жазылған бірден –бір кітап болып табылады. Сондықтан осы оқу құралын баспаға ұсынуға болады деп есептеймін.
АЭжБ университеті, Электроника каф. меңгерушісі,
ф.-м.ғ. докторы А.Т. Ибраев
050719-« Радиотехника, электроника және телекоммуникация » мамандығы үшін РЭТ кафедрасы профессоры Нұрманов М.Ш., Тирижанова М.Б. дайындаған 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация » мамандығы бакалаврларына арналған «Радиотехника негіздері», «Жерсеріктік байланыс жүйелері» пәндері негізіндегі «Радиотехникалық және радиобайланыстық жүйелер» оқулығын талқылау мәселесі жөнінен оның авторы, РЭТ кафедрасы профессоры М. Ш. Нұрманов сөйледі. Оқулықта Радиотехника негіздері бойынша, қазіргі заманғы Радиорелейлік жолдар, Жер серіктік ғарыштық байланыс жүйесі, Оптикалық талшықтық тарату жүйелері туралы толық мағлұмат берілген. Оқулық жоғарғы оқу орны талаптарына сай және әдістемелік жағынан дұрыс, техникалық жағынан түсінікті тілде жазылған.
