Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Протокол и рец..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
92.16 Кб
Скачать

050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

мамандығы бойынша дайындалатын бакалавриат студентттеріне

арналған профессор Нұрманов М.Ш. пен аға оқытушы Құттыбаева А.Е. жазған

«Қазіргі заманғы радиобайланыстық жүйелер» оқу құралына

П І К І Р

Оқулықта Радиотехника негіздерінен, соның ішінде радиотехникалық сигналдар түрлері, олардың спектралдық бейнеленуі және таралуы мен түрлендірілуі, яғни модуляция мен демодуляция процестері туралы мағлұмат беріліп, амплитудалық, жиіліктік модуляторлар схемалары, сондай-ақ детекторлар схемалары көрсетіліп, олардың жұмыс істеу ұстанымы толығымен қаралған.

Қарапайым радиоэлектрондық құрылғылар, соның ішінде радиотаратқыштар, теледидарлық радиотаратқыштар мен радиоқабылдағыштар құрылымы, көрсеткіштері беріліп, жұмыс істеу ұстанымдары баяндалған.

Қозғалмалы ұялы байланыс, транкингтік және дербес шақыру байланы түрлері туралы біраз мәлімет берілген. Байланыстың көп станциялық қол жеткізу әдістері туралы айтылған.

Тікелей көріністегі радиорелейлік байланыс жолын құру принциптері айтылып, оның аппаратурасы, ретрансляторлары сұлбасы көрсетіліп, жұмысы қаралған. Тропосфералық радиорелейлік байланыс жолы жұмысы қаралған.

Қазіргі қатты дамып келе жатқан жерсеріктік байланыс жүйелері түрлері, жер серіктік аппаратура конструкциясы, көрсеткіштері қолданылуы бойынша жан-жақты талданған. Ғарыштық аппарат және Жер үстілік станциялар құрылымдары көрсетілген. IRIDIUM, GLOBALSTAR, INMARSAT, Thuraya Kazsat -2 жерсеріктік жүйелері құрылымы, көрсеткіштері, қолданылуы туралы ақпарат берілген.

Қалалар арасында және қала ішінде соңғы кезде өзінің артықшылықтары арқылы кең қолданыс тапқан оптикалы талшықтық байланыс жолы құрылымы мен жұмысы кеңінен қаралған.

Оқулық проф. М.Ш. Нұрмановтың көп жылдар бойы 050719 РЭТ мамандығына «Радиотехника негіздері», «РЭТН», «Жерсеріктік байланыс» пәндері бойынша оқылған дәрістер негізінде жазылған.

Оқулықта әр тарау бойынша студенттердің білімін тексеруге арналған мысалдар, бақылау сұрақтары берілген. Пайдаланылған әдебиет тізімі келтірілген.

Оқулық теориялық және оқу-әдістемелік жағынан жоғарғы оқу орны талаптарына сай жазылған, Бұл кітап Радиотехника және радиобайланыс саласы бойынша қазақша жазылған алғашқы оқулықтардың бірігейі болып табылады.

ҚазҰТУ ЭжАТК каф. доценті, к.т.н. И.Е.Туманов

Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты

Алматы 7.10.2012 ж.

Ғылыми -әдістемелік кеңестің отырысының № хаттамасынан

КӨШІРМЕ

Қатысқандар: Ахметов Б.С. – Төраға, АжТТИ институты директоры.

Набиева Г.С. – АжТ институты Ғылыми хатшысы, Омбаев Н.О. – АжТТИ директоры орынбасары, Шукаев Д.Н.,т.ғ.д. проф., АТ каф. Меңгерушісі, Бейсембекова Р.Н., т.ғ.к.,доцент,. ПОСжС каф. м.а.,.Сүлейменов Б.А.т.ғ.д., проф., –АжБ кафедрасы меңгерушісі,Жангисина Г.Д.,п.ғ.д.,ЕТ каф.меңгерушісі, Исембергенов Н.Т.,т.ғ.д.,проф. - РЭТ кафедрасы меңгерушісі, Кожаспаев Н.К., т.ғ.д. ЭТ каф. меңгерушісі, Сатыбалдиев О.С..ф.-м.ғ.д.,Математика каф,меңгерушісі, Жунусов К.Х.,ф.-м.ғ.к., Юбузова Х.И.,ЕТ каф. аға оқытушысы, Досболова А.Ж.,Математика каф. аға оқытушысы, Иманбеков Т.Д.,т.ғ.к., ЭТ каф. доценті, Абдолдина Ф.Н.,т.ғ.к.,ПОСжС каф. доценті, Сыдыбаева М.А., АТ каф. аға оқытушысы, Нұрманов М.Ш.ф.-м.ғ.к.,- РЭТ кафедрасы профессоры.

КҮН ТӘРТІБІ