
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Ғылыми -әдістемелік кеңестің отырысының № хаттамасынан
- •4. Әртүрлі мәселелер
- •050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- •050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Ғылыми -әдістемелік кеңестің отырысының № хаттамасынан
- •4. Әртүрлі мәселелер
- •050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
- •050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
Ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар институты
Алматы « » .2013 ж.
Ғылыми -әдістемелік кеңестің отырысының № хаттамасынан
КӨШІРМЕ
Қатысқандар: АжТТИ институты директоры Ахметов Б.С.,
Шукаев Д.Н.,т.ғ.д. проф., АТ каф. меңгерушісі, Қасымов А.О.,т.ғ.к.,доцент - РЭТ кафедрасы меңгерушісі, Бейсембекова Р.Н., т.ғ.к.,доцент,. ПОСжС каф. меңгерушісі,.Сүлейменов Б.А.т.ғ.д., проф., –АжБ кафедрасы меңгерушісі,Жангисина Г.Д.,п.ғ.д.,ЕТ каф.меңгерушісі, Кожаспаев Н.К., т.ғ.д. ЭТ каф. меңгерушісі, Сатыбалдиев О.С..ф.-м.ғ.д.,Математика каф.меңгерушісі, Тоқтарбаева Н.А. – ПОСжС каф. аға оқытушысы, АжТ институты Ғылыми хатшысы, Нұрманов М.Ш.ф.-м.ғ.к.,- РЭТ кафедрасы профессоры.
КҮН ТӘРТІБІ
4. Әртүрлі мәселелер
Тыңдалды:
050719-«Радиотехника, электроника және телекоммуникация » мамандығы үшін 4 курс студенттеріне арналған авторлары М.Ш.Нүрманов пен А.Е.Құттыбаева «Қазіргі заманғы радиобайланыс жүйелері» оқу құралын талқылау мәселесі жөнінен РЭТ кафедрасы профессоры М. Ш. Нұрманов сөйледі. Ол оқу құралы мазмұны туралы ҒӘК мүшелеріне қысқаша баяндап берді. Бұл оқу құралы «Радиобайланыстық жүйелер» мен «Жерсеріктік байланыс және навигация» пәндерін оқытуда пайдаланылады. Мұнда қазіргі заманғы қозғалмалы ұялық, трангингтік, радиорелейлік. оптикалы –талшықтық байланыс жүйелері және жерсеріктік байланыс жүйелерінің технологиялары, ғарыштық аппараттары және функционалдық құрылымдары қарастырылып, олардың сипаттамалары мен көрсеткіштері берілген. Оқу құралы РЭТ кафедрасының жаңа эксперименталды оқу жоспарына сәйкес құрылған.
Осы жұмысқа оң баға берілген рецензия оқылды. Пікір алмасудан кейін шешім қабылданды.
Қаулы қабылданды:
Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін орындау мен рәсімдеудің СТ РГП 38944979-08-2008 талаптарына сәйкес РЭТ кафедрасы профессоры Нұрманов М.Ш. пен А.Е.Құттыбаева дайындаған 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация » мамандығы бакалаврларына арналған «Қазіргі заманғы радиобайланыстық жүйелер» оқу құралы мазмұны бекітілсін және баспаға ұсынылсын.
ҒӘК төрағасы Б.С. Ахметов
Ғылыми хатшы Н.А. Тоқтарбаева
«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» кафедрасының
«» 2013ж. отырысы № хаттамасынан
Көшірме
Қатысқандар: каф. меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Қасымов А.О., т.ғ.д., профессор Исембергенов Н.Т., ф.м.ғ.к., доцент Шайхин А.Қ., ф.м.ғ.к., профессор Нұрманов М.Ш., т.ғ.к., аға оқытушы Джунусов Н.А., аға оқытушы э.ғ.к., А.Е.Құттыбаева, ф.м.ғ.к,. аға оқытушы Жунусов К.Х., аға оқытушы Тирижанова М.Б., аға оқытушы Сағындыкова А.Ж.,. және т.б.
Күн тәртібі:
4. Әртүрлі мәселелер
Тыңдалды: 050719-«Радиотехника, электроника және телекоммуникация » мамандығы студентеріне арналған «Қазіргі заманғы радиобайланыстық жүйелер» оқу құралын талқылау мәселесі жөнінен оның авторының бірі, РЭТ кафедрасы профессоры М. Ш. Нұрманов сөйледі. Ол оқу құралы мазмұны туралы ҒӘК мүшелеріне қысқаша баяндап берді. Қазіргі кездегі радиотехникалық байланыс жүйелері: Радиорелейлік жолдар, Жерсеріктік байланыс жүйесі, Оптикалық талшықты тарату жүйелері, олардың қондырғыларының құрылысы, құрылымдық сұлбалары және жұмысы, көрсеткіштері туралы толық айтылған. Оқу құралы жоғарғы оқу орны талаптарына сай және әдістемелік жағынан дұрыс, техникалық жағынан түсінікті тілде жазылған.
Кафедра оқытушылары сөз алды: А.К.Шайхин, Джунусов Н.А., және т.б. Олар қаралып отырған кітап студенттерге аса қажет радиотехника және радиобайланыс саласындағы қазақ тіліндегі алғашқы оқу құралдарының бірі екенінін атап өтіп, жақсы баға берді.
Шешім қабылданды:
Пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін орындау мен рәсімдеудің СТ РГП 38944979-08-2008 талаптарына сәйкес РЭТ кафедрасы профессоры Нұрманов М.Ш. дайындаған 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация » мамандығы бакалаврларына арналған «Радиорелейлік байланыс», «Оптикалы талшық байланыс», «Жерсеріктік байланыс жүйелері» пәндері негізіндегі «Қазіргі заманғы радиобайланыстық жүйелер» оқу құралы бекітілсін және баспаға ұсынылсын.
Төраға Қасымов А.О.
Хатшы М.Б. Тирижанова
050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
мамандығы бойынша дайындалатын бакалавриат студентттеріне
арналған ҚазҰТУ профессоры Нұрманов М.Ш. пен А.Е.Құттыбаева жазған
«Радиотехникалық және радиобайланыстық жүйелер» оқу құралына
П І К І Р
Оқу құралында қазіргі қатты дамып келе жатқан жерсеріктік байланыс жүйелері түрлері, жер серіктік аппаратура конструкциясы, көрсеткіштері қолданылуы бойынша жан-жақты талданған. IRIDIUM, GLOBALSTAR, INMARSAT жерсеріктік жүйелері құрылымы, сипаттамалары, қолданылуы туралы ақпарат берілген.
Қазақстан Республикасының «Kazsat -2» байланыстық жерсерігі ғарыштық аппараты көрсеткіштері жөнінде айтылып, оның қамту аймағы көрсетілген.
Қазіргі кең қолданыстағы қозғалмалы ұялық байланыс жүйесі туралы біраз мәлімет берілген.
Тікелей көріністегі радиорелейлік байланыс жолын құру принциптері айтылып, оның аппаратурасы, ретрансляторлары сұлбасы көрсетіліп, жұмысы қаралған.
Қалалар арасында және қала ішінде соңғы кезде өзінің артықшылықтары арқылы кең қолданыс тапқан оптикалы талшықтық байланыс жолы құрылымы мен жұмысы кеңінен баяндалған.
Оқу құралы теориялық жағынан дұрыс, техникалық жағынан қажетті, тәжрибелік жағынан пайдалы, әдістемелік жағынан ыңғайлы жазылған. Оқу құралында терминологиялық сөздіктер мен сөз тіркестері дұрыс пайдаланылған.
Оқу құралында алған білімін бақылау сұрақтарына жауап қайыру арқылы машықтануға болады. Төрт тараулық ұстанымда құрылған оқу құралында әр тараудың мақсаты белгіленіп, оны түсіндіретін қажетті теория беріліп, оны есте сақтап бекітуге арналған мысалдар қарастырылған.
Оқу құралы қазақ тілінде түсінікті жазылған, 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығы бойынша дайындалатын бакалавриат студенттеріне қажет оқулық.