- •Пәннің мақсаты
- •Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жұмыс жоспары бойынша сағаттық жүктеменің үлестірілуі
- •Силлабус Дәрістік сабақтардың (д) мазмұны Модуль1
- •Модуль II
- •Практикалық сабақтардың (п) мазмұны Модуль 1
- •Модуль II
- •Білімгерлер үшін Силлабус
- •Дәрістік сабақтар тақырыптары Модуль 1
- •Модуль II
- •Практикалық сабақтардың (п) тақырыптары Модуль 1
- •Модуль II
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •1. Экономикалық теория негіздері ғылымының қалыптасуы және даму кезеңдері
- •2. Экономикалық теория негіздерінің пәні, әдістері және қызметтері
- •3. Экономикалық заңдар мен категориялар
- •Семинар сабағының жоспары
- •Негізгі категориялар
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндіріс
- •Семинар сабағының жоспары
- •Негізгі категориялар
- •3 Тақырып. Меншік қатынастары
- •Семинар сабағының жоспары
- •Негізгі категориялар
- •4 Тақырып. Қоғамдық өндіріс нысандары
- •5 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізі
- •Семинар сабағының жоспары
- •Негізгі категориялар
- •6. Жеке-дара өндіріс теориясының негіздері
- •7 Тақырып. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы
- •Семинар сабағының жоспары
- •Негізгі категориялар
- •8 Тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •Семинар сабағының жоспары
3. Экономикалық заңдар мен категориялар
Экономика теория негіздеріның зерттейтін құбылыстарының мәні экономикалық категориялар мен заңдарда көрсетіледі.
Экономикалық категориялар дегеніміз – қоғам өмірінің нақты жағдайларын теориялық тұрғыдан сипаттайтын логикалық ұғымдар. Мысалы: ақша, тауар, сұраныс, ұсыныс, капитал, өндіріс, несие, қаржы, жалақы, құн, баға және т.б. Экономикалық заңдар – бұл адамдардың іс-әрекет қызметінің себеп - салдарлы байланыстарын көрсететін заңдар. Олар адамдардың іс-қызметінің нәтижесінде туындап, осы үрдіс арқылы жүзеге асырылады. Экономикалық заңдар әрқашанда объективті сипатта болады, яғни адамның еркі мен санасынан тәуелсіз туындап, әрекет етеді. Экономикалық заңдар ерекше және жалпы болып бөлінеді.
Ерекше экономикалық заңдар – шаруашылық жүргізудің нақты тарихи нысандарының даму заңдары. Жалпы экономикалық заңдар - барлық тарихи даму кезеңдеріне тән заңдар.
Экономикалық теория негізінде экономикалық саясат анықталады. Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық мәселелерді шешудегі және оның механизмін әрекетке келтірудегі қызметі. Экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында экономика теория негіздеріны жаңа сатыға көтеретіндей тұтас экономикалық жүйе дамиды.
Экономикалық саясаттың негізгі міндеттері:
- экономикалық еркіндік - экономикалық субъектілерге шаруашылықпрактикасында іс-әрекет түрлерін таңдау мүмкіндігін беру;
- экономикалық өсу - барлық халықтың өмірі мен әл-ауқатын жақсарту;
- жұмыспен қамту және жұмыссыздық - жұмыссыздықты табиғи деңгейде ұстап тұру;
- баға тұрақтылығы – инфляцияны төмендету және қаржы саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- қоршаған ортаны қорғау - экономикалық даму талаптарын және экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау;
- әлеуметтік-экономикалық кепілдік - әлеуметтік қорғалмаған азаматтардың өмірлеріне қалыпты жағдай жасау;
- әділ салық салу - табысы төмен тұрғындар топтары үшін салық жеңілдіктерін енгізу.
Экономиканы талдауда нормативті және позитивті әдістер қолданылады. Позитивті немесе дискриптивті экономика объективті немесе ғылыми экономика қызметін іздейді. Ол қазіргі
уақытта бар немесе болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы: егер мемлекет бір тауарға салықты өсірсе, тауар бағасы өседі. Нормативті экономика субъективті негізделген жеке бағалау әсерін ұсынады. Ол болашақта болуы керек құбылыстармен жұмыс істейді. Мысалы, бір экономист бюджетті толтыру үшін салықты өсіру қажет дейді. Бірақ салықтың өсуі, кәсіпкер ынтасының төмендеуіне әкеледі. Егер «тиіс» және «лазым» түсініктері кезіксе
- ол нормативті тәсілге қатысты.
Семинар сабағының жоспары
1. Әр түрлі мектеп өкілдерінің экономика теория негіздері пәніне деген көз қарасы.
2. Экономикалық теория негіздеріның басқа экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны.
3.Экономикалық теория негіздері және экономикалық саясат. Экономика теория негіздеріның қазіргі экономикалық ойлауды қалыптастырудағы рөлі.
Негізгі категориялар
Экономика, экономикалық теория негіздері, саяси экономия, микроэкономика, макроэкономика, индукция, дедукция, ғылыми абстракция, тарихи және қисынды әдіс, меркантилизм, физиократизм, классикалық саяси экономия, маржинализм, марксизм, кейнсианство, болжамдық қызмет, практикалық қызмет, сындық қызмет, экономикалық заң, экономикалық категория.
