
- •Пәннің мақсаты
- •Пән туралы мәліметтер
- •Оқу жұмыс жоспары бойынша сағаттық жүктеменің үлестірілуі
- •Силлабус Дәрістік сабақтардың (д) мазмұны Модуль1
- •Модуль II
- •Практикалық сабақтардың (п) мазмұны Модуль 1
- •Модуль II
- •Білімгерлер үшін Силлабус
- •Дәрістік сабақтар тақырыптары Модуль 1
- •Модуль II
- •Практикалық сабақтардың (п) тақырыптары Модуль 1
- •Модуль II
- •Әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •1. Экономикалық теория негіздері ғылымының қалыптасуы және даму кезеңдері
- •2. Экономикалық теория негіздерінің пәні, әдістері және қызметтері
- •3. Экономикалық заңдар мен категориялар
- •Семинар сабағының жоспары
- •Негізгі категориялар
- •2 Тақырып. Қоғамдық өндіріс
- •Семинар сабағының жоспары
- •Негізгі категориялар
- •3 Тақырып. Меншік қатынастары
- •Семинар сабағының жоспары
- •Негізгі категориялар
- •4 Тақырып. Қоғамдық өндіріс нысандары
- •5 Тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізі
- •Семинар сабағының жоспары
- •Негізгі категориялар
- •6. Жеке-дара өндіріс теориясының негіздері
- •7 Тақырып. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы
- •Семинар сабағының жоспары
- •Негізгі категориялар
- •8 Тақырып. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы
- •Семинар сабағының жоспары
1. Экономикалық теория негіздері ғылымының қалыптасуы және даму кезеңдері
Экономикалық теория негіздері алғашқы антикалық қоғамда «Экономия» яғни, үй шаруашылығын ұйымдастыру туралы ғылым ретінде қалыптасты. «Экономия» ұғымын алғаш ұсынған Ксенофонт. Қоғам дамуына байланысты «Экономия» ғылымы XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында жаңа мәнге ие болып «Саяси экономия» деген атпен дамыды. Ол грек тілінде «politikos» - мемлекеттік, қоғамдық, «oikonomia» - үй шаруашылығын басқару, яғни «oikos» - үй, үй шаруашылығы, «nomos» - заң деген мағынаны білдіреді. Демек, саяси экономия – бұл қоғамдық шаруашылықтың қызмет ету заңдылықтары туралы ғылым.
«Саяси экономия» ұғымын алғаш ғылымға енгізген француз ғалымы А.Монкретьен. Ғылым ретінде қалыптасқан саяси экономия бірнеше бағытта дамыды. Олар: меркантилизм мектебі, физиократтар мектебі, классикалық саяси экономистер мектебі, марксизм мектебі және бүгінгі таңдағы жаңа экономикалық мектептер (неоклассикалық мектеп, маржинализм мектебі, кейнсиандық мектеп және иниститутционализм мектебі)
Экономикалық теорияда ең алғашқы мектеп - меркантелизм. Меркантелистердің негізгі идеясы, қоғамның басты байлығы -ақша, ал байлық көзі - айналым деп түсіндірген. Мемлекет,олардың түсінігінше өз азаматтарының баюына мақсатты және белсенді түрде экономикалық саясат арқылы көмектесу керек. Экономикалық теория дамуының екінші кезеңі – классикалық саяси экономия. Ол физиократтар және Адам Смит пен Давид Рикардоның нарық мектебіне болінеді. Меркантелистерге қарағанда, физиократтар қогам баюының негізгі көзі - өндіріс, айналым емес дейді. Олар өндірісті кең түрде қарастырмай, ауылшаруашылығы көлемінде қарастырады. Экономикалық теорияның келесі даму кезеңінде А.Смит пен Д.Рикардо зерттеу ортасын жалпы өндіріске бағыттап, ал ауылшаруашылығын оның бір саласы ретінде қарастырды. Олар классикалық анықтаманы, қоғам баюының өсуінің алғашқы шарты ретінде еркін жэне бәсекелестік нарықтық экономика деп түсіндірді.
Экономикалық теорияның идеологияландыруын кең таратқан - марксистер. Олар теориялық ашық түрде жүмысшы табының мүдделерін қорғауға бағытталған. Сондықтан экономикалық ілім оны пролетарлық саяси экономия деп атаған. Ол теорияның негізгі постулаты – барлық экономикалық өндіріс қүралдарына қоғамдық меншік жэне еңбектенушілер мүддесі негізінде орталықтанған жоспарлы басқарылу. Экономикалық ғылымның қазіргі мектебінің екі бағыты бар:
1. Неоклассикалық.
2. Кейнсиандық.
Олардың дискуссиясының негізгі мәселесі – мемлекеттің экономикалық рөлі болды. Неоклассикалық бағытты қолдаушылар, экономикалық даму тиімді болу үшін мемлекеттің араласуы шектеулі болуы қажет деп түжырымдайды. Ал, кейнсшілер, керісінше экономиканың проғрессивті дамуы үшін мемлекеттің бақылауы макрореттеу эдістері арқылы жүзеге асуы керек деп түжырымдайды.
2. Экономикалық теория негіздерінің пәні, әдістері және қызметтері
Экономикалық теорияның негізі - адамдардың шектеулі ресурстар элеміндегі экономикалық тэртібін, материалдық игілік пен қызметті өндіріс, болу, айырбас жэне түтыну кезіндёгі экономикалық қатынас жүйесін қоғам дамуының барлық сатысын зерттеп, оқыту болып табылады. Саяси экономия - таптық ғылым. Ол белгілі бір таптың экономикалық қатынасын, мүдделерін зерттейді. «Экономикс» түсінігі экономика ғылымында «экономикалық теория» түсінігіне жақын, бірақ ол ғылым нарықтық шаруашылықты, яғни нарық жүйесінің объектілерін зерттейді. Экономикалық теория негіздері адамзат өмірімен тығыз байланысты ғылымдардың бірі. Ол еңбек туралы, қоғамдық қатынастардың шешуші саласы - өндірістік қатынасты зерттейтін ғылым.
Экономикалық теория негіздері пәні – бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану арқылы түрлі тауарларды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арасындағы экономикалық қатынастарды зерттейді.
Экономикалық теория негіздері ғылымы микроэкономика және макроэкономика деген екі негізгі бөлімнен тұрады.
Микроэкономика – жеке өндірушілердің қызмет әрекеттерін, кәсіпкерлік капитал мен бәсекелік ортаның қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Ал макроэкономика - ұлттық экономиканы біртұтас экономика ретінде қарастырады.
Экономикалық теория негіздері, басқа кез-келген ғылым сияқты танымның әр түрлі формалары мен әдістерін қолданады. Олар: талдау (анализ), жинақтау (синтез), ғылыми абстракция, тарихи және логикалық әдіс, индукция және дедукция, сандың және сапалық талдау әдісі, т.с.с.
A) Талдау және жинақтау әдісі - әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды бөлімдер арқылы зерттеу (талдау), (синтез) өзара байланыс және өзара тәуелділікті жинақтау.
Б) Ғылыми абстракция әдісі - кез келген түсінікті абстракция немесе категория арқылы анықтау.
B) Тарихи және логикалық әдіс - экономикалық процестердің тарихи кезеңдері мен оларды логикалық түсіндіруді зерттеп, соны жалпы бағалау және қорытындылау.
Г) Индукция және дедукция әдісі - жеке фактілердің жалпыға әкелуі (индукция), ал жалпы жағдайдан жеке қорытындылар жасау (дедукция).
Д) Сандың және сапалық талдау әдісі - экономикалық теорияда статистикалық көрсеткіштерді, математикалық әдістерді, экономика-математикалық модельдеуді өндірістік қатынастар жүйесінде сапалық өзгерістерді анықтауда кең көлемді пайдалану.
Сонымен қатар экономикалық теория негіздері жалпы ғылымдар жүйесінде мынадай қызметтер атқарады: танымдық,әдіснамалық,білім беру, практикалық, болжам жасау.
Танымдық -экономикалық теорияның қоғам экономикасын зерттеуі және түсіндіруі, алынған білімді теориялық түрде көрсету;
Әдіснамалық - экономикалық теория барлық экономикалық ғылым жүйесіне теориялық және әдіснамалық база ретінде қызмет жасайды;
Білім беру - экономикалық теория адамдардың экономикалық мәдениетінің құрылуына әсер етуі;
Практикалық - экономикалық теория адамдардың практикалық мақсаттарына, қоғамның экономикалық даму жолын көрсетуге көмектеседі.
Экономикалык теория шектеулі ресурстар элеміндегі адам қажеттіліктерін қанағаттандыру әдістерін зеріттейді. Қажетті категориялар түсініктеріне токталайық. Тұтыну индивидтің тұлғалық және мәдени даму деңгейінің айрықша пішінінде қажеттілік сияқты анықталады. Адам қажеттіліктері материалдық және рухани болып бөлінеді. Материалдық кажеттілікке тауар мен қызметті пайдаланғысы келеді, сонымен қатар олар тиімді. Материалдық қажеттіліктер:
А) Бірінші қажеттілік заттары (тамақ, киім, баспана).
Б) Сән заттары(асыл заттар, тері тондары, яхта және т.б.).
Жеке адам қажеттіліктерінен баска өндіріс құралдары мен жұмыс күшіне өндірістік қажеттіліктер бар. Тұтынуға әсер ететін қажеттіліктер:
A) Халықтың, мемлекеттің, фирмалардың табыстары.
Б) Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы.
B) Елдің экономикалық даму деңгейі.
Г) Елдің тарихи жэне ұлттық ерекшеліктері және т.б.
Адам қажеттілігінің түрлері шексіз. Бірақ лимит - ресустарды шығындауды шектейтін деңгей. Ресурс - ол өндірістік игілік пен қызметтерді пайдалануда, адам қажеттілігін қанағатгандыратын зат. Ұлттық ресурстар толығымен жұмыс істеп жатқанда, өндірістегі бір өнім көлемін ұлғайтудың бір ғана әдісі бар, ол - басқа өндірісті қысқарту. Әрбір қоғам мүмкіндіктердің шектеулігі проблемасьгмен жиі кезігеді. Барлығының қажетгілігін қанағаттандыру мүмкін емес, әрбір адам, мемлекет немесе фирма тандау жасауы тиіс. Экономистер мұндай жағдайды альтернативтік құн арқылы сипаттайды. Альтернативтік құн - ол баға, басқа затпен өлшенеді, сонымен қатар айырбасталады. Тандау және альтернативтік құн эффектісі өндірістік мүмкіндіктер қисығы көмегімен анықталады. Өндірістік мүмкіндіктер қисығы сызығы, ол өзінің әрбір нүктесі арқылы өндірістегі экономикалық ресурстарды пайдаланғандагы екі өнімнің максималды көлемін көрсетеді.
Мысалы, мемлекеттегі ресурстарды пайдалана отырып, белгілі бір А жэне В тауарларыньщ көлемін шығарады. Мемлекеттің өндірістік мүмкіндіктерінің қнсыгы келесідей түрде болады.
А
а
Әр аЬ сызыгының нүктесі А және В тауарларының
өндірістік максималды көлемін, көрсетічген мемлекеттің
экономикалықресурстарын пайдалануын анықтайды.
ь в