Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия ЭТН Раб прогр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.66 Кб
Скачать

Практикалық сабақтардың (п) мазмұны Модуль 1

П1. Экономикалық теория негіздерінің пәні мен әдістері. Экономика теория негіздерінің қоғам дамуындағы орны мен рөлі – 1 сағ.

Экономика теория негіздері курсының логикасы мен құрылымы. Экономика теория негіздеріның қалыптасуы және даму кезеңдері. Негізгі экономикалық түсініктер: қажеттіліктер, экономикалық игілік, ресурстардың шектеулілігі (сиректігі), альтернативті (балама) шығындар, өндіріс мүмкіншіліктерінің шегі.

Экономикалық процестерді зерттеу әдістері: формалды логика, диалектика, жүйелік тәсіл, экономикалық үлгілер және тәжірибе. Экономикалық заңдар мен категориялар. Позитивті және нормативті экономика. Экономика теория негіздеріның қызметтері: танымдық, тәжірибелік, болжамдық. Экономика теория негіздері және экономикалық саясат.

П2. Қоғамдық өндіріс – 1 сағ.

Экономика және адам. Адамның экономикалық қызметтері. Экономикалық мүдделер және экономикалық іс әрекеттің басқа да ішкі себептері. Экономикалық адамның экономикалық оңтайлы (ұтымды) іс әрекеті.

Қоғамдық өндірістің құрылымы. Материалдық және материалдық емес өндіріс. Қоғамдық өндірістің нәтижелері: заттар, қызметтер, байлық.

Өндіріс және ұдайы өндіріс. Өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну. Жәй және ұлғаймалы (экстенсивті, интенсивті) ұдайы өндіріс.

Экономикалық игіліктердің ауыспалы айналымы және экономикалық тұлғалардың өзара әрекеті. Экономикалық жүйенің типтері және экономиканың не?, қалай?, кім үшін? деген негізгі мәселелерін шешу.

П3. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны- 1сағ.

Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. «Иемдену» меншіктен айыру қатынастары. Меншік объектісі және субъектісі. Меншік нысандары.

Меншік нысандарының көптүрлі болуының объективті қажеттілігі. Қазақстан Республикасының меншік қатынастарын қайта құру. Мемлекет иелігінен алу жіне жекешелендіру: кезеңдері, формалары, әдістері, проблемалары.

П4. Қоғамдық өндірістің нышандары-1 сағ.

Қоғамдық өндірісті тауарлы ұйымдастыру. Қоғамдық өндіріс нышандары ұғымының сипаттамасы. Натуралды шаруашылық, оның белгілері мен ерекшеліктері. Тауарлы шаруашылық: мәні, пайда болу шарттары мен себептері, негізгі белгілері. Еңбек құн теориясы. Тауардың қасиеттері: құн және тұтыну құны. Құн заңы. Құн және баға. Субъективті құндылық және шекті пайдалылық теориясы.

Ақшаның пайда болуы, мәні мен атқаратын қызметтері. Осы күнгі ақшаның түрлері. Тауар-ақша қатынастарының эволюциясы және нарықтың қалыптасуы. Нарықтың мәні. Постсоциалистік елдерде нарықтық қатынастардың қалыптасу заңдылықтары мен ерекшеліктері.

П5. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негізі – 1 сағ.

Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға және бәсеке.

Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті. Нарықтық тепе-теңдік. Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті. Сұраныстың баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі. Тұтынушылардың мінез-құлқы. Тұтынушының пайдалылықты максималдауы туралы кординалистік және ординалистік талдаулары (трактат).

П6. Жеке дара ұдайы өндіріс теориясының негізі – 1 сағ.

Кәсіпкерліктің әлеуметтік экономикалық мәні, оның сипаттық белгілері. Кәсіпорын микродеңгейде экономиканың негізгі звеносы.

Өндіріс факторларына сұраныстың туында сипаты. Өндірістік қызмет. Жалпы, орташа, шекті өнім факторлар тиімділігінің көрсеткіші ретінде. Шекті өнімділіктің кему заңы. Жеке дара ұдайы өндірістің шығынын азайту және пайдасын жоғарылату.

П7. Кәсіпорын капиталының (қорларының) айналымы және ауыспалы айналымы- 1 сағ.

Кәсіпорын капиталдың айналымы және ауыспалы айналымы. Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың табиғи және моралдық тозуы. Амортизация.Инвеститция өндірістік қорларды қаржыландырудың көзі ретінде. Инвеститциялардың құрылымы. Жалпы және таза инвестициялар. Өндіріс уақыты мен айналым уақыты. Кәсіпорынның айналмалы қорлары.

П8. Кәсіпорынның (фирманың) шығындары мен табысы- 1 сағ.

Кәсіпорын шығындарын жіктеу. Масштаб әсері. Трансакциялық шығындар.

Фирманың жалпы, орташа және шекті табысы. Бухгалтерлік, экономикалық және қалыпты пайда. Бағаны, шекті шығындарды және шекті табысты салыстыру. Жетілген бәсекелестік нарықтағы фирманың орны.