Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия ЭТН Раб прогр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.66 Кб
Скачать

Модуль II

Д9. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы-1сағ.

Өндіріс факторлар нарығындағы тепе теңдік. Фактор иесінің табысы өндіріс факторларының бағасы ретінде.

Еңбек ақы еңбектің бағасы ретінде. Пайыз капитал иесінің факторлық табысы ретінде. Жер рентасы жер иелерінің факторлық табысы. Пайда кәсіпкердің факторлық табысы ретіңде.

Д10. Ұлттық экономиканың қызмет етуінің заңдылықтары.Ұлттық экономика жүйе ретінде – 1 сағ.

Ұлттық экономика түсінігі. Табыс пен шығыстың толық айналымының макроэкономикалық үлгісі. Ұлттық экономика дамуының ЖІӨ ЖҰӨ және басқа да көрсеткіштері. Ұлттық экономиканың субъектілері.

Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігі. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, атқаратын қызметтері, құралдары. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі үлгілері. Өтпелі экономика жағдайындағы мемлекеттік реттеу. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.

Д11. Макроэкономикалық тепе-теңдік – 1сағ.

Макрокономикалық тепе-теңдіктің классикалық теориясы. Жеке, жалпы және нақты тепе-теңдік. Вальрас және Патинкин үлгілері.

Ұлттық экономика ауқымында тұтыну мен жинақтаудың кейнсшілдік талдауы. Тұтыну бейімділігі мен жинақтау бейімділігі.

Инвестиция және оның функционалдық рөлі. Инвестиция және жинақтау: тепе-теңдік мәселелері. Ұлттық табыстың тепе-теңдік көлемін анықтау.

Мультипликатор. Дефляциялық және инфляциялық айырма. Туынды инвестициялар және акселаторлар. Үнемділік парадоксы. «AD-AS» үлгісіндегі жалпы экономикалық тепе теңдік.

Д12. Экономикалық дамудың ауытқымалы болуы макроэкономика

заңдылығы ретінде – 1сағ.

Нарықтық экономиканың ауытқымалы түрде дамуы. Циклдық ауытқулардың себептері: ішкі және сыртқы. Экономикалық цикл және оның түрлері (қысқа, орта, ұзақ мерзімді циклдар). Циклдың фазалары.

Инвестициялардың тұрақсыздығы орта мерзімдік ауытқулардың маңызды факторы ретінде. Орта мерзімдік ауытқулардың фазалары. Экономикалық конъюктураның негізгі көрсеткіштері және олардың түлі фазалардағы динамикасы.

Аграрлық дағдарыстар, олардың өнеркәсіптік дағдарыстан ерекшелігі. Құрылымдық дағдарыстар.

Д13. Жұмыссыздық пен инфляция және экономикалық тұрақсыздықтың көрінісі ретінде – 1сағ.

Жұмысбастылық пен жұмыссыздық ұғымдарының мазмұны. Қазіргі нарықтық экономикадағы жұмыссыздықтың негізгі түрлері. Толық жұмысбастылық және жұмыссыздықтың табиғи деңгейі. Жұмыссыздықтың ЖҰӨ мөлшеріне ықпалы. Оукен заңы. Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың ерекшеліктері мен себептері.

Инфляция ұғымының мазмұны және қазіргі кездегі инфляцияның себептері. Инфляцияның түрлері. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары. Филипс қисығы.

Д14. Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары – 1сағ.

Экономикалық саясаттың мақсаты мен іске асыру құралдары.

Ақша-несие жүйесі. Экономикалық саясаттың несиелік механизмі. Ақша сұранысы және ақша ұсынысы. Ақша ұсынысының мультипликаторы. Несиенің мәні және формалары. Несие жүйесінің қызметтері.

Қаржы жүйесінің мәні және құрлымы. Экономикалық саясаттың қаржылық механизмі.

Мемлекеттік бюджет: ұғымы және құрлымы. Мемлекеттік шығындар және жиынтық сұраныс. Мемлекеттік шығындар мультипликаторы.

Салықтар. Салық салудың принциптері мен формалары. Лафер қисығы Салық мультипликаторы. Салық салудың салмағы: мүмкіншіліктері мен шегі.

Бюджет тапшылығы. Тапшылықты қаржыландыру әдістері. Сыртқы және ішкі мемлекеттік қарыздар. Мемлекеттік қарыздың елдің экономикалықдамуына ықпалы.

Нарықтық экономикадағы табыстар. Табыстар теңсіздігінің себептері. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктерді өлшеу (Лоренц қисығы, Джин коэффициенті).

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының мәні және мақсаттары. Әлеуметтік тапсырыс. Әлеуметтік стандарт. Аймақтық әлеуметтік саясат. Микродеңгейдегі әлеуметтік саясат.

Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні мен формалары: капиталдың халықаралық қозғалысы; жұмыс күшінің халықаралық миграциясы; әлемдік ақша жүйесі.

ҚР дүниежүзілік шаруашылықтағы орны. ҚР ұлттық экономикасының бәсекеге қаблеттілігін қамтамасыз ету жолдары.

Д15. Экономикалық өсу – 1сағ.

Экономикалық өсу ұғымы және оның көрсеткіштері. Экономикалық өсудің түрлері мен факторлары. Экономикалық өсудің жаңа классикалық және жаңа кейнсшілдік үлгілері. В.Леонтьевтің «шығын-өнімнің кестесіндегі макропропорцияларды үлгілеу. Экономикалық өсудің нольдік (Рим клубы) және тұрақты экономикалық дамуының (Рио-де -Жанейро) тұжырымдамасы.