Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия ЭТН Раб прогр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.66 Кб
Скачать

Семинар сабағының жоспары

1. Нарық механизмінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға және бәсеке.

2. Сұраныс заңы, сұраныс қисығы, сұранысқа әсер ететін факторлар.

3. Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы, ұсынысқа әсер ететін факторлар.

4. Икемділік ұғымы. Икемділік теориясының тәжірибеде қолданылуы.

Негізгі категориялар

Нарықтың элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке, сұраныс заңы. Сұраныс қисығы, сұранысқа әсер ететін факторлар. Ұсыныс заңы, ұсыныс қисығы, ұсынысқа әсер ететін факторлар, нарықтық тепе-теңдік, икемділік, икемділік коэффициенті, баға және табыс бойынша икемділік, тауар тапшылығы, тауар артықшылығы, тұтынушылық мінез- құлық.

6. Жеке-дара өндіріс теориясының негіздері

1. Өндіріс факторлар нарығы

2. Жалақы және оның негізгі түрлері.

3. Жер рентасы жер иелерінің факторлық табысы.

Адамның әр түрлі қажетіліктерін қанағаттандыра алатын әр түрлі игіліктерді жасау - өндірістік іс-әрекеттерді білдіреді. Ол үшін табиғат өнімдері қайта өңделеді. Өндіріс үрдісіне қатысатын және соңғы өнімді (қызметті) жасауға ықпал ететін заттар өндіріс факторы мен өндіріс ресурстары болып табылады.

Ең қарапайым және қолайлысы Марксизм теориясындағыдай өндіріс факторларын адамдық және материалдық - заттай факторларға бөлу болып табылады. Адам факторына әрине, жұмыс күші жатады, олардың білімі тәжірибесі өндірістік дағдылары. Адам өндірістік үрдістің бірден-бір негізгі тұлғасы, ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы бо­лып табылады. Ал, материалдық - заттай ресурстар көбінесе, өндіріс құралдары деп аталынады, өйткені, олардың көмегімен адамдар өзіне кажетті игіліктерді өндіреді. Адамдардың білімі, тәжірибесі және оларды өндірісте іске асыратын өндіріс құралдарының жиынтығы қоғамның өндіргіш күштерін құрайды.

Еңбек заты - адам еңбегі бағытталатын объектілер, ол өз кезегінде соңғы шешім болып табылады. Ал еңбек құралдары адамның табиғи мүмкіндіктерінің жалғасы болады және де адам мен енбек заты арасындағы жалғастырушы ретінде көрінеді.

Еңбек нарығы осы еңбек заттары мен еңбек кұралдарын қолдана алатын адамдардың білімі мен біліктілігі арқылы сипатталады.

Капитал ұғымын әр түрлі мектеп өкілдері әр түрлі түсіндірген. Мысалы, физиократтар капиталға шикізат пен құралдарды, А.Смит еңбекті жатқызған. Капитал физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. Физикалық капиталға өндірістік және өндірістік емес құрылымдар, машиналар, құрал-жабдықтар, шикізат және материалдар жатады. Физикалық емес капитал - бұл адам капи­талы, яғни адамның білімі, тәржірибесі, мамандығы, енбекке деген қабілеттілігі, дағдысы, шеберлігі, денсаулығы және т.б.

Капитал дегеніміз - бұл жалдамалы еңбекті пайдалану нәтижесінде қосымша құн әкелетен авансыланған құн. Капиталдың натуралдық нысандары: ақшалай, тауарлық, өндіргіш болады. Капитал нарығын өнеркәсіптік капитал, сауда капиталы және қарыз капиталдары құрайды.

Өнеркәсіптік капитал - өнеркәсіп саласына және ауыл шаруашылығына, құрылысқа, көлікке бағдарланған капитал.

Сауда капиталы - сауда пайдасын алу мақсатында сауданы ұйымдастырумен айналысу.

Қарыз капиталы - қайтарымдылығы және пайызды төлеу қағидалары негізінде қарызға берілетін капиталдың ерекше ақшалай нысанын көрсетеді.

Ал осы еңбек ұсынысын, сипатын және капитал түрлерін, пайыздық деңгейлерді, жер бағаларын анықтау кезінде ақпараттар нарығының алатын орнын байқауға болады.

Өндipic факторларының бағасы сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына тәуелді. Өз кезегінде баға дәрежесі мен оның өзгерісі сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасының динамикасына ықпал етеді. Бәсеке күpeci барысында сұраныс пен ұсыныстың, тауарлар бағасының ауытқуымен байланысты - өндіріс факторларының иелері арасында табыстарды бөлу орын алады.

Жалақы және оның негізгі түрлері

Экономика теория негіздеріда жалақы жайлы екі тұжырымдама бар: біріншіден- жалақы - еңбек бағасы (еңбек пен жұмыс күшінің айырмашылығы ескерілмейді), оның дәрежесі мен динамикасы; екіншіден - жалақы жұмыс күші - тауар құнының ақшалай көрінісі (бағасы).

Жалықының екі тұжырымдамасы да ағылшын саяси экономикасының классиктері А. Смит пен Д. Рикардоның теорияларына негізделген.

Яғни, жалақы дегеніміз – бұл жұмыскерге, оның жасаған еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған ҚЖӨ көлеміне сәйкес берілетін төлем. Қалыпты жағдайда жалақы қоғамдық өнім құнына тең және оның ақшалай түрі болып табылады.

Жалақыны анықтайтын негізгі факторлар:

  • жұмысшының қажеттілігін қанағаттандыратын тауар құны;

  • оны мамандыққа оқытуға жұмсалған шығындар;

  • оның отбасының өмір сүруіне қажетті заттар құны.

Ал, жалақы мөлшеріне әсер ететін факторлар:

  • еңбек өнімділігі;

  • еңбек қарқындылығы;

  • еңбектің күрделілігі;

еңбекке деген сұраныс ұсыныстың арақатынасы