Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия ЭТН Раб прогр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.66 Кб
Скачать

Семинар сабағының жоспары

1. Қажеттіліктердің жіктемесі. Ресурстардың түрлері. Өндірістіктік мүмкіндіктер қисығы.

2. Қоғамдық өндірістің нәтижелері: заттар, қызметтер, байлық.

3. Өндіріс және ұдайы өндіріс.

4. Экономикалық жүйенің типтері және экономиканың не?, қалай?, кім үшін? деген негізгі мәселелерін шешу.

Негізгі категориялар

Экономика және адам. Экономикалық мүдделер, қоғамдық өндіріс, материалдық және материалдық емес өндіріс, игіліктер, заттар, қызметтер, байлық, қажеттілік, ұдайы өндіріс, өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну. Экономикалық игіліктердің ауыспалы айналымы. Экономикалық жүйе, экономиканың негізгі мәселелері (не, қалай, кім үшін)

3 Тақырып. Меншік қатынастары

1. Қоғамдық шаруашылықтың негізгі нысандары мен үлгілері.

2. Тауар және оның қасиеттері: құны және тұтыну құны. Еңбек құн теориясы.

3. Ақшаның мәні және атқаратын қызметтері.

4. Нарықтың мәні және құрылымы.

Өндіріс мақсатына байланысты шаруашылықтың екі негізі түрі бар. Олар:

1. Натуралды шаруашылық - өнімін сату, айырбастау үшін емес, тек өзінің тұтынуы үшін өндіретін тұйық шаруашылықты айтамыз. Бұл шаруашылыққа тән негізгі белгілер:

  • экономикалық қатынастар жүйесінің тұйықтығы;

  • еңбектің әмбебаптылығы (универсалды);

  • өндіру мен тұтыну арасындағы тікелей экономикалық байланыстар.

Өндіргіш күштер мен еңбек қатынастар дамыған сайын қарапайым натуралды шаруашылықты бірте-бірте тауарлы шаруашылық ығыстырып шығарды.

2. Тауарлы шаруашылық дегеніміз - өндірілген өнім тұтынуы үшін емес, сатылу үшін басқаның қажеттілігін қанағаттандыру үшін шығарылатын экономикалық қатынастар жүйесі.

Тауар шаруашылығының пайда болуы және даму себептеріне қоғамдық еңбек бөлінісі, өндірушілердің экономикалық оқшаулануы, өнімдерді өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы байланыс жасауы, тауарларды сату және сатып алу жатады.

Тауарлы шаруашылыққа тән белгілер:

  • ұйымдастыру – экономикалық қатынастардың ашықтығы;

  • еңбек бөлінісінің болуы және оның әсерінен тауар айырбасының орын алуы;

  • өндіріс пен тұтыну арасындағы жанама делдалдық байланыстар.

Тауар өндірісінің экономикалық негізі қоғамдық еңбек бөлінісі. Тарихта үш түрлі күрделі қоғамдық еңбек бөлінісі болды. Алғашқы күрделі еңбек бөлінісі мал шаруашылығынан егіншілердің бөлінуі нәтижесінде пайда болды. Екінші күрделі еңбек бөлінісі ауыл шаруашылығынан қолөнердің бөлініп шығуы, үшінші күрделі еңбек бөлінісі - жоғарыда аталған тайпалар арасынан саудамен ғана шұғылданатын әлеуметтік топтың шығуымен сипатталады.

Тауарлы шаруашылықтың нәтижесі – тауар болып табылады. К.Маркстің тұжырымдамасы бойынша тауар - бұл біріншіден, адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын; екіншіден, жеке тұтыну үшін емес айырбас үшін өндірілетін зат.

Кез келген тауардың екі қасиеті болады: тұтыну құны және айырбас құны. Тауардың құны оны өндіруге кеткен еңбек шығындарымен анықталады. Және тауардың екі қасиеті еңбектің екі сипаты арқылы жасалады. Олар нақты еңбек және абстрактілі еңбек.

Нақты еңбек – бұл еңбектің нақты әрекеті, яғни еңбектің белгілі бір мақсатты түрде жұмсалуы. Ол тауардың тұтыну құнын жасайды.

Абстрактілі еңбек – бұл тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі. Ол тауардың айырбас құнын жасайды.

Тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы – бұл құн заңы. Құн заңы тауарларды өндіру мен айырбастау, оларды өндіруге жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылады. Құн заңының көрінісі - баға. Баға – құнның ақшалай көрінісі.

Қазіргі кездегі формаға (ақшалай) енбес бұрын, айырбас қатынасы өте ұзақ стихиялы даму жолдарынан өтті. Алғашқы қауымдық қоғам кезінде әрбір адам өзінің тұтынуына қажетті заттың бәрін өзі өндірді. Еңбек өнімдері қауымдар арасында тек кездейсоқ жағдайларда айырбасталды. Және бұл кезде құнның кездейсоқ немесе жай формасы орын алды. Яғни, бір заттың (балта) құны екінші бір тауар (астық) арқылы анықталып отыр.

Мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуының нәтижесінде мал енді басқа тауарларға кездейсоқ емес, тұрақты түрде айырбастала бастады. Бұл кезде құнның толық немесе жайлыңқы формасы орын алды.

Тауар өндірісінің көлемі ұлғайып, айырбас үрдісінің одан әрі дамуы және қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдей түсуі нәтижесінде тауарлар дүниесінен ерекше бір тауар бөлініп шығып қалған барлық тауарлардың құнын анықтады. Яғни, құнның жайлыңқы формасы бірте-бірте оның жалпылама формасына айналады. Алғаш тауар өндірісі басталған кезде әр түрлі өнімдер бір-бірімен тікелей айырбасталып отырды. Артынан олардың ішінен ерекше тауарлар бөлініп шыға бастады. Ол басқа тауарлардың барлығына айырбастала алатын, неғұрлым тез өтетін жергілікті тауарлар болды. Олар әр халықта, әр түрлі болды. Мысалы: Индияда пілдің сүйегі, Қытайда жібек мата, Қазақстанда мал, астық, асыл тастар, аңның терісі және т.б. Яғни айырбас үрдісі Т – Т формаснда жүрілді.

Айырбас ұлғайып, жергілікті нарық шеңберінен шыққан кезде, өндіргіш күштердің қарқынды дамуымен байланысты, жалпылама эквивалент рөлін әр елде әр түрлі тауарлардың атқару тәртібі қала бастады, оны тек бір ғана тауар, яғни, ақша атқаратын болды. Осылайша құнның ақшалай формасы дүниеге келді.

Бұл форма эквивалент рөлін тек алтын, бағалы металдар атқарған кезде ғана беки бастады. Сөйтіп, айырбас үрдісі тауарлар әлемінен ерекше тауар ақшаның бөлініп шығуына әкелді. Құнның ақшалай формасының пайда болуымен байланысты бүкіл тауарлы әлем, тауарлар және ақшалар болып екіге бөлінді.

Ақша – бұл барлық тауарлардың құнын көрсетіп, олардың айырбасында аралық қызмет атқаратын жалпы тауарлық эквивалент.

Ақшаның мәні оның тауар өндірісі мен айналыс сферасында атқаратын қызметінен көрінеді. Ақша өзара байланысты 5 қызмет атқарады: құн өлшеуіш, айналыс құралы, қор жинау құралы, төлем құралы және дүниежүзілік ақша қызметі.

  • құн өлшемі - ақшаның көмегімен барлық, тауарлардың құны көрсетіліп, оның бағасы белгіленеді;

  • айналыс құралы - ақша тауар алмасу үрдісінде аралық қызмет атқарады;

  • қор жинау құралы - өндірушілер және жеке адамдардың ақшаларын банктерде, мемлекеттік қазынада жинақтауы;

  • төлем құралы - тауарларды несиеге сатқан кезде ақша төлем құралы қызметін атқарады;

  • дүниежүзілік ақша - дүниежүзілік ақша қызметін халықарлық экономикалық қатынас кезінде атқарады. Бұл қызметті тек алтын немесе алтынға еркін айырбастала алатын валюталар ғана атқара алады.

ХХ ғасырда ақша қызметтері және ақшаның жалпыға ортақ эквивалент ретіндегі рөлі өзгерістерге ұшырады. Еш жерде тауар құны алтын арқылы өлшенбейді, ешбір елде алтын ақша ретінде айналыста болмайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда есеп айырысу валюталар - доллар, евро, иена және т.б. арқылы жүзеге асады. Сонымен, алтынның айналыстан шығуы және оның ақша қызметін атқармайтын болуы демонетизациялау деп аталады. Демонетизация дегеніміз алтынның ақша рөлін және жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқаруды доғаруы.

Ақша толық құнды ақшалар және толық құнды емес ақшалар болып екіге бөлінеді. Толық құнды ақшаларға – алтын, күміс сияқты асыл металдарды жатқызамыз. Ал толық құнды емес ақшаларға – қағаз ақшалар, биллиондық теңгелер және несие ақшаларды жатады:

  • қағаз ақшалар дегеніміз айналысқа түсетін толық құнды ақшаларды алмастыратын ақшалық белгілер;

  • биллион теңгелер – төмен сапалы күміс, мыс, алюмини сияқты металдар қорытпасынан жасалған, көрсетілген бағасы ондағы металл құннан төмен толық емес, майда, айырбас тиындар;

- несие ақшалар – қарызға берілген немесе қарызға алынған ақшалардың ерекше түрі. Оларға вексель, чек, банкнот, несие карточкалары жатады.

Әр мемлекетте тарихи қалыптасқан және мемлекет заңды түрде бекіткен ақша айналымының нысаны яғни, ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі бірнеше элементтен тұрады: ақша бірлігі, баға ауқымы (масштабы), эмиссиялық жүйе, ақша түрлері, ақша жүйесінің институттары.

Нарықтың мәні және қызметтері

Нарықтық экономика - өндірушілер мен тұтынушылар нарық арқылы әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру нысаны.

Нарық – бұл өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну аясында сату және сатып алу арқылы жүзеге асырылатын ұйымдық – экономикалық қатынастар жүйесі.

Нарықтың мәні оның қызметтерінде толық көрінеді. Нарық өзара байланысты мынандай маңызды қызметтерді атқарады: реттеу қызметі, делдалдық қызмет, баға белгілеу, ақпараттық қызмет, ынталандырушылық қызметі:

  • реттеушілік - тауар өндірісінің өзін-өзі реттеу қызметі, яғни не өндіру керек, кім үшін өндіру керек және қалай өндіру керек деген мәселелер шешіледі;

  • баға белгілеу - өндірушілер мен тұтынушылардың тауар мен қызметке деген сұранысы мен ұсынысының өзара әрекетінің нәтижесінде нарықтық баға қалыптасады;

  • делдалдық - нарық өндірушілер мен тұтынушылар арасында делдал бола отырып, оларға сауда саттықтың тиімді нұсқасын табуға мүмкіндік береді;

  • ынталандырушылық - баға төмендеген кезде өндірушілер өнім өндіруді қысқартып, жаңа техника-технология енгізу, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру арқылы шығындарды азайтуға ұмтылады;

  • ақпараттық - баға арқылы тауар өндірудің технологиялық дәрежесі мен шығындары, шаруашылық әрекеттің неғұрлым тиімді бағыттары туралы экономикалық ақпарат беріп отырады;

Нарықтың сипаты оның субьектілері мен олардың іс-әрекетін талдаумен байланысты. Нарықтық шаруашылықтың субьектілері: үй шаруашылығы фирма және мемлекет ретінде қарастырылады:

- үй шаруашылықтары - тауар мен қызметтерді сатып алады, өндіріс факторларына ие, өз меншіктерін фирмалар мен үкіметке сатады;

- фирмалар - тауар мен қызметтерді өндіреді, өндіріс факторларын тартады және пайдаланалады;

- мемлекетзаңдық және саяси билікті жүзеге асыратын үкімет мекемелері.

Нарықтық шаруашылықтың обьектілеріне – тауарлар мен қызмет көрсетулер, өндіріс факторлары, ақша, бағалы қағаздар және т.б. жатады.

Нарықтың күрделі экономикалық жүйе ретінде өзіндік құрлымы бар. Нарықтың құрлымы бұл – нарықтың жекелеген элементтерінің ішкі құрлымы. Нарықтың құрлымы әр түрлі белгілері бойынша көптеген түрлерге бөлінеді. Олар:

  • Экономикалық мүдделері бойынша - тауар мен қызмет нарығы; өндіріс факторларының нарығы; қаржы нарығы.

  • Географиялық орналасуы бойынша - жергілікті нарық; ұлттық нарық; дүниежүзілік нарық.

  • Бәсекенің шектелу деңгейі бойынша - монополиялық нарық; олигополиялық нарық; жетілдірілген бәсеке нарығы; монополиялық бәсеке нарығы.

  • Сала бойынша - автомобиль нарығы; компьютерлік нарық, т.б.

  • Сатылу сипаты бойынша - көтерме сауда нарығы; бөлшек сауда нарығы; фьючерстік сауда нарығы.

  • Заң нормаларына сәйкестігі бойынша- ресми нарық; «жасырын» нарық.

Қазіргі кезде нарық – дамыған инфрақұрылымсыз, яғни қосалқы, көмекші салалар мен ұйымдарсыз орын алуы мүмкін емес.

Нарықтың инфрақұрлымыбұл нарықтық қатынастардың қызмет етуін қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік және коммерциялық фирмалардың жиынтығы.

Нарықтық инфрақұрылымдардың төрт негізгі түрі бар. Олар: тауар нарығы, қаржы нарығы, еңбек нарығы және ақпараттық нарық.

Ал оның негізгі элементтері:

- несие жүйесі және коммерциялық банктер;

- тауар, қор, валюта биржалары;

- жәрмеңкелер, аукциондар;

- мемлекеттік және мемлекеттік емес еңбек биржалары;

- ақпараттық технологиялар және бұқаралық ақпарат құралдары;

- салық жүйесі және салық инспекциясы;

- сақтандыру жүйесі;

- кеден жүйесі;

- коммерциялық көрме кешендері;

- кеңес беруші және аудиторлық компаниялар;

- қоғамдық және мемлекеттік қорлар;

- еркін арнайы экономикалық аймақтар.