Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Копия ЭТН Раб прогр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.66 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Халықаралық білім беру корпорациясы

Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы

Бекітемін

Бірінші проректор _____________Ауесбаев Е.Т.

«_____»______________2014ж.

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы

ETN 2107 – Экономикалық теория негіздері

Барлық экономикалық емес мамандықтар үшін

Алматы, 2014

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы ҚР БҒМ № 611 «30» 12. 2009 ж бұйрығымен бекітілген «ETN 2107 - Экономикалық теория негіздері» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы негізінде әзірленген

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасын әзірлеген:

Ержанов Абдулла Калиевич, экономика ғылымдарының докторы, профессор

(аты,жөні-тегі, лауазымы, ғылыми дәрежесі) (қолы)

Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы талқыланған және ұсынылған

  1. «Құрылыс технологиясы, инфраструктурасы және менеджменті» факультетінің Әдістемелік кеңесінде

. Хаттама №___ «__»__________2014 ж

Академиялық профессор Адилова Д.А.

Факультеттің Әдістемелік Кеңес төрағасы(төрайымы) Калдығожина С.А.

«ҚТИжМ» факультеті деканы Адилова Д.А.

  1. Академияның Әдістемелік Кеңесімен

Хаттама «__»__________2014ж.

Әдістемелік Кеңес төрағасы (төрайымы) Абилова Б.А.

  1. Пәннің мақсаты

Бұл пән барлық экономикалық емес мамандықтарға міндетті оқытылатын пәндердің бірі болып табылады. Оның негізгі мақсаты - студенттерге әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының эволюциясы мен заңдылықтары туралы, шектеулі ресурстар жағдайында адамның экономикалық іс-әрекетінің қағидалары мен мотивтері туралы теориялық білім беру, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруда экономикалық дүниетаным мен белсенді азаматтық көз қарасты қалыптастыру болып табылады.

  1. Оқытушы туралы мәліметтер:

Ержанов Абдулла Калиевич, экономика ғылымдарының докторы, академиялық профессор, «ҚТИжМ» факультеті

Тел.309-61-76

Уақыты: Бекітілген сабақ кестесі бойынша

Кеңес беру сағаттары(office-hour): БОӨЖ кестесі бойынша, 238 бөлме.

  1. Пән туралы мәліметтер

«Экономикалық теория негіздері»

Оқу жұмыс жоспары бойынша сағаттық жүктеменің үлестірілуі

Курс

Семестр

Кредиттер саны

Еңбек сйымдылығы, сағ

Контактілік сағаттар

БӨЖ (сағ)

Барлығы

оның ішінде

Барлығы

о.і. БОӨЖ

дәріс

Практикалық сабақтар

Лабораториялық сабақтар

2

3

2

90

30

15

15

-

60

15

  1. Пререквизиттер: Философия, Қазақстан тарихы, Математика, Информатика

Постреквизиттер: Микроэкономика, Макроэкономика, Менеджмент, Маркетинг, Статистика, Құрылыс экономикасы, Кәсіпорын экономикасы.

  1. Қысқаша түсініктеме «Экономикалық теория негіздері » пәні студенттерге жүйелі түрдеі экономика туралы негізгі түсініктер, экономикалық дамудың заңдары мен заңдылықтары туралы түсініктеме береді. Сонымен қатар дербес ойлап, жауапкершілікті шешім қабылдай алатын экономикалық сауатты мамандарды тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

«Экономикалық теория негіздері » пәнінің зерттеу объектісі қоғамның экономикалық жүйесі болып табылады. Ал, әдістері: тарихи және логикалық әдістердің бірлігі, жүйелік тәсіл, графикалық және экономика-математикалық талдауды қолдана отырып экономикалық процестерді моделдеу болып табылады.

Бұл пәнді зерттеу барысында студенттер негізгі экономикалық ұғымдарды, қоғамдағы экономикалық заңдардың әрекетін, әр түрлі экономикалық көрсеткіштердің есептелу жолдарын, әр түрлі экономикалық жүйелердегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму заңдылықтарын, шектеулі рсурстар жағдайындағы нарықтың өзін өзі реттеу механизмдерін, экономиканы мемлекеттік реттеудің қағидасын, экономикалық құбылыстарды өзара байланыстыра танудың саналы әдісі ретінде логика мен диалектиканы пайдалану, ақпаратты жүйелеу және қадағалау сияқты мәселелермен танысады.

Дублиндік дискрипторлар негізінде білім жетістіктері нәтижесі деңгейінің заманауи талаптарына сәйкес білімгерлер игеруге тиісті:

  • экономикалық теорияның пәнін;

  • экономикалық зерттеулердің әдістері мен амал-тәсілдерін;

  • нарықтың құрылымы мен инфраструктурасын;

  • экономикалық үдерістерді реттеу әдістерін;

білуге тиісті:

  • мазмұнын, анықтамаларын, негізгі қағидаларын, заңдарды, моделдерін;

  • әртүрлі экономикалық жағдайлардағы негізгі проблемаларды шешу тетіктерін;

  • нарықтық экономиканың негізгі сипаттамасын;

  • нарықтық экономиканың құрылымы мен инфрақұрылымын;

  • нарықтық экономиканың салыстырмалы түрдегі артықшылықтары мен кемшіліктерін;

меңгеруге тиісті:

  • экономикалық талдаудың әртүрлі әдістерін қолдануды;

  • нақты ақпараттар мен мәліметтерді өзінше талдауды;

  • жалпылама түйіндеме жасауды;

  • шаруашылық шешімдер қабылдауда нақты ұсыныстар жасай білуді;

құзырлы:

  • экономикалық теория әдістерін қолдануға;

  • кәсіпкерлік істерінде нарықтағы экономикалық жағдайларды талдап, баға беруге;

  • қазіргі кездегі экономикалық даму қарқынын зерттеуге.