Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№ 6 Дәрістер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.94 Кб
Скачать

4. Қабілет және тұлға даралығы

Адам қабілетіндегі айырмашылық іс - әрекеттің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамды обьектті жан – жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік – нақты іс - әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапалары үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар себепші, мысалы, адам көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы саладағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен\, белгілі бір іс - әреет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір – бірімен үйлесім таба алады.

Іс - әрекетпен айналысқанда табысқа жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез – құлқында, келесі сапалық көріністер болуы қажет: ең алдымен – еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық.Бірақ осындай ерекше қабілеті бар адамның өзі де айтарлықтай өнімге қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс - әрекетіне, жеке басына сын көзбен қарап, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлвқ деңгейде болуы керек.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне дарындылық. Шеберлік, талант, данышпандық, шабыт кіреді.

Әр түрлі іс - әрекеттер аймағына қажет білім, ептілік – дағдылар бірлігін жеңіл әрі нәтижелі игеруді қамтамасыз етуші жалпы қабілетитер ерекшелігін дарындылық деп атайды. Дарындылық деп атайды. Дарындылық әрбір адамның ақыл – сана,оқу,шығармашылық,көркмөнер,адамаралық қатынастар түзу және психомоторлық қызметтерінде көрініс береді. Дарынды адамдарға тән қасиеттер: зейінділік, жинақылық, тұрақтылық,әрқашан қызметке дайын болу; мұндай тұлғалар,сонымен бірге, мақсатқа жетуде ақылға сайтабандылыққа ие, еңбекте шаршап –шалдығуды білмейді, басқалармен салыстырғанда интелекттік деңгейі анағұрлым жоғары.

Өз қызығулары бағытында дарынды адамдар қайтпас қажырлық таныта алады. Бұл қасиеттің адамдағы көрінісі – 2 – 3 жасар баланың бір іспен үзбей шұғылдана алу уақыты. Басқа қатарларымен салыстырғанда дарынды бала өзін қызықтырған іспен бірнеше сағат шұғылданып, қажет болса, оған бірнеше күндер бойы қайта оралып,көздегеніне жетпейінше, әрекетін тоқтатпайды.

Дарындылық дәрежесінің артуы қажетті білімдер мен ептілік, дағдыларды игеріп, әрі жетілдіріп баруға тікелей тәуелді.

Дарындылықтың өзіндік ерекшелігі ең алдымен қызығушылық бағдарға байланысты. Осыдан, біреу матеметикаға құмар, екінші – тарихқа, және біреулер – қоғамдық жұмыстарға бас болуда өз дарындылығын іске қосып, оны нақты іс - әрекетте кейін дамыта түседі. Мысалы, мұғалім дарындылығының көрсеткіштері келесідей:1)оқу материалын шәкірттерге түсінікті күйге келтіру; ) оқушы көңіл – күйін қалтқысыз тану; ) жұмыста шығармашыл болу; ) балаларды өз еркіне көндіре алу; ) балалар ұжымын біріктіруге қабілеттілік; )сөз мәнерлігі мен мазмұндылығы; ) сөйлеу көркемділігі мен мазмұндылығы; ) педагогикалық әдептілік; )оқу байқағыштық; )педагогикалық талапшаңдық (Ф.Н.Гоноболин)

Қабілеттер өз деңгейлері мен ауқымы жағынан ажыратылады. Нақты іс - әрекет аймағында өте жоғары деңгейде көтерілген қабілет – шеберлік деп аталады. Шеберлік, яғни бір іс - әрекет аймағында жоғары жетілгендік үлкенде қажырлы еңбек негізінде пайда болады. Шеберлік көбіне өндірісті қайта жасау мезеттерімен байланысты келеді. Алайда, бұл шеберліліктің дайын ептіліктер мен дағдылар бірлігінен туындайтынын білдірмейді.

Әрқандай кәсіптегі шеберлік кез келген жаңа мәселелерді шешуге қажет болған психологиялық дайындықты қажет етеді. Шебер маман үшін шығармашылық міндетті түсіну мен оны орындау жолдарын табу – екеуі өзара байланыста қабылданады, іске асады, яғни «не істеу» және «қалай істеу» арасында жік болмайды.

Шеберліктен кейін - өзгермелі, дамудағы құрылым. Іс - әрекет барысында адамның қабілет түзілімі, тұлғалық мәні қалыптасып, бір деңгейден екіншісіне көтерілумен ұдайы ауысып барады. Өте дарында адамдар да қарапайым еліктеуден бастап, кейін бірте – бірте тәжірибе жинақтаудан жасампаздық дәрежесіне көтеріледі.

Адам қабілетінің ерекше даралық сипатын көрсететін психологиялық құбылыс – талант. «Талант» сөзінің төркін мәні: ежелгі грек қауымында бай – манап өзі жоқта жұмыстан қашқақтамасын деп еріншек құлына беретін күміс ақша бірлігі – талант аталады екен, ақылдан жұта құл оны алудан, пайдалы айналымға жіберудің орнына, топыраққа көміп жасыратын болған. Осыдан халықта «Таланты құм болды», «Таланты көмілді» деген ұғымдар сақталып қалған. Қазіргі күнде талант арнайы қабілеттердің (музыкалық, суреткерлік, әдеби шығармалық ж.т.б.) жоғары деңгелі дамуын білдірді. Қабілеттер сияқты талант та іс - әрекетте көрініп, өрістейді. Талантты адамның қызметі өзінің жаңашылдығымен, қайталанбас мәнерімен ажыратылады.

Таланттың оянуы тікелей қоғамдық болмысқа тәуелді. Қай бағыттағы дарындылықтың жоғалуы, дәуір қажеттілігі мен әлеумен алдында тұрған нақты міндеттерге байланысты. Мемлекеттің дамуы инженерлік және конструкторлық таланттардың жетілуінен, мемлекеттің көркейген кезеңінде ән – күй, әдебиет таланттары шығады, ал соғаыс уақытында – талантты әскери қол басшы дүниеге келеді. Осыдан, қазақ арасынан шыққан Қ.Сатбаев, М.Әуезов, Б.Момышұлы, Қажымұқан,Р.Рымбанва - әрбірі өз дәуірінің саңлақтары.

Талант - көптеген қабілеттердің байланысы, бір тұтастығы. Өте жоғары дамыған, бірақ оқшауланған бір қабілет талант дәрежесіне көтеріле алмайды. Мысалы, кейбіреулер он қаналы не одан да көп санды лезде көбейтеді не бөледі, бірақ математикалық емес, бола алмайды да.

Қабылеттердің даму барысындағы ең жоғарғы, шыңдалу деңгейі – данышпандық деп аталыды. Шығармашылық қызметі қоғам өмірінің бір дәуірінде, адамзат мәдениетінің тарихында белгілі із қалдырған адам ғана данышпан бола алады. Өркениеттің 5000 жылдық тарихында мұндай шыңға 400-ақ кемеңгер көтеріліпті. ХХ-ғ. Саңлақтары атианған, арамызда жүрген замандастарымыз ақын Олжас Сүлейменов, сынаушы – ұшқыш, ғарышкер Тоқтар Әубәкіров қазақ данышпандарының бірінші ондығынан.

Шабыт пен еңбек – екеуі егіз, бір – бірінсіз аса алмайды. Осыдан, шабвт – қажырлы еңбек пен орасан бай білім қоры негізінде туындайтын мүмкіндік. «Шабыт – еріншектерден қашатын, шақырғанға баратын қонақ» (П.И.Чайковский). сана айқындығы, ой мен бейнелер кернеуі; ес, зейін өткірлігі, мақсатқа бағыттайтын арнасына симайтын ерік күші- шабыттанудың алғы шарттары.

Дәріс №9