Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№ 6 Дәрістер.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.94 Кб
Скачать

Тәрбиелеудің психодиагностикасы

Жоспар: 1. Оқушылардың жеке басының ерекшеліктерін бағалау.

2. Тұлғааралық қарым – қатынасты диагностикасы.

3. Еңбекке баулу,деңбе сүйгіштікті диагностикалау.

Мақсаты: Тәрбиедегі ауытқуды диагностикалау.

Сұрақтар: 1. Тәрбие ұғымның мағынасы.

2. Ауытқу себептері.

3. Диагностика әдістері.

ҚАЛЫПТАСҚАН

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТ БАҒДАР

ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдарындағы психология дағдарысы

ХХ ғ. Басында өркендей бастаған ғылым мен өндіріс – экономикалық талаптарына орай сана (интроспекттік) психологиясының дағдарысы қылаң берді. Интроспекттік психология практикалық қолданба енгізулерді қажет еткен капиталистік өндіріс проблемелары алдында өз дәрменсіздігін байқатты. Оның субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа, объектив әдістер тұғырына орнықтыру жолдары іздестіріле бастады.

Сана психологисының дағдарысы, сонымен бірге, ғасыр аяғында Францияда кең өріс алған невротология және психиатрия саласындағы зертеулердің нәтижесімен де байланысты еді. Бұл зерттеулер адам психикасының кейде саналы басқарылмайтын құбылыстармен көрініс беретінін дәлелдеді. Мұндай астар санаға тәуелді әрекет – қылықтар эксперименталь және клиникалық талдауға алынды. Осының нәтижесінде психология сана жөніндегі ғылым емесдеген пікір пайда ьолды.

Бұл дәуірдегі психологияның қарқынды дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық тағылымыда үлкен ықпал жасады. Бұл ілімге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тіршілік иесінің икемдеуәрекетінен ажырау мүмкін емес деген тұжырым орнықты. Эволюциялық теория ықпалында интроспекция әдісін (үңіле тану) қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын зертеу етек алды. Осылайша әртүрлі ықпалдармен жағдайлар ғылымда бірнеше жаңа психологиялық теоритялардың туындауына себепші болды. Жаңа теория өкілдері сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыфруды мақсат етіп қойды.

Бихевиоризм – ХХ ғ. Американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сана емес, әрекет – қылықты зерттеу деп білді. Бихевиоризм теориясы негізінде адам мен хайуанаттардың әрекет – қылығы - сыртқы орта әсеріне (стимул) болған организмнің кері (сөз, эмоция арқылы) жауаптарының жиынтығы деген түсінк жатыр. ХIХ – ХХ ғ.ғ. тоғысында бихевиоризм психологиясы жануарлар психикасын эксперименттік талдауға салу нәтижесінде пайда болды. Мұнда адам психикасын зерттеуде қолданылатын өзін - өзі бақылау тәсілін пайдалану мүмкін болмағандықтан, эксперимент жасау әдісі іске қосылды. Бұл әдісті бихевиористер адам психиаксын зерттеуге де қолданды. Бихевиоризмнің жалпы әдіснамалық алғы шарты позитивизмнің философиялық принциптерінен шығады. Осы принциптерге сәйкес ғылым тек бақылау жүргізіп отырған затын баяндауы тиіс, ал бақылауға тікелей берілмеген мәліметтер мен ішкі механизмдерді талдау алдамшы болады. Осыдан барып, бихевиоризм психологиясы сананы емес, әрекет – қылықты зерттеуі керек деген негізгі тезис тұжырымдалды. Бихевиористер сана деп адамның тек басынан кешкен субьективті мағлұматтар жиынтығын айтады. Сана сыртқы дүниені бейнелейтін мидың нақты қызметі екенін олар мойындамайды. Сөйтеді де психиканың материалдық субстратын құрайтын ми физиологиясына қарсы шығады. Бихевиоризм теориясын қалаушы – Э.Торндайк. Ал оның бағдарламасын жасап, «бихевиоризм» терминін енгізген Дж.Уотсон. Бихевиоризм тағлұматының кризистік халге жетуі – сана, ойлау,ерік сияқты негізгі ұғымдарды психологтядан шығарып тастап, психиканың әлеуметтік жағын ескермеуінде.

Гештальпсихология (нем. Гештальт – бейне, құрылым, біртұтас форма) – ХХ ғ. Бас кезінде Германияда пайда болған идеалистік психологияның бір бағыты. Басты өкілдері: М.Вертхаймер, В.Келлер,К.Кофман,К.Левин. Гештальтпсихология механикалық жаратылстану ғылымының жалпы дағдарысқа ұшырауына байланысты ассоциативті психологияға қарсылық білдіру рухында туды. Гештальттылар «элементтер психологиясына» қарсы әрбір психологялық процестің біртұтастығы мен өзіндік сапасын жақтады. Олар тұтастықты (гештальт) элементтерден тіпті өзгеше жаңа, өзінің ішкі заңдылығынан туып, өзгеріп отыратын, түсіндіріп болмайтын, тек баяндауға ғана келетін құбылыс деп пайымдайды. Гештальтпсихологиясының тұтастық идеясы динамикалық ситуация мен оның формальды құрылымның бір бүтіндігі негізінде іс жүзіне асырылды. «Гештальт» ұғымын алғашқы ендірілген Эренфельд. Оның айтуынша, бұл ұғым мынандай мазмұнды қамтиды: айталық бірнеше дыбыс тітіркендіргіштері іркес – тіркес берілді делік.Сонда бұл дыбыстар бір – бірімен байланыссыз әсерлер ретінде қабылданбай, белгілі құрылымы бар, сол дыбыстардың «гештальты» болып табылатын «әуен» ретінде қабылданды.

Гештальтпсихология бағытының осал тарапы – психологиялық құбылыс – бейне мен оны туындататын нақты әрекет арасындағы байланысты жоққа шығарғандығы Гештальттылар ұғымы бойынша бейне (образ) тек заңды ерекше мәнді құбылыс саналды, оның нақты заттық дүниемен байланысы сыр күйінде қала берді. Осы екі маңызды категориялардың (бейне мен нақты дүние) басын қосып, психологиялық болмысты талдаудың ортақ жүйесін бере алмағандықтан, гетальтпсихология ғылыми мектебі соғыс алды жылдарында тарады.

Генетикалық психология. Швецария ғалымы Ж.Пиаженің генетикалық психология теориясы – психология ғылымының кең өріс жайған бағыттарының бірі. Өз зерттеулерін негізге ала отырып. Ж.Пиаже генетикалық әдісті психологиялық болмысты тануда жетекші әдіснамалық принцип дәрежесіне көтерді.

Өз зерттеулерінде ғалым бала ақыл – есінің (интелект) қалыптасуына назар аудара отырып, ғылыми психологиядағы зерттеулер бала интелектінің дамуын байқаудан басталып, сол арқылы ересектердегі интелект табиғаты мен қызметін білуге болады деп пайымдады.

Пиаженің негізгі міндеті адам интелектінің құрылымын зерттеу еді. Осы құрылымды ол қарапайым органикалық тьіршіліктің эволциялық даму барысында жеткен нәтижесі деп білді, яғни интелекттік күрделі ақыл – естің жай психикалық элементтерден құралатын дәлелдемекші болды.

Пиаже тұжырымының ең үлкен қатесі – баланың біртұтас дамуын ескерместен ақыл – естің өрістеу тұғырын интелекттің өзінен іздеді, ал сананы дамытушы факторлар арасында ол қоғамдық тарихи әрекет болмысына ешқандай орын қалдырмады.

Пиаженің теориялық тұжырымдары жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің көзі өткендегі ой мүмкіндіктерінде болатынын дәлелдеп бақты. Ой қабілеті өзінен - өзі кемелденбейтін, ал даму адам қасиеті екенін, сол адамның адамгершілік қасиет қатысымен шыңдалған сайын оның санасының жан – жақты дамып, ойлау дәрежесінің көтерілетінін тіпті көре білмеді.

Генетикалық психология зерттеулеріндегі ең үлкен олқы – кемшілік: интелект даму деңгейінің бірінен екіншісіне өтуде оқудың маңызы орынды бағаланбай, әлеуметтік – қоғамдық фактордың жеке адам қалыптасуындағы мәні шығарылды.

Фрейдизм. Негізін австриялық психолг З.Фрейд қалаған, жеке адамның жан төркінін, дамуын иррационализм (саналы дәлелі жоқ) мен мистика (тылсым құпия) сияқты психикалықфакторларды саналы әрекетке тікелей қарсы қоюмен дәлелдеуге тырысқан психологиялық бағыт. Алғашқыда есі ауысу сырқатына тап болғандарды емдеу мен олардың сырқатыныфң табиғатын түсіндіруге бағытталған бұл білім ілімнің негізгі сарыны: адам табиғаты астар санадағы психикалық күштер, олардың ішіндегі ең бастысы – либидо (жыныстық құмарлық) мен сол адамға жау әлеуметтік ортада тіршілік сақтау қажеттігі арасындағы мәңгі арпалыста дамиды, қалыптасады.Практикалық қолданба енгізулерді қажет еткен капиталистік өндіріс проблемалары алдында өз дәрменсіздігін байқатты. Оның субъектив әдістері қоғамның объектив қажеттіліктеріне сай келетін ұсыныстарға шамасы жетпеді. Осыдан психология зерттеулерін жаңа, объектив әдістер тұғырына орнықтыру жолдары іздестіріле бастады.

Сана психологиясының дағдарысы. Сонымен бірге, ғасыр аяғында Францияда кең өріс алған невропатология және психиатрия саласындағы зерттеулердің нәтижесімен де байланысты еді. Бұл зерттеулер адам психикасының кейде саналы басқарылмайтын құбылыстармен көрініс беретінін дәлелдеді. Мұндай астар санаға тәуелді әрекет – қылықтар эксперименталь және клиникалық талдауға алынды. Осының нәтижесінде психология сана жөніндегі ғылым емес деген пікір пайда болды.

Бұл дәуірдегі психологияның қарқынды дамуына Ч.Дарвиннің эволюциялық тағылымы да үлкен ықпал жасады. Бұл ідімге орай барша психологиялық дүние қоршаған орта мен тіршілік иесінің икемдесу әрекетінен ажырау мүмкін емес деген тұжырым орнықты. Эводюциялық теория ықпалында инторспекция әдісін (үңіле тану) қолдану мүмкін емес бала мен хайуанат психикасын зерттеу етек алды. Осылайша әртүрлі ықпалдар мен жағдайлар ғылымда бірнеше жаңа психологиялық теориялардың туындауына себепші болды. Жаңа теория өкілдері сана психологиясын психика жөніндегі жаңа тұжырымдамалармен толықтыру немесе оны ауыстыруды мақсат етіп қойды.

Бихевиоризм – ХХ ғ. Американ психологиясының басты бағыты: ол психологияның мақсаты сана емес, әрекет – қылықты зерттеу деп білді. Бихевиоризм теориясы негізінде адам мен хайуанаттардың әрекет – қылығы – сыртқы орта әсеріне ( стимул) болған организмнің кері () сөз, эмоция арқылы жауаптарының жиынтығы.

Дәріс №12