- •Психодиагностиканың ғылыми технологиясы, оның пәні мен принциптері.
- •Негізгі ұғымдар.
- •Психодиагностикадағы объективтілік пен тарихы, әдістері.
- •Психодиагностиканың классификациясы.
- •Тест әдістері.
- •Психодиагностика және білім беру
- •Мектеп психодиагностиканың міндеттері
- •2. Қабілет теориялары
- •3.Нышан және қабілет
- •4. Қабілет және тұлға даралығы
- •Дамудағы ауыт – қудын психодиагностикасы
- •3.6.1.Логикалық ойлауды дамыту әдістемесі
- •3.6.2.А.З.Зак ұсынған “Оқушылардың ойлау қабілетінің даму деңгейін анықтау” әдістемесі
- •3.7.Бастауыш сынып оқушыларының біліктілігін анықтауға арналған тестер жинағы
- •Білімді жедел тесттілеу.
- •2.1. Мектеп алды тобындағы балаларды зерттеу міндеттері
- •2.2 Мектеп алды тобындағылардың мектепте оқытуға даярлығын анықтау (1- сыныпқа қабылданғандарды зерттеу)
- •2.3. А.Л. Венгердің « Үлгі мен ереже » әдістемесі
- •2.4. Балалардың мектепке даярлығын есепке алу
- •Тәрбиелеудің психодиагностикасы
- •Мінез-құлықтағы ауытқудың диагностикасы.
- •Кәсіптік консультацияның диагностика.
Тест әдістері.
Жоспар: 1. Өлшем деңгейлері мен шкалалары.
2. Диагностикалық нормалардың түрлері.
3. тестердің жіктелуі және сипаттамасы.
Мақсаты: Өлшеу процедурасының сенімділігі мен жарамдылық.
Негізгі ұғымдар: Әлеуметтік норматив, тест әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктері.
Сұрақтар: 1. Тесттер мен тестілеуге процедурасына қатысты қойылатын талаптар.
2. Интеллект тесттері.
3. Статистикалық критерилері.
4. Репрезентативтілігі.
Тесттердің шынайылығының айғағы
1.Барлық зерттеушілер үшін стандартты жағдайдың болуы.
2.бағалау жүйесі қатал тәртіпте болу керек,кез келген эксперт бірдей баға қоятындай болу
3.Жеке тұлғалық тесттердің сұрақтарына жауап адамның қулықпен әдейі өзгертуіне тәуелді болмауы керек.
Тесттердің сенімділігін бағалау.
Сенімділік деген-нақтылық,қандайда бір кедергілер болса дазерттеушілердің жауабында тұрақтылықтың болуы.
Сенімділікті барлық процедуралар өткен соң анықтайды.Сенімділікті анықтаудың бір жолы қайта тест жүргізу.(ретестирование)Сенімділік коэффициентін табудың ең қарапайым түрі алғашқы және соңғы тестілеудің арасындағы қорытындының толық корреяциясының коэффициентің шығару(Пирсон бойынша)
Тест сенімді болып саналады,егер сенімді коэффициент мына орталықта болса 0,6±0,1 егер <0,6 болса онда аса мұқият қаралуы керек.
Психологиялық тесттердің валидтілігі бағалау
Валидтілік(шынайылық):жалған және шынайы болып екіге бөлінеді.
Жалған валидтіліктің төрт түрі бар.
1.айқын жалғандылық
2.тәжірибеге негізделген.
3.ниеттелген
4.әдейі сендіруге бағытталған.
Жарамдылықдеңгейінің өз тестің тәжірибиелік пайдалылығын білдіреді,оның диагностикалық болжаулық күшін білдіреді және нақты мақсаттарда қолдануға болатының көрсетеді.
Дәріс № 7
Психодиагностика және білім беру
Жоспар: 1. Оқу процесіндегі адамның негізгі даму жолдары.
2. Дамудың ауытқуың диагностикалау.
3. Білімдерді тестілеу, тапсырма құрастыру технологиясы.
Мақсаты: Білім беру жүйесіндегі кемшіліктерді диагностикалау.
Негізгі ұғымдар: Логика – семантикалық жіктелуі.
Сұрақтар: 1. Ауытқу дегеніміз не? Оны қалай диагностикалаймыз?
2. Білім беруде жеке қасиеттерді ескеру түрлері.
3. Дарынды балаларды оқытуда білім беруде диагностиканың ролі.
Эксперимент әдісі – бұл бір фактордың екіншісіне әсер етуін анықтауға бағытталған. Негізгі әдістерінің ішінде таб иғи эксперимент көп қолданылады. Себебі, әртүрлі топтарда, ұжымдарда адам өзін емін-еркін ұстайтын жағдайларда өткізіледі. Табиғи экспериментті ең алғаш ұсынған А.Л.Лазурский. Эксперименттің лабораториялық түрін түрін алғаш В.Вунд Лейбциг қаласында лаборатория ашты. Бұл белгілі бір арнайы дайындалған орында жүргізіледі.
Кореляциялық әдіс – бұл екі фактордың арасындағы қалыпты байланысты анықтауға бағытталған әдіс болып табылады. Бұл факторалар зерттеушімен анықталмайды. Математикаылқ өңдеу әдісі мен кореляция коэффициенті мен анықтауға мүмкіндік береді. Спирмен кореляциясы әлеуметтік психологиялық зерттеулерде көп қолданылады. Сонымен бірге бұл универсалдылығымен ерекшеленеді.
Бақылау әдісі – мәлімет жинау үшін алдын-ала белгіленген мақсаты бар әдіс. Бақылау лабораториялық және табиғи әлеуметтік ортада жүргізіледі. Лабораториялық бақылау әдісінің кемшілігі. Зерттелуші өзін ыңғайсыз сезінуінде . Жалпы бақылау ғылыми тұрғыда жүзеге асу үшін келесі шарттарды орындауы керек.
Нақты мақсаты болу керек;
Жоспары;
Бақылаудың жүйелі түрде өтуі;
Бақылау қорытындыларын арнайы күнделікке тіркеп отыруы керек.
Аппаратуралық әдіс – бұл әдіс тобына техникалық құралдар, аппараттар көмегімен:
а)зерттеуші обьектінің белгілі бір мінезін көрсету үшін ситуация туғызу;
б)зерттелген мінездің азаюы;
в)зерттеушінің нәтижелері тіркеледі. Бұлардың біреуін, орындаудың өзі аппаратуралыққа жатады. Түрлері: «Арка», «Эстакада», «Лабиринт» т.б.
Сауалнама әдісі – бұл практикалық психологтың әлеуметтік психологиялық құбылыстар туралы ақпараттар жинау.Нәтижесінде бағалау, көзқарас, қабылдау стереотипі алынады. Сауалнаманың екі түрі бар: анкета және интервью.
Интервью әдісі – Вербальді түрде , белгіленген арнайы сұррақтар арқылы ақпарат жинау. Ол стандартты және стандартты емес жолдармен алынады. Интервьюдің мақсатына және зерттеулер көлеміне қарай: индивидуальді, топтық, массалық болып бөлінеді.
Индивидуальді – стандартты емес, еркін түрде болады. Мақсатты: тұлғалық ерекшеліктерді анықтау.
Топтық – мұнда топта белгілі бір тақырып белгіленеді.Оған сай пікірталас жүргізіледі. Онда лидерлік пен топ арасындағы қарым-қатынас анықталады.
Массалық – бұқаралық әлеуметтік психологиялық құбылысты диагностикалауға арналған: көзқарас, көңіл күй, әлеуметтік күш түсу т.б. Мұны тағы демоскопиялық деп атайды. Бұл интервью алдын ала бағдарланған болу керек. Олар зерттеушілерге ананимділікті қажет етпейтіндіктей болуға тиісті.
Анкета әдісі – бұл әлеуметтік психологияда көп қолданылатын әдістердің бірі болып табылады. Себебі ол тиімді әрі ыңғайлы. Оны қолдануға қарай: прессалық, почталық, таратушылық болып бөлінеді.
Почталық – арнайы дайындалған, почта арқылы жіберіледі.
Прессалық – бұл барлық бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады, яғни газет, журнал, интернет т.б.
Таратушылық – бұл жалпы қоғам көзқарасын анықтау үшін қолданылады.
Контент – анализ – құжаттардың ақпараттық деңгейін анализдеудің арнайы әдісі. Бұл ерекше тұлғалардың қалдырып кеткен қолжазбаларын типіне қарай зерттеу, сорттау. Статусына қарай официальді және офмциальді емес болып бөлінеді. Жағдайдың бейнеленуіне, көлеміне, деңгейіне байланысты 1-ші 2-ші болып бөлінеді. Құжаттың жарыққа шығуына қарай: табиғи және мақсатты болып бөлінеді.
Тест әдісі – бұл әлеуметтік психологияда топтағы және тұлғалардың бойындағы түрлі сапалар мен олардың механизмдерін ашып көрсетуді негізгі мақсат етіп қояды.
Тренинг «Үстел басында өзіңді дұрыс ұстау».
Тағдырдың әкелуімен біздің сабақ «туған күн мерекесімен» сәйкес келді. Балалар дастархан жайып, үстел басына отырды. Қол ұстасып (жай), біз оларға үстел басында дұрыс отырудың 54 ересін оқыдық (тренинг сабағына кіреді). Сонан соң арасында өз қосымшасын істеп отыра, біздің тату тобымыз бірінен кейін бірі бұл ережелерді қайталады. Біз оларға бұл ережелерге сай үстел басында ұстауды ұсынғанда, оларға бұл соншалық ұнағаны, ұлдар қыздар жанына отырып, оларға үстел ұсынды. Ол ережелер мыналар;
Дастархан жайған адамдар сені үстел басына шағырғанда отыру керек.
Дастархан жайған адамдар:
Қонақтарды тамақтың бәрін жеуге мәжбүрлемеу керек.
Қонақтарды қайта – қайта тамақтаныңыздар деп мазасын алмау керек.
Тамақты ішу мен жеуді қонақтар бастамаса не аяқтамаса, дастархан жаюшыларға біріші бастап тамақтануға болмайды.
Қонақтар өзіне еккінші кесеге шай немесе кофе құймаса, дастархан жаюшылар да өзіне құймауы тиіс.
Ұлдар мен қыздар:
Ұлдар үстел басына қыздар отырғаннан кейін отырады.
Ұлдар қыздарды үстел басына апарғанда өз оң қолын ұсына отырып, өзінің оң жағына отырғызады.
Үстел басында қызмет көрсету қасында отырған қыз баладан басталады.
Оң жақта отырған қыз балаға ұлдың көңіл аударуына толық құқығы бар.
Ұлдың сол жағында отырған қыз да көңілсіз қалмау керек.
Еркектер көңілі танитын да танымайтын да бикештерге бірдей болуы тиіс.
Көршілер:
Үстел басына отырғаннан кейін танымайтын адамдарды таныстыруға не өзің солармен танысуыңа болмайды.
Бір жақтағы адаммен сөйлесе отырып, өзіңнің басқа жақтағы көршіңе арқаңмен бұрылувға болмайды.
Басқа бір адаммен делдал арқылы сөйлеспе.
Үстел басынан бірдеңе алу үшін көршіңнің тамағының үстінен тартылма.
Үстел басындағы адамдардың манерасына сөз айту өте жаман манераға жатады.
Қалай отыру керек?
Үстелге өте жақын және өте алыс отырма.
Үстел басына тіке отырып, өзіңнің тамағыңа өте төмен иілме.
Үстелге шынтақты қойма.
Шынтақты денеге жақын ұстау керек.
Орындықта шалқаймау керек.
Түскі тамақ кезінде:
Тамақпен толған ауызбен сөйлемеу керек.
Стакан не бокалды өте биік көтерме.
Тамақтың бір түрінен бас тартқанда, бұл саған зиянды немесе саған ұнамайтынын айтып керегі жоқ, бұндай жағдайда ең жақсысы ешбір түсініксіз бас тарту.
Нашар тамақ қорытылуы мен басқа да терілік аурулар туралы айтпа.
Ұсынылған тамақтың жамандығы туралы айтпа.
Қолқағаз, пышақ, вилка, қасық:
Салфетканы жағаға ілме және кеудеге қоюға болмайды.
Сорпа ішкенде қасықтың ұшынан ішпей, ауызды кеңірек ашып, қасықты толығымен салу керек.
Пышақпен тамақ жеуге болмайды. Оны ауызға жақын апаруға болмайды. Пышақ көмегімен вилкаға тамақты салма.
Пышақты майға, салатқа және басқа тағамдарға сұғуға болмайды.
Вилкаға сыйғанша ғана тағамды ал,одан көп алма.
Вилкаға пышақтың кері жағын (басын) қолданба.
Барлық вилкамен желінетін тағамдарды қасықпен жеме.
Қолқағаз бетті емес,тек қана ауыз сүртуге қолданылады.
Қолқағазбен,вилкамен және т.б. асхана құралдарымен ойнама.
Пышақпен вилканы еденге түсірме. Егер бұндай жағдай болатын болса,өзіне қиынға соғатын болса,басқа адамды алып беруге сұра.
Ешбір ағдайда түскен затты аламын деп үстел астына барып,екі аяққа не еңбектеп тұрып іздеме.
Тамақтанып болғаннан кейін қолқағазды бүктемей,жай ғана үстелге қоя салу керек.
Қалай тамақ жеу керек:
Тез тамақтану өте зиянды және әдептілікке жатпайды.
Тамақ жегенде дыбыссыз,жайлап шайнау керек.
Ыстық тамақты үрлеме, ашық ауызбен тамақ жеме.
Ауызды көп тамақпен толтырма.
Нанды бөліп же, бүкіл нан бөлігін жеме.
Саған тағы салып беру туралы ұсынбағанша,өзін сұрама.Жақсысы- қосымша тамақ салуды сұрамау.
Ауыздағы сүйекті жақындатқан вилканы салып, содан соң тарелкаға сал.
Жеміс дәндерін ақырын ғана қасыққа салу жөн.
Сүйектерді не болмаса дәндерді тарелкаға түкіруге болмайды.
Тамақтанып болғанннан кейін:
Сорпаның соңғы қалдығына дейін ішуге, еттің және басқада тағамның соңғы бөлігіне дейін жеуге болмайды.
Тарелкада қалған соус немесе қоспаның қалдықтарын вилкаға нанды қыстырып немесе оны вилкасыз жеуге болмайды.
Нан жұмсағын домалақтауға болмайды.
Үстел басында тіс тазалағышты(зубачистка) қолдануға болмайды.Егер сондай қажеттілік туса білдірмеуге тырысыңыз.
Егер тіс тазалағыш болмаса, оны вилка,сіріңке,саусақпен тазалама.
Үстел басында ең соңғы болып қалма.
Жәнеде 54-ші ереже:
Жасанды түрде үстелдің басында бүкіл ережелерді сақтауға тырысқанша, қателіктер жіберу жақсырақ болар. Әйтпесе, жаныңдағылар бұны байқап қалуы мүмкін.Топ арасында үстелдің басындағы бұрынғы әдеттерінен құтылуға тырыспа. Онда қылықтарыңды жалғыз не сенің әдеттеріңе үйренген адамдар арасында тамақтанғанда ғана істеу керек.
Қорытынды сабақ- КВН жұмыстың жылдық қорытындыларын жасау өте маңызды деп санаймыз.КВН өткізу жоспары:
Ертегі көрсету.
Бір топ көбіне мәлім ертегіні сөзсіз көрсетуі, ал екінші топ оны анықтауы және ондағы кейіпкерлерді атау керек. Жоғарғы сынып оқушыларының тобы өздері жаңа ертегі ойлап табу керек, ал екінші топ не көргенін айтуға тырысады.
Үзіліс.
Топтарға көп әріптерден тұратын сөзді береді, ал олар бұл сөзден мүмкінінше басқада сөздерді құру керек.Мысалы: аппликация және оранжировка жасау, ең алдында бұл сөздердің мағынасын айту керек.
Капитандар конкурсы.
Жургізуші көптеген сөздерді оқиды, бұл сөздерді капитандар есте сақтауға тырысу керек. Сосын 3 минут ішінде олар парақ қағазына жазады, кім ең көп сөздер жазады, сол жеңеді.
Әр капитан бір жиһаз түрін ойлап тауып, оны денесі арқылы көрсетуі керек.
Капитандар бір-біріне қарама-қарсы отырып бір-бірін мадақтай бастайды. Кім ең көп, ерекше сөздер айтып және ең соңғы болып айтатын болса, сол жеңіске жетеді.
Музыкалық конкурс.
Барлық топ мүшелері қатысып, ән ойлап тауып, оны көрсете білу керек.
Жоқ жануар.
Топ қатысушылары әлемде тіршілік етпейтін жануар түрін ойлап тауып, оған ерекше ат қойып, оны көрсетеді. Қай топ өте ерекшелі жасаса, сол топ жеңеді.
Үй тапсырмасы.
Ең соңғы бөлім. Бұнда әр топ өзінің психология сабағынан өте қызықты және жаңа мәліметтер алғанын әзіл түрінде көрсетеді. Мысалы: бір топ мүшелері треннингтік жаттығулар элементтері бар психология сабағын қызықты жағынан көрсетуді ұсынды.
Дәріс №8
