Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№ 6 Дәрістер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.94 Кб
Скачать

Мінез-құлықтағы ауытқудың диагностикасы.

Жоспар: 1. Мінез адамның жеке қасиеті ретінде.

2. Темперамент және түрлері.

Мақсаты: Мінез құлықтағы ауытқуды психо - әлеуметтік зерттеу.

Сұрақтар: 1. Әлеуметтік ортаның тұлға болып қалыптасуға жасайтын әсері.

2. Мінездегі ауытқу себептері.

3. Деркезіндегі диагностикалаудың қайдасы қоғамға әсері.

Темперамент түрлері

Сонымен, темперамент – бұл адамның психикалық әрекетінің динамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы. Ал қасиеттер іс - әрекеттің барша түрінде мазмұн, мақсат, сеп – түрткілерге тәуелсіз, бірдей сипатта көрініс береді, ересек шақта да өзгеріссіз тұрақталады. Психикалық қасиеттер өзара байланысқа келумен белгілі темперамент типіне негіз болады.Темперамент типнің нақты көрінісі сан алуан. Олар тек сырттай әрекет – қылықта ғана емес, сонымен бірге барлық психикалық құбылыстар да: сезімде, ниет пен әрекетте, ақыл – ой жұмысында, тілдесу ерекшеліктерінде т.б. байқалады.

Қазіргі кезеңде психология ғылымы белгілі жүйеде темперамент типтерінің бәріне толық психологиялық сипаттама беруге негіз боларлықтай деректер топтаған. Алайда, дәстүрлі қабылданған темпераменттің төрт (сангвиник, холерик, флегматик, меланхолик) түрінің психологиялық сипатын түзу үшін көбіне төмендегі аталған негізгі темперамент қасиеттері қолдануда:

Сезімталдық – адамның қандай да психикалық жауап әрекетінің пайда болуына себепші сыртқы әсер күшінің ең төменгі деңгейі мен сол жауап - әрекеттің туындау шапшаңдығы.

Жауап – әрекетке келу – бірдей ықпалды сыртқы не іштей әсерлерге болған ырықсыз жауап - әрекет дәрежесі.

Белсенділік – мақсатқа жетуде адамның қоршаған дүниеге ықпал жасау және кедергілерді жеңу үшін жұмсалған әрекет – қылығының қарқындылығы (табандылық, зейін қою, бағдар таңдау т.б.).

Жауап - әрекетке келу мен белсенділік қатынасы – адам іс - әрекетінің өзінпайда еткен себепке қаншалықты тәуелді екенін білдіруі: кездейсоқ сыртқы немесе ішкі жағдайлар ()көңіл – күйден, кездейсоқ оқиғалардан , болмаса ниет, мақсат, талғам т.б.

Икемділік – адамның сыртқы әсерлер мен өзгерген жағдайларға қаншалықты жеңіл әрі жылдам үйренісе алуы немесе жаңа жағдайға салғырт, тіпті жат қылық көрсетуі.

Жауап - әрекет қарқыны - әрқилы психикалық әрекеттер мен процестер, сөйлеу, ым – ишара қозғалыстары мен ой білдіру шапшаңдығы.

Сезімдік қызбалық – эмоционалдық жауап болуы үшін қажет ең төменгі әсердің шамасы мен оның туындау жылдамдығы.

Аталған қасиеттерді ескерумен қазіргі заман психологиясында темпераменттің барша ғылыми қауым қабылданған төрт типінің сипаттамасы төмендегідей:

Сангвиник – жоғары дәрежелі әрекетшең адам, дегенмен, бұл әрекетшеңдік оның белсенділік қасиетіне сай, қозу мен тежелу тепе – тең.

Назарын тартқанның бәріне араласа кетеді, ым – ишарасы мен қозғалыс қимылдары мәнерлі, шапшаң. Сәл нәрседен қарқылдап күледі, болмашы себептен көңілі қалып, мұңаяды. Бет – жүзінен көңіл – күйі, заттар мен адамдарға болған қатынасы білініп тұрады. Сезімталдығы өте жоғары, сондықтан ол оншама әсері болмаған дыбыстар мен жарыққа елеңдей бермейді. Мұндай адам көтеріңкі белменділікке ие, жұмыс қабілеті мен қуатының жоғары болуынан жаңа іске қаймықпай кіріседі, ұзақ уақыт талып – шаршамастан қызметін жалғастыра алады. Әрекеті жедел, ақыл – ойы икемді, тапқыр, сөйлеу қарқыны шапшаң. Сезімдері, көңіл – күйі, қызығулары мен ниеттері өзгерген жағдайға байланысты жеңіл ауысып отырады. Сангвиник төңірегіндегілермен табысқыш, жаңа талаптар мен жағдайларға икемшіл. Қиналмастан бір істен екіншісіне ауыса алады, қажет болса, қайта үйреніп, жаңа дағдыларды қабылдауға шебер. Әдетте, бұл типті адам екені мен болашағын болжастыруда өзінің субъектив пайымдауларының жетегінде қалып қоймай, көбірек сыртқы әсерлерді объектив бағамдауға бейім, экстраверт.

Холерик. Сангвиник сияқты жай әсерлерге берілмейді, әрекетшең және белсенді. Бірақ холериктің әрекетшеңдігі белсенділіктен басымдау, сондықтан ол ұстамсыз, шыдамсыз, қызба. Сангвиникке қарағанда салғырттау, икемі кемірек. Осыдан - ниеттері мен қызығулары тұрақтылау, табанды, зейінін ауыстыруы қиындау, сезімі көбіне сврттай көрінеді, сондықтан – толық экстраверт.

Меланхолик. Өте сезімтал, бірақ әрекетшеңдігі кем адам. Болмашы нәрседен көзіне жас үйіріліп, өкпелегіш, сырттай әсерді күйзеліспен қабылдайды. Ым – ишарасы жоқтың қасында, дауысы мен қозғалысы өте сылбыр. Әдетте, өзіне сенімсіз,үркек, болмашы қиындықтан шегінеді. Меланхоликтің жігері кем, тез шаршайды, қызметі болымсыз. Зейіні тұрақсыз,оның барша психикалық процестері әлсіз. Көпшілік меланхоликтердің өздерінің тұйықтығы мен адамдардан оқшаулануынан ішіне түйгені көп – толық интраверт.

Әр адамның темперамент типі тума екендігі қалтқысыз дәлелденген, ал қасиеттер түріне байланысты белгілі типтің ұйымдасу проблемасы - әлі ғылыми шешімін таппаған

Темперамент және іс - әрекет

Адамның жеке динамикалық бітістері оның сырттай әрекет – қылығында, қозғалысында ғана емес, баоша ақыл – ой топшылауынан, ниеттері мен қызмет бабынан көрінеді. Темперамент ерекшеліктерінің оқу мен еңбек барысында ықпал етуі табиғи құбылыс. Дегенмен, темперамент айырмашылықтарындағы басты қасиет – олардың психикалық мүмкіндіктер деңгейінде емес, өзіндік іске асу еөріністерінде.

Егер іс - әрекет қалыпты жағдайда жүріп жатса, соңғы нәтиже мен темперамент арасында ешқандай тәуелді байланыс болмайды.Бұл ғылыми дәлелденген. Сонымен, тұлғаның қалыпты жағдайдағы әрекет нәтижесі шапшаң не енжар екендігіне қарамай, бірдей өлшемде болады, себебі соңғы өнім нәтижесі басқа факторларға, әсіресе сеп түрткілер мен қабілет деңгейіне байланысты келеді. Темперамент ерекшеліктері сол әрекетті орындау тәсілдерін өзгертуге ықпал жасауы мүмкін.

Темпераментіне қарай адамдар соңғы емес, сол нәтижеге жету жолдарын таңдаумен ажыралады. Темпераменттің тума ерекшеліктері тәжірибе, әлеуметтік ортаға және өз басын билей алуға байланысты психикалық процестерде көрініс береді. Жағдайға орайжауап - әрекет, бір жағынан жүйке жүйесінің сипатына, екінші тараптан - оқу тәрбие мен кәсіби тәжірибеге тәуелді (Р.М.Грановская). Мысалы, тәжірибелі ұшқыштың, боксердің, жүргізушінің әрекет шапшаңдығы тума берілген қасиет емес, жаттығу мен үйренудің нәтижесі. Ал сол әрекеттердің іске асу шегі жүйке жүйесінің мүмкіндіктерімен анықталады.

Көптеген кәсіби қызметтер үйрету, оқытумен кемелденбейді, ондайда темперамент бітістері шек қояды. Мысалы, домбыраны әркімде тартуы мүмкін, ал шебер күшті болу – кемде – кем адамға берілген өнер.Мұндайда маман дайындау үшін кәсіби таңдаумен бір кәсіби бағдарлы тәрбие әбден қажет. Психологиялық ерекшеліктеріне негіздеп, кәсіби мамандардырылған адамдар өз еңбегінде үлкен қанағаттанумен зор табыстарға жете алады.

Адам іс - әрекетінің жемісті болуы сол адамның темперамент ерекшеліктеріне тікелей байланысты. Мысалы, қызмет нысандары тез ауысатын, жаңа адамдармен тілдесу қажеттігі көп жерде,бір өмір қалпынан ауысатын, жаңа адамдармен тілдесу қажеттігі көп жерде, бір өмір қалпынан екіншісіне көшу керек болған жағдайларда сангвиник адамды пайдаланған абзал. Ал флегматиктер әрекетте сылбыр, енжар көрінгенімен, жай, бірқалыпты, тұрақты бір тәртіппен орындалтын қызметтрде өте тиімді келеді. Қайталануы көп, жалықтыратын, қарапайым істерде меланхолик шыдамдылық көрсете алады, мұндайда олар басқаларға қарағанда онша шаршап – шалдықпайды. Ал қызмет бабы мен әдістері шектелген, еркін қимылға мүмкіндік жоқ жерде – сангвиник пен холерик тіпті де шыдамайды.

Оқу мен тәрбиені оңтайластыру мен олардың тиімділігін көтеру жолында әрбір педагог өз шәкіртінің темперамент типін мүмкіндігінше нақты анықтап алған жөн. Осы тұрғыдан мұғалімдерге кеңес: холнриктің оқу істерін мейлінше жиі бақылауға алған дұрыс. Бұл типті оқушымен қатты сөзбен, жекіріп қатынас жасауға тіпті болмайды – қатынасқа сай келеңсіз жауап әрекет болуы сөзсіз. Сонымен бірге оның қай қылығы болмасынорынды талаппен, әділ бағалануы тиіс. Сангвиниктерді үздіксіз жаңа, қызғылықты, зейін тоқтатып, белгілі күш жұмсауды талап еткен істерге қосып отыру керек. Оны ұдайы белсенді іс - әрекетке араластырып, мақтауын үзбей жетткізіп тұру қажет.

Флегматик қызғылықты, белсенді әрекетке келіп, жұрт назарында болғанды ұнатады. Оны бір істенекіншісіне ауыстыра бермеген дұрыс. Ал меланхоликпен жұмыс істеуде дөрекі сөз, тұрпайы қатынас қана емес,тіпті жай дауыс көтеру, әзіл – оспақтың өзі орынсыз. Онымен жіберген қате – кемшіліктері жөнінде оңаша әңгімелескен жөн. Оған ерекше назар бөліп,әрқандай іс - әрекетте көрсеткен белсенділік ұлықыны үшін де мезетінде мақтап, қошеметпен бару керек. Ескертулер мен ұнамсыз бағаны мүмкіндігінше жұмсартып, байқап жария еткен орынды. Меланхолик - өте сезімтал, өкпешіл тұлға, сондықтан оған дегенде өте мейірлі, жақсы ниет білдіре, қатынасу керек.

Сонымен, адамның қай мазмұнынды болмасын өз іс - әрекетін жүзеге келтіруі тікелей темпераментке байланысты. Темперамент психикалық процестердің желісінде көріне отырывп, еске түсіру, қабылдағанды бекіту жылдамдығына ықпалын тигізеді, ой жүйріктігі мен зейін тұрақтылығын және оның ауыспалылығын айқындып береді.

Дәріс №13