Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№ 6 Дәрістер.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
530.94 Кб
Скачать

Дәріс №1

Психодиагностиканың ғылыми технологиясы, оның пәні мен принциптері.

Жоспар: 1. Психология пәнінің бір бөлімі ретінде.

2. Негізгі функциялары.

Мақсаты: Негізгі ұғымдарымен танысып, диагностиканың не екенің түсіну.

Негізгі ұғымдар: Психологиялық психодиагностика феноменологиясы.

Сұрақтар: 1. Пәннің мақсаты мен құрылымы.

2. Пән ретінде қалыптасу кезеңдері.

Психодиагностика-адамнын жеке басының психологиялық ерекшіліктерін (интелект ерекшеліктерін,жеке қасиеттерін) зерттейді,және психодиагностика әдістерімен жүзеге асырылады.

Бұл пән мынадай психологиялық пәндермен тығыз байланысты:жалпы психология,медициналық психология,жас ерекшелік психология,әлеуметтік психология т.б.

Психодиагностика

Әдістемелік материалдарға қойылатын талап.

1.Ғылыми ақпарат: Мыналарды толық қамтитын болу керек.Әдістеменің теориялық негіздері,құрастыру әдістері,эмпирикалық дәлелдемесі,зерттеудің (қорытындылары),түрлерінің толық құжаттары.Репрезентативті, сенімді тест көрсеткіштерінің валидтілігі (шынайылығы).Корреляция Коэффициенті т.б. Ғылыми ақпаратта кәсіби тесттердің толық тапсырма түрлері,кілті,тест нормалары, жүргізуді толық бөлшектеріне дейін және оны қалай шешіп талқылануы айтылмауы керек.

Осы ақпарат жәйлі автор тек жанама түрде айтып кетеді және мамандардың арасында кеңінен тараған «инструкциялық» әдебиетке жүгінеді.

2. Анықтамалық-әдістемелік басылымдар:Бұл басылымдарда инструкциялық материалдар беріледі,тапсырманың мәтіні,кілті,ережелері,бірақ бір талап қойылады.Ол талап-"мен статус" беріледі.

3.Инструктивті құжаттар:Әдістемені түсіндіретін,анықтама,бұл қандай пән,қай салада қолданылады,контингент,қолдану процедурасы.Берілген тесттер міндетті түрде мынадай жазулармен толықтырылуы керек: зерттелетін адамдар өз еркімен келісім беруі,зерттеуге көмек көрсеткенде еш пайданы көксемеу.Кей кезде ақылы зерттеуге қатысуы,әкімшілік тарапынан міндетті түрде зерттеуден өту.

4.Тест балдарын санаған кезде және оны талқылаған да олардың қорытындысын кім өткізсе де түсінікті және айқын болуы керек.

5.Кәсіби құпиялрды сақтау: диагностикалық әдістердің мағынасын ашпау,өйткені зерттеушілердің бірден қатынасы өзгеріп,әдістің валидтілігіне(шынайылығына)кері

әсерін тигізеді.

Дәріс №2

Негізгі ұғымдар.

Жоспар: 1. Психологиялық жоспарлау.

2. Психологиялық алдын алу.

3. Психологиялық педагогикалық консилиум.

4. Психологиялық консультация.

Мақсаты: Алынған білімдерін семинар сабағында тренинг ретінде көрсету.

Сұрақтар: 1. Жоспарлау дегеніміз не?

2. Алдын-алудың қандай түрлері бар және нәтижесі.

3. Консилиум ұғымы.

4. Консультация деген не, түрлері, кім береді?

1883жыл.Френсис Гальтон өте үлен монографиясын жариялады.Бұл еңбегінде сенсорлық және психомоторлық қабілетті бағалайтын әдістерді көрсеткен.

1898жыл.Джеймс Маккип Кэттелл алғаш «тест» деген ұғымды қолданды.Бұл сөз қазақ тіліне аударғанда сынақ,байқау деген мағына береді.

1908жыл.Альфред Бине мен Томас Симон ал

ғаш өздерінің «интелектінің метрикалық шкаласын» басып шығарды.Бұл адамның ақыл-ой деңгейін өлшейтін тест.

1912жыл.Вильям Штерн баланың интелектін өлшейтін тесті ұсынады.Интелектуалдылықтың коэффициенті оны анықтау үшін,ақыл-ой жасын хронологиялық жасына бөлеміз.

Тесттердің классификациясы:түрлері мен формалары.

  1. «Типологиялық» тестер зерттелетін тұлғаның қай психологиялық типке жататының анықтайды.Мінез,темперамент немесе жүйке жүйесі.

  2. Тұлғаның жеке қасиеттерін,соның ішінде қызығушылығын,бейімділігін т.б. анықтайтын тестер.Бұл тесттерді көбіне қызмет түрлерін анықтау үшін әсіресе болашақ мамандықты таңдауға қолданады.

  3. Адамдардың қылығын,іс-әрекетін,білімділігін,дарындылығын,таланттылығын зерттейтін тесттер.

Сапасына қарай тесттер стандартты және стандартты емес деп екіге бөлінеді.

Стандартты тест-өзі айтып тұрғандай барлық сұрақтары стандарттан аспайды.

Тесттер бағытталуына қарай 3-ке бөлінеді:

-Жалпы диагностикалық (кэттелдің сұрақтамасы,Айзенктің,Векслердің тестері)

-Кәсіби жарамдылық тесттері

-Таланттылығын анықтайтын тесттер(музыкаға,техникаға,суретке т.б.)

-Жетістіктер тесті (нақты дисциплинаға,квалификацияға бағытталған)

Тесттердің мына түрлері бар:

-бланкті тесттер

-затты тесттер(Векслердің фигуралы тестері)

-аппаратуралық(зейінді,қабылдауды,есте сақтауды,ойлануды зерттейтін құрал)

-компьютерлік

Санына қарай

-топтық тестер

-жеке тұлғаға арналған тестер

-ауызша

-жазбаша

Қосымша әдістемелер.Стимул материалдар-сөз түрінде айтылатын бірнеше стимулдар. Респондентке бір сөз айтамыз.Ал ол оған ұқсас сөздерді айтады.(К.Т.Юнгтің ассоциативті тесті)

Бірнеше аяқталмаған сөздер,сөйлемдер,әңгімелер беріледі.Оны аяқтау керек.Бірнеше жауап беретін бір сұрақ.мысалы: «мен кіммін?»

Интерпретация әдістемесі-бірнеше сурет,фотосурет беріледі.Респондент әңгіме құрастыру керек (ТАТ,САТ)суретте берілген уақиғалар бойынша жауап беру (Розенцвейгтің фрустрация тесті) жағымды-жағымсыз суреттерді,фотосуреттерді таңдап алу (сондай тесті)

Экспрессияны анықтайтын әдістемелер-респондент салған суреттерді талқылау. (үй,адам,ағаш,екі үй,отбасы суреті,ерікті сурет салу,табиғатта жоқ жануар)

Дәріс №3