Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Болатбекова Н.Ж. силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
355.33 Кб
Скачать

Пәннің оқу әдістемелік картасы Психологияны оқыту «дәстемесі Кітаппен қамсыздандыру

Бадмаев Б.Ц.

Методика преподавания психологии

 

 

2001

20

Бадмаев Б.Ц.

Методика преподавания психологии: Учеб. пособие

 

 

2004

5

Загвязинский В.И. и др.

Методология и методы психологии. Учеб. пособие.

 

 

2001

1

Карандашев В.Н.

Методика преподавания психологии: Учеб. пособие

 

 

2006

10

Ляудис В.Я.

Методика преподавания психологии

 

 

2003

2

Пчелинцева Е.В.

Коррекционно-профилактическая работа с дошкольниками

 

 

2000

3

Самоукина Н.В.

Первые шаги школьного психолога

 

 

2002

4

Семаго М.М.

Экспертная деятельность психолога образовательного учреждения. Метод. пособие

 

 

2004

3

Шаграева О.А.

Детская психология

 

 

2001

7

Шилова М.А.

Профилактика алкогольной и наркотической зависимости у подростков в школе. Практическое пособие

 

 

2004

5

 

2011

 

 

 

 

 

Учеб. пособия

 

 

 

 

Карандашев В.Н.

Методика преподавания психологии: учеб. пособие

250с.

Спб.

2009

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тірек сөздер

Теория - бұл қандай да болмасын жүйені түсініктер, заңдар, ұстанымдар арқылы жалпы түрде сипаттау.

Ұстаным – бұл қандай да бір теорияның, тұжырымдаманың алғышарты, негізгі түсінігі. Ұстаным практикада, әдісте көрінеді.

ӘДІСНАМА /методология/ (грек.metһodоs — зерттеу жолы, теория және logos — ілім) — 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданатын негізгі принциптер. Психология теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі нысаны мен таным амалдары арқылы психологиялық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші психологтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал-жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алумен байланысты; 3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтарымен мен құбылыстарын практика және теория игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.

ӘҢГІМЕЛЕСУ — 1) сөздік коммуникациялы үрдіске негізделе мағлұмат алатын психологиялық, педагогикалық зерттеу әдісі; 2) оқытудың сұрақ-жауап әдісі, жаңа білімдерді алу үрдісінде немесе бұрын алынған білімдерді қайталау мен бекітуде мұғалім оқушының ақыл-ой іс-әрекетін белсендіру мақсатында қолданылады.

АКМЕ — тұлғаның дамуының жетілгендігі және іс-әрекет пен шығармашылықта едәуір жоғары жетістіктерге жетумен сипатталатын оның соматикалық, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік күйі.

АКМЕОЛОГИЯ — адамның кемелдену кезеңінде, әсіресе оның осы жастың едәуір жоғары жетістіктеріне жету жағдайындағы даму феноменологиясын, заңдылықтары мен механизмдерін зерттейтін жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндердің түйісуіндегі ғылым саласы.

АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР (а...+грек.bios—қаз. өмір) — адамның функционалдық күйіне, оның еңбек қабілетіне, мінез-құлқы мен психикасына әсер ететін сыртқы орта жағдайларының жиынтығы. Атмосфералық қысымның толқуы, жердің магниттік өрісінің өзгеруі, күн сәулесінің артуы организмнің физиологиялық және психикалық тұрақтылығын төмендетеді, жұмыс барысында стресстің пайда болуына әкеледі.

АНКЕТА — зерттеудің негізгі міндетімен логикалық түрде байланысты сұрақтар жүйесінен тұратын алғашқы әлеуметтік-психологиялық ақпараттарды алудың әдістемелік құралы. Анкета сұрау арқылы адамдардың үлкен топтарынан ақпарат алуға мүмкндік береді.

ӘДІС (метод) — көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану — жаңа мағлұматтарды алудың маңызды шарты. Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру — тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі. Тәлімдік әдістерге байқау және қателік, жобалау әдісі, рейтинг әдісі, басқару әдісі және т.б. жатады.

БАҒДАР — субъектінің дайын, пейілді болуы; белгілі бір объектінің пайда болатынын күн ілгері білген кезінде пайда болады және осы объектіге қатысты іс-әрекеттің орнықты мақсаткерлік сипатта өтуін қамтамасыз етеді.

Валидтілік - әдістеменің соны өлшеу үшін жасалған құбылысты өлшеуге жарамдылығы және тәжірибелік пайдалылығы жөніндегі мәліметтерді қамтитын зерттеу әдісінің кешенді сипаттамасы.

Ішкі валидтілік - бұл өлшеп жатқан өзгерістің себебі, эксперменталды әсер екеніне кепілдік беретін эксперимент қасиеті. Ішкі валидтілікке көз жеткізбей, тексермей ешқандай эксперимент интерпретацияланбайды.

Сыртқы валидтілікқортындыларды жалпылап, оларды басқа эксперименталды жағдайға тарата алу мүмкіндігіне кепілдік беретін эксперименттің қасиеті. Яғни, эксперимент нәтижесін қандай популяцияға , қандай ситуацияларда таратуға болады, қандай тәуелсіз айнымалылар, параметрлер, жалпыланатыны анықталады.

ЕҢБЕК ПСИХОЛОГИЯСЫ — еңбек қарекетінің нақты нысандарын және адамның еңбекке деген көзқарасының қалыптасуының психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психолоогия ғылымының бір саласы. Еңбек психологиясының объектісі — индивидтің өндірістік жағдайларындағы және оның жұмыс күшін ұдайы өндіру жағдайындағы әрекеті.

ЖАРНАМА ПСИХОЛОГИЯСЫ — психология ғылымының қолданбалы салаларының бірі. Жарнама көрермендердің, алушылардың және қатынасушылардың зейіндері мен қызығушылықтарын заттарға, шараларға, дәстүрлерге, шығармаларға т.с.с.аударып, кең өрісті әйгілі ету мақсатымен қолданылатын хабарлау жолы.

ЖҮЙЕЛЕУ— бір ретпен тұтастықты құрайтын қатардағы элементтердің жиынтығы, ойлау операцияларының бірі.

ИНДИВИД — (лат. Individuum — бөлінбейтін) — жекелей табиғи тіршілік иесі. Индивид дербес өмір сүретін ағза (бөлек, жеке тірі ағза). Тұлғаның биологиялық сипатын түсіндіретін ұғым.

ИНТЕЛЛЕКТ (парасат, зият), (лат. Intellektus — ақыл, парасат, ес) — индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы.

ЛИДЕР — басшы, жетекші. Топта, ұжымда, әдетте жетекші міндетін атқаратын бір адам. Әлеуметтік психологияда мұндай адамды “лидер” деп атайды.

ӨЗІНІҢ КӘСІБІН АНЫҚТАУ — тұлғаның өз еркімен, ынтасы ауған еңбек іс-әрекетінің аумағын таңдауы. Әлеуметтік анықталу бөлімі.

ҚАБІЛЕТ— (қабілеттілік, алғырлық, алғырттылық, мүмкіндік). Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз — мақсатқа бағдарланған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.

ПАРАДИГМА — (грек. Paradigma — үлгі) — 1) берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер) жүйесі.

ПРОФЕССИОГРАММА— адамға қойылатын талап ету жүйесі арқылы қандай да бір кәсіптің егжей-тегжейлі сипатталуы. Ол талаптарға берілген кәсіп саласын жетістікпен меңгеру үшін қажет тұлғаның сапасы, ойлау қабілетінің ерекшеліктері, білімі, икемділігі және дағдысы жатады. Профессиография — адамның жеке басының қасиетіне, психологиялық қабілетіне, психологиялық-физикалық мүмкіндігіне қойылатын талаптарды зерттеу технологиясы. Адам мен кәсіптің арақатынасын қамтамасыз ететін практикалық ұсыныстар мен әдістемелік құралдың ақпараттық, болжамдық, келістірушлік қызметін реттеу үшін қолданылады.

СҰХБАТ— 1) бағытталған диалог. Психологияда әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевттік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар.