Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№10 для студ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.71 Кб
Скачать

Емдік шаралар

Эпилепсияны емдеу кешенді (құрама), дербес, үзіліссіз және ұзақ жүргізілуі қажет. Белгілі дәрежеде жалпы және тамақтану режимін сақтау керек. Эпилепсиямен ауырған адам шаршамауы қажет, үйқыға жеткілікті мөлшерде уақыт бөлінуге тиісті, жазда күннің ыстығынан сақтанған жөн. Таңертеңгілік жеңіл жаттығулар жасауға болады. Спирттік ішімдіктерді қолдануға мүлде тыйым салынады. Сұйық тамақты қабылдау шектелуге тиісті. Ащы, тұздалған тағамдарды қабылдауға болмайды.

Кешендік емнің негізі дәрі-дәрмектерді қолдану арқылы емдеуге саяды. Ол мынадай бағыттарда жүргізілуге тиісті:

1) мидың пароксизмальдық белсенділігіне (құрысуға);

2) психикалық бұзылымдарға;

3) эпилепсиялық ошақтың белсенділігін сақтайтын (қабынуға қарсы, сіңіре таратушы, ылғалдандыратын ем) этиологиялық және патогенездік ықпалдарға қарсы ем.

Эпилепсияға қарсы ем қолдану мынадай кезеңдерді көздейді:

1) адекваттық ем таңдау — препараттарды үйлестіре қолдану және мөлшерін лайықтау;

2) дәрі-дәрмектер арқылы қол жеткен ремиссияны қолдау;

3) эпилепсияға қарсы емді тоқтату;

4) инкурабельдік жағдайларда хирургиялық ем қажеттігін анықтау. Негізгі және қосымша эпилепсияға қарсы дәрі-дәрмектер қолдану

қажеттігі толық диагноз қойылғаннан кейін шешіледі.

Жекелеген жағдайларда, егер ұстамалар сирек және қатты шаршағанда, ұйқыдан ада болғанда, психоэмоционалдық күйзеліске байланысты, т.б. ушықтыратын факторлар әсерінен пайда болса, олардың ықпалын болдырмауға тырысып, эпилепсияға қарсы дәрілер қолданбай, бақылау жүргізу керек.

Кейінгі жылдары эпилепсияға қарсы емді монотерапия қолданудан бастау қажеттігіне ерекше мән беріліп отыр. Мұндайда қолайсыз нәтижелер сирек болады. Монотерапия ретінде қолданылатын дәрі-дәрмектерге назар аударайық.

Фенобарбитал (люминал). Бұл препараттың құрысуға қарсы әсерімен бірге, седативтік және ұйықтататын қасиеті бар. Ұстамалар жиілігіне сөйкес 0,05-0,1 г-нан тәулігіне 1-ден 3 ретке дейін тағайындалады.

Гексамидин 0,125 және 0,25 г-нан тәулігіне 1-3 рет эпилеспиялық ұстамалардың жиі болатын абсанстардан басқа барлық түрінде қолданылады.

Бензонал 0,1-0,3 г-нан тәулігіне 2-3 рет фокальдық және клоникалық ұстамаларда тағайындалады. Сирек болатын ұстамаларда (жылына бірнеше реттен айына 3-4 ретке дейін) бензоналдың тәуліктік мөлшерін (0,1-0,8 г, бір ретте 0,1 -0,2 г) пайдаланып, оларды тоқтатуға болады.

Дифенин 0,05-0,1 г-нан абсанстар мен миоклониялық ұстамалардан басқа ұстамалардың бәрінде тәулігіне 2-3 рет қолданылады.

Триметин 0,1-0,3 г-нан абсанстарда тәулігіне 2-3 рет қолданылады.

Метиндион 10 мг-нан (таблетка түрінде) дүркінді ұстамаларда жиі (айына 4 реттен артық) қолданылады, ал аралас ұстамаларда құрамы күрделі дәрілер (Воробьев пен Серейский қоспалары) тағайындау керек.

Воробьев қоспасы:

Rр. Нехатіdіпі 0,125 (0,25-0,5)

Dірһепіпі 0,05 (0,1-0,1)

Sраsто1уtіпіО,15 (0,2-0,25)

Ас.niсоtіпісі 0,03 (0,06-0,06)

Соffеіпі риrі 0,015 (0,02-0,025)

М.f.Риlv.

L.t.d. №90

S. (ұнтақ түрінде, тамақтанудан кейін күніне 1-3 рет).

Серейский қоспасы:

Rр. Рһепоbаrbіtalі 0,05 (0,07-0,15)

Вrоmиrаlі 0,2 (0,3-0,3)

Pараvеrіnі һуdrосһloridi 0,02 (0,03-0,04)

Соffeini natrij-benzoatis 0,015 (0,02-0,025)

Саlсіі glисоnісі 0,5 (1,0-1,5)

М.f.Риlv .

D.t.d №90

S. (ұнтақ түрінде күніне 1-3 рет тамақтанудан кейін, ұзақ қолданылады).

Бұл қоспалардың екеуінің де үш еселік мөлшері бар (№1,2 және 3). Кіші ұстамаларды емдеу үшін Серейский қоспасына қосымша триметинді (бір мезгілге 0,2-0,25-0,3 мг) қосады. № 1 қоспа монотерапия нәтиже бермеген жағдайда қолданылады.Құрыспалы ұстамалар абсанстармен қосарланған жағдайда № 2 қоспа қолайлырақ. Психикалық бұзылулармен қосарланатын ауыр құрыспалы ұстамаларда № 3 қоспаны пайдаланған жөн.

Жабайы немесе күрделі сенсопатиялық бұзылулармен білінетін сенсорлық ұстамаларда, сонымен қатар ұстамалар есеңгіреумен, авгоматизмдармен, дисфориялармен және басқа да психопатологиялық жағдайлармен қосарланатын болса, жоғарыда аталған қоспаларды пайдалану қажет.

Емдеу тиімді нәтиже бермеген жағдайда аталмыш қоспаларға қосымша карбамазепин тағайындалады. Дисфориялар немесе өзіндік өрескел өзгерістер байқалғанда, оқтын-оқтын фенотаазин туындысы -левопропсизинді (тизерцинді) күніне 1—3 рет 0,025—0,05 г-нан немесе аминазинді 0,025—0,05 г-нан 1—7 күн және одан да ұзақ мерзімде күніне 3 рет пайдалануға болады.

Құрысуға қарсы емдік шаралар ұзақ (бірнеше жыл бойы) жүргізіледі. Эпилепсияға қарсы емдік дәрі-дәрмектердің мөлшерін азайту мәселесі соңғы ұстамадан кейін (ЭЭГ-лік бақылаумен) 3 жыл өткенше шешілмейді. Емдік шаралар ұстамалы эпилепсияға тән электроэнцефалографиялық белгілер жойылғанда ғана тоқтатылады.

Күрделі абсанстарды емдеу үшін тікелей әсер ететін қосымша дәрі ретіңде карбамазепин (тегретол, финлепсин, стазепин) таблетка түрінде (бір реттік мөлшері 0,2 г, тәуліктік мөлшері 1,2 г-ға дейін) ұсынылады. Жабайы абсанстарды емдеуде этасуксимед (суксилеп, пикнолепсин, бір реттік мөлшері 0,125 г, тәуліктік мөлшері 1,5 г) және пуфемид (бір реттік мөлшері 0,125 г) әлдеқайда тиімді.

Миоклониялық құрыспалары бар кіші ұстамаларды емдеуде Воробьевтың № 1 қоспасы тиімді, ал № 2 қоспаны нитразепам (эуноктин, радедорм, бір реттік мөлшері 0,01 г) және диазепаммен (седуксен, реланиум, бір реттік мөлшері 0,005 г) қоса сирегірек пайдаланады. Олар ми түпкірі құрылымдарындағы патологиялық импульсацияны тежеуге ықпал жасайды.

Эпилепсиялық жағдайды емдеу дереу ауру басталған жерде іске асырыла бастайды. Алғашқы шаралар асфиксияның алдын алуға (тілді ұстау, ауыз қуысына қасық салу), жүрек қызметін реттейтін дәрі-дәрмекгер қолдануға бағытталған, мүмкіндік болған жағдайда 0,5 %-дық 2—4 мл седуксен ерітіндісі 40 %-дық 20 мл глюкоза ерітіндісімен бірге венаға баяу жіберілді.

Жедел жәрдем машинасында дем алу мен жүрек қызметін реттейтін шаралар жалғаса береді. Қажет болған жағдайда интубация жасалады және алғашқы инъекция нәтиже бермегенде седуксенді қайта 0олданады. Седуксен немесе реланиум болмағаңда тиопентал натрийдің 1 %-дық 10 мл ерітіндісі немесе гексанал тағайындалады.

Реанимация бөлімінде венаға тамшымен диазепам (100 мг - 100 мл глюкозаның 5% ерітіндісіне қосып сағатына 40 мл) жіберіледі, құрыспалы синдромды мүлде тоқтатуға, комалык жағдайдан шығаруға және гомеостазды қалыптастыруға бағытталған шаралар қолданылады.

Эпилепсиялық жағдайдан шыққаннан кейін тамақтану мәселесін реттеу қажет. Сүт, жеміс-жидектер қолайлы, көмірсутегілер, тұздар, сүйық, ащы тағамдар шектеледі.

Құрысуға қарсы дәрі-дәрмектердің мөлшері ұстамалар тоқтағаннан кейін 6 ай өткенде ғана біршама азайтылып, соңғы ұстамадан 5 жыл . өткенде электроэнцефалограммада эпилепсияға бейімділік байқалмаған жағдайда толық тоқтатылады.

Хирургиялық ем қолдану мүмкіндігі (стереотаксис әдісімен ошақты декортикациялау) полиморфты ұстамалар мен эпилепсиялық ұстамалардың парциалдық (фокальдық) түрлерімен зардаптанған науқастарда резистенттік қалыптасқан жағдайда қарастырылады.

Бас сүйек-ми жарақаттарынан кейін бір жыл бойы эпилепсияның алдын алу үшін аз мөлшерде эпилепсияға қарсы дәрілер, инфекциялардан, психикалық күйзелістерден сақтану, биіктікте, қозғалғыш механизмдер маңында, химиялық өндірісте жұмыс істеуді шектеу ұсынылады.