Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№10 для студ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51 Кб
Скачать
☆

Індеттік энцефалит

Бұл энцефалитті Экономо немесе А энцефалиті деп атайды.

Қоздырғышы белгісіз вирус. 1914-1918 жылдары бірінші дүние жүзілік соғыс уақытында үлкен эпидемия болған.

Клиникасындағы негізгі симптомы ұйқы бұзылу, сондықтанда, кейде летаргиялық энцефалит деп те аталынады. Бірінші рет Экономо деген венгер невропатологі клиникасын суреттеп жазған.

Инкубациялық уақыты 1-14 күн. Ауа-тамшылық инфекция. Вирус қыртыс асты түйіндерді және ми бағанын зақымдайды. Көбіне қызыл ядро, көру төмпешігі, substancio nigro зақымданады.

Клиникасы екі сатыдан тұрады, жудел және созылмалы сатыдан. Ауру дем алу жолдарының катаральдық қабынуы мен ыстықтың 38-ге дейін көтерілуінен басталады.

Психикалық өзгеріс болуы мүмкін. Әлсіздік, бас ауру болады, СОЭ жоғарлап, лейкоцитоз дамиды. Негізгі симптомының бірі ұйқы бұзылу, аурулар бірнеше тәулік бойы отырып та, тұрып та ұйықтай береді. Кейде керісінше ұйқы қашады, не екеуіде кездеседі. Көз қозғалту нервтері зақымданып, диплопия, птоз пайда болады, қарашық реакциялары өзгеріске ұшырайды. Диплопия кейде алғашқы симптом болып табылады және ұзақ сақталмайды. Аргайлл-Робертсон симптомына кері симптом-қарашықтың жарыққа реакциялары сақталып, аккомодация мен конвергенцияға реакциялары жойылады немесе төмендейді.

Вегетативтік реакциялары, бет майлану, сілекей ағу, тахикардия жиі кездеседі. Пирамидалық симптомдар мен сзімталдық бұзылу болмайды.

Ми сұйықтығында цитоз-20 клеткаға дейін көтеріледі, қалған көрсеткіштері өзгеріссіз болады. Көз түбінде өзгеріс болмайды. Жедел сатысы 2-4 күннен 4 айға дейін озылуы мүмкін.

Індеттік энцефалиттің созылмалы сатысына аркинсонизм синдромы және гиперкинездер тән. Бұнда барлық гипертонико-гинокинетикалық симптомдар кездеседі.

Паркинсон кейіпі-аурудың алға еңкіш, иықтары көтеріңкі, шынтақтары, тізелері бүгілген, барлық қоғалыс қимылдары баяу, амимия, маска тәрізді бет, кірпіктерін қақпайды, сөзі сылбыр, ақырын, түсініксіз.

Аяқ, қол басында діріл болады, атетоид, хорея миоклония сирек кездеседі. Бұлшық еттердің тонусы пластикалық түрде көтеріледі.

Індеттік энцефалиттің дифференциалдық диагностикасын жедел сатысында сары сулық менингиттермен жүргіземіз. Жедел сатысында қолданылатын спецификалық ем жоқ.

Жедел сатысында салицилаттар, АКТГ немесе кортикостероидтар витаминдер, гамма-глобулин симптоматикалық терапия қолданылады.

Паркинсон синдромы қыртыс асты түйіндерде катехоламиндердің жетіспеуі себебінен пайда болады. Сондықтан, дофаминнің жетіспеушілігін толықтыру керек. Барлық паркинсон синдромының емдеу жолы бірдей.

L-DOPA препаратты кеңінен қолданылады. Ең аз тәуліктік дозасын 0,125 біртендеп көбейте отырып, 0,25-ке дейін көбейтеміз. Кейде тәулігіне 2-5 г дейін қолданамыз. Тәуліктік дозасын бес рет қабылдауға тең бөлу керек. Астан кейін қолданылады. L-DOPA-ны гипертониялық аурудың ауыр түрінде, асқазан жарасында глаукомада, бүйрек пен бауыр қызметі жетіспеушлікте қолданбайды.

Кенелік энцефалит

Қоздырғышы арбовирус, бұл қой, ешкі, тышқандарды зақымдайды. Ал тайгалық кене (иксодовое) тасымалдаушы. Сондықтан тек кене шаққан адамдар ауырады, вирустың организмге түсетін екінші бір жолы алиментарлық. Кене шағып ауырған ешкінің сүтімен жұғады. Бұл кезде инкубациялық кезең 4-7 күн. Май, июнь айларында кездесетіндіктен көктемгі-жазғы энцефалиті деп те атайды. Орманның кенесі таратушы болғандықтан эндемиялық аймақтарда тайгада, орман-тоғайлы жерлерде ғана кездеседі. 1933-1934 жылдары қиыр шығыс тайгасында бұл аурудың індеті болған.

Орталық нерв жүйесінде орналасуына байланысты кенелік энцефалиттің бірнеше клиникалық түрлерін бөледі:

1.менингоэнцефалиттік

2.полиэнцефаломиелиттік (ми бағаны мен жұлын деңгейінде)

3.полиэнцефалиттік (ми бағаны деңгейінде)

4.полиомиелиттік (жұлын деңгейінде)

Клиникалық ерекшелігіне және ағымына байланысты бірнеше түрін бөледі-менингеальдық, лихорадкалық және жеңіл түрлері.

Кене шаққан жағдайдағы инкубациялық аралық 7-21 күнге созылады.

Сопақша мидағы ядролар мен жұлынның мойын деңгейіндегі алдыңғы мүйізі зақымданады, ми қыртысы, ми қабығы өзгеріске ұшырайды.

Ауру жедел басталады, әлсіздік байқалып басы ауырады, аяқ, қолы қақсап, ыстығы 39-40 көтеріледі, есеңгіреу байқалады. Жалпы инфекциялық симптомдардың үстіне менингеальдық синдром қосылады және атрофиялық параличтер дамиды. Паралич көбіне мойын, иық, қол еттерінде болады. Жедел кезеңіне тән симптомының бірі «салбыраңқы бас» симптомы пайда болады. Ауру, мойын еттерінің атрофиясы себебінен басын көтеріп ұстап тұра алмайды. Бульбарлық паралич дамиды.

Сонымен қатар ауыр жағдайда есту және көру галлюцинациялары, психомоторлық қозу болуы мүмкін. Классикалық полиомиелиттік түрінен басқа, менингеальдық, полирадикулярлық, лихорадкалық түрлері кездеседі. Бір аптадан кейін ыстығы түсіп менингеальдық белгілер жойыла бастайды.

Реконвалисценциялық кезеңі 1-2 жылға созылады. Кейде үдемелі ағымы да кездеседі, бұнда кожевников, джексон талмалы дамиды.

Кенелік энцефалитті дифференциальдық диагностикасын менингиттермен, індеттік энцефалитпен және полиомиелитпен жүргіземіз. Диагностикасы клиникасы мен серологиялық реакцияларға негізделеді. Серологиялық РСК және РТГА реакциялары қолданылады. Ең тиімді диагностикалық тәсіл флюоросценциялық антителаларды анықтау тәсілі.

Емдеуі. Алғашқы күндері кенелік энцефалитпен ауырып жазылған аурудың қанының сары суы қолданылады. Сары суды параличтер дамығанға дейін күніне 40-60 мл етке егу қажет. Кене энцефалитінің вирусына қарсы титрланған гамма-глобулин қолданылады.

Қабынуға қарсы гормондар мен антибиотиктер қолданылады. Дегидратациялық, дезинтокциялық ем және бел пункциясы көмек береді, ауруға ерекше күтім қажет. Параличтерді қалпына келтіру терапиясына (қан айналысын жақсарту, ноотроптар, церебролизин, витаминдер, массаж, ЛФК, электропроцедуралар, санаторлы-курорттық ем) қажет. Алдын алу шараларына вакцина және гамма-глобулин қолдану және денені тайгалық кене шағудан қорғау шаралары жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]