Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№10 для студ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.71 Кб
Скачать

Екіншілік ревматизмдік энцефалит

Бұны кіші хорея деп те атайды. Ревматизм аурудың асқыну сатысында байқалады.

Балаларда жиі кездеседі. Жолақты дене, субтамаламикалық ядро т.б. қыртыс асты түйіндер зақымданады. Аурудың басталуы баяу.

Клиникасының негізі гипотонико-гиперкинездік синдроммен байқалады. Тіл, көз, бет еттері тоқтаусыз қозғалыста болады. Ауру өздігінен жүріп тура алмайды. Дизартрия, дисфония болады. Моно-,гемипарездер болады. Қатты бас ауырады, кейде құсу байқалады. Ыстығы көтеріледі, терісі мен кілегей қабықтары сұрғылт тартады. Талма ұстамасы немесе джексон ұстамасы ұстайды. Геморрагиялық түрі сирек кездеседі, ол инсульт тәрізді басталады. Бұл формасының ағымы ауыр.

Ревматизмдік менингоэнцефалиттің диагностикасы қиын емес. Ревматизмге тән анализдермен бірге ми сұйықтығын тексереміз. Ликвор мөлдір, түссіз, қысымы жоғары. Кейде ксантохромды, 100-150 дейін клеткалар байқалады, көбі лимфоциттер

Емдеу жолы негізгі ревматизм ауруын емдеу және пайда болған неврологиялық жетіспеушілікті қалыптастырудан тұрады.

Жедел миелит

Миелит дегеніміз-жұлын көлденеңінің үлкен аумағын алып жататын ақ және сұр заттың қабынуы. Көбіне кеуде, бел сегменттері зақымданады.

Этиологиясы вирустық және бактериалық. Жедел энцефаломиелиттерде этиологиясы вирустық, ал іріңдік энцефаломиелитте менингококктер және басқа іріңдік бактериялар. Вирустық жеке миелит сирек кездеседі, бактериалық миелит омыртқаның остеомиелиттінде, соққылардан кейін кездеседі, жұлынға бактериалардың гемотогендік жолмен өтуі мүмкін.

Көбіне қабыну төменгі кеуде сегменттерінде орналасады. Жұлын ісінеді, қызарады (гиперемия) ауыр жағдайларда миеломация (жұмсару) пайда болады. Микроскоппен тексергенде жұмсақ қабықта қабыну белгілері көрінеді. Зақымданған аймақтың тамырларында тромб, периваскулярлық инфильтрат байқалады. Кейіннен бұл жерде тыртық (рубец) пайда болады.

Клиникасы. Миелиттің ағымы жедел және баяу. Кейде жалпы инфекциялық қабыну белгілерімен басталады, дененің қызуы көтеріледі, әлсіздік, тершеңдік, тоңу пайда болады. Арқада, кеудеде, құрсақта ауырсыну, парестезия байқалады. Содан кейін солғын параличтер, сезімталдық бұзылудың өткізгіштік түрі және зәр шығару органдарының қызметі бұзылады.

Алғашқы бетте зақымдану ошағы қай деңгейде болса да, солғын параличтер дамиды, еттердің тонусы төмендейді, рефлекстері жойылады, бірақ табанның қалыпсыз рефлекстері-Бабинский, Россилимо т.б. байқалады. Мойын, кеуде сегменттері зақымданғанда солғын параличтер біраз уақыттан кейін орталық спастикалық парличке айналады. Әдетте, трофикалық зақымданулар байқалады, жамбас, арқа, өкшенің еттері, терісі ойылады.

Ауыр жағдайларда септикопиемия байқалады, инфекцияның бастапқы ошағы ойылған жамбас еттері немесе зәр шығару органдары болып табылады.

Ликворда-плеоцитоз және белоктың мөлшері көбейеді. Көбіне ликвордың айналысы бұзылмайды. Егер жұлын қатты ісінсе (псевдотумор), жұлын қабықтарының жабысуы пайда болса, Квинкенштедт сынамасында кедергілік белгілер байқалады.

Ауру әр-түрлі аяқталады, жеңіл ағымында жедел кезең өткеннен соң, неврологиялық симтоматика тұрақтанады, одан кейін оның регрессиясы байқалады, немесе жұлынның көлденең зақымдану симптоматикасы өмір бойы қалады. Ауыр жағдайда жұлынның қабынуы ми бағанына шабады.

Баяу некроздық миелит созылмалы жүрек, өкпе аурулары бар егде адамдарда дамиды. Клиникасында спастико-атрофиялық төменгі парапарез, зәр шығару органдарының қызметінің бұзылуы біртіндеп дамиды, ми сұйықтығында белоктің мөлшері көбейеді.

Диагностикасы. Салыстармлы диагностикасын жұлындық инсультпен, эпидурит ауруымен, жұлын метастаздарымен жүргіземіз. Жұлындың инсульт жұлын көлденеңінің 2/3 бөлігінің зақымдану симптомдарымен көрінеді. Бұлшық ет-буын сезімталдығы зақымдалмайды. Жұлын метастазында анемия, СОЭ көтерілуі, аурудың жалпы жағдайы, бет терісінің өзгеруі, арықтау тәрізді қатерлі ісіктерге тән симптомдар байқалады. Тексеру тәсілдерінен миелография, МРТ, омыртқаның R-граммасы т.б. қолданылады.

Емдеуі. Глюкокортикоидтардың үлкен дозасы қолданылады., преднизолон тәулігіне 100-120 мг тағайындалады. Екіншілік инфекциялық процесстерді-пневмония және урологиялық инфекциялық қабынулардың алдын алу шаралары жүргізіледі, антибиотиктер тағайындалады. Бұл ауруларға ерекше күтім қажет, трофикалық бұзылулардың себебінен жамбас, өкше, арқа еттерінің ойылуы алғашқы күндерден бастап дамиды.

Нерв системасының қызметін қалыптастыру миккоциркуляцияны жақсарту, нейропротекторлар, витаминдер, иглогерлексотерапия, спастикалық құбылысты азайтуға арналған ем т.б. қолданылады.