Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№10 для студ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
50.71 Кб
Скачать

Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті

ФАКУЛЬТЕТІ: ЕМДЕУ

КАФЕДРАСЫ: ЖҮЙКЕ АУРУЛАРЫ

Студенттерге арналған әдістемелік нұсқау № 10

Тақырыбы: Энцефалиттер. Жіктелуі. Энцефалитикалық синдром. Кене энцефалиті. Ревматизим энцефалиті. Полиомиелит.

Эпилепсия жіктелуі. Ұстамалардың клиникалық түрлері. Ұстама кезіндегі дәрігерлік көмек. Эпилепсиялық статус және оны қайтару жолдары. Емдеу принциптері. Балалардағы ұстамалар түрлері, диф.диагностикасы (фибриальдық ұстама, аффективті респираторлық криз, спазмофилия, талу).

Курс:5

Құрастырған: ассистент Тусупбекова а.К Семей қаласы, 2009ж

І.Тақырыбы: Энцефалиттер. Жіктелуі. Энцефалитикалық синдром. Кене энцефалиті. Ревматизим энцефалиті. Полиомиелит. Эпилепсия жіктелуі. Ұстамалардың клиникалық түрлері. Ұстама кезіндегі дәрігерлік көмек. Эпилепсиялық статус және оны қайтару жолдары. Емдеу принциптері. Балалардағы ұстамалар түрлері, диф.диагностикасы (фибриальдық ұстама, аффективті респираторлық криз, спазмофилия, талу).

ІІ.Сабақтың ұзақтығы: 7,2 сағат

ІІІ.Маңыздылығы: Ми қабыну-энцефалиттер жиі кездесетін патология болмаса да, адам өміріне қауіп тудыратын және бұл патологиядан кейін ми қызметінің қалпына келуі толық болмай, аурулар мүгедектікке ұшырайтын залал.

Сондықтан бұл аурудың клиникасын, алдын алу шараларын білу жалпы студенттер үшін өте маңызды. Екіншілік энцефалиттер әсіресе ревматизм ауруынан кейінгі энцефалит көбінесе балаларда кездеседі, онын алдын алу шараларын жүргізу әр-бір дәрігердің міндеті.

ІУ.Сабақтың мақсаты: инфекционды-аллергиялық нейроинфекциялардың клиникасын, диагностикасын, емдеуін, алдын-алу шараларын оқып үйрену. Нерв жүйесінің инфекциялық ауруларының дифференциальдық диагностикасын білу.

Студенттер сабақ барысында мынан білуі және иегеруі керек:

*энцефалиттік синдром

*кенелік энцефалит

*індеттік энцефалит

*ревмоэнцефалит

*вакциналық энцефалиттер

*энцефалиттердің алдын алу шаралары

У.Өздік дайындыққа арналған сұрақтар:

а)негізгі пәндер сұрақтары:

1.Мидың анатомиясы

2.Ми қабықтары

3.Індеттелік

4.Біріншілік және екіншілік инфекциялар

5.Ревматизм ауруы

6.Қабынуды емдеу принциптері

б)тақырыптық сұрақтар:

1.Энцефалиттердің жіктелуі

2.Энцефалиттік синдром

3.Кенелік энцефалит клиникасы

4.Індеттік энцефалит

5.Ревмоэнцефалит

6.Вакциналық энцефалиттер

7.Энцефалиттердің алдын алу шаралары

8.Энцефалиттерді емдеу жолдары

9.Нейроревматизм

10.Нейросифилис

УІ.Ақпараттық-дидактикалық блок.

Энцефалиттер. Жіктелуі. Энцефалиттік синдром.

Энцефалит дегеніміз-аллергиялық, инфекциялық, инфекциалы-токсикалық, мидың зақымдануы. Энцефалиттер ағымына, қоздырғышына және клиникасына байланысты жіктеледі.

Орналасуына байланысты энцефалит-ақ зат қабыну, полиэнцефалит-сұр зат қабыну, панэнцефалит-ақ және сұр заттардың қатар қабынуы болып бөлінеді.

Энцефалиттерді үлкен 5 топқа бөледі:

1.Арбовирустық біріншілік энцефалиттер- А энцефалиті, кенелік энцефалит, жапондық, америкалық және австриялық энцефалиттер

2.Полиэнцефалиттер – полиомиелиттік, этнеровирустық энцефалит

3.Герпестік энцефалиттер – Herpes zoster, Herpes simplex вирустары қоздырған энцефалиттер

4.Екіншілік вирустық жеңіл энцефалиттер – ревмоэнцефалит, грипп, қызылшы, инфекциялық ауруларынан кейінгі энцефалит

5.Созылмалы инфекция арқылы пайда болған энцефалиттер –нероспид, бүйірлік амиртофиялық склероз (БАС), шашыраңқы склероз.