Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
№4 для студ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
81.92 Кб
Скачать

V, VII, VIII жұп нервтерін тексеру және олардың зақымдану симптомдары

Үшкіл нерв қызметін тексеру.

1.Үшкіл нервтің бетке шығатын түстарын (көз үсті, көз асты, иек асты) басып байқау.

2.Үштік нерв тармақтарының беттегі нервтендіретін аймақтарында ауырсыну, температуралық, жанасу және кинетикалық сезімділікті, ал Зельдер аймағында ауырсыну және температуралық сезімділікті тексеру.

3.Қанттың, ас тұзының, тұз қышқылының ерітінділері көмегімен тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінде дәм сезу мүмкіндігін тексеру.

4.Көздің мөлдір қабығы, көз ойы шырышты қабығы және қас үсті рефлекстерін тексеру.

5.Шайнау бұлшық еттерінің қызметін тексеру.

Үшкіл нерв зақымдануының белгілері.

Үшкіл нервтің түбірі немесе тармақтары зақымданса беттің сол зақымданған жақтағы жартысында ұстамалы ауырсыну, нерв тармақтарының бетке шығатын тұстарын басып байқағанда ауырсыну, бет терісінде сезімділік өзгерістері (гиперестезия, гипестезия немесе анестезия) пайда болады.

Гассер түйіні зақымданса бетте ауырсынумен қоса қабыршақ тәрізді күлдіреу пайда болады.

Ми бағанындағы үшкіл нерв-жұлын трактасы ядросы зақымданса ауырсыну және температуралық сезімділік Зельдер аймағында жайылады да жанасу және терең сезім сақталады.

Көру төмпешігі, ішкі капсула, артқы ми қыртысының орталық ирелеңі зақымданғанда қарама-қарсы бетте сезімділіктің барлық түрі бұзылады. Артқы орталық ирелең төменгі бөліктері тітіркенсе, қарама-қарсы бетте ұстамалы парестезия пайда болады.

Шайнау ядросы немесе үшкіл нерв түбірінің қысқа бөлігі зақымданса, сол зақымданған жағында шайнауға қатысты бұлшық еттер сал болып қалады. Шайнау ядроларының ми қыртысымен екі жақты байланысы болғандықтан, орталық неврондардың зақымдануы шайнау бұлшық еттеріне онша әсерін тигізбейді.

Бет нервісі қызметін тексеру.

1.Қалыпты жағдайда сырқаттың бетін байыптап қарағанда ауытқушылық немесе табиғи әжімдердің жойылуы байқалуы мүмкін.

2.Бет құбылысына әсер ететін бұлшық еттердің қызметін мына төмендегі ретпен тесеруге болады:

«Қабағыңызды көтеріңіз»-маңдай бұлшық еттерін тексеру; «Қабағыңызды түйіңіз»-қабақ бұлшық еттерін тексеру; «Көзіңізді сығырайтыңыз»-көз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру; «Екі ұртыңызды томпайтыңыз»-жақ бұлшық еттерін тексеру; «Тісіңізді ақситыңыз»-күлкіге қатысты бұлшық еттерді тексеру; «Еріндеріңізді алға қарай түтікше керіңіз»-ауыз айналасындағы бұлшық еттерді тексеру.

Бет нервісінің әр түрлі деңгейде зақымдану белгілері

Бет нервісінің сыртқы невроны (нервтің өзі немесе оның ми бағанындағы ядросы) зақымданса, беттің зақымданған жағындағы бұлшық еттері сал болып қалады. Осыған байланысты беттің әжімдері тұтасып, көз аясы кеңейіп, қабағы қозғалмай, көзі жұмылмай қалады («қоянның көзі» тәрізді белгі), көзін жұмғанда көз алмасы жоғары қарай ауытқып, үстіңгі және төменгі кірпіктерінің арасынан көздің ағы көрініп тұрады (Белл симптомы). Тістерін ақситқанда ауыз зақымданған жаққа қисайып, леп белгісіне ұқсайды-«шарко леп белгісі» симптомы. Екі ұртын томпайтқанда, зақымданған жақтағы ұрт томпаймайды.

Солып сал болып қалған бет бұлшық еттеріне электр тогы әсер етпейді (дегенерация реакциясы).

Бет нервінің әр түрлі деңгейде зақымдануы кезінде жоғарыда келтірілген бет бұлшық еттерінің саол болып қалуынан басқа мына төменгі қосымша симптомдар анықталады (кездеседі).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]