- •3.Тақырып маңыздылығы:
- •Көз қозғайтын нервтерді тексеру және олардың зақымдану симптомдары:
- •Үшкіл нерв және көпір-мишық бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •V, VII, VIII жұп нервтерін тексеру және олардың зақымдану симптомдары
- •Бет нервісінің әр түрлі деңгейде зақымдану белгілері
- •1.Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары Қысқаша анатомиялық-физиологиялық мағлұматтар
- •Бульбар (сопашқа ми) нервтері қызметін зерттеу және олардың зақымдану симптомдары
- •Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары
Көз қозғайтын нервтерді тексеру және олардың зақымдану симптомдары:
1.Тыныштық жағдайда сырқаттың бет-әлпеті байқалады. Көз саңылауының еніне, көз алмасының қалпына, қарашықтың көлемі мен формасына назар аудару керек.
2.Көз алмасының қозғалу мөлшерін анықтау үшін дәрігер сырқаттың басын иегінен ұстап тұрады да, оған көзінің алдында 20 см қашықтықта оңға, солға, жоғары, төмен және мұрынның ұшына кезекпен-кезек бағыттала ауыстырылып тұрған неврологиялық балғаға қарауын өтінеді.
3.Қарашық реакциясын тексеру. Дәрігер сырқаттың бетін жарыққа қаратып отырғызады да, екі көзін алақынымен жауып қойып, кезек-кезек ең әуелі бір көзді, содан кейін екінші көзін ашып, қарашықтың реакцисын байқайды. Қалыпты жағдайда қарашыққа түскен жарықтың әсерінен ол тарылады-қарашықтың жарыққа тікелей реакциясы.
Дәрігер алақанымен сырқаттың бір көзін жауып қояды да екінші көздің қарашығын бақылайды. Мұндай жағдайда қарашық тарылады (қарашықтың жарыққа өзара бірлестік реакциясы).
Қарашықтың конвергенциялық және аккомодация реакциясын тексеру үшін дәрігер сырқаттың бетінен 50-60 см қашықтықта ұстап тұрған саусағына қозғалмай қарап отыруын өтінеді де оны мұрнының ұшына таяу әкеледі. Қалыпты жағдайда көз алмалары көз саңылауының ішіне қарай ауысады (конвергенция) да онымен қатарласа қарашық тарылады (аккомодация).
Көз қимыл нервінің зақымдануы. Үстіңгі қабықты көтеретін бұлшық ет сал болуына байланысты ол төмен түсіп кетеді де көзді жұмып қалады (птоз), көздің ішкі тік бұлшық етінің қызметі жойылғандықтан көз екі жақ сыртына және төменірек қылиланады (қитарланады). Мұндай жағдайда көздің алдындағы нәрсе қосарлана көрінеді (диплопия). Қарашықты тартылатын (сфинктер) бұлшық ет әлсірегендіктен қарашық кеңейеді (мидриаз). Аккомодация болмаған жағдайда көздің жақыннан көргіштігі кемиді. Көз алмасының үш тік бұлшық еттері күшінің бірден жойылуы оны көз аясының сәл алдына қарай әкеледі (экзофтальм).
Шығар нервінің зақымдануы көз алмасының сыртқы тік бұлшық етінің күшін жояды. Қызметі бұзылмаған көз алмасының ішкі тік бұлшық еті оны көз аясының ішіне қарай әкетеді (көздің ішке қарай қитарлануымен қатар қосарлана көрінуі).
Егерде зақымдану қуыстану қойнауының маңайында (мысалы сепистік тромбоз) немесе жоғарғы көз саңылауы тұсында болса барлық көз қозғалмайтын нервтердің қызметі бұзылады да көз алмасы қозғалмай қалады (офтальмоплегия), көздің қарашығы кемиді (мидриаз), қарашық жарыққа, аккомодацияға және конвергенцияға әсер етпейді, көзі бақыраяды (экзофтальм).
Көз-қарашығы реакциясының бұзылуы.
Арджиль-Робертсон симптомы-көздің қарашығы аккомодация мен конвергенцияға әсер етсе де, жарыққа реакция бермеуі. Мұндай жағдайда, көздің қарашығы міндетті түрде тарылады, олардың мөлшері (көлемі) әр түрлі (анизокория). Бұл симптом нерв жүйесінің сифилиспен зақымдануына тән.
Арджиль-Робертсон симптомына қарама-қарсы (қарсылас) симптом-көз қарашығының жарыққа әсері сақталып, аккомодация мен конвергенцияға әсер етпеуі. Аталған симптом әдетте эпидемиялық энцефалитпен ауырған сырқаттарда кездеседі.
