
- •3.Тақырып маңыздылығы:
- •Көз қозғайтын нервтерді тексеру және олардың зақымдану симптомдары:
- •Үшкіл нерв және көпір-мишық бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •V, VII, VIII жұп нервтерін тексеру және олардың зақымдану симптомдары
- •Бет нервісінің әр түрлі деңгейде зақымдану белгілері
- •1.Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары Қысқаша анатомиялық-физиологиялық мағлұматтар
- •Бульбар (сопашқа ми) нервтері қызметін зерттеу және олардың зақымдану симптомдары
- •Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары
Үшкіл нерв және көпір-мишық бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
Қысқаша анатомиялық-физиологиялық шолу.
V жұп үшкіл нерв аралас нервтердің қатарына жатады. Сондықтан оның құрамында сезгіш және қимылдатқыш бөліктері (талшықтары) бар. Сезгіш порциясының анатомиялық құрылымы жалпы сезімділік жолына ұқсас. Бірінші неврон клеткалары Гассер түйініне орналасқан. Олардың аксондары сезгіш порциясын құрастырады да варолий көпіріне кіреді. Бірінші невронның аксондары шеткі және үшкіл нервтің жұлынның алдыңғы мүйізімен тоғысады. Бұның жұлынның алдыңғы мүйізіне ұқсас сегменттік құралымы бар.
Шеткі ядроға терең сезімділіктің талшықтары, төмен түсетін жұлын ядросында үстірт сезімділіктің талшықтары аяқталады. Осы ядроларда екінші невронның клеткалары орналасқан, олардың аксондары екі жағынан қиылысып көру төмпешігінеде аяқталады. Үшінші неврон клеткалары көру төмпешігінде. Олардың аксондары ми қыртысына көтеріліп, артқы орталық ирелеңінің төменгі 1/3 бөлігіне келіп аяқталады.
Үшкіл нервтердің қимылдатқыш бөліктерінің (талшықтарының) анатомиялық құрылымы ми қыртысы бұлшық ет жолы құрылымын қайталайды. Ол екі невроннан құрылған. Орталық неврон клеткалары алдыңғы орталық ирелеңінің төменгі жағында орналасқан, олардың аксондары ми қыртысы-ми нервтері ядросы жолдарының құрамында төмен қарай түсіп, варолий көпірінде екі жағына жартылай айқасады да үшкіл нервтің шайнау ядроларында аяқталады. Екінші неврон клеткалары осы ядроларға орнығып, олардың аксондары үшкіл нервтің кіші бөлігін құрасытрып, оның үшінші тармағына қосылады да шайнау бұлшық еттерін нервтендіреді.
Үшкіл нерв тармақтары-көздік нерв, жоғарғы және төменгі жақ нервтері. Олар бас сүйек қуысынан тиісті тесіктер арқылы; біріншісі жоғарғы көз саңылауынан, екіншісі дөңгелек тесіктен, үшіншісі сына сүйектің сопақша тесігінен шығады. Нервтің бірінші тармағы көз үсті тесігінен, екінші тармағы көз асты тесігінен, үшіншісі иек тесігінен өтіп бетке қарай шығады.
Үшкіл нерв сезімтал тармақтары (бірінші, екінші) арқылы беттің терісін, тілдің алдыңғы 2/3 бөлігін, жақ пен тісті, мұрынның қосалқы қуысын (қойнауын), ми қабықтарын нервтендіреді. Нервтің үшінші тармағы жалпы сезімталдықпен қатар тілдің алдыңғы 2/3 бөлігінің дәм сезуін қамтамасыз етеді.
VII жұп бет нервісі бет (ым) бұлшық еттерін нервтендіреді.
Бет бұлшық еттерін нервтендіру жүйесі екі невроннан түзіледі. Орталық неврон клеткалары алдыңғы орталық ирелеңнің төменгі бөлігіне орналасқан, олардың аксондары ми қыртысы-бұлшық ет жолының құрамында төмен түсіп, варолий көпірінде екі жағынан жартылай айқасады да варолий көпірі қақпағының түкіріндегі бет нерві ядроларында аяқталады.
Айқасуға орталық неврон талшықтарының көпшілігі қатысады да олар бет нерві ядросын мидың қараама-қарсы жарты шарымен байланыстырады. Орталық неврон талшықтарының аздаған бөлігі қиылысуға қатыспай өз жағымен бет нерві ядросының жоғарғы бөлігіне келіп тоқтайды.
Сонымен бет нервісі ядросының жоғарғы бөлігі өз жағындағы және қарама-қарсы ми жарты шарларымен тең байланысты жасайды, ал оның төменгі бөлігі тек мидың қарама-қарсы жағымен байланысады. Бет нервінің ядросында сыртқы неврон клеткалары орналасқан, олардың аксондары бет нервісін құрастырады. Ол әкеткіш нервінің ядросын айнала орап, көпір-мишық бұрышы арқылы өтеді де, ішкі есту тесігіне кіріп, одан самай сүйегінің пирамидасындағы фаллопий каналын бойлай біз-емізік тесігінен бас сүйектің сыртына шығады.
Бет нервісі жоғарғы қабақты көтеретін бұлшық еттен басқа барлық бет бұлшық еттерін нервтендіреді.
Фаллопий каналындағы буынды (вегетативтік) түйін маңайынан бет нервінің серіктестіктері (үлкен тас түйін нерві-жас шығаратын талшықтар, үзеңгі нерві (2), дабыл шегінің нерві-дәм сезу, сілекей шығаратын талшықтар (3), бірінен соң бірі оны тастап кетеді.
Үзеңгі нерві ортаңғы құлақтың дабыл жарғағын нервтендіреді, дәм сезу талшықтары тілдің алдыңғы 2/3 бөлігіне, сілекей бөлетін талшықтар тіл асты және төменгі жақтағы сілекей бездеріне келеді.