
- •3.Тақырып маңыздылығы:
- •Көз қозғайтын нервтерді тексеру және олардың зақымдану симптомдары:
- •Үшкіл нерв және көпір-мишық бұрышынан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары
- •V, VII, VIII жұп нервтерін тексеру және олардың зақымдану симптомдары
- •Бет нервісінің әр түрлі деңгейде зақымдану белгілері
- •1.Мийяр-Гублер (алмасушы) айқасушы синдромы.
- •5.4. Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары мен синдромдары Қысқаша анатомиялық-физиологиялық мағлұматтар
- •Бульбар (сопашқа ми) нервтері қызметін зерттеу және олардың зақымдану симптомдары
- •Сопақша мидан шығатын ми нервтерінің зақымдану симптомдары
G-041.07.01.13-2007
|
2003,2005 ж. ЖМБС бойынша сабақтардың әдістемелік нұсқаулары(сарамандық, семинарлық, зетханалық сабақта) |
01.08.2007ж №01 тек |
Бет |
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
ФАКУЛЬТЕТІ: ЕМДЕУ
КАФЕДРАСЫ: ЖҮЙКЕ АУРУЛАРЫ
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ №5
Тақырыбы: ІІ, ІІІ, ІV және VІ жұп ми нервтерінің анатомиясы, қызметі тексеру тәсілі және зақымдану синдромдары. Қарашықтың иннервациясы. Аргайл-Робертсон және Бернар-Горнер синдромы. Вебер альтернациялық синдромы.
Курс: 5
Құрастырған: ассистент Тусупбекова А.К
Семей қаласы, 2010ж
1. Тақырыбы: ІІ, ІІІ, ІV және VІ жұп ми нервтерінің анатомиясы, қызметі тексеру тәсілі және зақымдану синдромдары. Қарашықтың иннервациясы. Аргайл-Робертсон және Бернар-Горнер синдромы. Вебер альтернациялық синдромы.
2.Сабақ ұзақтығы: 7,3 акад.сағат
3.Тақырып маңыздылығы:
Көзді қорғайтын нервтерге III, IV және VI жұптар жатады, олардың ядролары ми бағанына орналасқан
III жұп-көз-қимыл нервсінің 5 ядросы бар. Олар: екі ірі клеткалы соматикалық, үш ұсақ клеткалы парасимпатикалық ядролар-Якубович жұп ядросы және Перлеа дара ядросы. Бұл ядролар ортаңғы мидың қақпағында, сильвису жолының түпкірінде, төрт төмпешіктің алдыңғы жағында орналасқан.
Көз-қимыл нервісі ми аяқшасының ішкі қапталынан төмен қарай жанай өтіп, ми аяқшасы мен варолий көпірі аралығынан өтеді де каверна синусын қабырғалай көз шарасының жоғарғы саңылауына жетіп, сол арқылы бас сүйек қуысынан шығады. Нерв көз алмасының бес бұлшық етін (көздің жоғарғы қабығын көтеретін жоғарғы-төменгі және ішкі түзу, төменгі қиғаш бұлшық еттер) және көздің бірыңғай салалы еттерін (кірпік пен көз қарашығын қимылдататын) нервтендіреді.
IV жұп-шығыр нерві. Оның ядросы ортаңғы мидың қақпағында төрт төмпешіктің төменгі төмпешігі маңайында орналасқан. Нерв сильвий су жолын айналып өтіп, ортаңғы мидың қақпағы тұсынан мидың ішінен шығады. Мидың алдыңғы желкенінде екі жағынан айқасып, ми аяқшасының сыртымен үлкен мидың астына түседі де алға қарай қуыстанған қойнауды қабырғалай өтіп, көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы бас сүйек қуысынан шығады да көз алмасының жоғарғы қиғаш етін невртендіреді.
VI жұп-әкеткіш нерв. Ядросы варолий көпірдің қақпағында ромбы (ойыс) шұңқырдың түбіндегі бет нерві ілмегінің ішінде орналасқан. Варолий көпірі мен сопақша мидың пирамидасы аралығында ми бетіне келеді де қуыстанған қойнаудың алдымен көз шарасының жоғарғы саңылауы арқылы бас сүйек қуысынан шығып, көз алмасының сыртқы түзу бұлшық етін невртендіреді.
Көзқарас үйлесімділігін реттеу. Қалыпты жағдайда екі көздің қозғалуы әрдайым үйлесімді. Олардың бір мезетте жоғары немесе төмен, жан-жағына қарауын сәйкестендіру үшін көз қозғайтын нервтердің осы қимылдарға әсері үйлесімді болуы шарт.
Көз қорғайтын нервтер қызметінің үйлесімділігін артқы бойылық шоғыр жүйесі қамтамасыз етеді. Бұл шоғыр мидың алдыңғы бөлігіндегі Даркшевич ядросынан бастап, ми бағаны бойымен жолшыбай өз жағындағы көз қозғайтын нервтер ядроларына қосалқы тармақтарын жіберіп, төмен түседі. Ол сонымен қатар көз қозғайтын нерв ядроларын вестибулярлық ядролармен байланыстырады да жұлынның алдыңғы бағанынан өтіп, мойын тұсында оның алдыңғы мүйізіндегі клеткаларға келіп тоқтайды.
«Ерікті» көзқарас қимылдарын ұйымдастыруды ми қыртысы басқарады. «Көз қарастың ми қыртысы орталығы» екінші маңдай қатпарының артқы бөлігіне орналасқан. Одан ишығатын талшық шоғырлары төмен түсып, варолий көпірінде айқасады да қарсы жақтағы әкеткіш нерв ядроларында аяқталады. Көзқарастың ми қыртысы орталығы көзді және басты қарама-қарсы жағынан бағыттайды.
Артқы бойлық шоғыр жүйесі зақымданғанда қарама-қарсы жағындағы көзқарас әсері жойылады. Қарсы жағындағы бұзылмаған жүйе бас пен көзді зақымданған жағына бұрады («сырқат зақымданған жағына қарайды»). Көз қарастың ми қыртысы орталығы тітіркенгенде ырғақты селкілдек құрыспасы ұстап, басы мен көзі қарама-қарсы жаққа бұрылады.
Ми бағанындағы әкеткіш нерв ядросы зақымданғанда осы жағында көз алмасының сыртқы түзу бұлшық еті салдануымен қатар көзқарас қимылы да жойылады. Мұндай жағдайда бас пен көз зақымданған жағына қарама-қарсы бұрылады («сырқат зақымданған жағына теріс қарайды»).