
- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені «krek 2216 қазақстан республикасының экологиялық құқығы»
- •3 Ағашқы рет енгізілген.
- •Мазмұны
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны
- •Жалпы бөлім
- •Ерекше бөлім
- •Семинар (тәжірибе) сабақтарының тақырыптарының үлгі тізімі
- •Курстық жұмыстардың үлгі тақырыпнамасы
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Нормативтік актілер
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы Карта учебно-методической обеспеченности дисциплины
- •9. Эумкд
- •10. Лекционный комплекс
- •11. Материалы для срс
- •12. Материально-техническое обеспечение дисциплины
- •6. Дәрістік кешен (дәрістердің тезистері, көрнекілік және тарату материалдар, пайдаланған әдебиеттер) «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша дәрістер жинағы
- •1. Экологиялық құқығының ұғымы және пәні.
- •2. Экологиялық құқығының әдістері және жүйесі.
- •3. Экологиялық құқық қағидалары мен обьектілері.
- •Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы.
- •Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшеліктері және жіктелуі.
- •Қр Конституциясы және экологиялық құқықтық ережелер.
- •1. Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және түрлері.
- •2. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және мазмұны.
- •3. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілері.
- •1. Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары және негізгі белгілері.
- •2. Табиғат пайдалану құқығының түрлері, объектілері және субъектілері.
- •3. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану.
- •1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар.
- •2. Экологиялық бақылау және экологиялық нормалау.
- •3. Экологиялық сараптама және экологиялық мониторинг пен кадастрларды жүзеге асырудың тәртібі.
- •1. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептеу тәртібі.
- •2. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру.
- •3. Экологиялық аудиттің құқықтық жағдайы.
- •1. Экологиялық құқық бұзушылық түсінігі және құрылымы.
- •2. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түрлері.
- •3. Табиғи ресурстарға келтірілген зиянды өтеудің тәртібі.
- •1. Жер және жер қорының түсінігі.
- •2. Жерге меншік құқығының түрлері.
- •3. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.
- •1. Жер қойнауының ұғымы және жалпы сипаттамасы.
- •2. Жер қойнауын пайдалану құқығы және оның түрлері.
- •3. Жер қойнауын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.
- •1. Су қоры және оның ұғымы, маңызы және жалпы сипаттамасы.
- •2. Суды пайдаланудың ұғымы және түрлері.
- •3.Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және сараптама.
- •1. Орман және орман қорының түсінігі, құрамы және құқықтық режимі.
- •2. Орман пайдалану түрлері және орман пайдалануды жүзеге асыру.
- •3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау.
- •1. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі.
- •2.Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.
- •3. Жануарлар дүниесіне меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары.
- •1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері мен санаттары.
- •2.Мемлекеттік табиғи қорық қорының түсінігі және қорықтарды қорғау ерекшеліктері.
- •3.Мемлекеттік органдарының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзыреті.
- •Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы.
- •Табиғатты халықаралық-құқықтық қорғаудың объектілері мен субъектілері.
- •Қоршаған ортаны қорғау сатасындағы халықаралық ынтымақтастық.
- •7. Семинар (практикалық сабақтардың) жоспары
- •Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы.
- •8.Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9.Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •4. Культелеев с.Т. Экологическое право Республики Казахстан. - Алматы, 2003. Рефераттар тақырыптары
- •11.Оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибені өту пән бойынша оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •13.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз етілуі (пәннің мазмұнына байланысты)
- •14.Арнайы аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың тізімі
1. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі.
2.Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.
3. Жануарлар дүниесіне меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары.
Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесі объектiлерiн табиғи ортадан алып қойылмай жүзеге асырылады. Жануарлар тiршiлiгiнiң пайдалы қасиеттерiн, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектiлерiн ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелiк, эстетикалық және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа мақсаттарда пайдалану жануарлар дүниесін жалпы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды жүзеге асыру кезiнде жануарларды алып қоюға, олардың паналау орындарын және басқа да құрылыстарды қиратуға, жануарларды көбею кезеңiнде мазалауға, жануарлардың тiршiлiк ету ортасын бұзуға және олардың көбею жағдайларын нашарлатуға тыйым салынады. Жануарлар дүниесі объектілерін жаңа тіршілік ету орындарына көшіруге, Қазақстан фаунасы үшін жаңа жабайы жануарлар түрлерін жерсіндіруге, сондай-ақ жабайы жануарларды будандастыру жөніндегі іс-шараларға ғылыми-зерттеу және шаруашылық мақсаттарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы алынғаннан кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсатымен жол беріледі. Жеке және заңды тұлғалардың жабайы жануарларды өз бетінше көшіруіне, жерсіндіруіне және будандастыруына тыйым салынады. Жабайы жануарларды, сондай-ақ жабайы жануарлармен будандасуы немесе оларға зиян келтіруі мүмкін үй жануарларын жартылай ерікті немесе еріксіз жағдайларда ұстайтын немесе өсіретін жеке және заңды тұлғалар осы жануарлардың табиғи ортаға шығуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге міндетті. Жануарлардың тіршілігіне қатер төндіретін дүлей зілзала және төтенше экологиялық жағдайлар туындаған жағдайда, жануарлар дүниесі объектілерін пайдаланушылар жабайы жануарларға көмек көрсетуге және бұл туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға дереу хабарлауға міндетті. Жануарлар дүниесі объектілерін Қазақстан Республикасына әкелу және одан тысқары жерлерге әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттері мен өнімдерін пайдалануға, жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда, олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда және жануарларға зиян келтірмегенде, жол беріледі. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалануға жануарларды алып қоймағанда және жоймағанда және олардың тіршілік ету ортасын нашарлатпағанда жол беріледі. Жабайы жануарларды олардың тіршілігінің өнімдерін алу мақсатында пайдалану жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген ережелер бойынша жүзеге асырылады. Халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі, ауыл шаруашылық және басқа үй жануарлары ауруларын болдырмау, қоршаған ортаға, шаруашылық және басқа қызметке зиян келтіруді болдырмау мүддесінде жабайы жануарлардың жекелеген түрлерінің санын реттеуге бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылады. Бұл шаралар жабайы жануарлардың тіршілік ету ортасының сақталуын қамтамасыз ететін және оларға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен жүзеге асырылуға тиіс. Жабайы жануарлардың санын реттеу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган айқындайды. Аңшылық және балық шаруашылығын жүргізу кезінде мынадай экологиялық талаптар қойылады: жануарлар дүниесі объектілерін ұтымды пайдалану, өз қызметінің нәтижесінде жануарлардың тіршілік ету ортасының экологиялық жай-күйінің нашарлауына жол бермеу, өндірістік процестерді жүзеге асырған уақытта табиғат қорғау технологияларын қолдану; жабайы жануарлардың саны мен пайдаланылуының бастапқы есебін жүргізу, олардың жай-күйін және аңшылық алқаптарының сипатын зерделеу, ол ақпаратты жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға беру; жануарларды аулаудың белгіленген ережелерін, нормаларын, лимиттері мен мерзімдерін сақтау; бекітіп берілген аумақтағы жануарлар дүниесінің объектілерін, соның ішінде құрып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін қорғауды жүзеге асыру; жабайы жануарларды өсіруге, оның ішінде қолдан өсіруге, олардың тіршілік ету ортасын сақтауға және жақсартуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүргізу; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері бойынша жалпы мемлекеттік, өңірлік, республикалық және басқа да аумақтық экологиялық бағдарламаларды орындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру; аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күрестің кешенді іс-шараларын жүзеге асыру, жануарлар ауруларының анықталуы, олардың тіршілік ету ортасы жай-күйінің нашарлауы, жануарлардың құрып кету қаупінің туындауы және қырылу жағдайлары туралы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдарына дереу хабарлау; жануарлар дүниесі объектілерінің жай-күйі мен олардың тіршілік ету жағдайлары нашарлаған, жануарлардың көбею қабілеті төмендеген және олардың құрып кету қаупі туған жағдайда оларды пайдалануды өз бетімен тоқтату, жануарларға және олардың тіршілік ету ортасына теріс әсерді жою шараларын шұғыл қолдану. Жануарларды сақтау және өсімін молайту мақсатында Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жануарлар дүниесін пайдалануға лимиттер мен квоталар белгіленеді. Микроорганизмдердің жаңа штаммдарын, биологиялық белсенді заттарды жасау, генетикалық түрлендірілген организмдерді жасап шығару, басқа да биотехнология өнімдерін өндіру мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары болған кезде жүзеге асырылады. Мұндай қорытындылар болмаған кезде көрсетілген организмдер мен заттарды пайдалануға тыйым салынады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Аң аулау және аң аулау шаруашылығын жүргізуді құқықтық реттеу.
2. Балық аулау мен балық шаруашылығын ұйымдастыру және жүргізуді қүқықтық реттеу.
3. Жануарлар дүниесіне келтірілген зиянды өтеу тәртібі.
4. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:
1. ҚР Экологиялық кодексі 9 қаңтар 2007ж.
2. ҚР Жануарлар әлемі қорғау, қайта өндіріс және қолдану туралы заңы.
№ 593. 9 шілде 2004 ж.
3. ҚР жануарлар әлемін қорғау, қайта жаңғырту және пайдалану туралы заңы. 21.10.1993ж.
4. Байдельдинов Д.Л., Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан (жалпы бөлім). - Алматы, 2004.
14-тақырып. Ерекше қорғалатын табиғи объектілердің құқықтық режимі
Дәріс сабағының мақсаты: Дәріс сабағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлеріне, мемлекеттiк қорық аймақтарына, табиғи аумақтарды басқару органдарының құзыретіне, қызметіне тоқталады.