- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені «krek 2216 қазақстан республикасының экологиялық құқығы»
- •3 Ағашқы рет енгізілген.
- •Мазмұны
- •Түсіндірме беретін жазба
- •Пәннің мазмұны
- •Жалпы бөлім
- •Ерекше бөлім
- •Семинар (тәжірибе) сабақтарының тақырыптарының үлгі тізімі
- •Курстық жұмыстардың үлгі тақырыпнамасы
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Нормативтік актілер
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы Карта учебно-методической обеспеченности дисциплины
- •9. Эумкд
- •10. Лекционный комплекс
- •11. Материалы для срс
- •12. Материально-техническое обеспечение дисциплины
- •6. Дәрістік кешен (дәрістердің тезистері, көрнекілік және тарату материалдар, пайдаланған әдебиеттер) «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша дәрістер жинағы
- •1. Экологиялық құқығының ұғымы және пәні.
- •2. Экологиялық құқығының әдістері және жүйесі.
- •3. Экологиялық құқық қағидалары мен обьектілері.
- •Экологиялық құқықтың пайда болуы, өркендеуі және болашағы.
- •Экологиялық құқықтың қайнар көздерінің түсінігі, ерекшеліктері және жіктелуі.
- •Қр Конституциясы және экологиялық құқықтық ережелер.
- •1. Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік құқығының түсінігі және түрлері.
- •2. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және мазмұны.
- •3. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілері.
- •1. Табиғатты пайдалану құқығының түсінігі, қағидалары және негізгі белгілері.
- •2. Табиғат пайдалану құқығының түрлері, объектілері және субъектілері.
- •3. Табиғатты жалпы және арнайы пайдалану.
- •1. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды басқаратын жалпы және арнайы органдар.
- •2. Экологиялық бақылау және экологиялық нормалау.
- •3. Экологиялық сараптама және экологиялық мониторинг пен кадастрларды жүзеге асырудың тәртібі.
- •1. Экологиялық төлемдер мен алымдарды алу және есептеу тәртібі.
- •2. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру.
- •3. Экологиялық аудиттің құқықтық жағдайы.
- •1. Экологиялық құқық бұзушылық түсінігі және құрылымы.
- •2. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін құқықтық жауапкершіліктің түрлері.
- •3. Табиғи ресурстарға келтірілген зиянды өтеудің тәртібі.
- •1. Жер және жер қорының түсінігі.
- •2. Жерге меншік құқығының түрлері.
- •3. Жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.
- •1. Жер қойнауының ұғымы және жалпы сипаттамасы.
- •2. Жер қойнауын пайдалану құқығы және оның түрлері.
- •3. Жер қойнауын пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау.
- •1. Су қоры және оның ұғымы, маңызы және жалпы сипаттамасы.
- •2. Суды пайдаланудың ұғымы және түрлері.
- •3.Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және сараптама.
- •1. Орман және орман қорының түсінігі, құрамы және құқықтық режимі.
- •2. Орман пайдалану түрлері және орман пайдалануды жүзеге асыру.
- •3. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау.
- •1. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимінің түсінігі.
- •2.Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері.
- •3. Жануарлар дүниесіне меншік құқығы және оны жүзеге асыру нысандары.
- •1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың түрлері мен санаттары.
- •2.Мемлекеттік табиғи қорық қорының түсінігі және қорықтарды қорғау ерекшеліктері.
- •3.Мемлекеттік органдарының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құзыреті.
- •Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың түсінігі және жалпы сипаттамасы.
- •Табиғатты халықаралық-құқықтық қорғаудың объектілері мен субъектілері.
- •Қоршаған ортаны қорғау сатасындағы халықаралық ынтымақтастық.
- •7. Семинар (практикалық сабақтардың) жоспары
- •Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгертілуі және тоқтатылуы.
- •8.Пәнді меңгеруге арналған әдістемелік нұсқаулар
- •9.Типтік есептеулер, есептеу-графикалық, зертханалық жұмыстарды, курстық жобаларды (жұмыстарды) орындау оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •4. Культелеев с.Т. Экологическое право Республики Казахстан. - Алматы, 2003. Рефераттар тақырыптары
- •11.Оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибені өту пән бойынша оқу жоспары бойынша қарастырылмаған
- •13.Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедиялық қамтамасыз етілуі (пәннің мазмұнына байланысты)
- •14.Арнайы аудиториялардың, кабинеттер мен зертханалардың тізімі
Түсіндірме беретін жазба
Қазақстан Республикасынын экологиялық құқығы қоғам мен қоршаған ортаның өзара қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа қалыптасқан құқық саласы.
Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, сонымен бірге, адамзаттық қазіргі және болашақ ұрпақтарының өмірі мен қызметі үшін қолайлы қоршаған ортамен қамтамасыз етуді мақсат етіп қояды. Табиғат пен қоғамнын өзара қарым-қатынасы саласындағы қоғамдық қатынастар құқық салаларының кешенімен реттеледі. Олардың арасында негізгі маңыздығы бар экологиялық құқық салалары: жер, таукен, су, орман және өзге де табиғи объектілер мен табиғи ресурстарды қорғау мен ұтымды пайдалануды талап ететін салалар.
Сонымен қатар, осы құқық салаларының нормалары шаруашылық қатынастар арқылы экономиканың дамуына экологиялық әсер етеді, ал бұл қатынастар барлық мемлекеттік құқықтық реттеудің бағыттарымен қамтылады, яғни осыдан шыға келе едәуір мемлекеттік органдардың және басқа да құрылымдардың қызметінің пәніне кіреді. Сондықтан табиғи ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарын реттеумен конституциялық, мемлекеттік, әкімшілік, қаржылық, азаматтық, аграрлық , қылмыстық және басқа да құқық салаларының нормалары тығыз байланысты.
Бұл бағдарлама жоғарғы оқу орындарындағы юриспруденция мамандығы бойынша оқитын студемттерге арналған және келесі міндеттерді орындауға бағытталған:
1.студенттерде Қазақстан Республикасының экологиялық құқығының барлық өзекті институттары туралы жүйелендірілген білімін қалыптастыру:
2.студенттерді экологиялық құқық ғылымымен дайындалған көзқарастармен, концепциялармен және теориялармен таныстыру, сонымен қатар, семинар жүргізу, курстық жұмыстарды жазу барысында осы көзқарастарды, концепияларды және теорияларды зерттеу мен бағалау дағдыларын студенттерде қалыптастыру;
3.студенттермен семинар сабақтарында есептерді шығарғанда және өзіндік жұмыстарын орындау кезінде экология-құқықтық нормаларды тәжірибеде қолдана білуін жетілдіру.
Қазақстан Республикасының экологиялық құқығын оқытуды студенттердің келесі пәндерді меңгергеннен кейін ұсынылады: Қазақстан Республикасының енбек құқығы, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы, Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы, Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Осы салалардың институттары Қазақстан Республикасының экологиялық құқықтың аналогиялық институттарының негізін, солармен ұқсас табиғатын құрайды және олардың тиімділігін қамтамасыз етеді (нақтылай айтатын болсақ, оларға қатысты қорғау функцияларын жүзеге асырады).
Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды кұқықтық реттеудің мұндай ерекшелігін осы оқу курсының жүйесі ескереді. Ол жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.
Курстың жалпы бөлімінде барлық оқу пәндері үшін жалпы институттар қарастырылады. Ерекше бөлім жекелеген табиғи объектілерді, табиғи және аумақтық кешендерді пайдаланудың, өсімін молайтудың және қорғаудың, сонымен қатар қоршаған табиғи ортаны халықаралық құқықтық қорғаудың режимін реттеуге арналған.
Экологиялық құқықты оқыту мақсаты экологиялық заңдарды және оларды іс жүзінде қолдануды және адамзаттық мүддесі үшін қоршаған табиғи ортаны ұтымды пайдалану саясатын жүргізуге қабілеті құқық қорғау органның, өкілді атқарушы органның және өзге де мемлекеттік және мемлекеттік емес органның болашақ жұмыскерлері болатын құқықтанушыларды дайындау.
Нақты курсты оқытудың міндеттері:
1.экологиялық зандарды оқып білу және оның қолдану механизмін үйрену;
2.теориялық және іс жүзіндегі тәжірибені өмірде қолдануды меңгеру;
3.болашақта экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты қызметті жүзеге асыруға қажет экологиялық құқықтық сананы тәрбиелеу.
Осы оқу пәні оқытудың барлық дәстүрлі әдістерін қолданады: арнайы әдебиеттерді зерттеу, нормативтік актілерді қолдану, есептерді шығару, студенттердің өзіндік жұмысы. Студенттердің білімдерін қарастырылған тексеру нысаны - емтихан.
