
- •1 Тарау. Жалпы ережелер
- •§1 Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні мен әдісі
- •§2 Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі
- •§3 Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
- •2 Тарау. Азаматтық іс жүргізу міндеттері және азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері
- •§1 Азаматтық іс жүргізу міндеттері
- •§2 Азаматтық іс жүргізу принциптері
- •§1 Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы
- •§2 Азаматтық істердің соттылығы
- •§3 Азаматтық істердің мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы
- •§4 Соттауға жатқызудың жалпы ережелері
- •4 Тарау. Соттың құрамы. Қарсылық білдіру және оны шешу тәртібі
- •§1 Соттың құрамы
- •§2 Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі
- •§3 Қарсылық білдіру және оларды шешу тәртібі
- •5Тарау. Іске қатысушы тұлғалар
- •§1 Іске қатысушы тұлғалардың құрамы
- •§2 Іс жүргізу құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
- •§3 Тараптар
- •§4 Үшінші тұлғалар
- •§5 Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысуы
- •6 Тарау. Сотта өкілдік ету
- •§1 Сотта өкілдік ету түсінігі
- •§1 Дәлелдеме түсінігі және түрлері
- •§2 Дәлелдеу
- •§3 Дәлелдемелерге қойылатын талаптар
- •§4 Дәлелдемелерді қамтамасыз ету
- •8 Тарау. Сот сараптамасы
- •§1 Сот сараптамасы және оны тағайындау тәртібі
- •§2 Сараптама жасау үшін үлгілер алу
- •§3 Сараптама түрлері
- •§4 Сарапшының құқықтары мен міндеттері
- •§5 Сараптама жүргізу
- •§6 Сараптама тағайындау нәтижелері
- •§7 Сарапшыдан жауап алу
- •9 Тарау. Сот шығындары
- •§1 Сот шығындарының ұғымы, түрлері және оларды төлеу тәртібі
- •§2 Мемлекеттік баж сомасын есептеу
- •§3 Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •§4 Мемлекеттік бажды қайтару
- •§5 Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
- •§6 Сот шығындарын төлеудің қайнар көздері
- •§7 Сот шығындарын бөлу
- •§8 Сот шығындарын бөлу кезіндегі жауапкердің құқықтарын қорғаудың іс жүргізушілік кепілдіктері
- •§9 Өкіл көмегіне ақы төлеуден босату
- •§10 Мемлекетке сот шығындарын өтеу
- •10 Тарау. Мәжбүрлеу шаралары
- •§1 Мәжбүрлеу шараларының түсінігі және түрлері
- •§2 Мәжбүрлеу шараларын қолдану шарттары. Мәжбүрлеу шараларын орындау тәртібі
- •11 Тарау. Іс жүргізу мерзімдері
- •§1 Іс жүргізу мерзімінің түсінігі, маңызды және оны есептеу
- •§2 Іс жүргізу мерзімдерін тоқтатат тұру
- •12 Тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары
- •§1 Іске қатысушыларға хабарлама беру тәртібі
- •§ 2 Шақыру қағазын тапсырмау салдары
- •13 Тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу
- •§1 Бұйрық арқылы іс жүргізудің айрықша белгілері
- •§2 Сот бұйрығының мазмұны және оны шығару салдары
- •14 Тарау. Талап қою
- •§1 Талап қоюдың түсінігі мен сипаттамасы
- •§2 Талап қою түрлері
- •§ 3 Талап қою
- •§4 Талап қоюды қамтамасыз ету
- •15 Тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу
- •§1 Дайындық әрекеттерін белгілеу
- •§2 Істі сотта қарауға әзірлеу әрекеттерінің түрлері және олардың орындалуы
- •16 Тарау. Бірінші сатыдағы сотта істі талқылау
- •§1 Сот талқылауының түсінігі мен мерзімдері
- •§2 Азаматтық істі қарау тәртібі
- •§3 Істі қарауды кейінге қалдыру
16 Тарау. Бірінші сатыдағы сотта істі талқылау
§1 Сот талқылауының түсінігі мен мерзімдері
Әрбір сот сатысында істі талқылау өз ерекшеліктерімен сипатталады. Азаматтық істі бірінші саты сотында талқылау – бұрын сотта қаралмаған талаптардың шешілетін алғашқы сатысы болып табылады.
Осылайша, бірінші саты сотындағы сот талқылауы дегеніміз – мүдделі адамдардың сотқа алған берілген талап арыздарын, шағымдарын қарастыру және ол арыздар мен шағымдарды заң ережелеріне сәйкес шешу. Бұл азаматтық іс жүргізудің шешуші кезеңі, дәл осы кезеңде қойылған талаптың мән-жайы бойынша тараптардың ұстанымдары анықталады, алғаш рет іс материалдарындағы дәлелдемелік мәліметтер зерттеледі; куәлардан сұрақ алынып, жазбаша дәлелдемелер, сараптамалық қорытындылар, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары жария етіледі. Сот мәжілісінде алғаш рет заттай дәлелдемелер қаралып, дыбыстық жазба тыңдалып, бейнежазбалар, кино- және фото-материалдар көрсетіледі.
Сот дауларының түрлі санаттары үшін жалпы құқықты жүзеге асыру бағытындағы нормалардың белгілі тізімі көзделген, олардың көмегімен бұл даулар сотта өз шешімін табады.
ҚР АІЖК 17-ші тарауында сот талқылауын жүргізу шарттары мен тәртібі, ұйғарымдар мен шешімдер шығару ережелері, сондай-ақ өзге іс жүргізу әрекеттерінің (жасалуының мерзімдік шектері) кезектілігі анықталады. Кодекстің бұл тарауын 174-ші бап ашады, ол қаралуға әзір азаматтық істердің қарау мерзімдерін реттейді.
Бірінші сатыдағы сотта істі қараудың жалпы мерзімі екі айды құрайды. Осы бапта іс жүргізушілік заңымен қысқа мерзімде қаралатын істер тізімі берілген.
Жұмысқа қайта алу (қайта орналастыру), алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер бір айға дейінгі мерзімде қаралып, шешілуі қажет105.
Азаматтық істердің жекелеген санаттары үшін заңдарда өзге мерзімдер белгіленуі мүмкін.
105 174-ші баптың 1 бөлігінің екінші сөйлемінің нормативтік редакциясы: «Жұмысын қалпына келтіру туралы, алимент өндіріп алу туралы және мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік қызметшілердің шешімдерін, әрекеттерін (әрекетсіздігін) даулау туралы істер бір айға дейінгі мерзімде қаралып, шешіледі». Назар аударыңыз: «Жұмысын қалпына келтіру» деген тіркес орыс тіліне «восстановление работы» немесе «приведение работы в первоначальное положение» деп аударылу керек, ал орыс тіліндегі Кодексте аталған тіркес басқа мағынада берілген.
§2 Азаматтық істі қарау тәртібі
Азаматтық істі қарау іске қатысушы адамдарды міндетті түрде хабардар ете отырып, сот отырысында жүргізіледі. Сот отырысында төрағалық етушінің міндеттері ҚР АІЖК 176-шы бабымен көзделген. Төрағалық етушінің міндетін судья атқарады. Төрағалық етуші істің барлық мән-жайының толық, жан-жақты және объективті анықталуын, іс жүргізу әрекеттерінде дәйектіліктін және тәртіптің сақталуын, процеске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруын және олардың өз міндеттерін орындауын, процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз ете отырып, отырыстың барысына басшылық жасайды, қаралатын іске қатысы жоқ мәселелердің барлығын сот қарауынан шығарып тастайды.
Процеске қатысушылардың қайсыбірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық білдірген жағдайда бұл қарсылық білдірулер сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді.
Төрағалық етуші сот отырысында тиісті тәртіптің қамтамасыз етілуіне қажетті шаралар қолданады. Оның өкімі процеске қатысушылардың барлығы үшін, сондай-ақ сот отырысы залында отырған азаматтар үшін міндетті.
Судьяның төрағалық етуімен (ҚР АІЖК 177-ші бабының талаптарына сәйкес) іс бойынша барлық дәлелдемелер зерттеледі, прокурордың, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқа органдарының қорытындылары тыңдалады.
Істі қарау процесіндегі төрағалық етушінің ерекше рөлі істі басынан аяғына дейін жүргізумен анықталады, яғни сот мәжілісінің басталған сәтінен бастап, іс бойынша шешім шығарылғанға дейін процесті бір судья жүргізеді. Істі талқылау барысында төрағалық етушіні ауыстыруға жол берілмейді, ал объективті себептерге байланысты істі қарау процесінде судья ауысқан жағдайда істі қарау басынан бастап жүргізілуге тиіс.
Төрағалық етушіге сот залындағы барлық сот приставтары бағынады. Судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылардың орнынан тұруы ҚР АІЖК 178-ші бабымен көзделген міндет және ұзақ жылғы дәстүрлер бойынша қалыптасқан соттық этикет элементі болып табылады. Сот шешімін және істі шешім шығарусыз аяқтайтын сот ұйғарымын отырыс залындағы жұрттың барлығы түрегеп тұрып тыңдайды. Процеске қатысушылар судьяға түрегеп тұрып жүгінеді және өздерінің айғақтары мен түсініктемелерін айтады. Осы ережені орындамауға төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол берілуі мүмкін, яғни тұлғаның денсаулығы болмаған жағдайда немесе оның өзге дене кемістігіне байланысты ғана бұл ережені орындамауға болады. Процеске қатысушылар, сондай-ақ сот отырысы залындағы барлық азаматтар белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.
ҚР АІЖК 179-шы бабына сәйкес төрағалық етуші сот отырысында тәртіп бұзушыларға қатысты келесі шараларды қолдана алады:
істі қарау кезінде тәртіп бұзған адамға төрағалық етуші соттың атынан ескерту жасайды;
тәртіпті қайталап бұзған кезде іске қатысушы адам сот ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың барлық уақытына немесе оның бір бөлігіне сот отырысы залынан шығарылып, жіберілуі мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші отырыс залына қайта жіберілген адамды ол жоқ кезде жасалған іс жүргізу әрекеттерімен таныстырады;
іске қатыспайтын (істі қарау кезінде залда отырған азаматтар) тәртіпті қайталап бұзғаны үшін төрағалық етушінің өкімімен отырыс залынан шығарылып жіберіледі.
ҚР АІЖК 179-шы бабының алынып тасталған 4 бөлігі:
Сот отырысында тәртіп бұзуға кінәлі сотқа қатысушы адамдарға сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен тікелей сотта іс қарау барысында әкімшілік жаза белгілеуге құқылы. Судьяның бұл іс жүргізу әрекеті әкімшілік заңнама талаптарына сәйкес келуі тиіс.106
ҚР АІЖК 179 бабының алынып тасталған 5 бөлігі:
Егер сот отырысында тәртіп бқзушының іс – әрекеттерінде қылмыс белгілері болса, сот тәртіп бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу үшін материалдарды, бұл туралы прокурорға хабарлай отырып, тиістіанықтау немесе алдын ала тергеу органына жіберіледі.107
істі қарау барысында оған қатысушы азаматтардың жаппай тәртіп бұзуы төтенше жағдай болып табылады. Бұл жағдай тараптармен немесе іске қатысушы өзге де тұлғалармен ұйымдастырылуы мүмкін; бқл сонымен қатар сот приставының біліксіз әрекеттерінің салдарынан туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда сот іске қатыспайтын азаматтардың барлығын сот отырысы залынан шығарып, істі жабық отырыста қарауы, немесе істі қарауды кейінге қалдыруы мүмкін.
Істі қарау үшін белгіленген уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашып, қандай азаматтық іс қаралуға тиіс екенін жария етеді. Содан кейін сот отырысының хатшысы осы азаматтық іс бойынша
шақырылған адамдардан кімнің келгенін;
келмеген адамдарға хабар берілген-берілмегенін;
олардың келмеу себептері туралы қандай мәліметтердің бар екенін сотқа баяндайды.
Төрағалық етуші келгендердің кім екенін анықтап, сондай-ақ лауазымды адамдар мен өкілдердің108 өкілеттіктерін тексереді.
Іс жүргізу тілін меңгермеген адамдар қатысатын істерді талқылауда аудармашы маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты ҚР АІЖК 182-ші бабының талаптарына сәйкес, судья аудармашыға оның міндеттерін түсіндіреді.
Төрағалық етуші аудармашыға – оның іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін адамдардың түсіндірмелерін, айғақтарын, мәлімдемелерін, ал бұл адамдарға іске қатысушы адамдар мен куәлардың түсіндірмелерінің, айғақтарының, мәлімдемелерінің, жария етілетін және істе бар құжаттардың, дыбыс жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар консультацияларының, сондай-ақ судья өкімдерінің, сот қаулылары мен шешімдерінің мазмұнын аудару міндетін түсіндіреді.
Төрағалық етуші аудармашыға көрінеу дұрыс емес аударма жасағаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көзделген жауапкершілік жөнінде ескертеді. Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының хаттамасына қоса тіркеледі.
ҚР АІЖК 183-ші бабына сәйкес, сотқа қатысуға келген куәлар сот отырысы залынан шығарылады. Төрағалық етуші жауап алынған куәлардың жауап алынбаған куәлармен сөйлеспеуіне қатысты шаралар қолданады. Шынайы жағдайда іс жүргізу заңының осы шартын орындау қиын болғандықтан, соған байланысты судья сұралған куәлардың сотмәжілісі аяқталғанға дейін сот залында қалуы туралы өкім шығара алады.
ҚР АІЖК 184-ші бабына сәйкес, тараптар істің қай судья қарайтынын білуге құқылы. Төрағалық етуші өзін (сот құрамын) жария етіп, прокурор, сарапшы, маман, сот отырысының хатшысы ретінде кімдердің қатысатынын хабарлайды және іске қатысушы адамдарға олардың қарсылық білдіру құқығын түсіндіреді.
ҚР АІЖК 184-ші бабына сәйкес, төрағалық етуші іске қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін, соның ішінде тараптарға дауды шешу үшін аралық сотқа жүгіну құқығын және осындай әрекеттің салдарын түсіндіреді. Судьяның бұл әрекеті екі рет орындалады (істі қарауға әзірлеу кезінде) және екінші рет – тікелей сот талқылауы барысында. Сот талқылауының басында іске қатысушы адамдар өз өтінімдерін жасай алады. Дәл осындай құқықтарға іске қатысушы тұлғалардың өкілдері де ие, егер мәлімделетін өтінімдер іспен байланысты болса.
Іске қатысушы адамдардың және өкілдердің өтінімдері імке қатысушы басқа адамдардың пікірлері тыңдалған соң сот ұйғарымымен шешіледі.
106ҚР 10.12.2009 ж. №227-IV Заңымен алынып тасталды.
107ҚР 10.12.2009 ж. №227-IV Заңымен алынып тасталды.
108Тапсырма бойынша өкілдік ететін тұлғалар сотқа өз сенімхаттарын, кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері – балалардың тууы туралы куәліктерін, қорғаушылар мен қорғанушылар қорғаушылық және қорғанушылықты растайтын құжаттарын және т.б. ұсынады. Іс жүргізу заңнамасы өкілдердің өкілеттіктерін растайтын өзге де құжаттардың ұсынылуына жол береді.