Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.КІТАП 5-108 бетке дейн.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.88 Кб
Скачать

§10 Мемлекетке сот шығындарын өтеу

Нарықтық механизмдер қолданылуы жағдайында қолданыстағы заңнамада процеске қатысушы мемлекеттің оған жүктелетің қаржылық міндеттемелерді өтеу тәртібі мен шарттары белгіленуі тиіс. Материалдық – құқықтық қатынастар пайда болуы аясында мемлекет осы қатынастардың бір субъектісінің рөлін атқарады, мысалы, азаматтық – құқықтық сипаттағы мәмілелер бойынша мемлекет осы мәмілелердің бір тарапы болып қатысуы мүмкін. Азаматтық – құқықтық даулар бойынша істерді талқылау барысында да мемлекет осы аядағы құқықтық қатынастарының субъектісі болып табылады.

Кейбір азаматтық істер шешілуі үшін нақты шығындар өтелуі тиіс, бірақ белгілі себептер бойынша іске қатысушылардың еш бірі оны төлеу алмауы мүмкін. Сот шығындарын мемлекет төлейтін жағдайларға қатысты ҚР АІЖК 116-ші бабында сот шығындарын өтеу шарттары берілген63.

Шығын түрлері

Іс жүргізу (процессуалдық) негіздемелері

Өтеу (өндіру)

1

Іс жүргізуге қатысты шығындар және мемлекеттік баж сомасы (талап қанағаттандырылған жағдайда)

Егер талап қоюшы сот шығындарын төлеуден босатылған болса

Жакапкерден мемлекет кірісіне толықтай немесе талаптың қанағаттандырылған бөлігіне бара-бар өндіріледі

2

Іс жүргізуге байланысты шығындар (қойылған талап қанағаттандырылмаған жағдайда)

Егер талап қоюшы шығындарды төлеуден босатылмаса

Талап қоюшыдан мемлекет кірісіне өндіріледі

3

Іс жүргізуге байланысты шығындар (талап жартылай (ішінара) қанағаттандырылған жағдайда)

Егер жауапкер сот шығындарын өтеуден босатылған болса

Талап қоюшыдан мемлекет кірісіне талаптардың қанағаттандырусыз қалдырылған бөлігіне бара-бар өндіріледі

4

Іс жүргізуге байланысты шығындар (істің қалай шешілгеніне қарамастан)

Егер екі тарап та сот шығындарын төлеуден босатылған болса

Шығындар республикалық бюджет есебіне жатқызылады

5

Іздеу салуға байланысты шығындар

Егер тұлға өзіне қатысты төлемдерді төлеуден жалтарса

Іздеу салынған тұлғадан мемлекет кірісіне өндіріліп алынады

Сот шығындарына байланысты мәселелер бойынша сот ұйғарым шығарылады. ҚР АІЖК 117-ші бабына сәйкес ол ұйғарымдарға жеке шағым берілуі және келтірілуі мүмкін.

63Мемлекетке сот шығындарын өтеу шарттары мен жағдайларын нақты көрсету үшін олар сызба түрінде берілген.

10 Тарау. Мәжбүрлеу шаралары

§1 Мәжбүрлеу шараларының түсінігі және түрлері

Азаматтық істер бойынша сот төрелігінің жүзеге асырылуы іске қатысушы тұлғалар тарапынан сот процесіне өтуіне байланысты белгілі ережелердің сақтауын және заңнамамен көзделген процедураларының орындалуының қажеттігін білдіреді.

Қазақстан Республикасы соттарының өзіндік қалыптасу және даму тарихы бар, отандық соттардың ондаған жылдар бойы қызмет етуі барысында сот ісін жүргізудің белгілі дәстүрлері, жазбаша және жазбаша емес ережелері қалыптасып келді. Іске қатысушы кәсіби заңгерлік іс жүргізу саласының барлық қыр – сырларымен таныс, сондықтан олар қатысқан сот процесінде шиеленісті жағдайлар көбінесе бола бермейді. Адвокаттар, заң кеңесшілері, сапаршылар, прокурорлар, мамандар іс жүргізу заңнамасымен айқындалған, реттелген шекте және тәртіпте әрекет етеді.

Саналы түрде заңға бағыну құқықтық мәдениеттің негізгі және маңызды элементі болып табылады. Тек кәсіби заңгерлер ғана емес, пайда болған мән-жайлар салдарынан іске қатысуға тартылған басқа да тұлғалар құқықтық тұрғыдағы мәдениетке ұмтылулары тиіс. Дегенмен, істі талқылау барысында түрлі себептермен қақтығыстар орын алуы мүмкін, ондай жағдайда судья қатысушыларды сабырлы болуға шақырып, өзі төрағалық ету жұмысын тек іс жүргізу заңынан аясында ғана әрекет ету арқылы атқарады.

Кез келген деңгейдегі және өкілеттіктегі сот, сот төрелігін мемлекет атынан жүзеге асырып, тиісті билік ету өкілеттіктері бар орган болып табылады. Сот мәжілісінде тәртіп бұзған, төрағалық етушінің ескертпелеріне бағынбаған және басқа заңға қайшы келетін әрекет жасаған тұлғаға қарсы ҚР АІЖК 118-ші бабына сәйкес мәжбүрлеу шаралары қолданылады. Құқық бұзушылықтардың жасалуына кінәлі адамдар қолданыстағы заңнамада сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.

Аталған тұлғалар және басқа да прцеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларын қолдануының мақсаты сот төрелігі міндеттерін іске асыру болып табылады. Сот мәжбүрлеу шаралары ретінде еріксіз келтіруді және сот залынан шығарып жіберуді қолданады. Бұл шаралардың нормативтік анықтамасы, оларды қолдану шарттары мен тәртібі ҚР АІЖК 120, 121-ші баптарында анықталған.