Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.КІТАП 5-108 бетке дейн.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.88 Кб
Скачать

§8 Сот шығындарын бөлу кезіндегі жауапкердің құқықтарын қорғаудың іс жүргізушілік кепілдіктері

Іс жүргізу заңы азаматтық даудың қаралу барысында бір-біріне қарама-қарсы тұрған екі тараптың да заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын тең дәрежеде қорғауға бағытталған.

Жауапкерге қарсы қойылған талап кейбір кезде заңды және негізгі болмауы мүмкін. Оған қарамастан, егер судьяда талаптың көрінеу теріс пиғылмен немесе оның негізсіз екендігі туралы кәсіби күмәнді ой туындаса да, ол істі қарау нәтижесі бойынша ғана казусты заңи тұрғыдан бағалап, өз тұжырымына сай шешім шығарылады.

Талап қоюшының көптеген іс жүргізушілік (процессуалдық) тәсілдерді қолдануға жеткілікті мүмкіндіктері бар, солардың көмегімен ол даудың толық шешілу уақытын созып жіберуы мүмкін; ақыр аяғында ол жауапкерді үлкен қаржылық шығындар мен уақыт ысырабына алып келеді. Мұндай жағдайлар әсіресе кәсіпкерлік саласындағы жауапкерлерге ерекше зиянды болуы мүмкін, уақыттың бос кетуі оларды шынайы күйретіп, тіпті бизнесі тоқтатылып қалуы мүмкін.

Талапкерлер тарапынан жасалатын көрінеу теріс пиғылды әрекеттерге жол бермеу үшін іс жүргізу заңымен заңға бағынып әрекет етуші (адал ниетті) жауапкердің құқықтарын қорғау мүмкіндіктері қарастырылған. Жауапкерді қорғауға бағытталған ережелер ҚР АІЖК 112-ші бабында көзделген, оған сәйкес, уақыт ысырабынан келтірілген залал талап қоюшыдан өндіріп алынуы мүмкін.

Көрінеу теріс пиғылмен негізсіз талап қойған немесе қойылған талапқа қарсы негізделмеген дау білдірген, не істі дұрыс және тез қарап, шешуге үнемі қарсы әрекет жасаған тараптан сот екінші тараптың пайдасына іс жүзінде уақыт ысырабынан келтірілген өтемақыны өндіріп алуы мүмкін. Өтемақы мөлшерін сот нақты мән-жайларды ескере келіп, осы жердегі тиісті еңбекке ақы төлеудің қолданылып жүрген нормасын негізге ала отырып, белгілейді.

Негізсіз талап тек талап қоюшымен ғана қойылмауы мүмкін; оның мүддесі үшін ондай талапты бөгде тұлғалар да беруі мүмкін. Талаптың кіммен берілгеніне қарамастан, істің ұзақ уақыт және шешім салдары жауапкерді белгілі қаржылық шығындарға алып келуі мүмкін. Оңдай шығындар қатарына өкілдің қызметіне ақы төлеу, түрлі сараптамалар шығынын төлеу, үлкен көлемдегі құжаттарды бір тілден екінші тілге аудару (мысалы, қытай тілінен қазақшаға және керісінше) және т.б. жатқызуға болады.

ҚР АІЖК 115-ші бабына сәйкес, сотқа басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы арыздарымен жүгінген тұлғалардың62 талаптары толық немесе ішінара қанағаттандырусыз қалдырылса, жауапкерге республикалық бюджеттің қаражатынан оңын жұмсаған шығындары өтеледі. Шығарылған шешімнің мазмұнына қарай жауапкерге оңын шағындарды толық немесе талаптың қанағаттандырусыз қалдырылған бөлігіне бара-бар өтеледі.

Көрінеу теріс пиғыл жауапкер тарапынан да көрініс табуы мүмкін, бірақ қолданыстағы нормативтік ережелерге сәйкес талап қоюшыға қарағанда сот процесінде ол көбінесе тиімсіз жағдайда болады. Мысалы,

  • жауапкер талапқа қарсылық білдіруі мүмкін, бірақ сотта ондай қарсылықтар мәлімделмесе де (іс материалдарында болмаса да) сот істі қарай алады;

  • жауапкер істі талқылауға қатысуға құқылы, бірақ ол іске қатыспаса да сот азаматтық дауды шеше алады;

  • жауапкер өз ұстанымен негіздеу үшін дәлелдеме ұсынуға құқылы, бірақ ондай дәлелдемелердің берілмеуін сот талап қоюшы пайдасына шешуі мүмкін.

ҚР АІЖК 113-ші бабы талап қоюдан бас тарту және тарптар бітімгершілік келісімге келген кезінде сот шығындарын бөлу мәселесін реттейді. Талап қоюшы талаптан бас тартқан кезде оның шығарған шығындарын жауапкер өтемейді. Жауапкер оған қойылған талаптарды олар сотта мәлімделгеннен кейін ерікті түрде орындау мүмкін. Егер мұндай жағдайда талапкер өз талаптарынан сотта бас тартса, сот оның өтініші бойынша жауапкерден талапкер шеккен барлық сот шығындарын және өкілдің көмегіне төленген ақыны өндіре алады.

62Бұл жерде ҚР АІЖК 55, 56-ші баптарында көрсетілген тұлғалар туралы айтылады.