Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1.КІТАП 5-108 бетке дейн.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
270.88 Кб
Скачать

§2 Мемлекеттік баж сомасын есептеу

Мемлекеттік баж сомасын есептеудің бірнеше түрі (тәсілдері) бар.

Қаржы өндіру туралы азаматтық істерде мемлекеттік баж мөлшері жауапкерден өндіріліп алынатын сомаға қатысты анықталды. Мысалы, 100.000 теңге өндіру туралы талап арызы сотқа жолданған жағдайда мемлекеттік баж осы соманың тиісті пайызы көлемінде бюджетке төленеді. Мүліктік талап қойылған кезде де мемлекеттік баж көлемі осылай белгіленеді, яғни баждың мөлшері мүлік орналасқан жердегі сол уақытта қалыптасқан нарық бағасына сәйкес аңықталып, даулы мүліктің құнына қатысты болады.

Алимент өндіру және үнемі төленетін төлемдерге қатысты істер бойынша мемлекеттік баж төлеу жөнінде заңнамада өзге ережелері белгіленген. Алимент өндіру туралы азаматтық істер бойынша мемлекеттік баж мөлшері бір жыл ішіндегі төлемдер жиынтығымен анықталады.55

Мерзімді төлемдер мен оларды беру туралы талап қоюларда мемлекеттік баж мөлшері барлық төлемдер мен берулердің үш жылдан аспайтын жиынтығымен анықталады. Яғни, мұнда алименттер бойынша мемлекеттік баж өндірумен салыстырғанда бір жылдық төлем жиынтығы есепке алынбайды. Барлық төлемдердің жиынтығы 10 айлық, 20 айлық, 30 айлық болуы мүмкін, бірақ 36 айдан аспауы тиіс. Мерзімсіз және өмір бойы төлемдер мен берулер туралы қойылатын талаптарға да осы ереже таралады.

Төлемдерді немесе берулерді азайту немесе көбейту туралы талап қоюларда мемлекеттік баж мөлшері мөлшері өтінуші азайтуға немесе көбейтуге үміт артатын жалпы сомамен, бірақ бір жылдан аспайтын сомамен анықталады. Мысалы, талап қоюшы екі орындау қағазы бойынша өз жалақысының ½ бөлігі көлемінде 2 баланы асырау үшін екі өндіріп алушының пайдасына алимент төлейді. Ол өз арызында екі баланы асырау үшін жалақысының 1/3 бөлігінде алимент мөлшерін белгілеуді өтінеді. Өзінің айлық жалақысына сай ол жалақысының ½ және 1/3 бөлігінің айырмасын санап, сол соманы 12 айға көбейтуі тиіс. Алынған сомадан талап қоюшы бюджетке тиісті пайыз төлейді.

Төлемдер мен берулерді тоқтату туралы талап қоюларды талап қоюшы қалған (бір жылдан аспайтын) төлемдер мен берулердің жиынтығын есептеп, осы сомадан мемлекеттік баж мөлшерін шығаруы тиіс. Дәл осындай ереже мүліктік жалдау (жалға алу) шартын мерзімінен бұрын бұзу туралы талап қоюларға да таралады. Мұнда шарттың (келісім шарттың) қолданылуының қалған мерзімінде мүлікті пайдаланғаны үшін төленетін төлемдердің үш жылдан аспайтын жиынтығынан мемлекеттік баж есептеледі.

Азаматтар мен заңды тұлғаларға тиесілі құрылыстарға меншік құқығы туралы талап қоюларда – талап қою жасалған күнгі құрылыс тұрған жердегі нарық бағасы бойынша белгіленген құрылыс құнымен айқындалады, бірақ ол түгендеу бағасынан кем болмауға, немесе ол болмаған кезде – сақтандыру шарты бойынша бағалаудан төмен болмауға, ал ұйымдарға тиесілі құрылыстар үшін құрылыстың баланстық бағасынан төмен болмауға тиіс бағамен мемлекеттік баж есептеледі.

Бірнеше дербес талаптардан тұратын талап қоюларда – мемлекеттік баж барлық талаптардың ортақ (қосынды) сомасымен айқындалады.

55Мемлекеттік баж мөлшері алимент төлеушінің айлық жалақысынан (табысынан) есептеледі. Мысалы, 60000 теңге (жалақы), оның ¼ бөлігі (бір балаға) 15000 теңге, 15000х12ай =180000 теңге. Жеке тұлғадан алынатын мемлекеттік баж мөлшері 180000 теңгенің 1%, яғни 1800 теңге. Мемлекеттік баж талап арызды беру кезінде төленбейді, ол сот шешімімен (бұйрығымен) алимент төлеушіден өндіріліп алынады. Мұндай жағдайларға мемлекеттік бажға жеке атқару парағы жазылады.