
- •1 Тарау. Жалпы ережелер
- •§1 Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні мен әдісі
- •§2 Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі
- •§3 Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
- •2 Тарау. Азаматтық іс жүргізу міндеттері және азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері
- •§1 Азаматтық іс жүргізу міндеттері
- •§2 Азаматтық іс жүргізу принциптері
- •§1 Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы
- •§2 Азаматтық істердің соттылығы
- •§3 Азаматтық істердің мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы
- •§4 Соттауға жатқызудың жалпы ережелері
- •4 Тарау. Соттың құрамы. Қарсылық білдіру және оны шешу тәртібі
- •§1 Соттың құрамы
- •§2 Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі
- •§3 Қарсылық білдіру және оларды шешу тәртібі
- •5Тарау. Іске қатысушы тұлғалар
- •§1 Іске қатысушы тұлғалардың құрамы
- •§2 Іс жүргізу құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
- •§3 Тараптар
- •§4 Үшінші тұлғалар
- •§5 Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысуы
- •6 Тарау. Сотта өкілдік ету
- •§1 Сотта өкілдік ету түсінігі
- •§1 Дәлелдеме түсінігі және түрлері
- •§2 Дәлелдеу
- •§3 Дәлелдемелерге қойылатын талаптар
- •§4 Дәлелдемелерді қамтамасыз ету
- •8 Тарау. Сот сараптамасы
- •§1 Сот сараптамасы және оны тағайындау тәртібі
- •§2 Сараптама жасау үшін үлгілер алу
- •§3 Сараптама түрлері
- •§4 Сарапшының құқықтары мен міндеттері
- •§5 Сараптама жүргізу
- •§6 Сараптама тағайындау нәтижелері
- •§7 Сарапшыдан жауап алу
- •9 Тарау. Сот шығындары
- •§1 Сот шығындарының ұғымы, түрлері және оларды төлеу тәртібі
- •§2 Мемлекеттік баж сомасын есептеу
- •§3 Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •§4 Мемлекеттік бажды қайтару
- •§5 Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
- •§6 Сот шығындарын төлеудің қайнар көздері
- •§7 Сот шығындарын бөлу
- •§8 Сот шығындарын бөлу кезіндегі жауапкердің құқықтарын қорғаудың іс жүргізушілік кепілдіктері
- •§9 Өкіл көмегіне ақы төлеуден босату
- •§10 Мемлекетке сот шығындарын өтеу
- •10 Тарау. Мәжбүрлеу шаралары
- •§1 Мәжбүрлеу шараларының түсінігі және түрлері
- •§2 Мәжбүрлеу шараларын қолдану шарттары. Мәжбүрлеу шараларын орындау тәртібі
- •11 Тарау. Іс жүргізу мерзімдері
- •§1 Іс жүргізу мерзімінің түсінігі, маңызды және оны есептеу
- •§2 Іс жүргізу мерзімдерін тоқтатат тұру
- •12 Тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары
- •§1 Іске қатысушыларға хабарлама беру тәртібі
- •§ 2 Шақыру қағазын тапсырмау салдары
- •13 Тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу
- •§1 Бұйрық арқылы іс жүргізудің айрықша белгілері
- •§2 Сот бұйрығының мазмұны және оны шығару салдары
- •14 Тарау. Талап қою
- •§1 Талап қоюдың түсінігі мен сипаттамасы
- •§2 Талап қою түрлері
- •§ 3 Талап қою
- •§4 Талап қоюды қамтамасыз ету
- •15 Тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу
- •§1 Дайындық әрекеттерін белгілеу
- •§2 Істі сотта қарауға әзірлеу әрекеттерінің түрлері және олардың орындалуы
- •16 Тарау. Бірінші сатыдағы сотта істі талқылау
- •§1 Сот талқылауының түсінігі мен мерзімдері
- •§2 Азаматтық істі қарау тәртібі
- •§3 Істі қарауды кейінге қалдыру
§6 Сараптама тағайындау нәтижелері
Сотпен сараптама тағайындалғандығы барлық кезде күтілгендей нәтиже бере бермейді және сот өз ұйғарымында көрсеткен барлық сұрақтарға толық жауап алмай қалуы мүмкін.
Сараптама тағайындалған соң сотқа сарапшының қорытындысы, немесе қорытынды беру мүмкін еместігі туралы хабарлама келуі тиіс.
Сарапшы қорытындысы (сарапшы актісі) сот ұйғарымының негізінде жүргізілген сараптаманың нәтижесі болып табылады. Бұл сарапшының актісі жазбаша түрде, ҚР АІЖК-нің талаптарына сәйкес жасалған күйінде сараптаманы тағайындаған сотқа жіберіледі.
Қорытынды сарапшының алдына судья (тараптар) қойған мәселелер бойынша дайындалады. Әр сұрақ бойынша жасалған түйіндер жиынтығы іс материалдарымен, заттай дәлелдемелер мен үлгілермен негізделеді.
Қажетті зерттеулер жүргізілгеннен кейін сарапшы (сарапшылар) өз атынан қорытынды жасап, оны өз қолын қоюы және жеке мөрін басу арқылы растайды. Тағайындалған сараптаманы сот сараптамасы органы жүргізген жағдайда сарапшының (сарапшылардың) қолы аталған органның мөрімен куәландырылады.
Сарапшының қорытындысында мына мән-жайлар көрсетілуге тиіс:
сараптаманың жасалған күні;
сараптаманың жасалу орны мен мерзімі;
қандай негіздерге сүйеніп сараптама жүргізілгені;
сараптаманы тағайындаған сот туралы мәлімет;
сараптама жасау тапсырылған органның және (немесе) сарапшының (сарапшылардың) (тегі, аты, әкесінің аты, білімі, мамандығы, мамандығы бойынша жұмыс стажы, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағы, атқаратын қызметі);
көрінеу жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауаптылығы жөнінде ескертілгені туралы сарапшының қолы;
сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған сұрақтар;
сараптама жүргізу кезінде кімнің қатысқаны және қандай түсініктемелер берілгені; сарапшы істің қандай материалдарын пайдаланғаны;
қандай объектілердің зерттелгені;
қандай зерттеулер жүргізілгені, қандай әдістер қолданылғаны және олардың қандай дәрежеде сенімді екені;
қойылған сұрақтарға негізді жауаптар;
жүргізілген сараптамалық зерттеу нәтижелерін бағалау және сарапшының (сарапшылардың) алдына қойылған міндеттер бойынша тұжырымдар.
Сарапшының қорытындысын бейнелейтін материалдар (фототаблицалар, схемалар, графиктер, таблицалар және өзге де материалдар) сараптамалық орган басшысының қолымен куәландырылып, қорытындыға қосымша ретінде тіркеліп, оның құрамдас бөлігі болып табылады.
Егер сараптама жүргізу кезінде сарапшы іс үшін маңызы бар, олар туралы сұрақ қойылмаған мән-жайларды анықтаса, ол бұларды өз қорытындысында көрсетуге құқылы.
Азаматтық істі шешу барысында сарапшы қорытындысын басқа дәлелдемемен ауыстыру қиын болса да, ол істі қараушы сот үшін қабылдануы даусыз (міндетті) құжат болып табылмайды. Сарапшының қорытындысымен соттың (судьяның) келіспеуінің негіздері шығарылатын шешімде, немесе қайталама сараптама тағайындау туралы ұйғарымда дәлелді түрде келтірілуі тиіс.
Сарапшы сот ұйғарымында атап көрсетілген барлық сұрақтарға немесе олардың кейбіріне жауап бере алмауы мүмкін. Бұл 1) сараптама тағайындалған орынға адамдардың келмей қалуы, 2) қалпына келтірілуі мүмкін емес үлгілердің жоғалуы салдарынан және т.б. себептермен орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайда егер сараптама жасауға кедергі келтірген мән-жайлар зерттеу барысында анықталса, онда сарапшының қорытындысында қойылған сұрақтарға жауап берілуі мүмкін еместігін растайтын негіздеме келтірілуі тиіс.
Қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама. Егер сарапшының зерттеу жүргізгенге дейін оның алдына қойылған мәселелер өзінің арнайы білімдерінің шегінен тыс екеніне, не оған ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жарамсыз немесе жеткіліксіз екеніне және олардың толықтырылуы мүмкін емес екеніне, не ғылым мен сараптама практикасының деңгейі қойылған сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік бермейтініне көзі жетсе, ол қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді хабарлама жазып, оны сотқа жібереді.