
- •1 Тарау. Жалпы ережелер
- •§1 Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні мен әдісі
- •§2 Азаматтық іс жүргізу құқығының жүйесі
- •§3 Азаматтық іс жүргізу құқығының қайнар көздері
- •2 Тарау. Азаматтық іс жүргізу міндеттері және азаматтық іс жүргізу құқығының принциптері
- •§1 Азаматтық іс жүргізу міндеттері
- •§2 Азаматтық іс жүргізу принциптері
- •§1 Азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығы
- •§2 Азаматтық істердің соттылығы
- •§3 Азаматтық істердің мамандандырылған соттарда соттауға жатқызылуы
- •§4 Соттауға жатқызудың жалпы ережелері
- •4 Тарау. Соттың құрамы. Қарсылық білдіру және оны шешу тәртібі
- •§1 Соттың құрамы
- •§2 Алқалы құрамдағы соттың мәселелерді шешу тәртібі
- •§3 Қарсылық білдіру және оларды шешу тәртібі
- •5Тарау. Іске қатысушы тұлғалар
- •§1 Іске қатысушы тұлғалардың құрамы
- •§2 Іс жүргізу құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
- •§3 Тараптар
- •§4 Үшінші тұлғалар
- •§5 Прокурордың азаматтық іс жүргізуге қатысуы
- •6 Тарау. Сотта өкілдік ету
- •§1 Сотта өкілдік ету түсінігі
- •§1 Дәлелдеме түсінігі және түрлері
- •§2 Дәлелдеу
- •§3 Дәлелдемелерге қойылатын талаптар
- •§4 Дәлелдемелерді қамтамасыз ету
- •8 Тарау. Сот сараптамасы
- •§1 Сот сараптамасы және оны тағайындау тәртібі
- •§2 Сараптама жасау үшін үлгілер алу
- •§3 Сараптама түрлері
- •§4 Сарапшының құқықтары мен міндеттері
- •§5 Сараптама жүргізу
- •§6 Сараптама тағайындау нәтижелері
- •§7 Сарапшыдан жауап алу
- •9 Тарау. Сот шығындары
- •§1 Сот шығындарының ұғымы, түрлері және оларды төлеу тәртібі
- •§2 Мемлекеттік баж сомасын есептеу
- •§3 Мемлекеттік баж төлеуден босату
- •§4 Мемлекеттік бажды қайтару
- •§5 Іс бойынша іс жүргізуге байланысты шығындар
- •§6 Сот шығындарын төлеудің қайнар көздері
- •§7 Сот шығындарын бөлу
- •§8 Сот шығындарын бөлу кезіндегі жауапкердің құқықтарын қорғаудың іс жүргізушілік кепілдіктері
- •§9 Өкіл көмегіне ақы төлеуден босату
- •§10 Мемлекетке сот шығындарын өтеу
- •10 Тарау. Мәжбүрлеу шаралары
- •§1 Мәжбүрлеу шараларының түсінігі және түрлері
- •§2 Мәжбүрлеу шараларын қолдану шарттары. Мәжбүрлеу шараларын орындау тәртібі
- •11 Тарау. Іс жүргізу мерзімдері
- •§1 Іс жүргізу мерзімінің түсінігі, маңызды және оны есептеу
- •§2 Іс жүргізу мерзімдерін тоқтатат тұру
- •12 Тарау. Сот хабарлаулары мен шақырулары
- •§1 Іске қатысушыларға хабарлама беру тәртібі
- •§ 2 Шақыру қағазын тапсырмау салдары
- •13 Тарау. Бұйрық арқылы іс жүргізу
- •§1 Бұйрық арқылы іс жүргізудің айрықша белгілері
- •§2 Сот бұйрығының мазмұны және оны шығару салдары
- •14 Тарау. Талап қою
- •§1 Талап қоюдың түсінігі мен сипаттамасы
- •§2 Талап қою түрлері
- •§ 3 Талап қою
- •§4 Талап қоюды қамтамасыз ету
- •15 Тарау. Істі сотта қарауға әзірлеу
- •§1 Дайындық әрекеттерін белгілеу
- •§2 Істі сотта қарауға әзірлеу әрекеттерінің түрлері және олардың орындалуы
- •16 Тарау. Бірінші сатыдағы сотта істі талқылау
- •§1 Сот талқылауының түсінігі мен мерзімдері
- •§2 Азаматтық істі қарау тәртібі
- •§3 Істі қарауды кейінге қалдыру
§2 Сараптама жасау үшін үлгілер алу
Сот сараптамасының көптеген түрлері үшін сараптамалық зерттеу жүргізу үшін үлгі алу қажеттілігі туындайды. Ол процедуралар ҚР АІЖК 91-1 бабымен реттеледі. Бұл бапқа сәйкес, судья, егер үлгілерді зерттеудің іс үшін маңызы бар болса, оларды, оның ішінде тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің қасиеттерін бейнелейтін үлгілерді алуға құқылы.
Әкелікті анықтау, әкелік туралы актілік жазбаларды жарамсыз деп тану (әкелігіне дау келтіру) туралы азаматтық істерді, сондай-ақ өзге де істерді қарау барысында тірі адамның қасиеттерін зерттеу қажет болады.
Мәйіттердің қасиеттері туралы ақпарат азаматтық істер бойынша сирек қолданылады, алайда іс жүргізу заңы, қажет болған жағдайларда мәйіттің үлгілерін алуға, соның ішінде оны эксгумациялау тәсілін қолдануға мүмкіндік береді.
Заттың
өндірушісін,
тауарлық қасиеттерін,
химиялық құрамын,
адам үшін зияндылық деңгейін анықтауда заттардың қасиеттері алынған үлгілер бойынша анықталады. Сараптамалық зерттеу жүргізу үшін топырақтың, судың, ауаның, газдардың сынамалық үлгілері алынуы мүмкін.
Заттың қасиеті бойынша мәлімет, мысалы, картинаның немесе антикварлық заттың түпнұсқа екендігін дәлелдеу үшін қажет болады. Сынама үшін алынған үлгілердің көмегімен сарапшы картинаның, мүсіннің (статуэтканың), антикварлық қарудың, тиынның (монетаның), зергерлік бұйымның және өзге де заттардың «жасын» анықтап бере алады. Материалдық өнімнің, дайын өнімнің сапасына қатысты дауларды қарастыруда үлгілер (сынамалар) тауардың тиісті партиясынан, сортынан алынады.
Құжаттардың түпнұсқалығын анықтауға қатысты істерде қолтаңбалық сараптамалар жиі тағайындалады. Мұндай істерді қарастыруда жауапкерлер көбінесе қарыз туралы жазбалар мен өзге құжаттардағы қойылған қолдарға күмәндатып дау келтіреді. Сарапшыға іс материалдарында бар қолжазбалық мәтіндер мен олардың үзінділері салыстыру үшін ұсынылады. Қойылған қолы дау туғызып отырған тұлғаның қолтаңба үлгілері алынады, қажетті үлгілерді алу үшін сот дәлелді ұйғарым шығарады.
Ұйғарымда:
үлгілерді алатын адам;
үлгілер алынуы тиіс адам (ұйым – егер ұйымның мөрінің үлгісі қажет болса);
нақты қандай үлгілер және қандай санда алынуы тиіс екені;
адам үлгілерді алу үшін қашан, кімге келуі тиіс екені;
үлгілер алынғаннан кейін олардың қашан және кімге табыс етілуі тиіс екені көрсетілуі қажет.
Үлгілерді (мысалы, қолтаңба үлгілерін) судьяның жеке өзі де алуы мүмкін.
Қажет болса, егер (сараптамалардың басқа түрлері бойынша) процессуалдық әрекет үлгілер алынатын жынысы басқа адамды жалаңаштап шешіндірумен байланысты болмаса және ерекше кәсіби дағдыны талап етпесе, дәрігердің немесе басқа маманның қатысуымен алынуы мүмкін.
Заңнама бойынша үлгілерді алу құқығы судьяға, сарапшыға, дәрігерге немесе басқа маманға берілген. Үлгілерді алу сараптамалық зерттеудің бір бөлігі болып табылатын жағдайларда, бұл әрекеттерді сарапшы ғана жүргізуі мүмкін.
Үлгілерді алу процедурасы тиісті тараптарды шақырудан басталады (негізінен үлгілер талап қоюшы және жауапкер, сондай-ақ үшінші тұлғалардан) алынуы мүмкін. Судья адамды өзіне шақырып, оны, қолхат ала отырып, үлгілерді алу туралы ұйғарыммен таныстырады, оған және осы іс жүрізу әрекеттеріне қатысушы өзге де адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Судья жеке өзі немесе маманның қатысуымен қажетті әрекеттерді жүргізеді, үлгілерді алады, оларды орайды және орауышқа мөр басады. Үлгілерді алу нәтижелері іс жүргізу әрекеттерінің (сот отырысының) хаттамасында тіркеледі, үлгілерді алу үшін жасалған әрекеттер, бұл ретте қолданылған ғылыми-зерттеу және басқа да әдістер мен рәсімдер, сондай-ақ үлгілердің өздері жазылады.
Жүргізілетін сараптаманың ерекшелігі, процедуралық әрекеттердің күрделілігі зерттеу (зерттеуге дайындық) жұмыстарын тек білікті адамның жасауын қажет етеді. ҚР АІЖК үлгілерді алу жұмыстарын дәрігердің немесе басқа маманның, сондай-ақ сарапшының жүргізуі тәртібін реттейді. ҚР АІЖК 92-2 бабының 1 бөлігіне сәйкес, судья үлгі алынатын адамды, сондай-ақ тиісті тапсырмасы жазылған ұйғарымды дәрігерге немесе басқа маманға жібереді. Соттың ұйғарымында осы іс жүргізу әрекетіне қатысушылардың барлығының құқықтары мен міндеттері көрсетілуі тиіс. Дәрігер немесе басқа маман судьяның тапсырмасы бойынша қажетті әрекеттерді жүргізіп, қажетті үлгілерді алады. Үлгілер оралады (буып-түйіледі), орауышқа мөр басылады. Одан кейін дәрігер немесе басқа маман жасаған ресми құжатпен бірге судьяға жіберіледі. Сарапшы зерттеу процесінде сынақ үлгілер дайындауы мүмкін, бұл туралы ол қорытынды да көрсетуі керек52.
Үлгілерді алу әдісі мен ғылыми-техникалық құралдары адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз болуы тиіс. Қатты ауыру сезінуін тудыратын күрделі медициналық процедураларды немесе әдістерді қолдануға (үлгілер алынуға) тиісті адам жазбаша түрде келісім бергенде ғана, ал егер ол адам кәмелетке толмаған немесе психикалық аурумен ауыратын болса, бұған оның заңды өкілдерінің де келісімімен жол беріледі.
Сараптамалық зерттеу жүргізілген соң сарапшы алынған үлгілерді оралған, орауышқа мөр басылған күйінде өз қорытындысын қосып сотқа жібереді.
Егер үлгілерді судьяның тапсырмасы бойынша маман немесе сарапшы алған болса, онда ол ресми құжат жасап, оған іс жүргізу әрекетіне барлық қатысушылар қол қойғаннан кейін іс материалдарына қоса тіркеу үшін судьяға беріледі.
52Судья мұндай үлгілерді дайындау жұмыстарын жүргізу кезінде өзі қатысуға құқылы; бұл процессуалдық әрекетке қатысқандығы жөнінде ол өзі жасайтын хаттамада көрсетеді.
Зерттеу жүргізгеннен кейін сарапшы үлгілерді оралған және орауышқа мөр басылған түрінде өзінің қорытындысына қоса тіркейді.